87. Бірінші және екінші топтардың мiндеттемелерiн тiркеу қазынашылықтың аумақтық органдары оны Өтiнiм түрiнде қабылдау жолымен мемлекеттік мекемелердiң ақы төлеуге берiлген Шотының негiзiнде жүзеге асырылады. Бұл ретте, мемлекеттік мекеме оны Ақы төлеуге шот қалыптастыру кезінде пайдалану үшiн Өтiнiмге нөмiр бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 27.10.04 ж. № 1101 қаулыларымен 88-тармақ өзгертілді
88. Үшінші топтың шығыстары бойынша мiндеттемелердi тіркеу мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн мемлекеттік мекеме жүргiзгеннен кейiн басталады.
Мемлекеттік сатып алу мәнi болып табылмайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға үшіншi топтың шығыстары бойынша мiндеттемелердi тiркеу мемлекеттік мекеме бюджет қаражатын алушымен шарт жасасқаннан кейiн басталады.
Мемлекеттік сатып алу жөніндегi рәсімдерге дайындалу кезiнде конкурстың мiндеттi шарттарының құрамына рәсiмдердің қатысушыларына сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұсынылатын бағалардың негiзi туралы талаптар енгiзiлуi тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 88-1-тармақпен толықтырылды
88-1. Төртiншi топтың шығыстары бойынша қабылданған мiндеттемелердi тiркеу мыналарға бюджеттік кредит беру кезiнде жүзеге асырылады:
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi жүргiзген конкурстық iрiктеудiң нәтижелерi бойынша екiншi деңгейдегi банктi немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдарға. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар осы Ережеде анықталады;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешiмi негiзiнде "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамын (бұдан әрi - Қазақстанның Даму Банкi);
бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi екіншi деңгейдегi банктердiң, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiне ҚҰБ лицензиясы бар ұйымдар арасында кредит шарттарын жасасуды, кредит беруді, мiндеттемелердi орындаудың және кредиттердi қайтарудың мониторингiн жүзеге асыруды қоса алғанда агент қызметтерiн көрсетуге конкурс өткiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарын. Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру жөніндегі агенттер "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес анықталады;
үкiметтiк сыртқы қарыздардың қаражаты есебiнен инвестициялық жобаларды iске асыру кезiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi Қазақстан Республикасының резиденттерiн;
мәслихат жергiлiктi атқарушы орган кредит, оған қызмет көрсету жөніндегі мiндеттемелердi қабылдағаны туралы шешімдi бекiткеннен кейiн және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органға.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 88-2-тармақпен толықтырылды
88-2. Шығыстардың бесiншi тобының мiндеттемелерiн тiркеу Өтінiм ретiнде аумақтық қазынашылық органдарының төлеуге арналған шотты қабылдауы арқылы жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. № 320 (бұр. ред. қара) 89-тармақ өзгертілді
89. Мемлекеттік мекеменiң тиiстi берушімен немесе бюджет ақшасын алушымен шарттар (бұдан әрi - Шарт) жасасуы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес мынадай деректемелердi ескере отырып, берiлген рұқсаттар шегiнде жүзеге асырылады:
шарт бойынша міндеттемелердің қатысушылары;
тараптардың толық атауы және мекен-жайлары;
бюджеттік бағдарламаның атауы;
шарт жасасу мәнi;
тараптардың міндеттемелерiн атқару нәтижелерiн кiм қабылдайтыны;
мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын атқару мүмкiндiктерi туралы;
міндеттемелердi атқару барысы туралы ақпаратты беру туралы;
мiндеттемелердi атқарудың бiр қалыптылығын талап ету;
ақшалай мiндеттемелердiң мөлшерi;
төлемдер мен есептемелердi жүзеге асыру тәртібі және тәсілдерi;
Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН), жеке бiрегей коды, банктік бiрегей коды және тараптардың толық мекен-жайы;
шарт бойынша мiндеттемелердi атқару күнi немесе ол атқарылуы тиiс уақыт кезеңi, бұл ретте шарт бойынша міндеттемелердi атқару мерзімдерi бюджеттік бағдарлама паспортында көрсетiлген бюджеттік бағдарламаның кiшi бағдарламасы және бюджеттік бағдарламаларды орындау нәтижелерi бойынша iс-шараларды iске асыру мерзімдеріне сәйкес келуi тиiс;
шарт бойынша мiндеттеменi орындау орны;
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкіметтік сыртқы заем жөніндегі шарт (келісім) шеңберiнде қолданылу мерзiмi бiр қаржы жылынан асатын Шартты жасасу кезiнде шарт шеңберінде сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны (бұдан әрi - Шарт сомасы), сомаларды тиiстi қаржы жылдарына бөле отырып, Шарттың жалпы сомасы көрсетiледi, валютада және немесе өтiнiмнiң жалпы сомасының пайыздарында алдын ала төлеу мөлшерiн көрсете отырып, ақы төлеудiң схемасы және шарты;
сандық (табиғи) және құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң көлемi. Құндық түрде орындалатын жұмыстар мен қызметтердiң айлар бойынша көлемдерi тиiстi бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларындағы көрсетілген сомаларға сәйкес келуi тиiс;
шарттың ережелерiн орындау үшін тараптардың жауапкершілігі;
орындалған жұмыстардың (берулердiң, көрсетілген қызметтердің) кесiмiн мiндеттi жасауды көздейтiн шарт;
тараптардың оның шарттарын орындамау кезіндегі iс-әрекетi және шарттың екiншi тарапының айыппұл мен өсiмақыны бюджетке есептеуi.
