52-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен иесiне
қойылатын кеден талаптары
Бажсыз сауда жасайтын дүкен иесi:
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген, бажсыз сауда жасайтын дүкен мекемесiне арналған үй-жайдың жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауға;
бажсыз сауда жасайтын дүкенге кеден бақылауынан тыс тауарлардың түсу, өткiзiлу немесе алыну мүмкiндiгiн болдырмауға;
бажсыз сауда жасайтын дүкендi құруға берiлген лицензия шарттарын орындауға;
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiп бойынша түсетiн және өткiзiлетiн тауарлар туралы есеп жүргiзiп, Қазақстан Республикасының кеден органына есеп берiп отыруға мiндеттi.
53-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен арқылы
айналысқа түскен тауарлар бойынша кеден
төлемдерi мен салығын төлеу жауапкершiлiгi
Кеден төлемдерi мен салығының төленуi үшiн бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң иесi жауап бередi.
9-тарау. Қазақстан Республикасының кеден
аумағында тауарларды ұқсату
54-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағында
тауарларды ұқсату режимiн белгiлеу
Кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кеден режимi егер ұқсатылатын өнiмдер Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге экспортқа шығарылатын болса, Қазақстан Республикасының кеден аумағында шетел тауарларын тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және әкелiнген кеден бажы мен салығын қайтарып бере отырып, ұқсату үшiн пайдалануға арналған.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 55-бап жаңа редакцияда
55-бап. Тауарларды ұқсату жөніндегі операциялар
Тауарларды ұқсату жөнiңдегi операцияларға:
сәйкестендiру ұқсатудың мiндеттi шарты болып табылатын жағдайда, ұқсату өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн сипаттамаларды ұқсату өнiмдерiнде сақтай отырып, шетелдiк тауарлар өзiндiк сипатын жоғалтатын тауардың өзiн ұқсату;
әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталатын монтажды, құрастыруды және үйлестiре лайықтауды қоса алғанда, басқа тауар жасау (өңдеу);
тауарды қалпына келтiрудi қоса алғанда оны жөндеу;
ұқсату өнiмдерiнiң өндiрiсiн жеңiлдетуге арналған кейбір тауарларды ұқсату процесi кезiнде оларды толық немесе iшiнара тұтына отырып пайдалану енедi. Бұл операция осы баптың екiншi-төртiншi абзацтарында аталғандар мен бір мезгілде орындалуы керек.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 56-бап жаңа редакцияда
56-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату режимiн қолдануға
қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кедендiк режимiн пайдалануға, егер:
тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша ұқсату режимiне орналастыруға тыйым салынса;
ұқсату үшiн өндiрiстiң үздiксiз циклiне жататын немесе Қазақстан Республикасының аумағында бiрдей ұқсату өнiмдерiн өндiрудi болдырмайтын, бiрегей саналатын технологиялық процесс ұқсату үшiн пайдаланылған жағдайларды қоспағанда, әкелiнген тауарлар ұқсату өнiмдерiнде бiрдейлендiрiлуi мүмкiн болмаса жол берiлмейдi. Аталған технологиялық процестердiң тiзбесiн белгiленген тәртiппен тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi;
тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыратын тұлға:
1) жүргiзудiң белгiленген тәртібі бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
2) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi рет және одан көп) бұзса;
3) контрабанда белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзғаны байқалса, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, жол берiлмейдi.
Тауарларды кеден аумағында ұқсату үшiн:
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi отандық тұлғаның көрсетуi;
декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкелу бажы мен салығын төлеу не оларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төленуiн қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгізу осы Заңда көзделген өзге де талаптарды орындау қажет.
Шетелдiк тауарларды ұқсату жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде отандық тауарлар пайдаланылуы мүмкiн. Әкетуге тарифтiк емес реттеу шаралары және (немесе) кеден бажы қолданылатын отандық тауарларды пайдалануға уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты болған кезде жол берiледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 57-бап жаңа редакцияда
57-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмi
Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен, декларант айқындайды.
Көрсетiлген мерзiм тауарлар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлген күннен бастап екi жылдан асып кетпеуi керек.
Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн өткiзген күннен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзартудың қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады.
Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық ұзарту уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 58-бап жаңа редакцияда
58-бап. Кедендiк мақсаттарда ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерi
Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн әкелiнетiн тауарларды ұқсатуды және тауарларды ұқсату шарттарын жүзеге асыратын кәсіпорынның қолданылып жүрген технологиялық құжаттамасының негiзiнде декларант айқындайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөніндегі операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 59-бап жаңа редакцияда
59-бап. Кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтару
Осы Заңның ережелерi сақталған:
тауарлар немесе ұқсату өнімдерi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткен күннен бастап екi жылдан кешiктiрмей экспортталған;
әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге iс жүзiнде әкету расталған жағдайда төленген кеден бажы мен салығы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады.
Қайтарылатын сомаларға проценттер есептелiнбейдi.
Кеден бажы мен салығының сомалары, егер тауарларды ұқсатуға әкелген кезде төленбесе, әкелiнген тауарлар немесе ұқсату өнiмдерi Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығарылған кезде төленедi. Аталған сомалардан басқа, олардан кеден бажы мен салығын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 60-бап жаңа редакцияда
60-бап. Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерiн кедендiк әкету
бажынан және тарифтiк емес реттеу шараларын
қолданудан босату
Шетел тауарларын ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады. Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
10-тарау. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату
61-бап. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату
режимiн белгiлеу
Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату - шетел тауарлары Қазақстан Республикасының кеден аумағында осы Заңмен белгiленген тәртiппен кеден бажы, салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, оларды әрi қарай айналысқа шығарғанға немесе ұқсату өнiмдерiн өзге кеден режимiне орналастырғанға дейiн кеден бақылауымен ұқсату үшiн пайдаланылатын кеден режимi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426 Заңымен 62-бап жаңа редакцияда
62-бап. Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсатудың кеден режимiн
қолдануға қойылатын талаптар
Кедендік бақылаумен тауарларды ұқсату тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан жалтару және тауарлардың шыққан елiн анықтау ережелерiн аттап өту үшiн пайдаланылмайды.
Кедендiк бақылаумен тауарларды ұқсатудың кеден режимiн пайдалануға, егер:
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тiзбе бойынша ұқсатудың режимiне тауарларды орналастыруға тыйым салынса;
Қазақстан Республикасына тауарларды ұқсатуға ұқсату жөніндегі операцияларды тiкелей жүзеге асырмайтын тұлға әкелсе ұқсату мерзiмi алты айдан асса;
ұқсату жөніндегі операциялар кәсiпорынның ұқсату жүзеге асырылуы тиiс әдеттегi технологиялық процестерiне сәйкес келмесе;
тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыратын тұлға:
1) кедендiк бақылаудан басқа тауарлар мен ұқсату өнiмдерiн алу мүмкiн еместiгін қамтамасыз етудi, кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн жағдай жасауды, тауарларға кеден органдарының қол жеткізуiн қамтамасыз етудi, тауарлардың есебiн және олармен операцияларды жүргізудi, сондай-ақ есептіліктi көрсетудi қоса алғанда, кеден заңдарының талаптарын орындауды қамтамасыз ете алмайтын болса;
2) жүргiзудiң белгiленген тәртібі бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
3) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан да көп) бұзса;
4) контрабанданың белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзса бұл Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен дәлелденсе, рұқсат етiлмейдi.
Тауарларды ұқсату үшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделген ұқсату шарттары туралы мiндеттеме ұсыну қажет.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 63-бап өзгертілді
63-бап. Кеден бақылауымен тауарларды ұқсатуға
байланысты қолданылатын ережелер
Кеден бақылауымен тауарларды ұқсату, осы Заңның 55, 58, 63-1-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 63-1-баппен толықтырылды
63-1-бап. Кеден бажы мен салығын қолдану
Шетелдiк тауарларды ұқсату өнiмдерi кедендiк әкету бажынан босатылады. Аталған өнiмдерге тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шетелдiк тауарларды немесе оларды ұқсату өнiмдерiн шығару кезiнде ақы төлеген күндi қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақытта осы сомаларды төлеген күнi қолданылған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептелiне отырып кеден бажы мен салығының сомасы төленедi. Аталған өсiм кедендiк әкелу бажы мен салығы төленген күндi қоса алғанда, тауарлар ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.
11-тарау. Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету
64-бап. Тауарларды уақытша әкелу және уақытша
әкету режимiн белгiлеу
Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкетудiң кеден режимi Қазақстан Республикасының кеден аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды кеден бажынан, салығынан толық немесе iшiнара босата отырып, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай оларды пайдалануға жол ашуға арналған.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 05.07.00 ж. № 75-II Заңдарымен 65-бап өзгертілді
65-бап. Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша
әкетуге қойылатын талаптар
Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлар, табиғи тозуы не тасымалдау сақтау мен пайдаланудың қалыпты жағдайларында кемуi салдарынан өзгерулерiн қоспағанда өзгерiссiз күйiнде қайтарылуға тиiс.
Уақытша әкелiнбейтiн және әкетiлмейтiн тауар санаттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге:
1) тауарларды әкелу (әкету) туралы мiндеттемелер берiлген;
2) тауарларды бiрдейлендiру қамтамасыз етiлген;
3) осы Заңның 68-бабына сәйкес кеден төлемдерi мен салығы төленген;
4) уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген тауарларды кәсiпкерлiк мақсатта пайдаланбаған жағдайларда рұқсат етiледi. Осы тармақшамен белгiленген талаптың кеден бажы мен салығынан толығымен босатылған уақытша әкелiнген және уақытша әкетiлген тауарларға, сондай-ақ жабдықтарға қатысы жоқ.
Тауарларды уақытша әкелуге және уақытша әкетуге кеден режимi қолданылатын лизинг нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 66-бап алып тасталды
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 05.07.00 ж. № 75-II Заңдарымен 67-бап өзгертілді
67-бап. Тауарларды уақытша әкелу мен уақытша
әкету мерзiмi
Тауарды уақытша әкелудiң және уақытша әкетудiң мерзiмiн тауарды әкелген және әкеткен тұлға анықтайды және осындай әкелу мен әкету мақсаты мен басқа жағдайларға қарай Қазақстан Республикасының кеден органы бекiтедi, бiрақ тиiсiнше тауарларды әкелу немесе әкету уақытынан бастап екi жылдан аспауы тиiс.
Тауарлардың жекелеген санаттары үшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ шектi мерзiм белгiлей алады.
Аталған мерзiмдi өзгертудi Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
Тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету мерзiмдерi ұзартылған жағдайда кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары алынбайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге енгiзiлген лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкету мерзiмдерi осы бапта көзделген шектеулер қолданылмай, лизинг шартының талаптарына сәйкес белгiленедi. Осы аталған лизинг нысаналары үшiн уақытша әкелу мен уақытша әкетудiң мерзiмдерiн лизинг шартына енгiзiлген өзгерістердi көрсету негiзiнде лизинг нысанасын уақытша әкелген немесе уақытша әкеткен адам өтiнiш жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары өзгертедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 05.07.00 ж. № 75-II Заңдарымен 68-бап өзгертілді
68-бап. Уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн
тауарлар бойынша кеден бажы мен салығын
төлеуден босату
Қазақстан Республикасының Yкіметі кеден бажы мен салығын сатудан толық босатылған уақытша әкелiнетiн және уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiтедi. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен тiзбеге енгiзiлген және уақытша әкелiнген немесе уақытша әкетiлген лизинг нысаналары кеден баждары мен салықтарынан толық босатылады.
Аталған тiзбеге енгiзiлмеген тауарлар кеден бажы мен салығын салудан iшiнара босатылады. Бұл ретте әрбiр толық және толық емес ай үшiн, егер тауарлар еркiн айналысқа шығарылғандай немесе экспортталғандай болса, төленуге тиiс соманың үш процентi төленедi.
Уақытша әкелiнген және уақытша әкетiлген кезде iшiнара босатыла отырып алынатын кеден бажының және салықтың жалпы сомасы егер тауарлар еркiн айналысқа немесе экспортқа шығарылған болса, әкелiнген немесе әкетiлген кезде төленуге тиiстi кеден бажының және салықтың сомасынан аспауға тиiс.
Егер аталған сомалар тең болған жағдайда, осы тауарға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмаған ретте, тауар еркiн айналысқа немесе экспортқа шығарылған болып есептелiнедi.
69-бап. Уақытша әкелудiң (әкетудiң) белгiленген
мерзiмi өткен тауарларға қатысты әрекеттер
Белгiленген мерзiмi өткенге дейiн қайтарылмаған уақытша әкелiнген (әкетiлген) тауарлар басқа кеден режимiне мәлiмделуге не Қазақстан Республикасының кеден органы иесi болып табылатын уақытша сақтау қоймаларына орналастырылуға тиiс.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 70-бап жаңа редакцияда
70-бап. Уақытша әкетiлген және әкелiнген тауарлардың
қайтарылмауы
Уақытша әкетiлген немесе әкелiнген тауарлардың белгiленген мерзімдерде қайтарылмауы, егер тауарлардың апат немесе тежеусіз күштің әсер етуі салдарынан жойылуы немесе бiржола жоғалуы, не тауарлар болған мемлекет органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттері салдарынан иелiктен шығып кету жәйттерi: уақытша әкетілу кезiнде Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерiмен, уақытша әкеліну кезінде - уәкілеті мемлекеттік органдармен расталған жағдайда ғана мүмкiн.
12-тарау. Еркін кеден аймағы және еркін қойма
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 05.07.01 ж. № 223-II Заңдарымен 71-бап өзгертілді
71-бап. Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден
режимдерiн белгiлеу
Еркiн кеден аймағы мен еркiн қойманың кеден режимдерi - шетелдiк тауарлардан кеден бажы, салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай тиiстi аумақтық шекараларда немесе үй-жайларда (орындарда) орналастырылып, пайдаланылатын, Қазақстан тауарлары осы Заңда белгiленген тәртiппен экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетуге қолданылатын шарттармен орналастырылып пайдаланылатын кеден режимдерi.
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағындағы еркiн кеден аймағының кеден режимi - бұл Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен акциздер салынатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде айқындалған шарттарда қолданылатын кеден режимi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 72-бап өзгертілді
72-бап. Еркiн кеден аймағын құру
Еркiн кеден аймағы еркiн кеден аймағының кеден режимi қолданылатын аумақ ретiнде Қазақстан Республикасының кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органы мен Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарының бiрлескен ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешiмiмен құрылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі еркiн экономикалық аймақты құру туралы шешiмдi, егер оның жұмыс жүргiзуi осы Заңның талаптарына сәйкес келмесе жоюға құқылы. Аталған шешiм жойылған жағдайда еркiн экономикалық аймақ алты ай iшiнде таратылуға тиiс.
Еркiн экономикалық аймақ құру туралы өтiнiштердi қарау еркiн экономикалық аймақ құру туралы шешiм қабылдау және оны жою тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 73-бап жаңа редакцияда
73-бап. Еркiн қойманы құру және тарату
Еркiн қоймалар Қазақстан Республикасының орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн.
Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi.
Еркiн қойма тағайындауға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн.
Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады.
Лицензияны тоқтата тұру оны тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.
Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады, ал орналастырылатын отандық тауарлар жөнiнде кеден бажынан босату не кеден бажын қайтару жүргiзiлмейдi.
Кеден органы құрылған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары туралы ақпараттың мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 05.07.01 ж. № 223-II Заңдарымен өзгертілді
73-1 бап. Еркiн кеден аймағына және еркiн қоймаға орналастыруға
жiберiлетiн тауарлар
Еркiн кеден аймақтарына ұқсатуға арналған тауарларды, сондай-ақ жабдықтарды орналастыруға рұқсат етiледi.
Еркiн қоймаға орналастыруға ұқсатуға арналған тауарлар (спирттен басқа) және жабдықтар жiберiледi.
Еркiн кеден аймағының кеден режиміндегі арнайы экономикалық аймақ аумағына орналастыруға тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiне сәйкес ұқсатуға арналған тауарлар, сондай-ақ жабдықтар жiберіледi, егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе.
Қазақстан Республикасының Yкіметі еркiн кеден аймақтарына орналастыруға тыйым салынған тауарлар тізбесін айқындауы мүмкін.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 74-бап өзгертілді
74-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы
тауарлармен жүргiзiлетiн операциялар
Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда:
осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі;
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі: тауарлар топтарын бөлшектеу, жөнелтілімдердi жинақтау, сұрыптау, орау, қайта орау, таңбалау, тиеу, түсiру, қайта тиеу және басқа осы тәрiздес операцияларды;
ұқсату жөніндегі операцияларды жүргiзуге рұқсат етiледi.
Операциялардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасы кеден заңдарының талаптарын сақтамайтын тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге тыйым сала алады, не мұндай тұлғалардың еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағына кiруiне рұқсат етпейдi.
Егер жекелеген тұлғалар Қазақстан Республикасы заң актілерінiң, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінiң талаптарын сақтамаса, Қазақстан Республикасының кеден органдары бұл тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардағы тауарлармен операциялар жүргiзуге тыйым сала алады не мұндай тұлғаларға еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар аумағына кiруiне рұқсат етпейдi.
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тауарлардың жекелеген санаттарын еркiн кеден аймақтарына әкелуге не еркiн қоймаларға орналастыруға шектеу қоюға немесе тыйым салуға құқылы.
75-бап. Тауарлардың еркiн кеден аймақтары мен еркiн
қоймаларда болу мерзiмi
Тауарлар еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда шектеусiз мерзiмде бола алады.
76-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда
Қазақстан Республикасының кеден заңдарын
сақтауды қамтамасыз ету шаралары
Қазақстан Республикасының кеден органдары еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймаларда орналасқан тауарларға кеден бақылауын жүзеге асырады.
Еркiн кеден аймақтарына әкелiнетiн және еркiн қоймаларға орналастырылатын, сондай-ақ олардың аумағынан әкетiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 77-бап өзгертілді
77-бап. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн
қоймалардағы тауарларды есепке алу
Еркiн кеден аймақтарында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар мен еркiн қоймалардың иелерi әкелiнетiн, әкетiлетiн, сақталатын, дайындалатын, ұқсатылатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлардың есебiн жүргiзiп, ол туралы Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдарына есеп бередi. Еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалар шегіндегі тауарлармен байланысты болатын кез келген өзгерістер есеп құжаттарынан көрiнiс табуға тиiс.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Еркiн қоймалардың иелерiне қойылатын қосымша талаптар
Қазақстан тұлғалары ғана еркiн қоймалардың иелерi бола алады.
Еркiн қойма иесi:
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген еркiн қойманы құруға арналған үй-жайды немесе орынды жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтауға;
қоймада тұрған тауарлардың кеден бақылауынсыз алынбауын қамтамасыз етуге;
кеден бақылауын iске асыруды қиындатпауға;
еркiн қойманы құруға берiлген лицензия шарттарын сақтауға және еркiн қоймада тұрған тауарларға Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының баруын қамтамасыз етудi, кеден бақылауы мен кедендiк ресiмдеудi жүргiзу үшiн осы адамдарға еркiн қоймадағы үй-жайларды, жабдықтар мен байланыс құралдарын тегiн берумен қоса Қазақстан Республикасы кеден органдарының талаптарын орындауға мiндеттi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 ; 05.07.01 ж. № 223-II Заңдарымен 79-бап өзгертілді
79-бап. Кеден бажын, салығын алу және тарифтiк емес реттеу
шараларын қолдану
Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймағының аумағына әкелген, сондай-ақ шетелдiк және отандық тауарларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде кеден бажы мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Шетелдiк тауарларды еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелген кезде мәлiмделген кеден режимiнiң шарттарына сәйкес кеден бажы мен салығы алынады және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылады.
Отандық тауарларды Қазақстан Республикасы кеден аумағының өзге бөлiгiнен еркiн кеден аймақтарының аумағына әкелген және отандық тауарларды еркiн кеден аймақтары аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне әкеткен кезде кеден төлемдерi мен салығы алынбайды және тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе.
Тауарларды еркін кеден аймақтарының аумағынан және еркін қоймалардан Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкеткен кезде кеден бажы мен тарифтiк емес реттеу шаралары:
шетелдiк;
еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда өндiрiлген; еркiн кеден аймақтарының аумағында және еркiн қоймаларда ұқсатуға ұшыраған тауарларға қолданылмайды.
Тауарлардың еркiн кеден аймақтарының аумағынан және еркiн қоймалардан шыққаны шығу сертификатымен расталады. Сертификат болмаған кезде, тауар:
Қазақстан Республикасынан тысқары әкетілген кезде - кедендiк әкету бажын алу мен тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында отандық тауар ретiнде;
Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкелiнген кезде - кедендiк әкелу бажы мен салығын алу және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мақсатында шетелдiк тауар ретiнде қарастырылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 80-бап өзгертілді
80-бап. Экспортқа шығаруға арналған тауарларды