Карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында немесе межелі пунктінде басқа мекенжайға жіберу осы операция жүзеге асырылатын аумақтағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің рұқсатымен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының карантиндік аймағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнімді жүру жолында басқа мекенжайға жіберуге тыйым салынады.
Орны ауыстырылатын карантинге жатқызылған өнім межелі пунктінде екінші рет карантиндік жете тексеруге жатады.
Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында карантиндік сертификаттың түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс.»;
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «зертханалық сараптама» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «экспорттаушы елдің ұлттық карантиндік қызметінің фитосанитариялық сертификатының» деген сөздер «фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сертификаттың, карантиндік сертификаттың» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«экспорттаушы елге» деген сөздерден кейін «немесе карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау жүзеге асырылған кезде жөнелтушіге» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекеттiк инспектор» деген сөздерден кейін «карантинге жатқызылған өнімді экспорттаушы елге қайтару жүзеге асырылған кезде» деген сөздермен толықтырылсын;
«уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін,» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін немесе» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
«техникалық қайта өңдеуге» деген сөздерден кейін «, жоюға» деген сөзбен толықтырылсын;
«немесе қайта өңдеуге» деген сөздерден кейін «, оны жоюға» деген сөздермен толықтырылсын;
оныншы бөліктегі «қадағалау бекеттерінде карантиндік тексеруден өткізілген әкелінетін карантинге жатқызылған өнімдер, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнім жеткізілетін соңғы пунктте карантиндік тексеруге жатады» деген сөздер «бақылау бекеттерінде карантиндік жете тексеруден өткен әкелінетін карантинге жатқызылған өнім, сондай-ақ көлік құралдары карантинге жатқызылған өнімнің түпкілікті межелі пунктінде екінші рет карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүргізу үшін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға беріледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде карантинге жатқызылған өнімді және көлік құралдарын жете тексеруді, талдау мен сараптама жасауға үлгілерді іріктеп алуды уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады, морфологиялық белгілері бойынша карантинді объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының нышандары, карантинге жатқызылған өнімнің карантинді объектілермен және бөтен текті түрлермен зақымдану белгілері мәлім болған жағдайда, үлгілер өсімдіктер зиянкестерінің, ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі. Карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану жағдайлары туралы жазбасы бар акт толтырылады.»;
6-тармақта:
екінші бөліктегі «Карантинге жатқызылған өнімнің иелері карантиндік қарап», «залалсыздандыруды фумигациялық отрядтармен шарт жасасу негізінде жүргізеді» деген сөздер тиісінше «Карантиндік жете», «зарарсыздандыру карантинге жатқызылған өнім иеленушілерінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат берілген жеке және заңды тұлғалармен шарттық негізде жүргізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың 16) тармақшасының елу алтыншы және елу жетінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Есепке алу нөмірін алмаған жеке және заңды тұлғалардың карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеуіне, ағаш қаптама материалын зарарсыздандыруына және таңбалауына тыйым салынады.»;
17) 13-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Уәкілетті органның», «және қадағалау тексерулерін жүргізеді. Тексеру» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган ведомствосы», «зерттеп-қарауын жүргізеді. Зерттеп-қарау» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 18-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бюджет қаражаты есебінен:
1) уәкілетті орган осы Заңның 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес айқындаған карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ шұғыл шаралар жүргізуді;
2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау жүйесіне аудит жүргізу үшін импорттаушы ел өкілдерінің қолжетімділігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
3) импорттаушы ел өкілдерінің карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру жүзеге асырылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі және (немесе) жер пайдалануындағы жер учаскелерінде карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар;»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.».
16. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 24, 129-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 16-құжаттар; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 20-VІІ, 115, 119-құжаттар; № 22-VІІ, 161-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
1) 2-бапта:
5) тармақша «сараптама жасауды» деген сөздерден кейін «және оны сынақтан өткізуді» деген сөздермен толықтырылсын;
13) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) селекциялық жетістік - адамның шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, патент берілген өсімдіктің жаңа сұрпы, жануардың жаңа тұқымы (аң шаруашылығы, қоян шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, бал ара шаруашылығы, балық өсіру шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда);»;
«17) сұрып - аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады;»;
2) 4-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімдеріне тиісті тектер және түрлер енгізілген күнге пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген тұқым тұқымға жаңалық талаптары қойылмай патентке қабілетті деп танылуы мүмкін.»;
3) 5-баптың 5-тармағының екінші бөлігі «сараптама жүргізуге» деген сөздерден кейін «және сынақтан өткізуге» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 10-бапта:
тақырыптағы «патент қабiлетiне жасалған өтiнiмдер сараптамасы» деген сөздер «патентке қабiлеттілігiне сараптама және сынақ» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Өтініш беруші ұрықтың немесе асыл тұқымдық материалдың сараптама үшін қажетті мөлшерін табыс етуге» деген сөздер «Өтінім беруші сынақтан өткізуге тұқымдардың немесе асыл тұқымдық материалдың қажетті мөлшерін ұсынуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігі «сараптама жүргiзу» деген сөздерден кейін «және сынақтан өткізу» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 17-баптың 3) тармақшасындағы «жөніндегі іс-әрекеттер патент иеленушінің құқықтарын бұзу болып танылмайды.» деген сөздер «жөніндегі;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) селекциялық жетістіктерді тұқымдық мақсаттарда өткізу құқығынсыз өз мұқтажы үшін пайдалану жөніндегі әрекеттер патент иеленушінің құқықтарын бұзу деп танылмайды.».
17. «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 14, 95-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 115, 119-құжаттар; 2018 ж., № 11, 37-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
5-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «(улы химикатқа)» деген сөздер алып тасталсын.
18. «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 19-І, 101-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат):
3-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы бапта көзделген этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелетін биоэтанол өндірісіне және айналымына қолданылмайды.».
19. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 2, 12-құжат; № 15-16, 232-құжат; 2003 ж., № 19-20, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 89-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-II, 68-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 1-бапта:
2-1) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) - экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған астықты бір көлік түрінен екіншісіне қайта тиеуге арналған техникалық құрылысжайларды қоспағанда, астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық құрылысжай;»;
7-2) тармақша алып тасталсын;
7-3) тармақшадағы «ақпараттық жүйеде» деген сөздер «тіркеуші ақпараттық жүйеде» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-4) тармақша алып тасталсын;
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1) астық қолхаты - шығару кезінде айқындалған көлемде және сапада астық қабылдау кәсіпорнынан астық алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын, құжатсыз борыштық эмиссиялық емес бағалы қағаз түріндегі қоймалық куәлік;»;
13-3) тармақша алып тасталсын;
18-3) тармақшадағы «ақпараттық жүйеде» деген сөздер «тіркеуші ақпараттық жүйеде» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 28-1), 28-2) және 28-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«28-1) тіркеуші - жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
28-2) тіркеуші ақпараттық жүйе - астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар жөніндегі ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған, тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;
28-3) тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталы - Интернет желісінде орналастырылған, тізілім деректеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;
2) 4-баптың 4-2) тармақшасы алып тасталсын;
3) 5-баптың 4-1) тармақшасындағы «астық қолхаттарын» деген сөздер алып тасталсын;
4) 6-баптың 32-5) тармақшасындағы «астық қолхаттарын» деген сөздер алып тасталсын;
5) 6-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті»;
1-тармақта:
6) тармақшадағы «гербицидтердің» деген сөз «пестицидтердің» деген сөзбен ауыстырылсын;
17-6) тармақшадағы «астық қолхаттары тізілімінің» деген сөздер «тізілім» деген сөзбен ауыстырылсын;
17-13) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
1) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
19-тармақтың 5) тармақшасының он бірінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 3-тармағының редакцияда қолданылды
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астық қабылдау кәсіпорындарының астықты сандық-сапалық есепке алуды жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
4) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;
5) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.»;
6) 9-4-баптың 2-тармағындағы «агрохимикаттардың» деген сөз «тыңайтқыштардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 13-1-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «ақпараттық жүйенің» деген сөздер «тіркеуші ақпараттық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «облыстардың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздер «жергілікті атқарушы органдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақшадағы «ақпараттық жүйе» деген сөздер «тіркеуші ақпараттық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «ақпараттық жүйеге» деген сөздер «тіркеуші ақпараттық жүйеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 6) тармақшалардағы «ақпараттық жүйені», «ақпараттық жүйенің» деген сөздер тиісінше «тіркеуші ақпараттық жүйені», «тіркеуші ақпараттық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 17-баптың 2) тармақшасындағы «астық қолхаттары тiзiлiмiнiң» деген сөздер «тiзiлiм» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 18-бап алып тасталсын;
10) 19-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ұн және жарма өнімін, құрама-жем, нан-бөлке, макарон өнімдерін өндіру және өткізу, майлы тұқымдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және өткізу;
2) бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, кірме жолдар қызметтерін, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау бойынша қызметтер көрсету;»;
мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) астықты, астық қалдықтарын және астық сақтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде алынатын өзге де мүлікті өткізу;
6) астық қалдықтарын сақтау бойынша қызметтер көрсету.»;
2-тармақта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақшадағы «немесе тұтынушылардан белгіленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебінен табыс табуға» деген сөздер алып тасталсын;
11) 30-баптың 1-тармағындағы «облыстың жергілікті атқарушы органының» деген сөздер «жергілікті атқарушы органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 33-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасындағы «облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына» деген сөздер «тиісті жергілікті атқарушы органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 6-1-тараудың тақырыбындағы «Астықты экспортқа шығарушылардың және астық» деген сөздер «Астық» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 33-2-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, астық қабылдау кәсіпорындарына және жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар беруді;»;
15) 37-баптың 2-тармағындағы «ақпараттық жүйенің» деген сөздер «тіркеуші ақпараттық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 39-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйеде» деген сөздер «тіркеуші ақпараттық жүйеде» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 39-1-баптың 2-тармағындағы «күнтізбелік үш күннен» деген сөздер «үш жұмыс күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 41-2-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «тізілімнің» деген сөз «тіркеуші ақпараттық жүйенің» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар):
1) 6-баптың 2-2-тармағы «жануарларды асырау қағидаларын,» деген сөздерден кейін «елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 36) және 37) тармақшалармен толықтырылсын:
«36) дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктен алынатын техникалық шикізатты жинауға тыйым салу және оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;
37) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді.»;
3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-11) тармақшамен толықтырылсын:
«1-11) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;»;
4) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;»;
5) 35-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-2) тармақшамен толықтырылсын:
«14-2) облыстардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға олар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ветеринария саласындағы функцияларды орындаған кезде жәрдем көрсетеді;».
21. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат):
30-баптың 1-тармағындағы «Елді мекендердің аумақтарында» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттар)», «(улы химикаттардың)» және «(улы химикаттың)» деген сөздер алып тасталсын;