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөніндегі шарттың (келісімнiң) шеңберiнде мемлекеттік мекеме мен тауарларды (жұмыстарды және қызметтердi) берушiнiң арасында жасалған Шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi бiр қаржы жылынан асқан кезде Шарт бойынша мiндеттемелердiң сомасы мемлекеттік мекемеге жыл сайын бөлiнетiн рұқсаттардың шегінде тиiстi қаржы жылдарына бөлiнеді.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 89-1-тармақпен толықтырылды
89-1. Агенттiк келісім мыналарды қамтуы тиiс:
тараптардың толық атауы мен мекен-жайлары;
бюджеттік бағдарламаның атауы;
агенттiк келісімдi жасасу мәнi;
агент функцияларының, ол орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құрамы мен мазмұны;
агент орындайтын жұмыстар мен қызметтердiң құны;
жұмыстар мен қызметтердi орындау мерзiмi;
жобаны қаржыландыру жөніндегі төлемдер мен есеп айырысуларды, бюджеттік кредиттi беру мен қаражатты бюджетке қайтаруды (қайтарымды қаржыландырған жағдайда) жүзеге асырудың тәртібі мен тәсілдерi;
бюджет қаражатын агент шотына аудару кестесi;
агенттiң бюджет қаражатын пайдалануды растайтын құжаттарды беру тiзбесi, тәртібі және мерзiмi;
қаржы агентiнiң қызметтерiне ақы төлеу көздерi мен тәртібі;
агенттiк келісім тараптарының өзара мiндеттемелерi;
тараптардың агенттiк келісімнiң шарттарын орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн жауапкершілiгi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 90-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
90. Осы Ережеде мынадай түсiнiктер пайдаланылады:
кредит берушi - Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе жергіліктi атқарушы органдар;
бюджеттік несие - мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайларында тиiстi бюджеттерден кредит берушiлер ұсынатын, сондай-ақ мемлекеттік кепілдiк жөніндегі мiндеттемелердi орындауға оқшауландырылатын ақшалар;
заем алушы - тиiстi бюджет алдында кредиттi қайтару жөнiнде тiкелей мiндеттемелерi бар бюджет қаражатынан кредит алушы;
банк-заемшы - Даму Банкі,банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, түпкi заемшыларды одан әрi несиелендiру үшiн тиiстi бюджеттерден бюджеттік кредит алатын екiншi деңгейдегi банк немесе ұйым;
түпкi заемшы - банк-заемшы арқылы бюджеттік кредит алатын заңды немесе жеке тұлға.
Агент - екiншi деңгейдегi банк, банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға ҚҰБ лицензиясы бар ұйым немесе агенттiк келісімнiң негiзiнде Даму Банкi;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің (жергiлiктi атқарушы органның) актiсiне республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiне сәйкес қайтарымды негiзде бюджеттен жеке және заңды тұлғаларды, төмен тұрған бюджеттердi қаржыландыру үшін тағайындалған бюджеттік бағдарламалар бойынша төртiншi топтың (бұдан әрi - кредит алушылар) мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Қаржы министрлігі мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында шарт жасалады, ал банктер-қатысушылар арасындағы конкурстың нәтижелерi бойынша:
кредиторлар мен банктер-заемшылар;
банктер-заемшылар және түпкі заемшылар арасында шарт жасалады.
