7-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
24-тармақтың 8) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
8) 2-тарау мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:
«13-2-бап. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламалар
1. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруы хабардар етуге жатады.
2. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелерінің ветеринариялық дәрігерлері ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағанға немесе тоқтатқанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен бұл туралы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін хабардар етуге міндетті.
3. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабардар еткен жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің:
1) ветеринария саласындағы мамандықтар бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі, немесе техникалық, немесе кәсіптік білімі болуға;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс субъектісімен, жемшөпті өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйыммен еңбек қатынастары болуға міндетті.
Хабарламаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
4. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша тоқтатыла тұрады:
1) ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар мен қағидаларды бұзушылықтың (бұзушылықтардың) белгіленуі (мәлім болуы, анықталуы);
2) осы баптың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеудің анықталуы;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың анықталуы;
4) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуы осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің шешімімен алты айға тоқтатыла тұрады.
5. Жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөніндегі өндірістік бақылау бөлімшелері ветеринариялық дәрігерлерінің ветеринариялық анықтама беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарламаның қолданылуын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген кезден бастап жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі бұзушылықтардың жойылғаны туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен олардың жойылғанын тексереді және соның нәтижелері бойынша бір жұмыс күні ішінде хабарламаның қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды не хабарламаның қолданылуын қайта бастаудан бас тарту туралы уәжді жауап ұсынады.»;
9) 14-бапта:
1-тармақтағы «және жергілікті атқарушы органдардың» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау:»;
1) және 5) тармақшалардағы «құзыреті шегінде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-3) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің қызметін бақылау мен қадағалауды;
6-4) ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұйымдастырылуын және өткізілуін, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін және ондағы ақпараттың жаңартылып отырылуын бақылау мен қадағалауды;»;
2-1-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «және мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер» деген сөздер алып тасталсын;
10) 14-1-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ішкі сауда объектілерінде;»;
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ветеринария саласындағы кәсіпкерлік, оның ішінде лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;»;
«4) ветеринариялық бақылау бекеттерінде;»;
5), 6) және 7) тармақшалардағы «объектілердің экспорты (импорты) және транзиті кезінде оларды», «экспорты (импорты) және транзиті кезінде жануарлар», «экспорт (импорт) және транзит кезінде тасымалдау» деген сөздер тиісінше «объектілерді», «жануарлар», «тасымалдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «экспорт (импорт) және транзит кезінде» және «құзыреті шегінде» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), күтіп-ұстауға, көбейтуге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына жүзеге асырылады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақта:
«1 және 2-тармақтарында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлері» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуының және олардың тамақтан улануының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу үшін аумақ пен объектілерге зерттеп-қарауды жүргізу мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
1) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау органдарына жануарлар қырылған, бірнеше жануар бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлаған;
2) эпизоотологиялық зерттеп-қарау жүргізілген;
3) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктен әкетілген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің партиясында анықталғаны туралы нотификациялар, хабарлар, хабарламалар келіп түскен;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқандаған өзге де орындарда, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуына, таралуына жол бермеу, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау күн сайын жүзеге асырылады.»;
6-тармақтағы «, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақта:
«, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
7-1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылауға жататын өнімді әкелуге, әкетуге, орнын ауыстыруға, өндіруге, дайындауға, қайта өңдеуге, зарарсыздандыруға, сақтауға, тасымалдауға және өткізуге байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, жергілікті атқарушы органдар және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бармай профилактикалық бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері) болып табылады.»;
төртінші бөліктегі «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер» деген сөздер алып тасталсын;
бесінші бөліктегі «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер» деген сөздер алып тасталсын;
оныншы бөліктегі «, мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық бөлімшелері» және «, мемлекеттік органның ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық бөлімшесінің» деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта:
«, мемлекеттік ветеринариялық дәрігер» деген сөздер алып тасталсын;
«өз құзыреті шегінде» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау актісі тексеру нәтижелері туралы актілерді тіркеудің арнайы журналында тіркеледі, ол нөмірленген, тігілген және уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мөрімен бекемделген болуға тиіс.»;
11) 15-бапта:
6) тармақшадағы «мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау функциясының құзыреті шегінде жүзеге асырылатындарды қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар;»;
12) 16-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тізімін бекіту;»;
13) 17-бапта:
тақырыптағы «инспекторлар мен мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің» деген сөздер «инспекторлардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы «заңдары» деген сөз «заңнамасы» деген сөзбен ауыстырылып, «(қызмет куәлігін көрсетіп)» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) ветеринариялық жете тексеруді, қарап-тексеруді, диагностиканы немесе ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүргізу кезеңінде, сондай-ақ олар ветеринариялық құжаттарсыз тасымалданған кезде немесе ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға, талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ветеринариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді кідіртуге;»;
2-тармақтағы «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің әрекетiне» деген сөздер «әрекеттеріне» деген сөзбен ауыстырылып, «, жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздер алып тасталсын;
14) 18-бапта:
тақырыптағы «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлердің» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақта:
бірінші абзацтағы «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер құзыреті шегінде» деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшадағы «заңдары», «тәртіптік жаза қолдану туралы немесе әкімшілік жауапқа» деген сөздер тиісінше «заңнамасы», «әкімшілік жауаптылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 20-баптың 4 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады.»;
«8. Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау құжаттық, физикалық және зертханалық ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.»;
16) 22-баптың 7-тармағындағы «мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге,» деген сөздер алып тасталсын;
17) 23-баптың 3-тармағындағы «, мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлерге» деген сөздер алып тасталсын;
18) 24-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған, таралуы эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына алып келуі мүмкін аса қауіпті және экзотикалық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін ветеринариялық препараттарды екі жылдан аспайтын мерзімге уақытша тіркеуге жол беріледі.
Ветеринариялық препараттарды уақытша тіркеу қолданылатын кезеңде ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті тіркеу сынақтары өткізілуге тиіс.»;
19) 26-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «буферлік аймақты» деген сөздер «буфер (қорғаныш) аймағын» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) 26-1-баптың 3-тармағындағы «аймақтардың болуы» деген сөздер «аймақтардың, компартменттің болуы, өңірлендіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 26-2-бапта:
тақырып және 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«26-2-бап. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру
1. Аумақты аймақтарға, компартментке бөлу және өңірлендіру:»;
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) буфер (қорғаныш) аймағы;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес айқындалған өзге де аймақтар.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аумақты аймақтарға, компартмент пен олардың шекараларына бөлу және өңірлендіру уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.»;
22) 35-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) импорттаушы ел өкілдерінің ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақты немесе оның бір бөлігін инспекциялауын және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау жүйесінің аудитін қоса алғанда, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру рәсімін ұйымдастыру және жүргізу;
4-2) импорттаушы ел өкілдерінің орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын жүзеге асыру мақсатында жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды инспекциялауын ұйымдастыру және жүргізу;
4-3) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған аса қауіпті, экзотикалық ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ветеринариялық паспортты дайындау бойынша, ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіру үшін пайдаланылатындарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алуға арналған шығыстар.»;
2-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ветеринариялық-санитариялық қорытындының, ветеринариялық сертификаттың бланкілерін түсетін қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет кірісіне есепке жатқыза отырып беру, ауыл шаруашылығы жануарларын электрондық тәсілмен сәйкестендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды сатып алу;»;
мынадай мазмұндағы 6-2) және 6-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-2) ветеринарияда пайдаланылатын, Микроорганизмдердің депонирленген штамдарының ұлттық коллекциясында сақталуға жатпайтын микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу;
6-3) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша референцияларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын олардың көлемінен асыра жүргізу (өтініш жасалған жағдайда);»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы баптың 1-тармағының 4-2) тармақшасында көзделген іс-шараларды тиісті қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебінен оларды қаржыландыру көлемінен асыра қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.».
25. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 16-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) тұқымға арналған аттестат - бірегей және элиталық тұқымдардың сұрыптық және егістік сапасын растайтын құжат;»;
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 31-2) тармақшамен толықтырылсын:
«31-2) сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілейді;»;
3) 14-1-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) байқаудан өткізушілер үшін - агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, тұқым сарапшылары үшін - агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (ауыл шаруашылығы), стандарттау және сертификаттау (ауыл шаруашылығы) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің бар екенін;»;
2-тармақта:
1) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, топырақтану және агрохимия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;»;
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«агрономия, жеміс-көкөніс шаруашылығы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (ауыл шаруашылығы), стандарттау және сертификаттау (ауыл шаруашылығы) мамандықтары бойынша жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;»;
4) 19-бапта:
7-тармақтағы «заңдарында», «өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бақылау, фитосанитариялық» деген сөздер тиісінше «заңнамасында», «мемлекеттік карантиндік фитосаниятариялық бақылау мен қадағалау» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқым партияларымен бірге патент иеленуші құқықтарының сақталуын растайтын құжат (лицензиялық немесе сублицензиялық шарт) жүруге тиіс.»;
5) 23-3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«23-3-бап. Сұрыптардың патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ
1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патентке қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбелеріне сәйкес мемлекеттік сынақтың және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.
2. Дақылдар бөлінісінде шаруашылыққа пайдалылығына, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сұрып сынағын өткізу әдістемелерін Ауыл шаруашылығы дақылдарына сұрып сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітеді.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарына сұрып сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия сұрыптың шаруашылыққа пайдалылығына сынақ өткізумен бір мезгілде ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сынақ өткізеді және морфологиялық белгілері бойынша ресми сипаттама жасайды.».
26. «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 8-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері кредиттік серіктестіктің жарғысында көзделеді. Егер кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру тәртібі мен мерзімдері жарғыда көзделмеген болса, онда кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысы ашылғанға дейін кемінде он жұмыс күнінен кешіктірілмей, кредиттік серіктестіктің жарғысында көрсетілген мерзімді баспасөз басылымында немесе кредиттік серіктестіктің интернет-ресурсында жариялануға, тапсырысты хатпен, табыс етілгені туралы хабарламасы бар жеделхатпен, телефонограммамен, ұялы байланыс арналары бойынша қысқа мәтіндік хабарлар немесе электрондық пошта арқылы, сондай-ақ хабарлаудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберілуге тиіс.»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: