139. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерiн қабылдау тiркелген шарттар болған кезде ғана жүзеге асырылады. Үшiншi тұлғалар үшiн бюджетке түсетiн төлемдер бойынша салық органдарының инкассалық өкiмдерi бөлiнген лимиттер қалдығының (не ол болмаған жағдайда бөлiнген бюджет қаражатының) және оған шарт жасалған және мемлекеттік мекеменiң дебитор алдындағы берешегi пайда болған шығыстардың тиiстi ерекшелiгi бойынша ақылы қызметтердің шоты бойынша бос қаражаттың және мемлекеттік мекеменiң дебитормен салыстыру актiсiнiң шегінде орындалады.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 139-1-тармақпен толықтырылды
139-1. Атқарушы құжаттар бойынша, салық және кеден органдарының инкассалық өкiмдерi аумақтық қазынашылық органдарында инкассалық өкiмдердi тiркеу журналына тiркеледі.
13-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау және тiркеу және құпиялық грифi
бар төлемдерi жүзеге асыру рәсімдерi
140. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың міндеттемелерiн қабылдау мен төлемдердi жүзеге асыру Қаржы министрлігі тиiстi мемлекеттік органдармен бiрлесiп анықтаған тәртiпке сәйкес жүргiзіледi.
14-тарау. Бюджеттік алуларды аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред қара); ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 141-1-тармақ толықтырылды
141. Қазынашылықтың аумақтық органы күн сайын тиiсті бюджетке күн сайын түсетiн түсiмдер туралы ақпараттың негiзiнде 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Бюджеттік алулар туралы анықтаманы қалыптастырады және оны тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға жеткізеді.
Облыстың, Астана, Алматы қалаларының жергiлiктi уәкiлеттi органы күн сайын Облыстық бюджеттен, Астана, Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулар туралы анықтаманың негiзiнде жергілiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төлемдердi жүзеге асырғанға дейiн Қазынашылықтың аумақтық органына ақы төлеуге шот табыс етедi.
Бюджеттік алулар республикалық бюджет туралы заңда және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына сәйкес бюджеттік алуларды айлар бойынша бөлуде белгiленген соманың шегінде қаржы жылының iшiнде жүргiзіледi. Бiр айдың iшінде республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулар сомасы мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық, жоспарында анықталған бюджеттік алулардың сомасынан асқан жағдайда осы Ережеде белгiленген тәртiппен мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгiзiледi.
Тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгi жете атқарылмаған жағдайда республикалық бюджетке бюджеттік алулар Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген тиiстi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылу процентiне тепе-тең жүргiзiледi.
Тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ҚБШ қаражат және жергiлiктi бюджеттiң қаржыландырудың жиынтық жоспарында анықталған бюджеттік алулар бойынша жоспарлы тағайындаулар болған кезде қаржы жылының ағымдағы айында бюджеттік алуларды республикалық бюджетке мерзiмiнен бұрын аударуға жол берiледi.
Ағымдағы қаржы жылында бюджеттік алулар бойынша түпкi есеп айырысу ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылында тиiстi жергiлiктi бюджеттерге iс жүзiнде қалыптасқан түсiмдердi ескере отырып, есептiк кезеңде жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын бюджеттік алулардың жете төленбеген сомаларын айқындайды және үш күн мерзiмде оларды тиiстi аумақтық қазынашылық органдарына хабарлайды.
Аумақтық қазынашылық органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен өткен айдың соңындағы есеп айырысулар бойынша бюджеттік алулардың жете төленбегені туралы ақпарат алғаннан кейiн ағымдағы күннің басында жете төленбеген соманы қоса алғанда, ағымдағы күн үшін аударуға жататын бюджеттік алулар туралы анықтама жасайды. Бұл ретте күн сайын ақы төлеуге шоттың сомасы ағымдағы күннің басында тиiстi жергіліктi бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қалдықтарының 50 пайызынан төмен болмауы тиіс. Өткен ай iшiнде жете төленбеген мөлшердi қалпына келтiргеннен кейін бюджеттік алулар дағдылы тәртiппен жүргiзіледi.
Аумақтық қазынашылық органдары тиiсті жергiлiктi уәкiлеттi орган қол қойған рұқсаттар мен аудандардың (қалалардың) бюджетiнен облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аударуға арналған ақы төлеуге шоттардың негiзiнде аудандардың (қалалардың) бюджеттерiнен облыстық бюджеттерге берілетiн бюджеттік алулар бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген рәсiмдердi орындайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 142-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред қара)
142. Бюджеттік алулардың сомасын есептеу кезiнде бiр күннiң қорытындысы бойынша мыналардың:
жергiлiктi инвестициялық жобаларға берiлген кредиттер бойынша сыйақылардың (мүдделердiң);
бұрын жергiлiктi бюджеттен алынған пайдаланылмаған қаражаттың қайтарылуының түсiмi ескеріледi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 142-1-тармақпен толықтырылды
142-1. Бюджеттік алулардың толық және уақытылы аударылуын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
15-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң кассалары арқылы
қолма-қол ақшаны пайдалану рәсімдерi
143. Қаржы министрлігі мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы қолма-қол ақшаны пайдалану үшiн:
тиiстi шектеумен қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлем жүргiзу рұқсат етiлетiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны алуға шектеу қойылмайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн;
қолма-қол ақшаны қабылдау, беру және кассалық құжаттарды ресімдеу тәртібін;
мемлекеттік мекемелердің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн;
қолма-қол ақшаның кассада сақталу мерзiмiн анықтайды.
16-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне және
стипендиаттарға жалақы, стипендия және басқа ақша төлемдерiн
төлеудiң рәсiмдерi
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 144-тармақ толықтырылды
144. Алушыларға жалақы, стипендиялар және басқа ақшалай төлемдердi (бұдан әрi - ақшалай төлемдер) төлеудi алушы олардың сомаларын салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарға есептеу жолымен алушының таңдауы бойынша екіншi деңгейдегi банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелер ағымдағы айдың 25-і күніне дейiн қызметкерлердiң жалақысын есептеудi жүзеге асырады, ал қаржы жылының соңғы айында - 20-сы күніне дейiн жалақының есептелген сомасына арналған ақы төлеуге шоттарды жасайды және ағымдағы ай аяқталғанға дейiнгі үш жұмыс күнінің iшiнде оларды аумақтық қазынашылық органдарына ұсынады.
145. Ақшалай төлемдердi алушы Банк/Агентпен салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарға есептеу жолымен оған тиесiлi соманы төлеу жөнiнде шарт жасайды.
Шарт екі данада жасалады, оның бiреуi алушыда қалады, ал екiншiсi Банк/Агентте қалады.
Банк/Агент жалақыны, стипендияны алушыға қызметтердi ұсыну жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ Банк/Агенттiң карточкаларын пайдалану тәртібін толық түсiндiредi.
Банк/Агенттің ақшалай төлемдердi және басқа ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарына немесе алушылардың карт-шоттарына есепке алу жөніндегі қаржылық қызметтерi мемлекеттік бюджеттен төленедi.
146. Алушы Банк/Агентте ашылған салымдар бойынша дербес шотының нөмірлерін немесе карт-шоттардың нөмiрлерiн, Шарттың нөмiрлерiн және күнiн және Банк/Агенттiң деректемелерiн көрсете отырып, тиесiлi ақшалай төлемдердiң сомаларын аударуға өтiнiш ұсынады.
147. Мемлекеттік мекеме Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен алушыларға қызмет көрсету бойынша әрбiр Банк/Агентпен Агенттiк келісім жасасады және оған қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалар қолдарының үлгiлерi және мөр бедерi бар құжатты ұсынады.
148. Мемлекеттік мекеменiң басшысы ақша алушыларды жалақыны, стипендияларды салымдар бойынша дербес шоттарына немесе карт-шоттарына аудару туралы ақпараттандыратын жауапты тұлғаларды анықтайды.
149. Алушыларға қызмет көрсету жөніндегі агенттiк келісім жасасқаннан кейiн мемлекеттік мекеме Банк/Агенттермен келісiлген нысан бойынша ақшалай төлемдердің тиесілi сомасын салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға есепке алу үшін өтiнiш берген өз қызметкерлерінің тізімдерін қалыптастырады.
150. Ақшалай төлемдердi салымдар бойынша дербес шоттарға немесе карт-шоттарға аудару тәртібін Қаржы министрлігі белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 150-1-тармақпен толықтырылды
150-1. Аумақтық қазынашылық органының басшысы бекiткен және аумақтық қазынашылық органының әрбiр жауапты орындаушысына жеке жасалған мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес аумақтық қазынашылық органдары жалақы төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.
17-тарау. Үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы
операцияларын жүзеге асыру тәртібі
151. Үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру тәртібін сипаттау үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:
несие шоты - заем туралы шарттың (келісімнiң) ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі заемының сомасы көрсетiлетiн шот, оның есебiне Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобаны қаржыландыру мақсатында үкiметтiк сыртқы заемның қаражатын алуға құқылы;
уәкілеттi банк - Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкі, онда инвестициялық жобаның арнайы шотына қызмет көрсетiледi;
шетелдiк несие берушiнің арнайы міндеттемесi - заем туралы шарт (келісім) шеңберiнде жасалған келісім-шарттың ережелерiн орындау үшiн бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi осы банкте ашқан аккредитивтi қамтамасыз ету мақсатында заем туралы шарттың (келісімнің) талаптарына сәйкес екiншi деңгейдегi банкке берiлетiн шетелдік несие берушiнің кепілдігi.
152. Несие шотынан үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен қаржы операцияларын нысан бойынша және заем туралы шартта (келісімде) көзделген қаржы рәсiмдерiне сәйкес, сондай-ақ осы ережеге сәйкес шетелдiк несие берушiнiң атына жiберілген қаражатты алуға арналған өтiнiмдердiң негiзінде бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жүзеге асырады. Бұл ретте үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражатын бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi тиiстi заем туралы шартта (келісімде) көзделмеген мақсаттарға ала алмайды.
153. Несие шотынан қарыз алуға арналған өтiнiмдерге қолдардың екi топтары бұрыштама қояды, онда бiрiншi тобы Қаржы министрлігіне, ал қолдардың екiншi тобы бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне бекітілген. Бұл ретте қолдардың бiрiншi тобының мәртебесi бюджеттік бағдарламалардың шеңберiнде үкiметтiк сыртқы заемы қаражатының пайдаланылуын реттеумен және олардың мақсатты пайдаланылуын бақылаумен, қолдардың екiншi тобының мәртебесi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың мақсатты пайдаланылуына толық жауап берумен анықталады.
154. Бiрiншi топтың қолын алу үшiн несие шотынан үкiметтiк сыртқы заем қаражатын алуға өтiнiмде бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi қаражатты алуға өтiнiммен бiрге Қаржы министрлігіне:
төлемнiң тағайындалуын көрсете отырып iлеспе хатты;
заем туралы шарт (келісім) шеңберiнде жасалған келісім-шарттар бойынша төлемдердi жүргiзген жағдайда құжаттардың көшiрмесін, олардың негiзiнде осы келiсім-шарттарға сәйкес ақы төлеу жүргiзiледi, олар бойынша бастапқы ақы төлеудi жүргiзу кезiнде осы келісім-шарттардың көшiрмесiн, сондай-ақ егер бұл заем туралы шарт (келісім) бойынша ресiмдерде көзделсе келісім-шарттарды жасасуға шетелдік несие берушiнiң ресми мақұлдауының көшiрмесiн;
келісім-шарттар жасамастан жүргiзiлетiн шығыстар бойынша бiр жолғы төлемдердi жүргізген жағдайда бастапқы құжаттардың көшiрмелерiн (шот-фактуралар, үстеме, кiрiс кассалық ордерлерi, түбiртектер, қолхаттар және т.с.с.);
заем туралы шарт (келісім) бойынша қабылданған қаржы ресiмдерiне сәйкес шетелдiк несие берушiге беруге міндеттi құжаттардың көшiрмелерiн;
15-қосымшаға сәйкес белгiленген нысан бойынша берiлген рұқсаттар туралы анықтаманы;
Қаржы министрлігінiң сұрау салуы бойынша есеп беретiн сомалар жөніндегі қосымша ақпаратты табыс етедi.
155. Қаржы министрлігі 10 күннiң iшiнде несие шотынан үкіметтік сыртқы заемның қаражатын алуға арналған өтiнімнiң заемдар туралы шарттардың (келісімдердiң) талаптарына, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне бөлiнген тиiстi кезеңге арналған рұқсатқа сәйкестiгiн тексередi, қол қояды және шетелдік несие берушiге беру үшiн оны бюджеттік бағдарламаның әкімшiсiне қайтарады.
156. Егер уәкiлеттi банкте ашылған аккредитив арқылы үкiметтiк сыртқы заемдардың қаражаты есебiнен қаржы операцияларын жүзеге асыру үшiн шетелдiк несие берушiнiң арнайы мiндеттемесiн алу қажет болған жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi Қаржы министрлігіне заем туралы шартта (келісімде) көзделген қаржы ресiмдерiне сәйкес нысан бойынша арнайы міндеттеме алуға өтінімдi табыс етедi.
157. Шетелдiк несие берушiнің арнайы мiндеттемелерiн алуға арналған өтiнiмге бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң Қаржы министрлігіне мынадай құжаттарды:
жүргiзiлген аккредитивтi операцияның тағайындалуын көрсете отырып ілеспе хатты;
заем туралы шарттың (келісімнің) шеңберiнде жасалған келiсім-шарттың көшiрмесiн, оған сәйкес ақы төлеу аккредитив арқылы жүргiзiлуi тиiс;
келiсім-шартты жасасуға арналған шетелдiк несие берушiнiң ресми мақұлдауының көшiрмесiн;
уәкілеттi банкте ашылған аккредитивтiң көшiрмесiн;
заем туралы шарт (келісім) бойынша қабылданған қаржы ресурстарына сәйкес шетелдiк несие берушiге ұсынуға мiндеттi өзге құжаттардың көшірмелерін;
және Қаржы министрлігінiң сұрауы бойынша қосымша ақпаратты ұсынуымен ғана осы Ереженің 153-155-тармақтарына сәйкес ұқсас тәртiппен бұрыштама қойылады.
158. Несие шотынан аванс беру қаражаты ретiнде үкiметтiк сыртқы заемдар қаражатының түсуi жөніндегі операцияны және бұл қаражатты кейіннен жұмсауды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бюджеттік бағдарламаның әкімшiсi жүзеге асырады.
159. Егер:
жүргiзілетiн қаржы операциясы заем туралы шарттың (келісімнiң) немесе заем туралы шарттың (келісімнің) шеңберiнде жасалған келісім-шарттың ережелерiне қайшы келген;
тиiстi рұқсатпен республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi үшiн бекітілген лимиттер жоқ болған немесе аз болған;
бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарында немесе заем туралы шартта (келісімде) көзделген тиiстi ережелер мен ресімдерді бұзған;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерi оларды жойғанға дейiн жүргiзiлетiн қаржы операциялары жөніндегі құжаттарда сәйкессiздiктер мен қателер бар болған жағдайда несие шотынан қаражатты алуға арналған немесе 153-155 және 157-тармақтарға сәйкес қол қою үшiн бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнің ұсынған шетелдiк несие берушiнiң арнайы мiндеттемесiн алуға арналған өтiнiмдi Қаржы министрлігі қабылдамауға құқылы.
Бұдан басқа, Қаржы министрлігі жоғарыда аталған жағдайларда несие шотынан қаражат алуға арналған өтiнiмге тиiстi түзетулер енгізуге немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшiсiнен түзетулер енгізудi талап етуге құқылы.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 17-1-тараумен толықтырылды
17-1-тарау. Ресми трансферттерді төмен
тұрған бюджеттерге беру рәсімдері
159-1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар резервiнiң қаражатын қоса алғанда, ресми трансферттердi тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісi белгiленген тәртiппен бекiтілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына және Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергiлiктi атқарушы орган бекіткен актіге сәйкес трансферттердiң жалпы сомасын төмен тұрған бюджеттерге бөлу арқылы төмен тұрған бюджеттерге аударады.
Аудару ақы төлеуге шот негізiнде және төлем мақсатын белгiлеу үшiн Бiрыңғай бюджеттік сыныптаманың "Жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер" кiрiстерiнің 4-санаттағы, 02-сыныптағы кодтарын қолдана отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі беретiн деректемелер бойынша жүргізіледi.
159-2. Субвенцияларды және олардың есебiнен төмен тұрған бюджет бағдарламаларының әкімшiсi олардың бiрiншi және екiншi топтарына жататын шығыстарды жүзеге асыратын басқа да трансферттердi аудару жоғары тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсінің ақы төлеуге шоты негiзiнде жүргізіледi. Олардың есебiнен төмен тұрған бюджет бағдарламаларының әкiмшiсi үшiншi топқа жататын шығыстарды жүзеге асыратын мақсатты инвестициялық трансферттердi аударуды төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсiнің төлемнiң негiздiлігін растайтын тиiсті құжаттардың көшiрмелерiн мiндеттi түрде қоса бере отырып, ақы төлеуге шот негiзiнде де жоғары тұрған бюджет бағдарламаларының әкiмшісi жүргізеді.
159-3. Жоғары тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiсi трансферттерiнiң есебiнен iске асырылатын жергілiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшілерiнiң шығыстары осы Ережемен белгiленген тәртiппен бiрiнші, екiншi және үшіншi топтардың шығыстары үшiн олардың бiрiне тиістілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
18-тapay. Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң және жергiлiктi
атқарушы органдардың несиелердi беру жөніндегі ресімдерi
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 160-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
160. Осы бюджеттердің қарыз алуы болып табылатын республикалық бюджеттен жергiлiкті бюджеттердi бюджеттік несиелендiру "Қазақстан Республикасының үкiметтiк қарыз алуын және жергiлiктi атқарушы органдардың қарыз алуын жүзеге асыру ережесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 8 маусымдағы № 874 және Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын пайдалану ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулыларымен сәйкес анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 160-1-тармақпен толықтырылды
160-1. Даму Банкінің бюджеттік кредит беру тәртібі мен шарты "Қазақстанның Даму Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 12 қыркүйектегi № 1187 қаулысымен бекітілген Даму Банкінің Кредит саясаты туралы меморандумына және осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінiң немесе жергiлiкті атқарушы органның шешiмi негiзiнде анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 161-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
161. Бюджеттік несиелендiрудің мiндеттi шарты несие берушiнің мүддесiн қорғауды қамтамасыз ету, несие тәуекелiнiң туындауын барынша болдырмау болып табылады.
Берiлген бюджеттік несиелердiң талап етiлетін тиiмдiлiгiне және республикалық және жергiлiктi бюджеттік бағдарламаларды (бұдан әрi тиiстi бюджеттік бағдарламаларды) iске асыру кезiнде олардың уақытылы қайтарылуына қол жеткізу мақсатында, банк-заемшыға қойылатын мәселелердi шешумен қатар нақтылы бюджеттік бағдарламалардың сипатына тәуелдi несие берушінiң талаптары:
түпкi заемшыларды бюджеттік несиелендiру кезiнде банк-заемшылардың тиiстi кiрiстердi алу мүмкiндiгi мәселелерiн шешудi қарайды.
Қарыз алушы-банктерге түпкi қарыз алушыларға бюджеттік кредит беру нәтижесiнде туындаған операциялық шығыстарды бюджет кредитiнiң есебiнен өтеу жүргiзілмейдi.
162. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделген бюджеттік несиелендiрудің негiзгi бағыттары:
республикалық және жергілiктi жобаларды iске асыру;
экономиканың салаларын мемлекеттік қаржылай қолдау;
шағын кәсiпкерлiкті аймақтық қолдау бағдарламасын орындау болып табылады.
163. Нысан бойынша берiлген бюджеттік несие:
барлық бюджеттік несиенің сомасын заемшының шотына бiржолғы аудару арқылы ұсынылатын мерзiмнен тыс несие не оның төлем құжаттарын бiржолғы төлеу;
несиелік желiлер - аудару кестесiне сәйкес заемшының шотына бюджеттік несие сомасын кезеңдiк аудару арқылы берiлетін несие не оның төлем құжаттарын бiржолғы төлеу болып бөлiнедi.
Бюджеттік несиелендiру кезінде несие берушi мен банк-заемшы заң актілеріне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмдерiне сәйкес несиелердi берудің басқа да нысандарын пайдалана алады.
164. Мерзiмдерiне байланысты бюджеттік несиелердi беру:
қысқа мерзiмдi - 1 жылға дейінгi мерзімдi несие;
орта мерзiмдi - 1 жылдан жоғары, бiрақ 3 жылдан артық емес мерзімдегi несие;
ұзақ мерзiмдi - 3 жылдан жоғары мерзiмдегi несие болып бөлiнедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 164-1-тармақпен толықтырылды
164-1. Ұлттық валютадағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлігі эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттік орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстіліктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгіленедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 164-2-тармақпен толықтырылды
164-2 Шетел валютасындағы сыйақы ставкасы өтеуге дейiн бюджет кредитiнiң мерзiмiне тең мерзiммен Қаржы министрлігі эмиссиялаған ұлттық валютадағы мемлекеттік орта мерзiмдi индекстелмейтiн бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша алдағы тоқсанда қалыптасқан кiрiстіліктiң орта өлшемдiк ставкасына тең болып белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 164-3-тармақпен толықтырылды
164-3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 шiлдедегi № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы шеңберiнде жүзеге асырылатын бюджеттік кредит беру кезіндегі сыйақы ставкасының мөлшерi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiмен анықталады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 164-4-тармақпен толықтырылды
164-4. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру кезiнде сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 0,5 (нөл бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 164-5-тармақпен толықтырылды
164-5. Түпкi қарыз алушы үшiн сыйақы ставкасының мөлшерi 164-1, 164-2-тармақтарға сәйкес анықталатын тиiстi валютадағы сыйақы ставкасының 1,5 (бiр бүтiн оннан бec) есебiнен аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 164-6-тармақпен толықтырылды
164-6. Егер Қаржы министрлігі эмиссиялаған бағалы қағаздардың ұйымдастырылған қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмеген жағдайда, сыйақы ставкасы өткен кезеңдегi тиiстi валютадағы сыйақы ставкасына тең белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
165. Бағдарламалар әкiмшiлерi тиiстi бюджеттердi қабылдағаннан кейiн екi айдан аспайтын мерзiмде қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлерге қойылатын талаптар анықталады.
Қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлерге қойылатын негiзгi талаптарға:
бұған дейiн республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен алынған несиелер бойынша берешектердiң болмауы;
конкурс өткiзiлген күннен кейiнгi соңғы үш ай iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық нормативтерiн сақтау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдардың ең aз мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау;
бюджеттік несиелердi уақытылы қайтару бойынша тиiстi қамтамасыз етудің бар болуы;
қажет болған жағдайда филиалдық желiнiң және/немесе корреспонденттік желінің бар болуы;
қажет болған жағдайда ақпараттарды берудiң халықаралық электрондық жүйесiнiң (SPRINT, SWIFT, REUTER) бар болуы жатады.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 166-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
166. Бағдарламалардың әкiмшiлерi екiншi деңгейдегi банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi берген лицензиясы бар ұйымдар (бұдан әрi - банктер-қатысушылар) бойынша сұрауды бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша берешектiң және бюджеттік кредиттердi уақытылы қайтару жөніндегі тиiстi қамтамасыз етудiң болуы жөніндегі талаптарды қоспағанда, нақтылы бюджеттік бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде несиелердi алу үшiн олардың арасында конкурс өткізу үшiн негiзгi талаптарды қоса Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне жолдайды.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 167-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
167. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бес мерзiмдiк күн iшiнде конкурсқа қатысу үшiн белгiленген талаптарға сәйкес банктердiң-қатысушылардың тiзбесiн даярлайды және бағдарламалардың әкiмшілеріне жолдайды.
Қаржы министрлігі және/немесе жергiлiктi атқарушы органдар бағдарламалар әкiмшiлерiнiң сұрау салулары бойынша бұрын республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен алынған кредиттер бойынша қарыз алушы-банктердi анықтауға үмiткерлер берешегiнiң бар-жоғы туралы ақпаратты жiбередi.