Бюджеттік кредит беру оларды түпкi заемшыларға кейіннен бере отырып банк-заемшыларға бюджеттік кредит беру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың кредиттерін банк-заемшыларға беру жөніндегі рәсімдер осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттік кредиттер беру туралы шарттар (келісімдер) жасасу Қазақстан Республикасының Yкіметі атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Жергiлiктi бюджет ақшаларының есебiнен бюджеттік кредиттер беру туралы шарттар (келісімдер) жасасу жергілiктi атқарушы орган атынан әкiм немесе оларды ауыстыратын тұлға жүзеге асырады.
Кредитор мен кредит алушы арасындағы шартта мыналар:
шарт бойынша мiндеттеменiң қатысушылары - кредитор және кредит алушы;
толық атауы, СТН, және тараптардың мекен-жайы;
бюджеттік бағдарламаның атауы;
шарт жасасудың мақсаты;
ақшалай мiндеттеменiң (кредиттiң) мөлшерi;
кредит валютасы;
кредит беру нысаны;
сыйақы ставкасы;
борыштың негiзгi сомасын өтеу мерзiмi;
борыштың негiзгi сомасын өтеу кестесi және сыйақы;
міндеттемелердi кредит алушылардың мерзiмiнен бұрын пайдалану мүмкiндiгi туралы;
кредит қайтарымдылығын қамтамасыз ету;
борыштың негiзгi сомасын өтеу және сыйақы төлеу жөніндегі жеңiлдiк кезеңiнiң болуы (болмауы);
кредиттi қамтамасыз ету (кепiл түрi);
шарт талаптарын орындағаны үшін тараптардың жауапкершiлiгi;
оның талаптарын тараптар орындамаған кезде iс-әрекеттер және айыппұл мен шарттың екiншi тарабының өсiмiн есептеу ескерiледi.
Бұл ретте:
бюджеттік бағдарламаның атауы, шарт жасасудың мақсаты, ақшалай міндеттемелердің (кредиттің) мөлшерi паспортқа сәйкес көрсетіледі;
бюджеттік кредиттің мөлшері абсолюттiк шамада қалай болса, сомада да, шетелдік валютадағы баламалы анықталған сомада айқындалуы мүмкін;
кредит валютасы ұлттық валютада айқындалады;
кредит беру нысаны төлемдердi жүзеге асыру тәсiлiне және тәртібіне тәуелдi болады;
бюджеттік кредиттер тiркелмеген (құбылмалы), және сыйақының тiркелген ставкасы болып берiлуi мүмкiн;
Тiркелген сыйақы ставкасы - мөлшерi бюджет кредитiнiң бүкiл мерзімiне өзгерiссiз белгiленетiн сыйақы ставкасы.
Өзгермелi сыйақы ставкасы - капитал рыноктарындағы конъюнктураға байланысты өзгеретiн сыйақы ставкасы;
Бюджет кредитiнiң мерзiмi бюджет кредитiн қарыз алушының шотына аударған күннен бастап есептеледi.
Республикалық бюджет қаражаты есебiнен кредит бойынша жоғарыда аталған шарттың талаптары жергілікті атқарушы органдардың шешімдерiмен жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерiмен анықталады.
Мемлекеттік мекемелердi қайта ұйымдастыру және тарату кезiнде құқық мирасқорлары Қаржы министрлігінiң органдарында тiркелген шартқа өзгерістер енгізуге өтiнiм бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. № 320 (бұр. ред. қара) 91-тармақ өзгертілді
91. Шарттың сомасы мемлекеттік мекеменiң қабылдаған мiндеттемелерiн және жылдың басталуынан тиісті айдағы керi қайтаруды шегерiп тастағаннан кейiн және Қазақстан Республикасы Бiрыңғай бюджеттік жiктемесi шығыстарының бюджеттік жіктемесінің тиiстi кодтары бойынша мемлекеттік мекемелерге бөлiнген рұқсаттардың мөлшерінен аспауы тиiс.
Егер Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем жөніндегі шарттың (келісімнiң) шеңберiнде мемлекеттік мекеме мен тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлер арасындағы Шарт бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасалса, онда мiндеттемелердi тiркеу ағымдағы қаржы жылына арналған Шарт шеңберiнде мiндеттемелердiң мөлшерiне сәйкес мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттардың шегiнде жүзеге асырылады.
Егер бiр бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) орындау үшiн Шарттар бiрнеше берушiлермен жасалса, мұндай шарттардың жалпы сомасы берiлген рұқсаттардың сомасынан аспайды, оның шегiнде осы бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша шарттар жасасуға жол беріледi.
Шарт сомасының берiлген рұқсаттардың сомасынан асып түсуi қосымша сомаға рұқсаттар беру жолымен бюджеттік бағдарлама және кiші бағдарлама жөніндегі мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде жол берiледi.
Қосымша сомаға рұқсаттар жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттік мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сомалар шегiнде берiлуi мүмкiн.
Егер бағдарлама, кiшi бағдарлама кодтары және жылдың басынан бастап ағымдағы айға арналған тиiстi кодтар бойынша мемлекеттік мекемеге берiлген рұқсаттарды шегере отырып, бағдарлама, кiшi бағдарлама және мемлекеттік мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспары шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша сома қосымша сомаға рұқсаттар беругe мүмкiндiк бepмece, онда осы Ережеде белгiленген тәртiппен мемлекеттік мекеменiң міндеттемелерi бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс енгiзiледi.
92. Бiрiншi және екiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына Ақы төлеуге шот ұсынады.
93. Екiншi және үшiншi топтардың шығыстары бойынша мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органдарына тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) бiр және одан көп атаулары үшiн бюджет қаражатын әрбiр алушыға жеке Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік жiктемесiнiң әрбiр коды бойынша өтінімдi (мекеме/бағдарлама/кішi бағдарлама/ерекшелiк), сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы шартты немесе Қаржы министрлігі (жергiлiктi уәкiлеттi орган) мен несие алушы арасында жасалған шартты бередi.
Қазынашылық органдары Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен және осы ережеге сәйкес Өтiнiмдi және шартты тексередi.
94. Өтiнiмдi қалыптастыру мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеудің бiрiншi сатысы болып табылады. Өтiнiмдердi нөмiрлеудi мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 (бұр. ред. қара); 27.10.04 ж. № 1101 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 95-тармақ өзгертілді
95. Өтiнiмнің бiрiншi бөлiмiнде мынадай деректемелер:
мемлекеттік мекеменiң коды;
мемлекеттік мекеме берген Өтiнiмнің нөмiрi:
санаты:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық бюджет және Астана және Алматы қалаларының бюджеттерi;
03 - аудандық (қалалық) бюджет;
05 - арнайы;
қаржыландыру көзi:
1 - үкiметтiк сыртқы заемның қаражатынан басқа, бюджеттiң есебiнен;
2 - үкiметтiк сыртқы заемдардың есебiнен;
мемлекеттік мекеменің атауы;
шығыстардың сипаттамасы;
бюджеттік сыныптаманың кодтары (мекеме/бағдарлама/кiшi бағдарлама) ерекшелiк);
тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушiнiң коды, атауы, CTH-i және мекен-жайы, беруші банктің (бюджет қаражатын алушының) атауы және БCК;
бiр бiрлiк үшiн атауы, саны, бағасы және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) топтарының жалпы құны және Өтiнiмнiң жалпы сомасы көрсетiледi. Өтiнiмнiң жалпы сомасы жылдың басынан бастап тиiстi айға қабылданған міндеттемелер мен қайтарып алулардың сомасын шегере отырып және Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасы шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша мемлекеттік мекемелерге берілген рұқсаттардан аспауы тиiс.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 (бұр. ред. қара); 15.03.04 ж. № 320 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 96-тармақ өзгертілді
96. Өтiнiмнiң бiрiншi бөлiмiнiң "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бекiткен экономикалық сыныптаманың құрылымына сәйкес келетiн шығындардың түрi, тауардың (жұмыстар мен қызметтердiң) шығу тегi туралы ақпарат мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес және заем туралы шарттың (келісімнiң) ережелерiне сәйкес мемлекеттік сатып алудың тәсілдерi келтiрiледi, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнің немесе бюджет қаражатын алушының ЖБК.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмдерiне сәйкес мемлекеттік мекемелер мiндеттемелер қабылдаған жағдайда мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерiн тiркеу үшiн Өтiнiмдер қалыптастырған кезде сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (жергiлiктi атқарушы органдардың) шешiмiнiң нөмiрi және күнi "Шығыстардың сипаттамасы" алаңында көрсетiледi.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 97-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
97. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Негiздеме-құжат" алаңында құжаттың атауы көрсетiледi, оның негiзінде төлем жүргізіледі.
Мұндай құжаттар Шарт, берушінің алынған тауарлар (жұмыстар және қызметтер) үшін төлемдерiн жүзеге асыруға арналған шот-фактурасы, тауарды, орындалған жұмыстарды және/немесе көрсетілген қызметтерді қабылдау-беру актісі, қолма-қол ақы төлеу нысаны кезiнде төлемдердi жүзеге асыруға арналған чек және оның негiзiнде мемлекеттік мекеме ақы төлеуге шотты қалыптастыратын басқа да құжаттар болуы мүмкiн.
98. Өтiнiмнiң "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Төлем күнi" және "Сомасы" алаңдарында төлемнiң жоспарланған күнi мен сомасы көрсетіледi. "Сомасы" бағанындағы жалпы сома Өтiнiмнің жалпы сомасына сәйкес келуі тиіс.
99. Өтінімнің "Төлемдер кестесi" бөлiмiнiң "Өтiнiмнiң %" алаңында қажет болған кезде түпкi төлемнің сомасы көрсетiледi. Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беру туралы шарттың ережелерiне сәйкес валютамен және Өтiнiмнің жалпы сомасының пайыздарымен алдын ала төлеудiң мөлшерi көрсетiледi.
Алдын ала төлеу шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн мүмкiн.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 100-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
100. Yшiншi топтың қабылданған мiндеттемелерiн төлеу үшiн:
Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 процентiнен аспайтын мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi:
131 "Тамақ өнiмдерiн сатып алу",
132 "Дәрi-дәрмектердi және медициналық сипаттағы өзге де құралдарды сатып алу",
134 "Мүлiктiк керек-жарақ заттарын және басқа пiшiмдiк және арнайы киім-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу",
135 "Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу",
139 "Өзге тауарларды сатып алу",
411 "Активтердi сатып алу",
412 "Ғимараттар мен үй-жайларды сатып алу";
138 "Yй-жайларды жалға алуға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу" және 144 "Электр энергиясы үшiн ақы төлеу",
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi үшiн алдын ала ақы төлеуге рұқсат eтiлмейдi;
145 "Жылу үшiн ақы төлеу" шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi бойынша алдын ала ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде отын сатып алу бөлiгiнде ғана рұқсат етiледi;
жоғарыда санамаланған тiзбеге кiрмейтiн шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша Ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 процентiнен аспайтын мөлшерде алдын ала ақы төлеуге рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 12.05.04 ж. № 522 қаулысымен 100-1-тармақпен толықтырылды
100-1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру үшiн астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі астықты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі iс-шараларды қаржыландырудың арнайы тәртібін белгiлеуi мүмкiн.
101. Өтiнiмге мемлекеттік мекеменiң бiрiншi басшысы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтерi қол қояды, олар оның дұрыс ресiмделуiне жауап бередi. Өтiнiм мемлекеттік мекеменiң мөрiмен куәландырылады.
Бiрiншi басшы немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға және/немесе бас бухгалтер болмаған жағдайда бiрiншi басшының оларға мiндеттер жүктеу туралы бұйрығына сәйкес жауапты тұлғалар қол қояды.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 102-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара)
102. Мемлекеттік мекеме қол қойылған және мөрмен куәландырған шартты және Өтiнiмдi Қаржы министрлігі белгiлеген тәртіппен қазынашылықтың тиiстi органдарына берiледi. Тауарды (жұмысты, қызметтi) бiр көзден сатып алған жағдайда мемлекеттік мекеме мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес бiр көзден сатып алуға рұқсат туралы мемлекеттік сатып алу жөніндегі тиiстi уәкiлеттi органның басшысының қолымен хат бередi.
Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен үкiметтiк сыртқы заем туралы шарт (келісім) шеңберiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға арналған мiндеттемелердi тiркеу кезiнде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына 12-5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген өтінiмдi бередi.
ҚР Үкіметінің 14.08.03 ж. № 816 қаулысымен 102-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 102-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
102-1. Берушiнi таңдау үшiн негiз болып табылған сапаның, көлемнiң өзгермеуі шартымен және басқа шарттарда Шарттың сомасын бағаны азайту бөлігінде азайтқан жағдайда мемлекеттік мекеме Қаржы министрлігінiң аумақтық органына азайту сомасына арналған негiзгi Шартқа қосымша келісімдi және бұрын орындалған міндеттемелерді ескере отырып, Шарттың жаңа сомасына Өтінiм береді.
ҚР Үкіметінің 15.03.04 ж. № 320 қаулысымен 103-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 103-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
103. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 12-6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық органына ұсынатын Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгізуге арналған өтiнiмге сәйкес бюджет қаражатын берушілер мен алушылардың анықтамалығын қалыптастырады және жүргiзедi.
Мемлекеттік мекеме Берушiнi (бюджет қаражатын алушыны) енгізуге арналған өтiнiмдi толтырудың дұрыстығына жауап бередi.
Аумақтық қазынашылық органы бюджеттен төлемдердi қайтаруды жүзеге асыру кезiнде бюджет қаражатын берушілер мен алушылардың анықтамалығын қалыптастыруды салық органдары берген төлем құжаты негiзiнде жүзеге асырады.
104. Өтiнiмнен басқа мемлекеттік мекемелер қазынашылық органдарына заем туралы шарт (келісім) бойынша төртiншi топтың мiндеттемелерiн тiркеу үшiн заем туралы шарттың (келісімнiң) ережелерiне сәйкес тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) берушiлерге аудару туралы қарыз шотынан көшiрме ұсынады.
ҚР Үкіметінің 27.10.04 ж. № 1101 қаулысымен 105-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
105. Аумақтық қазынашылық органдары Өтінімнiң:
"Мемлекеттік мекеменiң атауы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша Тапсырысшының толық атауының;
"Шығыстардың сипаттамасы" және "Бюджеттік сыныптаманың коды" жолдарының деректемелерінен Шарт жасасу мәнi мен нөмiрiнiң;
"Бюджеттің түрі", "Қаржыландыру көзi" және "Бюджеттік сыныптаманың коды" жолдарының деректемелері мен Шарт бойынша бюджеттік бағдарлама атауының;
"Барлығы" жолындағы сомамен Шарт бойынша ақшалай мiндеттемелер мөлшерінің;
"Берушінiң атауы және мекен-жайы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша бюджет қаражатын берушінің немесе алушының толық атауы мен мекен-жайының;
"Тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) атауы" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердiң) атауының;
"Саны" және "Бағасы" жолдарының деректемелерімен Шарт бойынша орындалатын жұмыстардың және қызметтердiң бiрлігi үшін сан (заттай) және құн түріндегi көлемiнің;
"Сомасы" жолының деректемелерімен Шарт бойынша орындалатын жұмыстардың құн түріндегі көлемiнiң;
"Төлемдер кестесі" бөлiмiнiң "Төлеу күні" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерi мен төлеу кестесiнiң;
Тауарларға (жұмыстар мен қызметтерге) ақы төлеу схемасы мен шарттарының, бұдан басқа, "Төлемдер кeстeci" бөлiмiнің "Негiздемелiк құжат" жолының деректемелерiмен Шарт бойынша тауарларды (орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) беру актiсiнің мiндетті түрде жасалуын көздейтiн шарттарының;
"Басшының қолы" бөлiмiнiң деректемелерiмен бiрiншi басшының (ол уәкілеттік берген тұлғаның) және бас бухгалтердiң (уәкiлеттi тұлғаның) қолдарының үлгілерi мен мемлекеттік мекеменiң мөрi бедерiнiң және мемлекеттік мекеме атынан Шартқа қол қойған тұлғаның деректерi мен Шарттағы мөр бедерiнiң;
берiлген рұқсаттар немесе олардың қалдық сомасымен Шарт сомасының сәйкестiгiн тексередi.
Бұдан басқа, үшінші топтың мiндеттемелерiн тiркеу кезiнде берушінi жүргiзуге мемлекеттік мекеменiң Өтінімi негiзінде қалыптасқан Қазынашылық комитетiнiң деректерiмен берушілер туралы деректердiң сәйкестігі тексерiледi.
Егер жоғарыда санамаланған шарттардың бipeуi орындалмаса, онда аумақтық қазынашылық органы Өтінiмдi қайтару себебiн көрсете отырып, қатені жою үшiн орындамастан мемлекеттік мекемеге қайтарады.