226-бап. Шетел мемлекетi өкiлдiгiнiң дипломатиялық
жеке құрамы мүшелерiне берiлетiн кеден
жеңiлдiктерiн әкiмшiлiк-техникалық және
қызмет көрсетушi жеке құрамның қызметкерлерiне
қолдану
Қазақстан Республикасының шетел мемлекетiмен арадағы арнайы келісімi негiзiнде шетел мемлекетi өкiлдiгiнiң дипломатиялық жеке құрамы қызметкерлерiне осы Заңмен берiлетiн кеден жеңiлдiктерi, әрбiр жеке мемлекетке қатысты өзара сыпайылық принципiн негiзге ала отырып, осы өкiлдiктiң әкiмшiлiк-техникалық және қызмет көрсетушi құрамының қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын отбасы мүшелерiне де қолданылуы мүмкiн.
227-бап. Шетел мемлекеттерiнiң консулдық өкiлдiктерi
мен олардың жеке құрамы мүшелерiне кеден
жеңiлдiктерiн беру
Шетел мемлекеттерiнiң консулдық өкiлдiктерiне, консулдық өкiлдiк басшысын қоса консулдық лауазымды адамдарға және консулдық қызметкерлерге, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе дипломатиялық өкiлдiктiң тиiстi қызметкерлерi үшiн осы Заңмен көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi.
Қазақстан Республикасының шетел мемлекетiмен арадағы арнайы келісімi негiзiнде, консулдық өкiлдiгiнiң қызмет көрсетушi жеке құрамы қызметкерлерiне, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұрмайтын отбасы мүшелерiне әрбiр жеке мемлекетке қатысты өзара сыпайылық принципiн негiзге ала отырып, шетел мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiгiнiң тиiстi жеке құрамы мүшелерiне осы Заңмен берiлетiн кеден жеңiлдiктерi қолданылуы мүмкiн.
228-бап. Шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық
почтасы мен консулдық сағдиянын Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы арқылы
өткізу
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн шетел мемлекеттерiнiң дипломатиялық почтасы мен консулдық сағдиянын ашуға да, ұстап қалуға да жатпайды. Консулдық сағдиянда осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлмеген заттар бар деп есептеуге негiздер болған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден органы Қазақстан Республикасы кеден органы лауазымды адамдарының қатысуымен өкiлдiк етуші мемлекеттiң уәкiлеттi тұлғаларының сағдиянды ашуын талап етуге құқылы. Консулдық сағдиянды ашудан бас тартқан жағдайда, сағдиян жөнелтiлген жерiне қайтарылады.
Дипломатиялық почта мен консулдық сағдиянды құрайтын барлық жүк орындарының олардың сипатына нұсқайтын көрнекi сыртқы белгiлер болуға тиiс.
Дипломатиялық почтада тек қана ресми пайдалануға арналған дипломатиялық құжаттар мен тауарлар, ал консулдық сағдиянда тек қана ресми хат-хабарлар мен құжаттар немесе тек қана ресми пайдалануға арналған тауарлар болуы керек.
33-тарау. Шетелдік өзге тұлғаларға берілетін кеден жеңілдіктері
229-бап. Шетелдiк дипломатиялық және консулдық
курьерлерге арналған кеден жеңiлдiктерi
Шетелдiк дипломатиялық және консулдық курьерлер өздерiнiң жеке пайдалануына арналған тауарларды, Қазақстан Республикасы кеден органдарының осы үшiн белгiленген орындарынан тыс немесе жұмыс уақытынан тыс кезде тауарларды сақтағаны, кеден құжаттарын ресiмдегенi үшiн төленетiн төлемдердi қоспағанда, өзара сыпайылық негiзде кеден тексеруiнен, кеден төлемдерiнен босатыла отырып, Қазақстан Республикасына әкеле алады және Қазақстан Республикасынан әкете алады.
230-бап. Шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерi мен делегациялары
мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi
Қазақстан Республикасына мемлекетаралық келiссөздерге халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа да ресми тапсырмалармен келетiн шетел мемлекеттерiнiң өкiлдерiне, парламент және үкiмет делегацияларының мүшелерiне, сондай-ақ өзара сыпайылық негiзде шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерiне осы Заңда көзделген дипломатиялық өкiлдiк жеке құрамының мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi берiледi. Мұндай жеңiлдiктер осы адамдармен бiрге жүрген отбасы мүшелерiне де берiледi.
231-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағы
арқылы транзитпен өтетiн шетел мемлекеттерi
дипломатиялық жеке құрамының мүшелерiне,
консулдық лауазымды адамдарына және делегациялары
мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi
Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өтетiн шетел мемлекеттерi өкiлдiктерiнiң дипломатиялық жеке құрамының мүшелерi мен консулдық лауазымды адамдарға, осы адамдардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы Заңның 230-бабында аталған, сол мақсаттар үшiн өтетiн адамдарға, өкiлдiктiң дипломатиялық жеке құрамы мүшелерi үшiн осы Заңда көзделген кеден жеңiлдiктерi берiледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 232-бап өзгерді
232-бап. Халықаралық үкiметаралық ұйымдарға,
олардың жанындағы шетел мемлекеттерiнiң
өкiлдiктерiне, сондай-ақ олардың жеке
құрамына арналған кеден жеңiлдiктерi
Халықаралық үкiметаралық ұйымдарға олардың жанындағы шетел мемлекеттерiнiң өкiлдiктерiне, сондай-ақ осы ұйымдар мен өкiлдiктердiң жеке құрамы мен жеке құрамның отбасылары мүшелерiне арналған кеден жеңiлдiктерi Қазақстан Республикасы бекіткен тиiстi халықаралық шарттары бойынша белгiленедi.
Х бөлім. Сыртқы экономикалық қызметтің кеден статистикасы
мен тауар номенклатурасын жүргізу
34-тарау. Кеден статистикасын жүргізу
233-бап. Сыртқы сауданың кеден статистикасы
Жоғарғы мемлекеттік өкiмет органдарын Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының, республикалық бюджетке кеден төлемдерi мен салығының түсуiн бақылаудың, валюталық бақылаудың, Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының ахуалы мен дамуының, оның сауда және төлем баланстары мен жалпы экономикасының ахуалы туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткiзiлуi туралы мәлiметтер жинап, өңдеу жүргiзедi, сондай-ақ кеден статистикасын табыс етiп, жариялайды.
Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасы осы Заң пен Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
Кеден статистикасын жүргiзген кезде деректердiң халықаралық салыстырмалылығы мен Қазақстан Республикасында пайдаланылатын мемлекеттік статистика деректерiмен салыстырмалылығын қамтамасыз ететiн әдiстеме пайдаланылады.
234-бап. Арнаулы кеден статистикасы
Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген өзге де мiндеттердi шешудi қамтамасыз ету мақсатында бұл органдар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен арнаулы кеден статистикасын жүргiзедi.
235-бап. Статистикалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын
құжаттар мен мәлiметтер
Статистикалық мақсаттарға арналған құжаттар мен мәлiметтер осы Заңның кеден құжаттарын ресiмдеу мен кеден бақылауын жүргiзу туралы ережелерiне сәйкес табыс етiледi.
Статистикалық мақсаттар үшiн берiлетiн ақпарат құпия болып табылады және оған осы Заңның 16-бабындағы ережелердiң күшi қолданылады.
236-бап. Кеден статистикасын жүргiзуге байланысты
құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiк
Бiр мезетте кеден ережелерiн бұзушылық не Қазақстан Республикасы кеден органдарының қалыпты қызметiне қол сұғатын құқық бұзушылық болып табылатын кеден статистикасын жүргiзуге байланысты құқық бұзушылық үшiн тұлғалар осы Заңға сәйкес жауап бередi.
35-тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің
тауар номенклатурасын жүргізу
237-бап. Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар
номенклатурасын жүргiзу
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзедi, яғни:
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының халықаралық негiзiнiң өзгерістерi мен толықтыруларын, осы негiздi түсiндiру жөніндегі халықаралық және басқа шешiмдердi қадағалауды қамтамасыз етедi;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын оның халықаралық негiзiне сәйкестендiредi;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының жариялануын қамтамасыз етедi;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын түсiндiру жөніндегі түсiнiктер мен басқа да шешiмдердi әзiрлеп, бекiтедi және олардың жариялануын қамтамасыз етедi;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да функцияларды жүзеге асырады.
238-бап. Тауарларды сыныптау
Қазақстан Республикасының кеден органдары тауарларды сыныптайды, яғни нақты тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасында көрсетiлген топтарға жатқызады.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының тауарларды сыныптау туралы шешiмдерi мiндеттi болып табылады.
239-бап. Қазақстан Республикасы орталық кеден
органының Сыртқы экономикалық қызметтiң
тауар номенклатурасы саласындағы қосымша
өкiлеттiктерi
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы:
кеден мәселелерiмен айналысатын халықаралық ұйымдарда Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының халықаралық негiзiн әзiрлеу, өзгерту, толықтыру, түсiндіру және қолдану бөлiгiнде Қазақстан тарапынан өкiлдiк етедi;
Сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасын әзiрлеу, өзгерту және толықтыру туралы ұсыныстарды әзiрлеуге қатысады.
ХI бөлім. Кеден ісі саласындағы қылмыстар, Қазақстан
Республикасы кеден органдарының анықтама және жедел
іздестіру қызметі
36-тарау. Кеден ісі саласындағы қылмыстар, Қазақстан Республикасының
кеден органдары анықтама жүргізу органдары ретінде
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 240-241-баптар алып тасталды
242-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
анықтама жүргiзуi
Анықтама жүргiзу Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзырына жататын қылмыс белгiлерi болған кезде Қазақстан Республикасының кеден органы Қазақстан Республикасы қылмыстық iс жүргiзу заңдарының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық iс қозғайды, қылмыс iздерiн анықтау мен тұжырымдау және оны жасаған адамдарды табу жөнiнде шұғыл тергеу iс-қимылын жүргiзедi.
37-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
жедел іздестіру қызметі
243-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары
жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыратын
органдар ретiнде
Қазақстан Республикасының кеден органдары ол бойынша анықтама жүргiзу Қазақстан Республикасы кеден органдарының құзырына жататын, Қазақстан Республикасының заңдарында қылмыс деп танылған құқыққа қарсы әрекеттi дайындайтын, жасайтын немесе жасаған адамдарды анықтау мақсатында, кеден органдарының өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ кеден мәселелерi жөніндегі халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес халықаралық кеден ұйымдары, шетел мемлекеттерiнiң кеден және өзге де құзырлы органдары сұрау салған кезде жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырады.
244-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
жедел iздестiру қызметiн жүзеге асыруы
Кеден органдары "Қазақстан Республикасындағы жедел iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырады.
245-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн
жедел iздестiру шаралары
Қазақстан Республикасы кеден органдарының өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жедел iздестiру шаралары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
38-тарау. Бақылау жасалатын жеткізілімдер
246-бап. Есiрткi заттарға, жүйке улағыш заттарға
және басқа да заттарға қатысты "бақылау
жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн пайдалану
Есiрткi заттардың, жүйке улағыш және басқа да заттардың халықаралық айналымына жол бермеу және осындай айналымға қатысушы тұлғаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының кеден және өзге де құзырлы органдары әрбiр жеке жағдайда шетел мемлекеттерiнiң кеден және өзге де құзырлы органдарымен уағдаластықтарға сәйкес немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негiзiнде "бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн қолданады, яғни өз бақылауымен есiрткi заттар мен жүйке улағыш заттардың Қазақстан Республикасына әкелуiне, Қазақстан Республикасынан әкетiлуiне немесе оның аумағы арқылы транзитпен өткiзiлуiне жол бередi.
"Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсi қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын басқа заттарға немесе қылмыстық жолмен табылған заттарға не олармен құқыққа қарсы жасалған iс-әрекет контрабанда болып табылатын заттарға қатысты пайдаланылуы мүмкiн.
"Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн қолдану туралы шешiм қабылданған жағдайда, егер есiрткi, жүйке улағыш және басқа заттар жiберiлген ел шетел мемлекетi болып табылса, онда Қазақстан Республикасында қылмысты iс қозғалмайды.
"Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн қолдану туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп қабылдайды.
Қабылданған шешiм туралы Қазақстан Республикасының кеден органы Қазақстан Республикасының Бас прокурорын кiдiрiссiз хабардар етедi.
247-бап. "Бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсiн
қолданған кезде тәркiленген ақша қаражаты
мен мүлiкке иелiк ету
Ашу және жолын кесу барысында "бақылау жасалатын жеткiзiлiм" әдiсi қолданылған қылмыстар жөніндегі iстер бойынша Қазақстан Республикасының соттары мен шетел мемлекеттерi тәргiлеген ақша қаражатын, сондай-ақ осы кезде тәргiленген тауарларды сатудан түскен ақша қаражаты кеден және өзге де құзырлы органдары осы әдiстi пайдалануға қатысқан мемлекеттер арасында, осындай органдар арасындағы жекелеген бiрлескен Келісім бойынша бөлiнедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі күшіне енген күннен бастап ХII бөлімнің күші жойылды
XIII бөлім. Ақпарат және консультация беру алдын
ала шешімдер қабылдау
52-тарау. Адамдарды кеден мәселелері бойынша ақпаратпен
қамтамасыз ету және оларға консультация беру
372-бап. Қабылданған шешiм, әрекет немесе
әрекетсiздiк себептерi туралы ақпарат алу
Қазақстан Республикасының кеден органы өзiне қатысты шешiм қабылдаған, Қазақстан Республикасы кеден органының лауазымды адамы әрекет жасаған адам, сондай-ақ екi ай мерзiм iшiнде өзiне қатысты шешiм қабылданбаған немесе қажеттi әрекет жасалмаған адам, осы кеден органына сұрау салуға құқылы.
Салынған сұрауды Қазақстан Республикасының кеден органы бiр ай мерзiмде қарайды.
Салынған сұрау жазбаша берiлсе, жауап жазбаша түрде қайтарылуға тиiс.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 373-бап жаңа редакцияда
373-бап. Кеден iсi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi
жариялау
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден iсi жөніндегі өзi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жариялауды қамтамасыз етедi.
374-бап. Қолданылып жүрген актiлер туралы ақпарат
Осы Заңның 373-бабында аталған қолданылып жүрген актiлер туралы ақпаратты, бұған актiнiң атын, оның мазмұны мен осы акт жарияланған басылымды қоса, кеден органдары барлық мүдделi адамдарға тегiн бередi.
Орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының негiзгi ережелерi туралы қысқаша анықтамалар Қазақстан Республикасының кеден органдары орналасқан жерлерде жалпыға бiрдей танысу үшiн берiледi.
375-бап. Кеден iсi мәселелерi жөнiнде консультация беру
Қазақстан Республикасы кеден органдарының, Қазақстан Республикасы орталық кеден органының кеден лабораторияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының қызметкерлерi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кеден iсi мәселелерi жөнiнде консультациялар бередi.
53-тарау. Алдын ала қабылданатын шешімдер
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 376-бап жаңа редакцияда
376-бап. Алдын ала шешiм қабылдау
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы, кеден басқармалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген, Қазақстан Республикасының жекелеген кедендерi мүдделi тұлғаның сұрау салуы бойынша нақты тауарға немесе нақты шаруашылық операциясына қатысты тауардың сыныптамасына кедендiк құнына шыққан елiне қатысты алдын ала шешiм қабылдайды.
Алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн мөлшерде ақы алынады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 377-бап жаңа редакцияда
377-бап. Алдын ала шешiм қабылдау туралы сұрау салу
Алдын ала шешiмнiң қабылдануына мүдделi тұлға осы Заңның 376-бабында көрсетiлген Қазақстан Республикасының кеден органдарына жазбаша сұрау салады.
Алдын ала шешiм қабылдау үшiн талап етілетiн мәлiметтердiң көлемiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Қараудың тәртібі, сондай-ақ өтiнiш берген тарапқа алдын ала шешiм берудiң мерзiмi Қазақстан Республикасының заң актілеріне және осы Заңға сәйкес белгiленедi.
Берiлген өтiнiш-сұрау салу белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда алдын ала шешiм қабылданбайды.
Алдын ала шешiм заңдарға қайшы келетiн мәмілеге не мәселелерге қатысты берiлмейдi және белгiсiз сипатта болады.
Алдын ала шешiмге не алдын ала шешiмдi қабылдаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 378-бап жаңа редакцияда
378-бап. Алдын ала шешiмнiң заңдық мәнi
Алдын ала шешiм Қазақстан Республикасының кеден органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
Егер алдын ала шешім қабылдауға негіз болған фактілер мен жағдайлар өзгермеген күйiнде қалса, Қазақстан Республикасы кеден органдарының алдын ала шешiмi келесi мерзiмдердiң iшiнде:
үш жыл - тауарлардың шыққан орнына қатысты;
бiр жыл - өзге мәселелерге қатысты заңдық күшi бар.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 379-бап жаңа редакцияда
379-бап. Алдын ала қабылданған шешiмнiң күшiнiң жойылуы, оны
қайтарып алу, өзгерту немесе кiдiрту
Қазақстан Республикасының жоғары тұрған кеден органдарының Қазақстан Республикасының төмен тұрған кеден органдарына қабылдаған алдын ала шешімді қайтарып алуға, өзгертуге немесе кiдiртуге құқығы бар.
Жоғарыда аталған жағдайларда алдын ала қабылданған шешімді алушыға қайтарып алудың, өзгертудiң, кiдiртудiң, күшi жойылды деп танудың не бұрын қабылданған шешiмдердiң заңсыздығын мойындаудың себептерi көрсетiлген жазбаша хабарлама жiберiледi.
Алдын ала қабылданған шешiмдi қайтарып алу, өзгерту немесе кідірту туралы шешiм Қазақстан Республикасы кеден органдарының мұндай шешiм туралы жазбаша хабарламасы өтініш берушiге ресми түрде тапсырылғаннан кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы заңдарының өзгертiлуiнiң нәтижесiнде алдын ала қабылданған шешiм қолданылып жүрген заңдарға қайшы болатын жағдайда Қазақстан Республикасының жаңа заң актiсi күшiне енген сәттен бастап Қазақстан Республикасы кеден органдары шешiмiнiң күшi жойылды деп танылады.
Алдын ала қабылданған шешiмнiң, егер ол өтiнiш берушi тапсырған жалған ақпараттың негізінде қабылданған жағдайда, жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 379-1-баппен толықтырылды
379-1-бап. Алдын ала қабылданған шешiмдердiң жариялылығы
Құпия болып табылатын ақпараттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органдары қабылдаған алдын ала қабылданған шешiңдер жариялануға және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты бөлiгiнде кез келген мүдделi тұлғаға беруге жатады.
ХIV бөлім. Тауарлар мен көлік құралдарына иелік ету және
кеден қызметінен алынған қаражатты пайдалану
54-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарына иелік ету
380-бап. Мемлекет меншiгiне айналдыру
Осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, соның iшiнде кеден iсi саласындағы қылмыстар туралы iстер бойынша тәргiленген тауарлар, көлiк құралдары мен өзге де заттар, сондай-ақ тұлғаның мемлекет пайдасы үшiн бас тартқан тауарлары мен көлiк құралдары мемлекет меншiгiне айналдырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдарын мемлекет меншiгiне айналдыру тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 381-бап жаңа редакцияда
381-бап. Мемлекет меншiгiне айналдырылған
тауарларға, көлiк құралдары мен
өзге де заттарға иелiк ету
Мемлекеттiң меншiгiне айналдырылған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де заттар, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актiлерінде өзгеше көзделмесе, жүргiзiлуiнiң тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн аукционда сатылуға жатады.
382-бап. Кеден органдарының тауарларды, көлiк құралдарын
және өзге де заттарды сату жөніндегі шығыстарын
өтемеген сомаларды өндiрiп алу
Егер мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды сатудан алынған сомалар Қазақстан Республикасы кеден органдарының мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды тасымалдаумен, сақтаумен және сатумен байланысты шығыстарын өтемесе, оның жетiспейтiн бөлiгi декларанттан немесе кеден төлемдерiн төлеуге жауапты өзге адамнан сот тәртібімен өндiрiлiп алынады.
383-бап. Сатылмаған не сатуға жатпайтын тауарларға,
көлiк құралдары мен өзге де заттарға иелiк ету
Мемлекет меншiгiне айналдырылған, сатуға жатпайтын тауарлардың, көлiк құралдары мен өзге де заттардың тiзбесi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Кеден аукциондарында, тауар биржаларында не сауда кәсiпорындары мен ұйымдары арқылы сатылмаған немесе сатуға жатпайтын мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларға, көлiк құралдары мен өзге де заттарға иелiк ету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
ҚР Президентінің 21.12.95 ж. № 2703 Жарлығымен 384-бап өзгертілді
384-бап. Кеден бажы мен салығын жинаудан және
кеден қызметiнен алынған қаражатты жұмсау
және пайдалану
Кеден төлемдерi мен салықтары түрiнде, сондай-ақ осы Заң пен кеден iсi саласындағы қылмыстар, кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iстер жөніндегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет меншiгiне айналдырылған тауарларды, көлiк құралдары мен өзге де заттарды сатудан, осы Заңды көзделген айыппұлдар түрiнде алынған қаражат мөлшерiнiң, лицензиялар берiлгенi үшiн алынған кеден бажын, салықтар мен алымдарды қоспағанда толығымен мемлекеттік бюджетке:
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі күшіне енген күннен бастап ХV бөлімнің күші жойылды
XVI бөлім. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
лауазымды адамдары
58-тарау. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
лауазымды адамдарының құқық мәртебесі
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 05.05.00 ж. № 48-II Заңдарымен 397-бап өзгертілді
397-бап. Қазақстан Республикасы кеден органдарының
лауазымды адамдары
Өздерiнiң iскерлiк және адамгершiлiк қасиеттерi, білім деңгейi мен денсаулық жағдайы жағынан Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының iс-қимыл қабiлетi бар азаматтары ғана Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары бола алады.
Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызметке қабылданған кезде үш айдан бiр жылға дейiн сынақ мерзiмi белгiленедi.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң қатарынан, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнен, Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлігінен, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарынан жасына немесе денсаулық жағдайына байланысты зейнеткерлiкке шыққан адамдарды кеден органдарына қызметке қабылдауға болмайды.
Лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының кеден органдарында лауазымды адамдардың қызмет өткеруi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Ережеде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы кеден органдарында қызмет өткередi және аттестациялаудан өткiзiлуге жатады.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды тұлғаларына төмендегiдей арнайы атақтар берiледi:
кiшi басшы құрам:
кеден қызметiнiң прапорщигi;
кеден қызметiнiң аға прапорщигi;
орта басшы құрам:
кеден қызметiнiң кiшi лейтенанты;
кеден қызметiнiң лейтенанты;
кеден қызметiнiң аға лейтенанты;
кеден қызметiнiң капитаны;
аға басшы құрам:
кеден қызметiнiң майоры;
кеден қызметiнiң подполковнигi;
кеден қызметiнiң полковнигi;
жоғары басшы құрам:
кеден қызметiнiң генерал-майоры;
кеден қызметiнiң генерал-лейтенанты.
Жоғары басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
Кiшi, орта, аға басшы құрамның арнайы атақтарын Қазақстан Республикасының Кеден органдары лауазымды тұлғаларының қызмет өткеруi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы орталық кеден органының басшысы бередi.
Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн нысанды киiм кию белгiленедi. Киiм нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі, ал оны киiп жүру ережелерiн кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган анықтайды. Нысанды киiм тегiн берiледi.
Осы баптың төртiншi, бесiншi және алтыншы, жетінші және сегізінші бөлiктерiнiң ережелерi сонымен қатар Қазақстан Республикасы орталық кеден органы кеден лабораторияларының басшылары мен мамандарына, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының адамдарына, басшылары мен мамандарына қолданылады.