4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері толық көлемде осы баптың 1 - 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда, азаматтардың мына санаттарына:
1) ерлерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;
2) әйелдерге - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемiнде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
5. Орталықтан төленетін толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері осы баптың 1 - 3-тармақтарында көрсетілген азаматтар санаттарына олардың Орталықтан төленетін зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
6. Орталықтан төленетін толық емес көлемдегi зейнетақы төлемдерi Орталықтан төленетін толық көлемдегі зейнетақы төлемінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледi.
7. Өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларға Орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалмайды.»;
8) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезеңi
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерi өмiр бойына тағайындалады және қайтыс болған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен айын қоса алғанда жүзеге асырылады.»;
9) 13-баптың 1-тармағында:
5), 7) және 13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кәсіпкерлік және кірістер әкелетін өзге де қызмет;»;
«7) 16 жасқа дейiнгi мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;»;
«13) әскери қызметшiлер (мерзімді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңi;»;
14) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
10) 14-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
11) 16-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық мемлекеттiк монополияға жататын мынадай қызмет түрлерiн:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бiржолғы және Орталықтан төленетін өзге де төлемдердi төлеудi ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
19-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 12) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
2) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыруды;
3) агент нақты енгiзген мiндеттi зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерiн келесi қаржы жылына инфляцияның болжамды деңгейiн ескере отырып айқындауды;
19-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 12) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
4) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды дербестендірілген есепке алуды;
5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
6) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке қайтаруды;
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары бойынша және (немесе) олардың өсімпұлдары бойынша агенттердiң төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;
9) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылар iстерiнiң макетiн қалыптастыруды;
10) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, біржолғы және өзге де төлемдерді алушылардың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыруды және оларды дербестендiрiлген есепке алуды;
11) агенттермен, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы жарналарын және (немесе) олар бойынша өсімпұлдарды есепке алу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасауды;
12) орталық атқарушы органның бiрыңғай ақпараттық жүйесiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруды;
13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, Орталықтың автоматтандырылған орталықтандырылған дерекқорын пайдаланушылар болып табылатын орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері жұмыскерлерінің оларға қол жеткізуін ұйымдастыруды;
14) Қазақстан Республикасының зейнетақы жинақтарының құпиялылығын сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға Орталықтың қызмет түрлерi бойынша көрсетілетін ақпараттық қызметтер ұсынуды;
15) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын ұйымдастыруды және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
16) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
19-тармақтың 12) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
17) бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алушыларға жұмыс берушінің бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
18) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де қызмет түрлерiн жүзеге асырады.»;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді
13) 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
19-тармақтың 13) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 13) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
«24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары агенттердің осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша төлеуіне жатады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар босатылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар босатылады.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
3) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін босатылады.
19-тармақтың 13) тармақшасының он үшінші - жиырма бірінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден агент:
1) осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар;
2) егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар жеке тұлғалар;
3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
4) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген лауазымда болу мерзімінің өтуіне байланысты өкілеттігі тоқтатылған, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары, өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьялар үшін босатылады.
19-тармақтың 13) тармақшасының он тоғызыншы - жиырма бірінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленедi.
6. Міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге арналған табысқа ақшалай көрінісінде еңбекақы төлеудiң барлық түрлерi және өзге де табыстар енгiзiледi.
7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын Мемлекеттік корпорацияға:
1) дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар жұмыскерлерге төленген табыстардан - табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-күнінен кешiктiрмей;
2) дара кәсiпкерлер (осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өзінің пайдасына - есептi айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей;
3) арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде;
4) оңайлатылған декларация негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын шағын бизнес субъектiлерi - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзiмде;
5) патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер - Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшiн көзделген мерзiмде;
6) Мемлекеттік корпорация - әлеуметтiк төлемдер жүзеге асырылатын айдан кейiнгi айдың 15-күнінен кешiктiрмей;
7) сақтандыру ұйымы - жалақыдан (табыстан) айырылумен байланысты зиянды өтеу ретінде сақтандыру төлемін жүзеге асыратын айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей аударады.
19-тармақтың 13) тармақшасының жиырма тоғызыншы - отыз бірінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7-1. Бірыңғай төлемге енгізілген, ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарының, есепке жазылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын бірыңғай төлемді есептеу (есепке жазу), аудару жөніндегі агенттер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 776-4-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде Мемлекеттік корпорацияға аударады.
Бірыңғай төлемді төлеу, аудару және бөлу, сондай-ақ қайтару тәртібін орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, сондай-ақ салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, денсаулық сақтау саласындағы және цифрлық даму сала сындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.
19-тармақтың 13) тармақшасының отыз бірінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
9. Мiндеттi зейнетақы жарналарын басқа адамдардың пайдасына төлеуге болмайды.
10. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке кодының және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiнiң және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болмауына байланысты тұратын жері белгiсiз бұрынғы жұмыскерлердiң табыстарынан агенттер ұстап қалған және аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарын агенттер 2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн есебіне жазылған өсiмпұлмен қоса, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджетке аударады. Бұл ретте 2005 жылғы 1 қаңтардан кейiн есебiне жазылған өсiмпұл есептен шығарылуға жатады.
Бюджетке аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының және (немесе) өсiмпұлдардың сомаларын - бұрынғы жұмыскерлер, ал олар қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда мұрагерлерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес талап ете алады.
11. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары, өкілдіктері агенттер ретінде қаралуы мүмкін.»;
14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және төлеу тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi зейнетақы жарналары міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауға тиiс.
2. Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналары қосымша белгіленеді.
Аталған алушылар үшін міндетті зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген табыстың 10 пайызын құрайды.
Бұл ретте міндетті зейнетақы жарналарының жалпы сомасы бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын міндетті зейнетақы жарналарының сомаларынан тұрады.
3. Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде:
1) міндетті зейнетақы жарналарының 10 пайызын аудару фактісі анықталған;
2) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер келіп түскен;
4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-аналық құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімдердің күшін жою немесе оларды жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.
Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жайлар тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша тоқтатылады.
4. Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналары салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн, алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.
Арнайы салық режимiн қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесiнiң (қатысушысының) және басшысының пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңiнiң әрбiр айы үшiн есептелетiн мiндеттi зейнетақы жарналары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және ең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi. Мiндеттi зейнетақы жарналары шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерiнiң (қатысушыларының) пайдасына олар кәмелетке толған жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге жатады.
Адвокат, жеке сот орындаушысы, жекеше нотариус, кәсіби медиатор, сондай-ақ дара кәсiпкер өз пайдасына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетінше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады.
Табыс болмаған жағдайда адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жекеше нотариустар, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінің 10 пайызы есебінен өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.
5. Осы Заңның 39-бабының 2-тармағында көрсетілген азаматтар үшін өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналары алатын табысының 10 пайызы, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 10 пайызынан кем емес мөлшерде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге жатады.»;
19-тармақтың 15) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі және оларды төлеу тәртібі
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары агенттің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын жұмыскердің ай сайынғы кірісінің:
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 1,5 пайызы;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 2,5 пайызы;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 3,5 пайызы;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 4,5 пайызы;
2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 5,0 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
2. Бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алушылар үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары белгіленеді, олар Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi ретiнде есепке алынған кірістің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде бюджет қаражаты есебінен субсидиялауға жатады.
3. Жұмыс берушінің белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде:
1) агенттің жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталған;
2) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемді алушылардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
3) бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді алушының қайтыс болғаны, хабар-ошарсыз кеткен деп танылғаны туралы немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы мәліметтер келіп түскен;
4) босатылған және шеттетілген қамқоршылар (қорғаншылар), ата-аналарды ата-аналық құқықтардан айыру немесе шектеу туралы, ұл бала (қыз бала) асырап алу туралы шешімдердің күшін жою немесе оларды жарамсыз деп тану туралы мәліметтер келіп түскен кезде тоқтатыла тұрады.
Жұмыс берушінің белгіленген міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауды жаңарту оларды тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жайлар тоқтатылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүргізіледі.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемді тоқтату үшін негіздер туындаған кезде тоқтатылады.
4. Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсiпкерлер үшiн бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын, салық кезеңінің әрбір айы үшін есептелетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары алатын кірістің осы баптың 1-тармағында белгіленген мөлшерінде, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының мөлшерінен кем емес мөлшерде белгiленедi.
Жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ дара кәсiпкер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн өз бетінше айқындайтын табыс алатын табыс болып табылады.