"1-1) оларда қосылған құн салығымен бөліп көрсетіле отырып ұсынылған шот-фактуралар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 245-бабының 1-тармағында белгіленген ставкадан аспайтын салық сомасы;
1-2) осы Кодекстің 242-бабының 5-1-тармағына сәйкес жазылған шот-фактуралар бойынша төлеуге жататын, бірақ осы Кодекстің 217-бабының 8-тармағына сәйкес лизинг берушінің айналым жасау күніне айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне келетін салық сомасынан аспауға тиіс салық сомасы;";
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі "Қосылған құн салығы" деген сөздер "Егер осы баптың 4-1-тармағында өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Егер шот-фактураның жазбасы осы Кодекстің 242-бабының 4-тармағында көрсетілген тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым жасау күнінен кейін жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактура жазу күнінің сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.";
82) 237-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Негізгі құралдар бүлінген, жоғалған жағдайда, қосылған құн салығы негізгі құралдардың теңгерім құнына жататын құн бөлігінің есебінен алып тасталады;";
83) 242-бапта:
4-тармақта:
Шот-фактура деген сөз Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ сатуды, байланыс қызметтерін, коммуналдық қызмет көрсетулерді, темір жол тасымалдарын, көлік-экспедиторлық қызмет көрсетуді, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы бойынша шот-фактуралар жазып беруге құқылы. ;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Лизинг беруші өзі беретін лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшері оған сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгізілместен қаржы лизингінің шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерінің жалпы сомасы ескеріле отырып көрсетіледі.
5-2. Жүкті жөнелтушілер немесе алушылар үшін жүктерді тасымалдауға шот-фактураның жазбасын, егер аталған тасымалдау көлік экспедициясы шартына сәйкес жүргізілсе, экспедитор жүзеге асырады. Мұндай шот-фактураларда салық салынатын айналымның мөлшері тасымалдаушылар және басқа да жеткізушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтер құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Осы тармаққа сәйкес шот-фактуралардың жазбасы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.";
84) 247-баптың 3-тармағындағы "оларда салық салынатын айналым 150000 теңгеден асатын" деген сөздер алып тасталсын;
85) 249-бапта:
4-тармақтың екінші абзацындағы "өтініш" деген сөздің алдынан "уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
5-1. Өнеркәсіптік ұқсатуға арналған импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзімін өзгерту туралы шешімді салық органдары салық төлеушіден өтініш пен осы бапта белгіленген растау құжаттары алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.;
86) 250-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1. Қосылған құн салығы осы бапта мынадай тауарлардың:
1) жабдықтың;
2) ауылшаруашылық техникасының;
3) автомобиль көлігінің жылжымалы жүк құрамының;
4) өзінің өндірістік мұқтажы үшін әкелінетін қосалқы бөлшектердің импорты бойынша белгіленген тәртіппен есепке жатқызу әдісімен төленеді.
Аталған тауарлар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.;
87) 252-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы , ал халықаралық тасымалдаулар-ға байланысты жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзген жағдайда осы Кодекстiң 224-бабында көзделген құжаттар деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Осы тармаққа сәйкес қосылған құн салығын қайтару тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Осы бапқа сәйкес расталған, бірақ белгіленген мерзімдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына бұзылған қайтару мерзімінің әрбір күні үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 2 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.;
1) тармақшаның екінші бөлігі "өнім берушілерге" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметін жеткізушілерге" деген сөздермен толықтырылсын;
88) 265-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Көтере өткізу саласына одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын тиеп жөнелту де жатқызылады.";
89) 271-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларға акциз: 1) салық кезеңінің алғашқы он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың он үшінші күнінен;
2) салық кезеңінің екiншi он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшiншi күнінен;
3) салық кезеңiнiң қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есептi айдан кейiнгi айдың үшiншi күнінен кешiктiрiлмей бюджетке аударылуға тиiс.";
4-тармақ алып тасталсын;
90) 273-баптың 4-тармағындағы "- өзінің тіркелген жері бойынша салық органына және есептердің көшірмелерін" деген сөздер алып тасталсын;
91) 278-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
92) 314-баптың 7-тармағындағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
93) 315-баптың 1-тармағында:
"бірінші абзацтағы (бұдан әрі салық төлеушілер)" деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақша ", шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "жеке кәсіпкерлер" деген сөздердің алдынан "қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимiнен басқа, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
94) 317-бапта:
3-тармақ "қоспағанда," деген сөзден кейін "қызметтің жекелеген түрлері үшін арнаулы салық режимiнен басқа," деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы "мүгедектер үшін" деген сөздер алып тасталсын;
95) 321-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Төлеушілер құрылымдық бөлімшелер үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттерге әлеуметтік салық төлеуді жүзеге асырады.";
96) 322-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Құрылымдық бөлімшелері бар төлеушілер әлеуметтік салық бойынша декларацияны беру мерзімінен кешіктірмей өзінің тіркелген жеріндегі салық органдарына құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабын тапсырады. Төлеушінің тіркелген жеріндегі салық органы растаған құрылымдық бөлімшелер бойынша әлеуметтік салық есеп-қисабының тиісті қосымшалары есеп-қисапты беру үшін белгіленген мерзім күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органдарына беріледі.";
97) 324-баптың 3-тармағында:
1) тармақша шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
5) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектің ата-анасының бiреуi:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
үй маңындағы жер учаскелерi;
жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бау-бақша шаруашылығы үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гаражға арналған жер учаскелері бойынша;;
98) 325-баптың 2-тармағындағы Тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану меншiгі құқығын куәландыратын мемлекеттік акт немесе жер учаскесiн уақытша пайдалану шарты деген сөздер жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар деген сөздермен ауыстырылсын;
99) 340-бапта:
3-тармақ "төленуге" деген сөздің алдынан "тең үлестермен" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
4. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі жыл ішіндегі деген сөздер салық кезеңінде деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
10. Осы баптың ережелері бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.;
100) 342-бапта:
1 және 2-тармақтар Жеке тұлғалар деген сөздерден кейін (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
3. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 340-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.;
101) 56-тараудың тақырыбындағы "декларациясы" деген сөз "есептілігі" деген сөзбен ауыстырылсын;
102) 344-бап мынадай редакцияда жазылсын:
344- бап. Салық есептілігі
1. Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімде табыс етеді.
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
3. Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
4. Осы Кодекстiң 324-бабының 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабын обьектілер пайдалануға немесе жалға берілген айдан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей табыс етеді.
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрiлмей табыс етіледі.
6. Осы баптың ережелері бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруа-шылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.;
103) 347-бапта:
1-тармақтағы кестенің "Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш)" деген бағанындағы "10,0" деген цифр "12,0" деген цифрмен ауыстырылсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан артық емес) 1,0
Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары) 10,0";
3-тармақта:
бірінші абзацтағы "Салық төлеудің" деген сөздер "Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, салық төлеудің" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңіл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициентi 0.";
7-тармақтың бірінші абзацындағы "Кеменің" деген сөз "Осы баптың 1-тармағындағы кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік құралдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
104) 348-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
105) 351-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "(соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар)" деген сөздер алып тасталсын;
106) 356-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
Салық кезеңінің ішінде мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде мүлік салығының ағымдағы төлемдері мүлік салығы төленетін алдағы мерзімдер бойынша тең үлестермен салық міндеттемелерінің өзгерген сомасына түзетіледі.;
107) 359-баптың 3-тармағындағы "айдан" деген сөз "тоқсаннан" деген сөзбен ауыстырылсын;
108) 360-бап алып тасталсын;
109) 361-баптың 2-тармағы 2) тармақшасының бірінші абзацындағы "оларға теңестірілген адамдар; "Халық қаһарманы" атағын алған," деген сөздер "оларға теңестірілген адамдар, "Халық қаһарманы" атағын алған," деген сөздермен ауыстырылсын;
110) 369-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бұл ретте, рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғаларға осы Кодекстің 370, 371 және 379-баптарының ережелері қолданылмайды.";
111) 370-бапта:
2-тармағының бірінші бөлігіндегі "төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын" деген сөздер "төлем көзінен ұсталатын салықтарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі "жеке кәсіпкердің" деген сөздерден кейін ", мүлiктi жалға беруден түскен табыстарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
112) 371-баптың 4-тармағының 6) тармақшасы қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды деген сөздердің алдынан мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;
жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;
жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу мен топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдер өткізуді;
өлшеу құралдарын тексеруді, жасауды және жөндеуді;
тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;
жол қозғалысын реттеу құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеуді және пайдалануды;
іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;
жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кәсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;
жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;
оқулықтарды, оқу-әдістемелік жинақтарды, білім беруді ұйымдастыру үшін электрондық оқулықтар мен қосымша оқу әдебиеттерін шығару қызметін;
аэропорттарда, азаматтық әуе кемелерінде жолаушыларды, экипаждарды тамақтандыруды қамтамасыз етуді;
электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;
өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар, ыдыстар мен құбырларды жобалауды, салуды және пайдалануды;
химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен-шахта, металлургия, энергетика жабдықтарын, жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтарды, көтергіш құрылғыларды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеуді;
астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды және тиеуді;
аэродром, аэропорт, аэронавигация объектілерін ұстауды, жөндеуді және пайдалануды;
жылжымалы темір жол құрамын, қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеуді;
шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;
ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңдеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрін.;
113) 374-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "1,0" деген цифр "1,5" деген цифрмен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
Аталған өтініш патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде беріледі.;
114) 376-баптың 1-тармағының екінші бөлігі әртүрлі әкімшілік-аумақтық бірліктерде деген сөздердің алдынан бір елді мекен шегіндегі деген сөздермен толықтырылсын;
115) 377-бапта:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке кәсiпкердiң табысына мынадай ставкалар бойынша салық салынуға тиіс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
1500,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда | Табыс сомасының 3 проценті |
1500,0 мың теңгеден жоғары - 3000,0 мың теңгені қоса алғанда | 45,0 мың теңге + 1500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент |
3000,0 мың теңгеден жоғары | 120,0 мың теңге + 3000,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7 процент |
3. Заңды тұлғаның табысына мынадай ставкаларда салық
салынуға тиіс:
Тоқсандық табысы | Ставкасы |
1500,0 мың теңгеге дейін қоса алғанда | Табыс сомасының 4 проценті |
1500,0 мың теңгеден жоғары 4500,0 мың теңгені қоса алғанда | 60,0 мың теңге + 1500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 5 процент |
4500,0 мың теңгеден жоғары - 6500,0 мың теңгені қоса алғанда | 210,0 мың + 4500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 7 процент |
6500,0 мың теңгеден жоғары | 350,0 мың теңге + 6500,0 мың теңгеден асатын табыс сомасынан 9 процент |
4-тармақтағы "кемiнде үш еселенген" деген сөздер "жеке
кәсіпкерлердің кемiнде 2 еселенген, заңды тұлғалардың кемiнде 2,5
еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
116) 379-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац "салықтардың" деген сөзден кейін "және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) осы арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді;";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
3. Шаруа (фермер) қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асырған кезде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер кiрiстер мен шығыстардың (жалақыны есептеудi қоса алғанда), мүлiктің (соның iшiнде көлiк құралдарының) бөлек есебiн жүргiзуге және жалпы белгiленген тәртiппен және (немесе) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде қызметтiң осындай түрлерi бойынша тиiстi салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудi, салық есептiлiгiн тапсыру мен төлеудi жүргiзуге мiндеттi.";
117) 382-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"2) нотариат немесе селолық (поселкелік) атқарушы органдар куәландырған жер пайдалануға құқық беретiн құжаттардың көшірмелері.;
екінші абзацтағы "Жер пайдалану құқығына актiсi" деген сөздер "Жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат" деген сөздермен ауыстырылсын;
118) 387-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
2) уәкілетті органдар берген, нотариат немесе селолық (поселкелiк) атқарушы органдар куәландырған жер учаскесіне құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;";
119) 388-бапта:
1-тармақтағы "жер салығы," деген сөздер "меншік, жерді тұрақты пайдалану немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығымен жер учаскесі болған кезде төлейтін жер салығы, уақытша өтеулі жер пайдалану учаскесі болған кезде жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы," деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақшадағы "үш-бес" деген сөздер "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;
3) тармақша "жер салығының," деген сөздерден кейін "жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақының" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ "салық" деген сөзден кейін "және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлейтін ақы" деген сөздермен толықтырылсын;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
4. Осы арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер, қосылған құн салығын қоспағанда, патент құны есебiне енгiзiлген салық және жер участкесін пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі есептілік тапсырудан босатылады.
5. Ағымдағы салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi және (немесе) патенттiң құны есебiне енгiзiлген салық бойынша және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленген ақы бойынша салық базасы өзгерген жағдайда, салық төлеушiлер мұндай салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы сомаларына қайта есептеу жүргiзедi.";
120) 389-бап мынадай редакцияда жазылсын:
389-бап. Салық және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы
төлеудің тәртібі мен мерзiмдерi
Патент құны есебiне енгiзiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларын бюджетке төлеу 20 мамырдан және 20 қазаннан кешiктiрiлмей, патент құны есебiнде көрсетiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы сомаларының тиiсiнше 1/6 және 1/2 мөлшерiнде және патент құны есебiне енгiзiлген салық және жерді пайдаланғаны үшін ақы бойынша берiлген қайта есептеулердi ескере отырып, патент құнының қалған бөлiгi мөлшерiнде келесi салық кезеңiнiң 20 наурызында жүргiзiледi.;
121) 428-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "алым алынбайды" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын қор биржасындағы сауда-саттықта;
7) бағалы қағаздарды сату бойынша аукциондардан алым алынбайды.";
122) 78-тарау алып тасталсын;
123) 447-бап "Бұл орайда" деген сөздерден кейін ", осы Кодекстің 338-бабының 2-тармағында көзделген ережелерді есептемегенде," деген сөздермен толықтырылсын;
124) 450-баптың 4-тармағындағы "декларациямен бірге" деген сөздер "ағымдағы төлемдер сомасының есебімен бірге" деген сөздермен ауыстырылсын;
125) 456-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өнеркәсіп орындары өндірістік қажеттер үшін су шаруашылығы жүйелерінен алатын суға, ол тікелей су шаруашылығы жүйелерінен, басқа өнеркәсіп орындарынан немесе тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдарынан келетініне қарамастан, төлемақы төлейді.";
126) 463-баптың 3-тармағы "Бюджетке" деген сөздің алдынан "Уәкілетті орган оларды мемлекеттік тіркеуден өткізген жер бойынша бюджетке төлемақы енгізілетін ластанудың жылжымалы көздерін қоспағанда,"деген сөздермен толықтырылып, "Бюджетке" деген сөз кіші әріппен жазылсын;
127) 470-баптың 3-тармағы "сомаларын төлеу" деген сөздерден кейін "орман пайдалану орыны бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
128) 471-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орман иелері ағашты түбірімен жөнелткені үшін:
орманды күтiп-баптау кезiнде ағаш кесуді, санитариялық кесуді (iрiктеп және жаппай), құндылығы шамалы орман ағашы екпелерiн жаңғыртуға байланысты кесуді жүзеге асыру, орманды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау;