2) 4-бапта:
2-тармақтың 17) тармақшасындағы «қамтамасыз етуді қамтиды.» деген сөздер «қамтамасыз етуді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын:
«18) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтиды.»;
3-тармақтың 6) тармақшасындағы «жұмыстарды қамтиды.» деген сөздер «жұмыстарды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) салалық (ведомстволық) деректер негізінде кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құруды және дамытуды қамтиды.»;
3) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) мемлекеттік геодезиялық желіні құру және дамыту;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5), 7-6) және 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:
23-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
«7-2) бюджет қаражаты есебінен орындалатын аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың сметалық нормаларын, бағаларын, құнын әзірлеу және бекіту;
7-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеу мен шегендеуді жүргізуді техникалық қамтамасыз ету туралы қағидаларды әзірлеу және бекіту;
7-4) бюджет қаражаты есебінен жасалатын картографиялық өнімді жаңартып отыру мерзімділігін әзірлеу және бекіту;
23-тармақтың 3) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
7-5) бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнімді жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және бекіту;
7-6) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымын құру, жаңартып отыру, пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтарды, қағидаларды әзірлеу және бекіту;
7-7) салалық көтермелеу жүйесін әзірлеу және бекіту;»;
4) 12-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор уәкілетті органның қарамағында болады және оны мемлекеттік кәсіпорын жүргізеді.
Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды жүргізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын мыналарды жүзеге асырады:
1) жергілік жердің геодезиялық және картографиялық зерделенуі және әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы шекаралардың, сондай-ақ географиялық объектілер атауларының өзгерістері көрсетіле отырып, кезекші анықтамалық картаны жүргізу;
2) геодезиялық пункттерді есепке алу;
3) Қазақстан Республикасының географиялық атауларын мониторингтеу;
4) тақырыптық картографиялау;
5) қордың құрамына жатқызылған материалдар мен деректерді мемлекеттік есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорға әкімшілік-аумақтық бірліктер шекарасының өзгеруі туралы шешімдердің көшірмесін ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Картографиялық-геодезиялық қоры Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қарамағында болады.».
24. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдаймен сипатталатын, ауру ошағының маңайында оның белең алуына байланысты немесе осы аумақты жұқпалы аурулардың пайда болуынан қорғау үшін ұйымдастырылатын эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;»;
4) тармақшадағы «буферлік аймақ» деген сөздер «буфер (қорғаныш) аймағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) буфер (қорғаныш) аймағы - жануарлар ауруын қоздырғыштың әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу арқылы қолайлы аймақта немесе мәртебесі белгіленбеген аймақта жануарлар субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;»;
«7) ветеринариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;»;
9) тармақшада:
«ветеринариялық сертификат» деген сөздер «ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер беретін ветеринариялық-санитариялық қорытынды;» деген сөздер алып тасталсын;
24-тармақтың 1) тармақшасының он екінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
«аттестатталған» деген сөз алып тасталсын;
10) тармақшадағы «жануарлардың», «жасы» деген сөздер тиісінше «жануардың», «жасы (тyған күні), жеке нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-1) тармақшадағы «ауданның» деген сөз «облыстың» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) және 28) тармақшалардағы «, сондай-ақ автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті органның лауазымды адамы» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:
«36-1) компартмент - сауда мақсатында ветеринариялық бақылау мен қадағалау, профилактика және биологиялық қауіпсіздік шаралары қолданылатын бір немесе бірнеше ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие, биологиялық қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі бар бір немесе бірнеше мал өсіру шаруашылығы жануарларының субпопуляциясы.
Компартментке зарарсыздандырылуына кепілдік беретін технологиялық сатылардан өткен, жануарлардан алынатын өнім ғана сақталатын немесе қайта өңделетін объектілерді қоспағанда, аумақтарында аталған мал өсіру шаруашылықтарында ұсталатын жануарларды сою, осындай жануарлардан алынған жануарлардан алынатын өнімді қайта өңдеу мен сақтау жүзеге асырылатын объектілер жатуы мүмкін;»;
38-1) тармақшадағы «бақылауға жататын тауарлардың қауіпсіздігін, әкелуге (әкетуге) немесе олардың транзитіне» деген сөздер «тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайдың бағалануын ескере отырып, өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің қауіпсіздігін, экспортына, импортына және транзитіне арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
39-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39-2) өңірлендіру - жануарлардың субпопуляциясы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілерді ветеринариялық бақылау мен қадағалау, олардың профилактикасы, жойылуы және биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қолданылатын жұқпалы ауру бойынша белгілі бір зоосанитариялық мәртебеге ие болатын жұқпалы ауру бойынша мемлекеттің немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) мәртебесін айқындау процесі;»;
мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:
«44-1) шұғыл шаралар - ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда айқындалған тәртіппен жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының таралу ошақтарын дереу оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар;»;
2) 8-бапта:
13) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді, тіркеу сынақтарынан өткізуді ұйымдастыру және олардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізу;»;
«24) өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу тәртібін айқындау;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) және 32-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«24-1) аумақты компартментке бөлу туралы, өңірлендіру туралы шешім шығару;»;
«32-1) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлер беру және олардың тізілімін жүргізу;»;
24-тармақтың 2) тармақшасының сегізінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
46-8) тармақша алып тасталсын;
46-20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46-20) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізу және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 46-25), 46-26), 46-27), 46-28), 46-29) және 46-30) тармақшалармен толықтырылсын:
«46-25) ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару тәртібін әзірлеу және бекіту;
46-26) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
46-27) өңірлер бөлінісінде ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерін бекіту;
46-28) микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу, Микроорганизмдердің депонирленген штамдарының ұлттық коллекциясын жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-29) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
46-30) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу;»;
3) 9-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
«, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде бекітілген өкілдерінің болуына жол беріледі.»;
2-1-тармақтағы «, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздер алып тасталсын;
4) 10-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5), 4-6), 4-7), 4-8) және 4-9) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
4-2) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4-3) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
4-4) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4-5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
4-6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
4-7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
4-8) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
4-9) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;»;
7) тармақшадағы «өткізуді ұйымдастыру» деген сөздер «ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына» деген сөздер алып тасталсын;
11-1), 11-2), 11-4), 11-6), 11-7) және 11-8) тармақшалар алып тасталсын;
14) тармақшадағы «оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді)» деген сөздер «ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді), жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-4) тармақшамен толықтырылсын:
«17-4) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;»;
1-1-тармақта:
7) тармақшадағы «жүргізуді ұйымдастыру» деген сөздер «ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-1), 11-2), 11-3), 11-5), 11-7), 11-8) және 11-9) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 11-10) тармақшамен толықтырылсын:
«11-10) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинауды ұйымдастыру және жинақтау;»;
24) тармақшадағы «ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын» деген сөздер «мал қорымдарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарларды асырау қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;»;
2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсету;
10-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету;»;
11-1), 11-2), 11-3), 11-4), 11-5), 11-6), 11-7), 12), 13), 14), 14-1), 15), 16), 17), 19), 20-3), 20-6) және 20-7) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 20-8) тармақшамен толықтырылсын:
«20-8) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) облыстардың жергілікті атқарушы органдарына ұсыну;»;
5) 11-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның алтыншы абзацындағы «функцияларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме» деген сөздер «функцияларын» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«шұғыл шаралар жүргізуді жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік мекеме;»;
3) тармақшаның жетінші абзацындағы «мониторингін жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.» деген сөздер «мониторингін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«микроорганизмдердің штамдарын депонирлеуді;
жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті және экзотикалық ауруларының диагностикасын жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады.»;
4-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«Республикалық» деген сөз «Облыстардың, республикалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Облыстардың жергілікті атқарушы органдары құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда ветеринариялық пункттерімен құрылады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті атқарушы органдар құратын мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 13-бабында көрсетілген ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.»;
24-тармақтың 6) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
6) мынадай мазмұндағы 12-1 және 12-2-баптармен толықтырылсын:
«12-1-бап. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу)
1. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады:
1) ветеринария саласындағы лицензияланатын қызметті жүзеге асыру кезінде жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, біліктілік, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы);
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган тоқтата тұрады.
2. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұрған негіздер алты ай ішінде жойылуға тиіс.
3. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) мынадай негіздердің бірі бойынша жүзеге асыралады:
1) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлардың, себептердің белгіленген мерзімдерде жойылмауы;
2) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуының соңғы екі жыл ішінде бірнеше рет (екі реттен артық) тоқтатыла тұруы;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге негіз болған құжаттарда анық емес ақпарат беру фактісінің анықталуы;
4) соңғы екі жыл ішінде лицензиялық қызметтің жүзеге асырылмауы;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
4. Ветеринария саласындағы қызметке арналған лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны кері қайтарып алу) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
12-2-бап. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату
1. Осы Заңда көзделмеген, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беруден бас тарту, одан айыру (оны кері қайтарып алу), ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұру үшін мыналар негіз болып табылады:
1) жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы аурулары бойынша мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің шығу (болу), жүру (бағыты) және (немесе) келу (межелі пункт) орнының эпизоотиялық ахуалының нашарлауы;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісінің қауіпсіздігі мониторингінің нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне төнетін қатердің расталуы;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарын бұзушылықтың анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының күші ветеринария саласындағы мынадай екінші санаттағы рұқсаттарға қолданылмайды:
1) мемлекеттік тіркелуімен жемшөп қоспаларына арналған тіркеу куәлігі;
2) ветеринариялық препараттарға арналған тіркеу куәлігі.
4. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар және (немесе) оларға қосымшалар иелерінің осы қолданылуы тоқтатыла тұрған, жүзеге асырылуына ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсат және (немесе) оған қосымша берілген қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруына жол берілмейді.
5. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) үшін мыналар негіз болып табылады:
1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың белгіленген мерзімде жойылмауы;
2) жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін, ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтың соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде қайтадан анықталуы;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектісі өндірісінің процесіндегі жүйелі іркілістің (соңғы он екі ай ішінде екі реттен артық) салдары болып табылатын және жануарлар саулығы мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтардың анықталуы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу) соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
6. Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
1) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның оларға берілген қолданылу мерзімінің өтуі;
2) жүзеге асырылуы үшін берілген әрекеттің (операцияның) толық көлемде жасалуы;
3) ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттан және (немесе) оған қосымшадан айыру (оны кері қайтарып алу);
4) жеке тұлға қызметінің тоқтатылуы, заңды тұлғаның таратылуы;
5) өтініш берушінің ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуын тоқтату туралы ерікті түрде өтініш жасауы;
6) Қазақстан Республикасының аумағында жануарлардың аса қауіпті және жұқпалы ауруларының пайда болу және таралу тәуекелінің жоғары болуы;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайлар.
Ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсаттың және (немесе) оған қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезден бастап ветеринария саласындағы екінші санаттағы рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны алу талап етілетін қызмет түрлерін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
7) 13-1-бапта:
2, 3, 4, 5 және 6-тармақтардағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың», «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың» деген сөздер тиісінше «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;