Тауарлар мен көлiк құралдарының жойылып кетуiне, бiржола жоғалуына немесе айтарлықтай бұзылуына анық қатер төндiруден басқа жағдайларда, теңдестiру құралдары тек қана Қазақстан Республикасы кеден органдарының рұқсатымен өзгертiлуi, алынып тасталуы немесе жойылуы мүмкiн. Теңдестiру құралдарының өзгертiлгенi, алынғаны және жойылғаны туралы Қазақстан Республикасының кеден органдарына дереу хабарланып, аталған қатердiң болу дәлелдерi келтiрiледi.
209-бап. Кеден мақсатында қаржы және сыртқы
экономикалық қызметтi тексеру
Қазақстан Республикасы кеден органдарына орындалуын бақылау жүктелген Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, аталған заңдар мен шарттар сақталмайды не толық сақталмайды деп есептеуге негiздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының кедендерi мен жоғары тұрған кеден органдары өз құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткізушi тұлғалардың, кеден делдалдарының не бақылауы Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген қызметтi жүзеге асырушы өзге де тұлғалардың қаржы және сыртқы экономикалық қызметiн тексерудi тағайындауға не жүргiзуге құқылы.
Қаржы және сыртқы экономикалық қызметiне тексеру жүргiзген кезде Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары кеден iсi мен Қазақстан Республикасы кеден органдарының қызметiне қатысты сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға байланысты кез келген құжаттамалар (банк құжаттарын қоса) мен ақпараттың тегiн берiлуiн талап етуге және олармен танысуға, лауазымды адамдар мен басқа қызметкерлерден анықтамалар, жазбаша және ауызша түсiнiктемелер алуға, үй-жайларға сүргi салуға, Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген нысанда жасалған актi бойынша, егер олар басқа жерде тексерiлетiн болса, құжаттарды алуға құқылы. Алынған құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мерзiмде қайтарылуға тиiс. Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары құжаттамамен және ақпаратпен танысуға арналған орын мен уақытты белгiлей алады.
Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының тексеру жүргiзу кезіндегі iс-әрекеттерi қаржы және сыртқы экономикалық қызметi тексерiлетiн тұлғаға заңсыз нұқсан келтiрмеуге тиiс. Тексеру қорытындылары бұл тұлғаға дереу хабарланады.
Тексеру нәтижесiнде алынған барлық ақпарат жасырын болып табылады және оған осы Заңның 16-бабы ережелерiнiң күшi қолданылады.
210-бап. Кеден бақылауын iрiктеп жүргiзу
Кеден бақылауын жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдары орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын нысандары пайдаланады.
Кеден бақылауының басқа нысандары қолданбау не олардан босату тұлғаларды осы Заң ережелерiн, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау мiндетiнен босату дегендi бiлдiрмейдi.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары, осы Заңның 211-бабында көрсетiлгеннен басқа жағдайларда, Заңда аталған кеден бақылауының барлық нысандарын пайдалана алады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 211-бап өзгертілді
211-бап. Кеден бақылауының белгiлi бiр нысандарынан
босату
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілiсi Төрағасының және олармен бiрге жүрген отбасы мүшелерiнiң жеке қол жүгi кеден тексеруiне жатпайды.
Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты мен Мәжілісi депутаттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi төрағасының жеке қол жүгi, егер аталған тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өздерiнiң, тиiсiнше депутаттық немесе қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты өтетiн болса, кеден тексеруiне жатпайды.
Егер Қазақстан Республикасы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, өздiгiнен келе жатқан шетелдiк әскери корабльдер (кемелер), жауынгерлiк және әскери-көлiк әуе кемелерi мен әскери техника кеден тексеруiнен босатылады.
212-бап. Жеке тексеру
Кеден бақылауының нысаны ретiнде жеке тексеру Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн не кеден бақылауы аймағында немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының кеден органдарына орындалуын бақылау жүктелген Қазақстан Республикасы заңдарын немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын бұзу объектiлерi болып табылатын тауарларды өзiнде жасырып, бермей тұр деп санауға негiз болған жағдайда, Қазақстан Республикасының орталық кеден органы, кеден басқармасы, кедендерi бастығының немесе оның орнындағы адамның шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Жеке тексерудi жүргiзу туралы шешiм Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiпте жазбаша ресiмделедi.
Жеке тексеру басталар алдында Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы жеке тұлғаға Қазақстан Республикасы кеден органы бастығының немесе оның орнындағы адамның жеке тексеру жүргiзу туралы шешiмiн беруге, жеке тұлғаны оның осындай тексерудi жүргiзу кезіндегі құқықтары және мiндеттерiмен таныстыруға және жасырған тауарларды ерiктi түрде беруге ұсыныс жасауға мiндеттi.
Өзiне жеке тексеру жүргiзiлетiн жеке тұлғаның:
жеке тексеру басталғанға дейiн жеке тексерудi жүргiзу тәртібімен және жеке тексерудi жүргiзу туралы шешiммен танысуға;
Қазақстан Республикасы заңдарын немесе Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарын бұзу объектiлерi болып табылатын өзіндегі жасырған тауарларын өз еркiмен беруге;
жеке тексерудi жүргiзетiн Қазақстан Республикасының кеден органы лауазымды адамдарына мәлiмдеме жасап, оны жеке тексерудi жүргiзу тәртібі туралы хаттамаға мiндеттi түрде енгізуге;
жеке тексерудi жүргiзу нәтижелерiмен және iс жүргiзу құжаттарымен танысуға;
осы Заңның ХV бөлiмiне сәйкес жеке тексерудi жүргiзушi Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамдарының әрекеттерiне шағым жасауға;
адвокат қызметiн пайдалануға құқығы бар.
Өзiне жеке тексеру жүргiзiлген жеке тұлғаға жеке тексеру жүргiзiлгенi, тауарлар алынып қойғаны туралы актiнiң көшiрмесi берiледi.
Жеке тексерудi Қазақстан Республикасы кеден органының тексеруден өтушімен бiр жыныстағы лауазымды адамдары сол жыныстағы екi бөгде куәгердiң қатысуымен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетiн оқшауланған үй-жайда жүргiзедi. Бұл үй-жайға басқа жеке тұлғалардың енуiне және олардың тарапынан жеке тексерудің жүргiзiлуiн байқау мүмкiндiгiне жол берiлмеуге тиiс. Тексерiлетiн адамның дене мүшелерiн тексерудi тек қана медицина қызметкерлерi жүргiзуге тиiс.
Жеке тексеру жүргiзiлгендiгi туралы хаттама Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген нысанда жасалады.
Хаттамаға жеке тексеру жүргiзген Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы, өзiне тексеру жүргiзiлген жеке тұлға, бөгде куәгерлер, ал медицина қызметкерi тексеру жүргiзген кезде осы қызметкер де қолдарын қояды. Өзiне тексеру жүргiзiлген жеке тұлға осы хаттамада мәлiмдеме жасауға құқылы.
30-тарау. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кеден
бақылауын жасауға қатысты қосымша ережелер
213-бап. Кеден бақылауына жататын тауарлар мен
көлiк құралдары
Осы Заңның 211-бабында көзделгеннен басқа жағдайларда, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кеден бақылауына жатады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары, басқа мемлекеттердiң аумағында жүрген кемелер мен шетелдiк кемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз Қазақстан Республикасының кеден аумағынан өтiп кеткен көлiк құралдарын ықтиярсыз тоқтатуға теңiз, өзен және әуе кемелерiн қайтаруға құқылы.
214-бап. Кеден бақылауында болу уақыты
Тауарлар мен көлiк құралдары кеден режимiне сәйкес кеден бақылауы басталған кезден бастап, аяқталғанға дейiн кеден бақылауында болады.
Тауарлар мен көлiк құралдары әкелiнген кезде кеден бақылауы олардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен кезiнде басталады және Қазақстан Республикасы аумағына тауарлар мен көлiк құралдарын еркiн айналысқа шығарған кезде не Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан керi өткен кезде аяқталады.
Шетке әкетiлген жағдайда кеден бақылау кеден декларациясын қабылдаған сәттен басталады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кеден бақылауы Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткен сәтiнде аяқталады.
215-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын шығарғаннан
кейiнгi кеден бақылауы
Егер орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасы заңдарының немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының бұзылғандығы туралы жеткiлiктi негiздер бар деп саналса, тауарлар мен көлiк құралдарының шығарылғанына қарамастан осы тауарлар мен көлiк құралдарына кеден бақылауы кез келген уақытта жүргiзiлуi мүмкiн.
Аталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарлар мен көлiк құралдарының бар-жоғын тексеруге, оларды қайтадан кеден тексеруiнен өткізуге, кеден декларациясында көрсетiлген мәлiметтердi қайта тексеруге, сол тауарлармен жасалатын сыртқы экономикалық және кейiнгi коммерциялық операцияларға қатысты коммерциялық құжаттар мен басқа да ақпаратты тексеруге құқылы. Тексеру декларанттың, сол операцияларға тiкелей немесе жанама түрде қатысы бар немесе қажеттi құжаттарды иеленген кез келген өзге тұлғаның орналасқан жерлерiнде жүргiзiлуi мүмкiн. Құқық бұзушылық анықталған жағдайда тұлғалар осы Заңның ережелерiне сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 216-бап жаңа редакцияда
216-бап. Кеден декларациясын, құжаттарды тексеру және тауарлар мен
көлiк кұралдарын қарап шығудың мерзiмдерi
Кеден декларациясын, құжаттарды тексерудi және тауарлар мен көлiк құралдарын қарап шығуды, оның iшiнде шұғыл жеткiзiлiмдер жөнiнде тексеру мен қарап шығуды, ал тауарлардан алдын-ала мәлiмдеген жағдайда - кеден декларациясы мен құжаттарды тексерудi Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын қабылдап алған және кеден мақсаттары үшiн қажет барлық құжаттар тапсырылған күннен бастап үш күннен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының кеден органы жүзеге асырады.
Шұғыл жеткiзiлiмдер жөнiнде қолданылатын мерзiмдi қоспағанда, аталған мерзiмдi кеден декларациясын қабылдап алған күннен бастап он күнге дейiн ұзартуға Қазақстан Республикасы кеден органы басшысының жазбаша рұқсатымен жол беріледі.
217-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексерудi
жүргiзген кезде декларанттың, тауарлар
мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi
бар өзге де тұлғалардың және олардың
өкiлдерiнiң қатысуы
Декларант, тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар өзге де тұлғалар және олардың өкiлдерi тауарлар мен көлiк құралдарын тексерген кезде өз бастамасы бойынша қатысуға құқылы.
Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамдарының талап етуi бойынша аталған адамдар осындай тексеру кезiнде қатысуға және Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамдарына қажеттi көмек көрсетуге мiндеттi. Тасымалдаушының арнайы өкiлеттiгi бар өкiлi болмаған кезде кеден мақсаттары үшiн мұндай өкiл көлiк құралын басқарушы жеке тұлға болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден органы декларант, не тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiгi бар өзге тұлғалар мен олардың өкiлдiгi болмаған кезде, мына жағдайларда:
аталған тұлғалар тауарлар мен көлiк құралдары ұсынылғаннан кейiн он күн iшiнде келмеген жағдайда;
мемлекет қауiпсiздiгiне, адам өмiрi мен денсаулығына, жануарлар мен өсiмдiктерге, айналадағы табиғи ортаны қорғауға, Қазақстан Республикасы халқының көркем, тарихи және археологиялық игiлiктерiне қатер төнген жағдайда және кезек күттiрмейтiн басқа да жағдайларда;
тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерiмен жiберген жағдайда;
тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы кеден аумағына кеден режимiн бұза отырып қалдырған жағдайда тауарлар мен көлiк құралдарын тексерудi жүргiзуге құқылы.
Аталған жағдайларда тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру бөгде куәлардың қатысуымен жүргiзiледi және Қазақстан Республикасының орталық кеден органы бекiткен нысан бойынша кеден тексеруiнiң актiсiмен ресiмделедi.
218-бап. Кеден бақылауындағы тауарлар мен көлiк
құралдарын түгендеу
Қазақстан Республикасының кеден органдары кез келген уақытта кеден бақылауындағы тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ кеден төлемдерi мен салықтары төленбеген немесе кеден төлемдерi мен салықтарына қатысты бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарларды түгендеуге құқылы.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 218-1 - баппен толықтырылды
218-1-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды
Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан
Республикасынан әкетуге шектеулер
Қазақстан Республикасы орталық кеден органының интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлар тiзілiмiне енгiзiлген интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу не Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес осы Заңмен белгiленген тәртiппен және интеллектуалдық меншiк объектiлерi жөніндегі Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 218-2 - баппен толықтырылды
218-2-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды
тiркеу туралы өтiнiш
Интеллектуалдық меншік объектілерін қамтитын тауарларды Қазақстан Республикасы орталық кеден органының тiзiлiмiне енгізу интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады. Өтiнiш беру, қарау және тiзiлiмге енгізу тәртібін құзыретiне интеллектуалдық және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жатқызылған, мемлекет уәкiлеттiк берген органның келісімi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы интеллектуалдық меншік объектілерi бар тауарлардың тiзiлiмiн жүргiзедi және оны мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлар:
1) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша;
2) интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды тiзiлiмге енгiзген кезде терiс мәлiметтер берілген жағдайда;
3) өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң өзгергенi жайында белгiленген мерзiмде хабарламағанда;
4) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқығы күшiн тоқтатқанда тiзiлiмнен алып тасталуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы құқық иеленушiнi интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарлардың тiзiлiмнен алып тасталғандығы туралы дереу хабардар етедi.
Құқық иеленушi Қазақстан Республикасының орталық кеден органына оның интеллектуалдық меншiк объектiсiне құқығы жарамсыз болып қалғандығы туралы хабарлауға мiндеттi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 218-3 - баппен толықтырылды
218-3-бап. Интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды
шығаруды тоқтата тұру
Қазақстан Республикасының кеден органы, егер Қазақстан Республикасының кеден органы тауарлар арыз берушiнiң интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқығын бұзады деген белгiлердi анықтаса, Қазақстан Республикасының орталық кеден органының тiзiлiмiне енгiзiлген интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұрады.
Қазақстан Республикасының кеден органы интеллектуалдық меншiк объектілерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде құқық иеленушi мен декларантты тоқтата тұру және оның себептерi туралы хабардар етедi, сондай-ақ декларантқа құқық иеленушiнiң атауы мен мекен-жайын, ал құқық иеленушiге - декларанттың атауы мен мекен-жайын хабарлайды.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтатқан жағдайда, құқық иеленушi осындай тоқтата тұру туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты декларанттың залалдарын өтеуге жеткілікті мөлшерде енгізілетін соманы төлеуді қамтамасыз етуге міндетті. Аталған мөлшердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 218-4 - баппен толықтырылды
218-4-бап. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау мақсатында
кедендік ресімдеуді тоқтата тұру мерзімі
Қазақстан Республикасының кеден органдары интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды он жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарында не Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары бұл мерзiмдi қосымша он жұмыс күнiне ұзартуы мүмкiн.
Егер өтiнiш берушi ұсталған тауарлардың әкелiнуi немесе әкетiлуi фактiсiне байланысты интеллектуалдық меншiкке құқықтың бұзылуы туралы сот iсiн қозғау туралы дәлелдемелердi тапсырмаса, құқық иеленушiге алдын ала хабарлай отырып, Қазақстан Республикасының кеден органдары аталған мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген өзге талаптар орындалған жағдайда тауарларды шығаруға шектеудi тоқтатады. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiн қамтитын тауарларды шығаруды тоқтата тұру мерзімі ішінде сот ісі қозғалған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдарының талап арыз талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы сот шешiм қабылдағанға дейiн тауарлар шығарулы жүзеге асыруға құқығы жоқ.
Өнеркәсiптiк үлгiлердi, патенттердi, интегралдық схемалардың топологияларын немесе жасырын ақпаратты қамтитын тауарларды шығару декларант құқық иеленушiнiң мүдделерiн қорғау үшiн қажет қамтамасыз етудi кемiнде бiр ай мерзiмге берген жағдайда жүзеге асырылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 218-5 - баппен толықтырылды
218-5-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықты қорғау
жөнiнде шаралар қолданбағаны немесе талаптарды
бұзғаны үшiн жауапкершілiк
Қазақстан Республикасының кеден органы осы Заңның 218-2-218-4 баптарында көзделген шараларды қолданбағаны не осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген талаптарды бұза отырып, тауарлар шығаруды тоқтатқаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
VIII бөлім. Валюта бақылауы
31-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
валюта бақылауын жүзеге асыруы
219-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
валюта бақылауы органы
Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасындағы валюта бақылау органы болып табылады.
Валюта бақылауын жүзеге асыру кезіндегі басқа кеден органдарының қызметi мен өкiлеттiктерiн Қазақстан Республикасы кеден органдарының валюта бақылауы саласындағы құзыры шегiнде Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
220-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
валюта бақылауы саласындағы құзыры
Қазақстан Республикасының кеден органдары, еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағы ауқымын қоспағанда, тұлғалардың валюта құндылықтарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуiне, сондай-ақ аталған шекара арқылы тауарлар мен көлiк құралдарының өткiзiлуiне байланысты валюта операцияларына валюта бақылауын жүзеге асырады.
221-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
валюта бақылауын жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын валюта бақылауы кеден бақылауының құрамдас бөлiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары валюта бақылауын Қазақстан Республикасының валюта заңдары мен осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 222-бап өзгертілді
222-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
валюта бақылауын жүзеге асырған кезде
анықталған құқық бұзушылық үшiн
жауапкершiлiк
Қазақстан Республикасының кеден органдары валюта бақылауын жүзеге асыру барысында кеден ережелерiн бұзушылық немесе Қазақстан Республикасы кеден органдарының қалыпты қызметiне қол сұғатын құқық бұзушылықпен немесе осы бұзушылықтармен байланысты болып табылатын Қазақстан Республикасы валюта заңдарының бұзылуы анықталған кезде тұлғалар осы Заңға сәйкес жауап бередi.
Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туындайды.
IХ бөлім. Шетелдік тұлғалардың
жекелеген санаттарына берілетін
кеден жеңілдіктері
32-тарау. Шетел мемлекеттерінің өкілдіктері мен
олардың қызметкерлеріне арналған кеден жеңілдіктері
223-бап. Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық
өкiлдiктерiне арналған кеден жеңiлдiктерi
Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізудiң белгiленген тәртібін сақтаған жағдайда, Қазақстан Республикасы кеден органдарының осыған белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс тауарларды сақтағаны, кеден құжаттарын ресiмдегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген төлемдердi қоспағанда, өкiлдiктердiң ресми пайдалануына арналған тауарларды кеден төлемдерiнен босатыла отырып, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiп және Қазақстан Республикасының аумағынан әкете алады.
224-бап. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң
басшысы мен өкiлдiктiң дипломатиялық жеке
құрамының мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi
Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң басшысы мен өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамының мүшелерi, сондай-ақ олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізудiң белгiленген тәртібін сақтай отырып, бастапқы жайғасуға қажет тауарларды қоса, өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды Қазақстан Республикасына әкеле алады және жеке пайдалануына арналған тауарларды Қазақстан Республикасынан әкете алады, бұған тауарларды Қазақстан Республикасы кеден органдарының осы үшiн белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс сақтағаны, кедендiк ресiмдегенi үшiн төленетiн төлемдер, егер Қазақстан Республикасы заңдарында осылайша белгiленген болса, қосылмайды.
Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгi басшысының, өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерiнiң, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке теңдеме жүгi, егер теңдеме жүкте өзiнiң пайдалануына арналмаған тауарлар немесе әкелуiне немесе әкетiлуiне Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тыйым салынған не карантиндiк және өзге арнайы ережелермен реттелетiн тауарлар бар екенiне елеулi негiздер болмаса, тексеруден босатылады. Мұндай тексеру тек қана дипломатиялық агенттiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс.
225-бап. Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң
әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының
қызметкерлерiне арналған кеден жеңiлдiктерi
Шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының қызметкерлерi және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын болса, бастапқы жайғасуға арналған тауарларды кеден төлемдерiнен босатыла отырып Қазақстан Республикасына әкеле алады, бұған Қазақстан Республикасы кеден органдарының тауарларды осы үшiн белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс сақтағаны, кедендiк ресiмдегенi үшiн төленетiн төлемдер, егер олар Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген болса, қосылмайды.