«13-1) карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін айқындайды, импорттаушы елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда импорттаушы елдің өкілдеріне инспекциялау жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;»;
16) тармақшадағы «карантиндік шараларды» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық шараларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
«19-1) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізеді және олардың күшін жояды;»;
20) және 21) тармақшалардағы «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттардың)» деген сөздер алып тасталсын;
22) тармақшадағы «(улы химикаттарды)» деген сөздер алып тасталсын;
23) тармақшадағы «зертханалық сараптама» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) тармақшада:
«карантинді объектілерден бос жатқан немесе олар аз таралған аймақтарды» деген сөздер «карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«зертханалық сараптама» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) және 27) тармақшалардағы «зертханалық сараптамасын», «оның зертханалық сараптамасын» деген сөздер тиісінше «карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы», «оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екінші бөлігінде:
«аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер «, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өсiмдiктер» деген сөздің алдынан «, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
«органның» деген сөзден кейін «, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшесінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«өз өкілеттіктері» деген сөздер «өздерінің өкілеттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-1-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі мен тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды әзірлейді;
3-2) фитосанитариялық тәуекелге жүргізілген талдау негізінде уәкілетті органға карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесінен карантинді объектілерді, бөтен текті түрлерді алып тастау немесе оны карантинді объектілермен, бөтен текті түрлермен толықтыру туралы ұсыныстар енгізеді;
3-3) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар мен мүдделі адамдарды оқытуды жүргізеді;
3-4) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің коллекциясын депонирлеу мен сақтауды қамтамасыз етеді;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органға карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлеуде әдістемелік көмек көрсетеді;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы:
1) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын анықтау мақсатында аумақты зерттеп-қарауды жүргізеді;
2) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарының шекарасы мен алаңын айқындайды;
3) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын есепке алуды жүргізеді;
4) уәкілетті органның ведомствосына карантинді объектілер мен бөтен текті түрлер таралуының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжамдарын береді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 7-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оларды өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Карантинге жатқызылған өнімге карантиндік фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыру жөніндегі қызмет карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жою және (немесе) шұғыл шараларды жүргізу жөніндегі қызметпен технологиялық жағынан байланысты болып табылады.
Карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау мен жоюды, сондай-ақ шұғыл шараларды жүргізу Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) 7-3-бап алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 7-4-баппен толықтырылсын:
«7-4-бап. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыреті
1. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың құзыретіне:
1) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды орындау туралы берілген нұсқаманың орындалуын бақылау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану;
5) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;
6) қарап-тексеру, жете тексеру, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізу және қажет болған кезде зарарсыздандыру, жою кезеңінде, сондай-ақ олар карантиндік не фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданған кезде немесе карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда фитосанитариялық бақылау бекеттерінде көлік құралдарын тоқтату және карантинге жатқызылған өнім мен мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерін кідірту;
7) Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес шұғыл шаралар жүргізуді ұйымдастыру және олардың жүргізілуін бақылау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
2. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған органдарға және (немесе) сотқа шағым жасай алады.»;
8) 8-бапта:
1) тармақшада:
«фитосанитариялық сараптама» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
«фитосанитариялық талаптарға» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) карантиндік фитосанитариялық талаптарға және (немесе) Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін карантинге жатқызылған өнімді әкелуге, әкетуге және транзиттеуге тыйым салуға;»;
3) тармақшадағы «зертханалық сараптама» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«лауазымды адамдарына» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы,» деген сөздермен толықтырылсын;
«карантинді объектілердің таралу ошақтарында және көлікте» деген сөздер алып тасталсын;
9) 8-1-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «(улы химикаттар)», «(улы химикаттардың)» деген сөздер алып тасталсын;
10) 9-бапта:
тақырып және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Жеке және заңды тұлғалардың карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің әкелінуінің және (немесе) таралуының алдын алу жөніндегі міндеттері
Жеке және заңды тұлғалар:»;
1) тармақшадағы «уәкілетті органның» деген сөздер «өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «хабардар етуге міндетті.» деген сөздер «хабардар етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«5) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде кедергілер жасамауға;
6) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулауды және жоюды жүргізу кезінде жәрдем көрсетуге;
7) карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізуге;
8) енгізілген уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралардың талаптарын сақтауға міндетті.»;
11) 9-1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;»;
12) 10-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «зертханалық сараптама» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «Көлік құралдарын мемлекеттік», «, қарап-тексеру,» «карантиндік шаралар» деген сөздер тиісінше «Мемлекеттік», «, көлік құралдарын қарап-тексеру,», «карантиндік фитосанитариялық шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Карантинді объектілердің және (немесе) бөтен текті түрлердің пайда болуы мен таралуының себептері мен жағдайларын анықтау және белгілеу, карантинді объектілердің, бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын анықтау үшін аумақты және объектілерді зерттеп-қарау мақсатында бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган ведомствосының облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) аумақтық бөлімшесінің басшысы:
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында бұрын тіркелмеген карантинді объект және (немесе) бөтен текті түр анықталған;
шекара маңындағы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана және шекара маңындағы мемлекеттер аумағының карантиндік фитосанитариялық жай-күйінің нашарлағаны туралы ақпарат келіп түскен;
карантинді объектінің және (немесе) бөтен текті түрдің, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағынан әкетілген карантинге жатқызылған өнімнің партиясында анықталу фактілері туралы нотификациялар, карантиндік ақпар, хабарлама, дабыл хабар, сараптамалардың нәтижелері келіп түскен;
карантинге жатқызылған өнімді әкетуге немесе әкелуге тыйым салулар мен шектеулерді, уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды бұзу фактілері анықталған кезде қабылдайды.»;
13) 11-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «(погонсыз)» деген сөзден кейін «, материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік «(погонсыз)» деген сөзден кейін «, сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 12-баптың 5) тармақшасындағы «өңдейтін» деген сөз «қайта өңдейтін, зарарсыздандыратын» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақтың 15) тармақшасы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
15) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:
«12-1-бап. Өсімдіктер карантині саласындағы рұқсаттар және хабарламалар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
1. Фитосанитариялық сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.
Фитосанитариялық сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады. Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір партиясына беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген зарарсыздандыру, осы өнімді жеткізу бойынша басқа да қосымша карантиндік фитосанитариялық талаптардың орындалғаны туралы мәліметтері болуға тиіс.
Фитосанитариялық сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің талаптарымен (экспорттау кезінде) карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантинді объектілердің болуына жол берілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің талаптарына (экспорттау кезінде) сәйкес келмеудің анықталуы;
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабардар етпеу немесе оны жете тексеру үшін ұсынбау, межелі жердің өзгеру жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті мемлекеттік органынан ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде фитосанитариялық сертификат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады;
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
2. Карантиндік сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған өнім орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді ұсынады.
Карантиндік сертификатты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес береді және жеке қолын қойып, белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) куәландырады.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Карантиндік сертификатты беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге ұсынбауы;
2) осы Заңның 13-бабы 4-1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталуы;
3) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторын карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (екі және одан көп рет) хабардар етпеу немесе оны жете тексеру үшін ұсынбау, межелі жердің өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алынғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде карантиндік сертификат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады;
4) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер.
3. Бекітілген тізбеге сәйкес карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат алуға өтінім береді.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат әрбір карантинді объектіге беріледі және берілген күнінен бастап алты ай ішінде қолданыста болады.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат бір реттен артық пайдаланылмайды.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес беріледі.
Карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хат немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.
Әртүрлі биологиялық қауіпсіздік деңгейіндегі карантинді объектілерді оқшаулау жөніндегі талаптарға сәйкес келмеу және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер карантинді объектілерді ғылыми-зерттеу мақсаттарында әкелуге арналған келісу-хатты беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.
4. Есепке алу нөмірін алу үшін жеке және заңды тұлғалар карантинге жатқызылған объект орналасқан тиісті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтінім береді, өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға карантиндік жай-күйді және карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін айқындау үшін карантинге жатқызылған объектіні ұсынады.
Есепке алу нөмірі:
карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу;
ағаш қаптама материалын зарарсыздандыру және таңбалау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға беріледі.
Есепке алу нөмірі Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес код пен тіркеу нөмірі беріле отырып беріледі.
Есепке алу нөмірін беру немесе оны беруден уәжді бас тарту оны алуға өтінім берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Есепке алу нөмірін беруден уәжді бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объектінің қойылатын карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкес келмеуі;
2) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
3) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер.
Есепке алу нөмірін кері қайтарып алу үшін мыналар негіз болып табылады:
1) карантинге жатқызылған объект аумағында карантинді объектілердің таралу ошақтарының анықталуы;
2) карантиндік фитосанитариялық талаптардың бұзылуы;
3) астық пен оны қайта өңдеу өнімдерін карантиндік арамшөп өсімдіктерінің тұқымдары мен жемістерін өміршеңдіктен айыруды қамтамасыз ететін технологиялар бойынша қайта өңдеу арқылы алынған өнімде тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы;
4) зарарсыздандырылған және таңбаланған ағаш қаптама материалында тірі және (немесе) өміршең карантинді объектілердің анықталуы;
5) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негіздер.»;
16) 13-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «карантин шаралары» деген сөздер «карантиндік фитосанитариялық шаралар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуді бастауға және аяқтауға фитосанитариялық бақылау бекеттері арқылы ғана рұқсат етіледі.»;
«Басқа мемлекеттердің карантиндік фитосанитариялық шараларының баламалылығын тану Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Әкелінетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнім карантиндік фитосанитариялық талаптарға және Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
бесінші бөліктегі «Импорттық» деген сөз «Әкелінетін» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында жөнелту орны мемлекетінің фитосанитариялық сертификатының түпнұсқасын өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асырған кезде алып қоюға тиіс.»;
2-1-тармақта:
1) тармақша «сертификаттарынсыз» деген сөзден кейін «фитосанитариялық тәуекелі жоғары» деген сөздермен толықтырылсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай карантиндік фитосанитариялық талаптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, карантинді обьектілер мен бөтен текті түрлерді жұқтырған карантинге жатқызылған өнімді;
3) карантинді объектілердің таралу ошақтары бар аймақтардан, орындардан және (немесе) өндіріс учаскелерінен топырақты, тамыр жайған тірі өсімдіктерді топырағымен қоса;»;
4) тармақшадағы «тұқымдарын әкелуге тыйым салынады.» деген сөздер «тұқымдарын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілген карантинге жатқызылған өнімді әкелуге тыйым салынады.»;
4-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «уәкілетті органның» деген сөздер «уәкілетті орган ведомствосының» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге - Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес фитосанитариялық сертификаттары болған кезде;
2) Қазақстан Республикасының ішінде - Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптары сақталған, фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімге арналған карантиндік сертификаттары болған кезде рұқсат етіледі.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
«әкетілетін, карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін», «белгілейді» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес келуін», «куәландырады» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қайта тиеусіз» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге» деген сөздермен толықтырылсын;
«(бекетте)» деген сөз «(фитосанитариялық бақылау бекетінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші бөліктер алып тасталсын;
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Фитосанитариялық тәуекелі жоғары карантинге жатқызылған өнімді облысаралық тасымалдау уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы беретін карантиндік сертификаттар болған кезде жүзеге асырылады.
Облысаралық тасымалдау кезінде карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және екінші рет карантинге жатқызылған өнімнің межелі орындарында куәландырады.
15-тармақтың 16) тармақшасының отыз төртінші - отыз алтыншы абзацтары ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді
Мыналарға:
1) есепке алу нөмірін алған жеке және заңды тұлғаларға қайта өңдеуге жіберілген жағдайда, карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдеріне карантиндік сертификат беруге жол беріледі. Карантиндік арамшөптер (Strіga spp. текті карантиндік арамшөптерді қоспағанда) басқан астық пен оны қайта өңдеу өнімдері қайта өңделгеннен кейін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру мен карантиндік фитосанитариялық сараптаманың және (немесе) зертханалық сараптаманың нәтижелері бойынша айқындайды;
2) қараөрік шаркасының (шешегінің) (Plum Pox Potyvіrus) вирусы, жалған қалқаншалы шымыр мен қалқаншалы шымырлардың карантиндік түрлері бар жемістер мен жидектерге карантиндік сертификат беруге жол беріледі.