«5. Кворум болмаған жағдайда кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы қайтадан шақырылады. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың қайтадан шақырылатын жалпы жиналысын өткізу күнін кредиттік серіктестіктің басқармасы белгілейді. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың қайтадан шақырылған жалпы жиналысы, осы баптың 1 және 4-тармақтарында көзделген жағдайдарды қоспағанда, егер оған кредиттік серіктестікке қатысушылардың кез келген саны тіркелсе, заңды болып табылады.»;
3) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы кредиттік сертіктестіктің басқармасына кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының мынадай айрықша құзыреттерін бере алады:
кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдау (шығару);
кредиттік серіктестікке қатысушыларды қабылдауға (шығаруға) байланысты кредиттік серіктестіктің жарғысын өзгерту немесе оны жаңа редакцияда бекіту.».
27. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) көтерме-тарату орталығы - азық-түлік тауарларын кейіннен ішкі және сыртқы нарықтарда көтерме саудада өткізу үшін сатып алу, дайындау, тарату және олармен өзге де операцияларды орындауға арналған қойма үй-жайларынан, павильондардан және арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын көпфункциялы инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешен;»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;».
28. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 1-бапта:
18) тармақша «ауланған» деген сөзден кейін «немесе балық өсіру шаруашылықтарында өсірілген» деген сөздермен толықтырылсын;
44) тармақшадағы «жеке тұлғалардың» деген сөздер «тексерілетін субъектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-бапта:
«бойынша» деген сөзден кейін «, сондай-ақ балық өсіру шаруашылықтарында» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингі заңсыз пайда болған балықтар мен басқа да су жануарларын уақтылы анықтау және олардың өткізілуін болғызбау мақсатында ауланған, сатып алынған, қолдан өсірілген балықтар немесе басқа да су жануарлары, балықтар мен басқа да су жануарларының көтерме және бөлшек саудада өткізілуі, экспорты және импорты туралы ақпаратты жинауды және уақтылы өңдеуді қамтамасыз етуге қабілетті жүйені білдіреді.
Балықтар мен басқа да су жануарларының мемлекеттік мониторингін уәкілетті орган балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларына сәйкес жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жүзеге асырады.»;
3) 9-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде:
28-тармақтың 3) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) бередi;»;
10) тармақшадағы «әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге» деген сөздер «импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарын әзірлейді және бекітеді;»;
52) тармақшадағы «әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге» деген сөздер «импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
69) тармақша «ұстау» деген сөзден кейін «және өсіру» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 77-9), 77-10) және 77-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«77-9) балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
77-10) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28-тармақтың 3) тармақшасының он екінші абзацы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
77-11) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан жабайы тірі жануарларды, оның ішінде сирек кездесетіндерін және құрып кету қаупі төнгендерін экспорттауға лицензия береді;»;
4) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешімдер қабылдайды;»;
5) 14-баптың 3-тармағының 10) тармақшасындағы «улы химикаттарды» деген сөздер «улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 16-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «(улы химикаттарды)» деген сөздер «, улы химикаттарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды уәкілетті органның ведомствосымен жасалған шарт негізінде балық шаруашылығы су айдындарына балық өсіру материалын жіберуді, уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіруді, су объектілерінің балық шаруашылығы мелиорациясын, өсім молайту кешенінің инфрақұрылымын салуды немесе балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі қолданыстағы кешендерді реконструкциялауды, ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды, сондай-ақ өзендердің жайылмасы мен теңіз ортасында (рифтер) жасанды уылдырық шашу орындарын жасауды көздейтін іс-шараларды орындау арқылы, уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалатын мөлшерде өтеудің орнын толтыруға міндетті.»;
8) 26-баптың 1-3-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтаманы жазуға жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға бөлінген квота, балықтың нақты ауланғанын растайтын құжаттар шегінде, мелиорациялық аулау, сондай-ақ қолдан өсірумен айналысатын ұйымның жобалық қуаты шеңберінде рұқсат етіледі.»;
9) 27-бапта:
1-тармақтың 7) тармақшасындағы «пайдалануға құқығы бар.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін өздеріне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) олардың учаскелеріне ауыстыруға құқығы бар.»;
2-тармақтың бірінші бөлігінің 23) тармақшасындағы «сақтауға міндетті.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ғылыми ұйымның ұсынымдары негізінде, уәкілетті орган бекіткен балық шаруашылығы су айдындарына балық жіберу жоспарына сәйкес, бөлінетін квоталардың жыл сайынғы көлемдеріне мөлшерлес балық құртшабақтарының көлемдерін жіберуді жүргізуге міндетті.»;
10) 33-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) бекітіп берілген аңшылық алқаптарында аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің санын есепке алуды жүргізуге қатысуды, аңшылық шаруашылығының субъектілері ұсынған деректерді талдау мен жалпылауды және жануарлар дүниесі объектілерін алып қою лимитін дайындау үшін уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне ұсынымдар енгізуді;»;
11) 38-баптың 5-тармағының 10) және 23) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«10) қозғалтқышы іске қосылған авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, қарда жүретін техниканы, шағын көлемді кемелерді, түнде көру аспаптарын, лазерлік нысана көрсеткіштерді, жарық беру және дыбыс шығару аспаптарын қолдана отырып, әуесқойлық (спорттық) мақсатта;»;
«23) дала кеміргіштерін құрту кезінде, сондай-ақ жануарлардың құтыру эпизоотиясы және басқа да аурулары болған жағдайларда улы химикаттар және басқа да химиялық препараттар қолдануды қоспағанда, жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды қолданып;»;
12) 39-баптың 5-тармағының 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) жарғыш құрылғыларды, улы химикаттарды және басқа да химиялық препараттарды, сондай-ақ атыс қаруын қолданып;»;
13) 40-баптың 1-тармағында:
28-тармақтың 13) тармақшасының екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөліктің бірінші сөйлемі «комиссия» деген сөзден кейін «, аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қайта бекітіп беруді қоспағанда, мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып, Конкурс өткізу қағидаларында айқындалған тәртіппен электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өсім молайту мақсаттары үшін өсім молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарына балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері, ұйықтар (ұйықтық учаскелер) уәкілетті орган ведомствосының ұсынуы бойынша конкурстан тыс негізде қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге бекітіп берілуі мүмкін.»;
14) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
2. Жоспардан тыс тексеру мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган, ведомоство және оның аумақтық бөлімшелері өздерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізеді.
5. Тексерілетін субъектілер бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
6. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау және қадағалау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
7. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау бақылау және қадағалау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау арқылы жүргізіледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
9. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
10. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган, ведомоство немесе оның аумақтық бөлімшесі сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелтілген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
12. Бақылау және қадағалау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға, ведомоствоға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
13. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу арқылы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындауға алып келеді.
14. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.»;
15) 50-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру шарттары;»;
16) 52-бапта:
1-тармақтың 8), 9) және 10) тармақшаларындағы «жеке тұлғалардан» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) жеке және заңды тұлғалардың аңшылық және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт талаптарын орындауына;
8-2) жануарларды еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру, сондай-ақ зоологиялық коллекцияларды жасау тәртібінің сақталуына;»;
17) 53-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін және заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қою туралы хаттама шығарады.»;
18) 55-бапта:
2-тармақтың 6) тармақшасындағы «заңдарында», «алып жүру құқығы беріледі.» деген сөздер тиісінше «заңнамасында», «алып жүру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін, заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін алып қою және олардың одан әрі тиесілі болуы туралы мәселені шешу құқығы беріледі.»;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «заңдарын», «сотқа жіберуге;» деген сөздер тиісінше «заңнамасын», «сотқа жіберуге міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын.
29. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):
1) 1-бапта:
29-тармақтың 1) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - сақтандырудың ақпараттық жүйесі) - агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың электрондық шарттарын жасасуды, тараптарды белгілі бір уақыт кезіне сәйкестендіруді және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың жасалған электрондық шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорды (мәліметтер жиынтығы) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе;
3-2) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін акционерлік қоғам;»;
5) тармақшадағы «балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
6-2) және 6-3) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші - ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;»;
29-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы, оныншы абзацтары 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24-1) сарапшылық кеңес - агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылу мен қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган;»;
мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
«24-2) сатып алу бағасы - бәсекеге қабілетті өнім өндіру үшін қайта өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өніміне ұсына алатын баға;»;
26-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«26-1) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау - суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалауға және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған іздестіру жұмыстарының кешені;»;
мынадай мазмұндағы 26-3) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-3) субсидиялау - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;»;
29-тармақтың 1) тармақшасының он жетінші абзацы 2020 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«30) электрондық алаң - тұғырнамасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері өздерінің ауыл шаруашылығы тәуекелдерін шығаратын және орналастыратын, сақтандырудың ақпараттық жүйесі базасында жұмыс істейтін ұйымдастырылған электрондық алаң.»;
2) 5-баптың 9) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
3) 6-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
3-2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісім (меморандум) жасасу;
3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
6) тармақша «қадағалауды,» деген сөзден кейін «карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
11) тармақша «әзірлеу» деген сөзден кейін «және бекіту» деген сөздермен толықтырылсын;
22-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды;
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын әзірлеу және бекіту;»;
23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«28) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;»;
34) тармақша «әзірлеу» деген сөзден кейін «және бекіту» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 40-1) және 40-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«40-1) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын әзірлеу және бекіту;
40-2) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді әзірлеу және бекіту;»;
41) тармақшада:
екінші абзац алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды;»;
жетінші, сегізінші және оныншы абзацтар алып тасталсын;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін;»;
29-тармақтың 3) тармақшасының жиырма сегізінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді