2) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) биоагенттер - табиғи жағдайларда көбейетін, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, сондай-ақ карантинді объектілердің тіршілік әрекетін жоятын және (немесе) басатын, өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын организмдер;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі - мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) - уәкілетті орган ведоствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) өсімдіктерді қорғау құралдары - өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) пестицидтер - зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);»;
11) тармақшадағы «, сондай-ақ олардың ыдыстарын» деген сөздер «және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
12), 16) және 16-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) пестицидті мемлекеттік тіркеу - нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;»;
«16) пестицидтер тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға рұқсат етілген тіркелген пестицидтер тізбесі;
16-1) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары - ұсақмөлдекті тәжірибелерде және өндірістік жағдайларда жүзеге асырылатын, пестицидтерді биологиялық, шаруашылық, уыттылық, гигиеналық және экологиялық бағалауды қамтитын, пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді пайдалану тиімділігі мен қауіпсіздігін растау рәсімі;»;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
«17-1) тіркелуші (өтініш беруші) - пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) фитосанитариялық іс-шаралар - зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерді жоюды және (немесе) олардың саны мен зиян тигізуін зиян тигізудің экономикалық шегінен төмен етіп азайтуды қамтамасыз ететін шаралар кешені.»;
3) 4-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган, уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері;»;
4) 6-баптың 1-тармағында:
бірінші абзацтағы «1. Уәкілетті» деген сөздер «Уәкілетті» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) және 5-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламентті әзірлеу және бекіту;
5-1) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;»;
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия беру;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
8), 10), 17) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге арналған тiркеу куәлiктерiн беру;»;
«10) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«17) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру;»;
«24) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жағдайда күтіп-ұстау шаттарын айқындау;»;
5) 7-бапта:
1-тармақтағы «Ведомствоның», «бөлінісінің» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган ведомствосының», «бірліктерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізуді ұйымдастыру;
4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының құзыретіне:
1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті аумақта фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті ұйымдастыру, жүргізу және есепті ұсыну;
4) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану кіреді.
4. Өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың құзыретіне:
1) тиісті аумақта Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) белгіленген нысан бойынша фитосанитариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу және оларды уәкілетті органның ведомствосына ұсыну;
3) мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру кезінде үлгілерді іріктеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
5) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығару және олардың орындалуын бақылау кіреді.»;
6) 9-бапта:
1) тармақшадағы «қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;»;
7) 10-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі мынадай қызмет түрлерін орындау мақсатында құрады:
1) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер қоныстанған орындарды анықтау бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу;
2) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының фитосанитариялық болжамын жасау және уәкілетті органның ведомствосына беру;
3) тіркеуге ұсынылатын пестицидтерді өндірістік жағдайларда байқаудан өткізу үшін оларды тіркеу (өндірістік) сынақтарынан өткізу;
4) ауыл шаруашылығы өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және сараптама жасау;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.»;
3-тармақтағы «заңдарында», «уәкілетті органға» деген сөздер тиісінше «заңнамасында», «уәкілетті органның ведомствосына» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 12-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «тасымалдау» деген сөз «өткізу» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану шарттарына қойылатын міндетті талаптар пестицидтер айналымы саласындағы техникалық регламенттерде белгіленеді.»;
3-тармақ алып тасталсын;
9) 13-баптың 1-тармағындағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті органның ведомствосына» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау
Өсімдіктерді қорғау саласындағы қызметті лицензиялау Еуразиялық экономикалық одақтың тарифтік емес реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынатын тиісті лицензиясы болмаса, жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттау жөніндегі қызметіне тыйым салынады.»;
11) 14-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер, олардың ыдыстары, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстары пестицидтерді залалсыздандыру тәртібіне сәйкес залалсыздандыруға жатады.»;
3-тармақтағы «зиянсыздандыруға рұқсатты қоршаған орта және су ресурстары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «залалсыздандыруға рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 14-2-бапта:
1-тармақтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
13) 14-5-бапта:
1) тармақшадағы «зиянды организмдердің зиян тигізудің экономикалық шегінен көп» деген сөздер «саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «уәкілетті органға» деген сөздер «уәкілетті органның ведомствосына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуге;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге;»;
14) 14-6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-6-бап. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу
1. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарының қорытындысы бойынша жүргізіледі.
Пестицидтерді мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу үшін мәлімделген пестицидтердің химиялық құрамының, рецептурасы мен өндіру технологиясының (формуляциясының) пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидтердің химиялық құрамына, рецептурасы мен өндіру технологиясына (формуляциясына) сәйкес келмеуі;
2) пестицидтерге жататын өнертабыстарға патент иеленушілер құқықтарының бұзылуы;
3) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге, қолдануға рұқсат етіледі және уәкілетті орган пестицидтер тізіміне енгізеді.
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес:
1) егер қажетті мақсаттағы пестицидтер болмаса, таралуы өсімдіктер мен өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруге, фитосанитариялық ахуалдың нашарлауына алып келуі мүмкін жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған карантинді объектілерге қарсы күрес;
2) тәуекелі төмен биологиялық препараттар үшін екі жылдан аспайтын мерзімге пестицидтерді уақытша тіркеуге жол беріледі.
Биологиялық препаратты уақытша тіркеу кезеңінде тіркелуші (өтініш беруші) оны мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттарды алдағы уақытта ұсына отырып, тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары өткізілуге тиіс.
22-тармақтың 14) тармақшасының он үшінші - он тоғызыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
2. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінен айыру (оны кері қайтарып алу):
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган растаған, адамдардың денсаулығы немесе қоршаған орта үшін пестицидтің қауіптілігі туралы бұрын белгісіз болған мәліметтер алынған;
2) пестицид Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған, 2001 жылғы 22 мамырдағы Орнықты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясының А және В қосымшаларының күші қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының тізбесіне енгізілген;
3) фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қорытындысы бойынша алынған нәтижелер негізінде қолданылатын тіркелген пестицидтің биологиялық тиімділігінің болмау фактісі расталған жағдайларда жүзеге асырылады.
3. Пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші заты химиялық құрамы мен мөлшерінің пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде жүзеге асырылады.
Қолданылатын тіркелген пестицидтің әрекет етуші затының химиялық құрамы мен мөлшері пестицидті мемлекеттік тіркеу кезінде тіркеу дерекнамасында мәлімделген әрекет етуші заттың химиялық құрамы мен мөлшеріне сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде уәкілетті органның ведомствосы пестицидке арналған тіркеу куәлігінің қолданылуын он екі ай мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Тіркеу куәлігінің қолданылуын қайта бастау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін әкелінетін тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, сондай-ақ тіркелмеген пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған бастапқы құрамдастарды өндіруге (формуляциялауға), әкелуге, сақтауға, тасымалдауға, өткізуге және қолдануға тыйым салынады. Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары және (немесе) ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтердің мөлшерін уәкілетті орган айқындайды.
Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу жоспарларында тіркелмеген пестицидтердің болмауы, ғылыми зерттеулер жүргізуге шарттың болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған пестицидтердің тіркелмеген үлгілерін әкелуден уәжді бас тартуға негіз болып табылады.»;
15) 15-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) пестицидтер, фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін пайдаланылатын арнайы техника;»;
16) 15-1-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (мемлекеттік фитосанитариялық бақылау)» деген сөздер «Мемлекеттік фитосанитариялық бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмдердің пайда болуы мен таралуының себептерін анықтау және белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтерді, жалған пестицидтерді өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілерін анықтау үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарау жүргізу мақсатында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
1) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында бұрын тіркелмеген зиянды және (немесе) аса қауіпті зиянды организмнің таралуы туралы;
2) Қазақстан Республикасымен шекаралас елдермен шекара маңындағы аумақтардың және облыстардың фитосанитариялық ахуалының нашарлауы туралы (аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстану фактілері);
3) тиісті аумақта аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы жедел фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу туралы;
4) мемлекеттік тіркеуден өтпеген пестицидтердің, жалған пестицидтердің таралуын болғызбау мақсатында оларды өткізу, сақтау, қолдану және (немесе) әкелу фактілері туралы;
5) тиісті аумақтан әкетілген өсімдік шаруашылығы өніміндегі пестицидтердің қалдық мөлшері болуының анықталған фактілері туралы ақпарат болған және (немесе) келіп түскен кезде қабылдайды.»;
17) 17-баптың 2), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пестицидтерді өндіру (формуляциялау), сақтау, өткізу және қолдану кезінде өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламент, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттері талаптарының сақталуына;»;
«4) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізіуге;
5) пестицидтерді залалсыздандыруға және арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) тиісті жай-күйде күтіп-ұсталуына;»;
18) 19 және 19-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«19-бап. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау
1. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау пестицидтерді сақтау, өткізу және қолдану жағдайларының өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің, сондай-ақ пестицидтер тізімінде көрсетілген пестицидтерді қолдану регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады. Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің міндетті талаптарына сәйкестікті айқындау үшін үлгілер іріктеп алынады.
2. Пестицидтердің сақталуын, өткізілуін және қолданылуын бақылау жылына екі реттен аспайтын мерзімділікпен және ұзақтығы бес жұмыс күнінен асырылмай және бес жұмыс күніне дейін ұзартылып жүзеге асырылады.»;
«19-2-бап. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау
1. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау әдістемелік орындылық, сондай-ақ пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының сақталуы тұрғысынан жүзеге асырылады.
2. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізуді бақылау олар өткізілген кезеңде жылына екі реттен аспайтын мерзімділікпен және ұзақтығы бес жұмыс күнінен асырылмай және бес жұмыс күніне дейін ұзартылып жүзеге асырылады.»;
19) 19-3-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
20) 19-10-бап алып тасталсын;
21) 20-бапта:
1-тармақта:
2), 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды;
3) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы пестицидтерді кедендік декларациялауды, сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі көк қасқа шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;»;
7) тармақшадағы «ұстау, салу және жөндеуді қамтиды.» деген сөздер «ұстауды, салу мен жөндеуді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар мыналарды қамтиды:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4) және 8) тармақшаларында көрсетілген іс-шараларды қоспағанда, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу;»;
3) тармақшадағы «өнімінде пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерінің бар-жоғына талдау және сараптау жүргізіледі» деген сөздер «өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және оған сараптама жасау» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары пестицидтерді тіркеушілердің (өтініш берушілердің) қаражаты есебінен жүргізіледі.».
23. «Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):
23-тармақтың 1) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) Ұлттық кеңістіктік деректер инфрақұрылымы - нысаны, орналасқан жері мен қасиеттері туралы мәліметтерді қамтитын, картографиялық негізде көрсетілген, оның ішінде координаттар пайдаланыла отырып ұсынылған кеңістіктік объектілер туралы деректер.»;
23-тармақтың 2) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді