13) тармақшадағы "қор биржасының" деген сөздердің алдынан "өткізілер күні" деген сөздермен толықтырылып, "тізіміндегі" деген сөз "тізімінде тұратын" деген сөздермен, "кезінде" деген сөз "кезіндегі" деген сөзбен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы "біржолғы" деген сөз алып тасталсын;
22) тармақша алып тасталсын;
30) тармақшадағы "жеке тұлға" деген сөздердің алдынан "өздерінің қызметін жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлікті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
"31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагеріне жолдамалардың құны;";
41) 145-бапта:
1-тармақтағы "2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "1-1, 2 және 3-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылына ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда "0" ставкасы бойынша салық салынуға тиіс.";
42) 147-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық агенттері, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, төленген кірістер бойынша салықты аударуды төлем төленетін айдан кейінгі айдың 5-іне дейін өзінің орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 2-1 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Салық агенттері тиісті бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер бойынша салық төлеуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";
"4. Депозитарлық қолхат бойынша кірістер төлеу көзі осындай депозитарлық қолхаттың базалық активінің эмитенті болып табылады.";
43) 148-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық агенттері жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей табыс етеді.
Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшада, осы Кодекстің 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген кірістерді қоспағанда, жеке тұлғаның төленген кірістері туралы мәліметтер көрсетіледі.";
44) 151-баптың 3) тармақшасындағы "мүліктік" деген сөз алып тасталсын;
45) 152-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген сомасынан аспайтын мөлшерде өз пайдасына енгізген ерікті зейнетақы жарналары.";
2-тармақта:
"растаушы құжаттардың" деген сөздерден кейін "(асырауындағыларға)" деген сөзбен толықтырылсын;
"1) және 2) тармақшаларына" деген сөздер "1), 2) және 4) тармақшаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 154-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"154-бап. Бiржолғы төлемдерден түскен табыс
Бiржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерінің қызметіне байланысты жеке кәсіпкердің, жеке нотариус пен адвокаттың кіріс бойынша төлемдерін қоспағанда, салық төлеушiлердiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлғалар төлейтiн басқа да бiржолғы төлемдер жатады.";
47) 161-баптың 1-тармағының үшінші абзацы алып тасталсын;
48) 164-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мынадай резидент жеке тұлғалар:
1) арнайы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлер;
2) резидент болып табылатын және табысты Қазақстан Республикасындағы төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын қызметті жүзеге асырудан алатын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жеке табыс салығын аванстық төлемдерді енгізу арқылы төлейді.
Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеу және төлеу, сондай-ақ салық есептерін беру салық жылы ішінде осы Кодекстің 126 және 127-баптарына сәйкес жүргізіледі.";
49) 171-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"171-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:
1) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;
2) тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшiн құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда, салық жылында 2000 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға бiржолғы iрi сатып алуды iске асырғандар;
3) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктеріндегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілеріне сәйкес декларация беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
6) Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, судьялар табыс етеді.
2. Осы баптың 1-тармағы 5) тармақшасының ережелері жеке тұлғаларға осы Кодекстің 144-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген кіріс бойынша қолданылмайды.";
50) 172-баптың 1-тармағындағы "Жеке" деген сөз "Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;
51) 178-баптың 2) тармақшасындағы "агенттік, ақпараттық" деген сөздер, "заңдық" деген сөзден кейінгі үтір алып тасталсын;
52) 179-бапта:
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мемлекеттік бағалы қағаздармен және агенттік облигацияларымен жүргізілген операциялардан түскен табыстар;";
6) тармақшадағы "(эмитент еместер)" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудің көзі осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті болып табылады.";
53) 183-бапта:
1-тармақта:
"Қор биржасының", "облигацияларды" деген сөздерден кейін тиісінше "өткізілетін күнгі", ", сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтағы "табыс алынған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздер "осы Кодекстің 127-бабының 4-тармағымен белгіленген мерзімде" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістерді қоспағанда, резидент емес заңды тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер төлейтін тұлға эмитент тіркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кіріс төленген кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.";
54) 187-бапта:
1-тармақта:
6) тармақша "қағаздармен" деген сөзден кейін "және агенттік облигацияларымен" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы "(эмитент еместер)" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудің көзі осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активінің эмитенті болып табылады.";
55) 189-баптың 3-тармағындағы "белгiленген" деген сөзден кейін "тәртіппен және" деген сөздермен толықтырылсын;
56) 190-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қор биржасының өткізілетін күнгі "А" және "В" ресми тізіміндегі акциялар мен облигацияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түскен табыстарға салық салынбауға тиіс.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың 2-тармағына сәйкес салық салуға жатпайтын кірістерді қоспағанда, резидент емес жеке тұлғаға бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер төлейтін тұлға эмитент тіркелген жер бойынша салық органын төлем сомасы туралы кіріс төленген кезден бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.";
57) 191-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1)-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерімді жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстің 145-бабының 1-тармағында белгіленген ставкаларды қолдану арқылы жүргізіледі.";
2-тармақтағы "осы Кодексте" деген сөздер "осы Кодекстің 126 және 127-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
58) 192-баптың 1-тармағындағы "отыз" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын; "кешіктірмей" деген сөзден кейін "немесе күнтізбелік жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей" деген сөздермен толықтырылсын;
59) 196-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есебінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы;
Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға қызметкерлердің тұтас алғанда осындай салық кезеңінде еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады.";
4-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "еңбекақы қорының" деген сөздер "еңбекақы бойынша шығыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
60) 198-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстің 181-бабына сәйкес айқындалатын төлем көзінен табыс салығын төлеу күніне шартты банк салымы туралы шарты болмаған жағдайда, салық агенті төлем көзінен табыс салығын мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Салық агентi:
1) шартты банк салымы туралы шартқа қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көшiрмесi аталған салық органына берілетін мұндай шартты өзінің тіркелген жері бойынша салық органында тiркеуге;
2) шартты банк салымына табыс салығы аударылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өзінің тіркелген жері бойынша салық органына төлем құжатының кө?шiрмесiн беруге міндетті.";
12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Банк инкассалық өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей шартты банк салымына орналастырылған табыс салығы сомаларын және есептелген банк сыйақыларын мемлекеттік бюджетке аударуға міндетті.";
13-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша" деген сөздер "валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Шоттарында шартты банк салымдары орналасқан банктер тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей салық агенттерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша есеп беруге міндетті.";
61) 199-бапта:
1-тармақтың төртінші бөлігіндегі "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, резидент еместің тұрақты мекемесімен байланысы жоқ халықаралық тасымалдарда көлік құралдарын пайдаланудан түскен кірісті резидент емеске төлеу кезінде салық агенті, егер мұндай резидент емес табысты түпкілікті алушы болса және халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқығы болса, резиденттігін растайтын құжат болған жағдайда тиісті халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
Салық агенті салық органына берілетін төлем көзінен салынатын табыс салығы бойынша есепте халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төленген (есептелген) кірісті және ұсталған (ұстаудан босатылған) салық сомасын, табыс салығының ставкасын және халықаралық шарттардың атауын көрсетуге міндетті.
Мемлекеттік бюджетке салықты төлемеуге немесе толық төлемеуге әкеп соққан халықаралық шарт ережелерін заңсыз қолданған жағдайда салық агенті Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікте болады.";
62) 200-бапта:
баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы "роялтиге", "роялти" деген сөздерден кейін тиісінше ", сенімгерлік басқару және кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі комиссияларға", "сенімгерлік басқару және кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі комиссиялар" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
63) 201-баптың 3-тармағындағы "заң актілеріне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;
64) мынадай мазмұндағы 201-1-баппен толықтырылсын:
"201-1-бап. Резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан
Республикасындағы көздерден алған табыстарына
салық салудан босатуға қатысты халықаралық шарттың ережелерін қолдану тәртібі
1. Резидент емес жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына Қазақстан Республикасында салық салудан босатуға қатысты халықаралық шарттың ережелері осы Кодекстің 198-202-баптарында белгіленген тәртіппен қолданылады.
2. Қазақстан Республикасында төлем көзінен салық салынбайтын көздерден табыс алатын резидент емес жеке тұлға халықаралық шартты қолдануға өтініш беру негізінде халықаралық шарттың ережелерін қолдануға құқылы.
Халықаралық шартты қолдануға өтініш резидент емес жеке тұлғаның тіркелген жері бойынша салық органына жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді төлегенге дейін не резидент емес жеке тұлға халықаралық шартқа сәйкес жеке табыс салығын төлеуден босауға үміттенген салық кезеңі аяқталғаннан кейін талап-арыздың ескіру мерзімі ішінде беріледі.";
65) 203-бапта:
бірінші абзац 1-тармақтың бірінші абзацы болып есептелсін және мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Кодекстің 198-бабын қолданған жағдайда, мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша халықаралық шарттың ережелерін қолдануға өтінішті салық органы мынадай талаптар орындалған кезде:";
1) тармақшада:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тізілімі үзінді жазбасының) көшірмелерін;";
төртінші абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
"2. Осы Кодекстің 202-бабын қолданған жағдайда, халықаралық шарттың ережелерін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша қолдануға өтініш осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптар орындалған жағдайда, сондай-ақ көрсетілген өтінішпен бірге:
жұмыстарды (қызмет көрсетуді) орындауға немесе өзге де мақсаттарға келісім-шарттардың (шарттардың, келісімдердің) көшірмелерін;
резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) көрсетіле отырып, құжаттарының (құрылтай құжаттарының не сауда-саттық тізілімі үзінді жазбасының) көшірмелерін табыс еткен кезде салық органы қабылдайды.";
66) 207-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады." ;
67) 208-бапта:
3-тармақтағы "10000" деген цифр "12000" деген цифрмен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "өтініш беруге міндетті болатын немесе ерікті түрде" деген сөздер алып тасталсын;
68) 209-бапта:
2-тармақтың екінші сөйлемі екінші бөлік болып есептелсін;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда оның қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі ауыстырылуға тиіс.";
69) 210-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қосылған құн салығын төлеуші заңды тұлға, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, оның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда осы тармақтың ережесі қолданылмайды.";
70) 211-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы ", соның ішінде қаржы лизингіне беруді" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) мүлікті қаржы лизингіне беруді;";
3-тармақта:
1) тармақша "аспайтын" деген сөзден кейін ", салық жылы ішінде жалпы сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуі және (немесе) объектілер салуы үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, ұқсатылған, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп-жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды;";
71) 215-баптың 2-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацындағы көлік ұйымдарының деген сөздер алып тасталсын;
72) 216-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде мыналар өткізу бойынша айналым жасалған күн болып табылады:
1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында аталған жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингінің шартында белгіленген мерзімдік лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні;
2) егер қаржы лизингінің шарты бойынша лизингтік төлемді алу мерзімінің басталу күні мүлікті лизинг алушыға беру күніне дейін белгіленсе, онда мүлікті қаржы лизингіне берген күн айналымды жасау күні болып табылады;
3) қаржы лизингінің шартында көзделген лизинг төлемдерін лизинг алушы мерзімінен бұрын өтеген жағдайда, түбегейлі есеп айырысқан күн қаржы лизингінің осы шарты бойынша айналымды жасаған соңғы күн болып табылады.";
73) 217-бапта:
7-тармақтағы "235" деген цифр "236" деген цифрмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
"8. Лизинг алушының негізгі қаражат ретінде алуына жататын мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде салық салынатын айналым мөлшері:
1) қаржы лизингінің шартына сәйкес белгіленген лизингтік төлем мөлшері негізінде, оған сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 1) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;
2) барлық мерзімдік лизингтік төлемдер сомасының негізінде, оларға алу мерзімі басталатын күн қаржы лизингінің шартына сәйкес мүлікті лизинг алушыға берген күнге дейін белгіленген сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасында аталған айналым жасау күніне;
3) қаржы лизингі шарты бойынша алынуға жататын барлық лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және оларға сыйақы мен қосылған құн салығы сомасы енгізілместен, осы шарт бойынша өткізу жөніндегі айналым жасаудың алдындағы күніне келетін салық салынатын айналымдар мөлшерінің сомасы ретінде белгіленетін салық салынатын айналым мөлшері арасындағы айырма ретінде, осы Кодекстің 216-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасында аталған айналым жасау күніне белгіленеді.
9. Көлік экспедициясының шарты бойынша қызмет көрсету кезінде экспедитордағы салық салынатын айналым мөлшері оның сыйақысы негізінде айқындалады.";
74) 218-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы "жағдайларда жүргізіледі" деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) осы Кодекстің 211-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өткізу жөніндегі айналымға енгізілген ыдыстарды қайтарған жағдайларда жүргізіледі.";
75) 221-баптың 3-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айналым жасалған күні белгіленген бағамы" деген сөздер "айналым жасау күні валюта алмастырудың нарықтық бағамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
76) 224-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"224-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Халықаралық тасымалдар бойынша мынадай қызмет көрсетуді іске асыру жөніндегі айналымға:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, соның ішінде поштаны тасымалдауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзит жүктерін тасымалдауға;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жолжүктерін тасымалдауға нөлдік ставкамен салық салынады.
2. Егер тасымалдауды ресімдеу бірыңғай халықаралық тасымалдау құжаттарымен, ал экспортталатын тауарларды магистралдық құбыр желісінің жүйесі бойынша тасымалдау - экспортталатын тауарларды сатып алушыға не аталған тауарларды экспорттың кедендік режимінде ресімделген кедендік жүк декларациясын табыс ете отырып, одан әрі жеткізуді жүзеге асыратын басқа тұлғаларға беруді растайтын құжаттармен жүзеге асырылған жағдайда, осы баптың 1-тармағының мақсаты үшін тасымалдау халықаралық тасымалдау деп есептеледі.
Жолаушыларды, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, халықаралық тасымалдың басталуы деп тасымалдауды Қазақстан Республикасының шекарасына дейін жүзеге асыратын көлік ұйымының жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауы басталатын жер танылады.
Импортталатын тауарларды (поштаны, жолжүкті) тасымалдауды бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жолаушыларды, тауарларды (поштаны, жолжүкті) көлік ұйымының көлігімен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымал халықаралық тасымалға жатады.";
77) 225-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;";
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-1) Қазақстан Республикасының кеден аумағына "Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату" кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату және (немесе) жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
12-2) осы Кодекстің 224-бабына сәйкес халықаралық тасымалдар болып табылатын тасымалдарға байланысты жұмыстар мен қызмет көрсетулер, атап айтқанда: Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде почтаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу (ағызу-құю), жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер; техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету; халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету;
12-3) тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;";
78) 226-баптың 2-тармағындағы "пайдалану" деген сөз "(немесе) пайдалану және (немесе) оған билік ету" деген сөздермен ауыстырылсын;
79) 227-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның он алтыншы абзацы "қабылдап алу" деген сөздердің алдынан "банкноттар мен монеталарды" деген сөздермен, "буып-түю" деген сөзден кейін "және сақтау" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
"5-1) ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап құқықтарын басқару жөнінде қызмет көрсету;";
80) 234-баптың 1-тармағында:
9) тармақшадағы "ақша" деген сөздің алдынан "қағаз" деген сөзбен толықтырылсын;
10) тармақша алып тасталсын;
81) 235-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тауар берушi Қазақстан Республикасының аумағында өткiзiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) шот-фактурасын немесе осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін басқа да құжат табыс еткен болса. Егер тауар берушi осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығының төлеушiсi болып табылмаса, осы баптың 2-тармағына сәйкес берілетін шот-фактура немесе басқа құжат "ҚҚС жоқ" белгiсімен жазылады;"; мынадай мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Лизинг берушінің қаржы лизингіне беруге жататын мүлікті сатып алуымен байланысты шығыстары салық салынатын айналымның мақсаты үшін шеккен шығыстар ретінде қарастырылады.";
2-тармақта:
1) тармақша "қосылған" деген сөздің алдынан "осы тармақтың 1-1) және 1-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын: