5) мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агенттерден бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды;
6) деректемелерiнде қателер жiберiлген адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарын агентке қайтаруды;
7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлдарды агентке және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға оның өтініші бойынша қайтаруды;
8) агенттердiң Мемлекеттік корпорацияның шотына аударылған және Мемлекеттік корпорациядан агентке қайтарылған мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары сомаларының және (немесе) олар бойынша өсімпұлдардың төлем құжаттарының тiзiлiмдерін қалыптастыруды және оларды салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органға ұсынуды;»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 13) тармақшасының екінші, үшінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші және отыз бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
«24-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары осы Заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша агенттердің төлеуіне жатады.»;
«5. Мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.
6. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін табысқа ақшалай мәніндегі еңбекақының барлық түрлері және өзге де табыстар енгізіледі.
7. Ұстап қалған (есебiне жазылған) мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары Мемлекеттік корпорацияға аударылады:»;
«8. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және (немесе) осы Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес есебіне жазылған өсiмпұлды төлеудің толық және уақтылы жүзеге асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 23) тармақшасының үшінші, төртінші, тоғызыншы, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 3) тармақшаның жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары жаңа редакцияда (2021 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есепке алуды жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуға және есепке алуға тыйым салынады.»;
«1) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға;»;
«4) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес тұрғылықты жерінің өзгергенi туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда өткен жыл үшін зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жiбермейді;»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 26) тармақшасының отызыншы және отыз бірінші абзацтары мынадай редакцияда қолданыста болады:
«9. Агенттердің Мемлекеттік корпорациядан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы растауды алуға құқығы бар.
10. Агенттер міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге міндетті.»;
осы Заңның 1-бабының 19-тармағы 30) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда қолданыста болады:
«3) меншікті қаражаты бойынша үш аудиторлық есеп жасайды.»;
2-1-бап. 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Осы Заң:
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 9) және 10) тармақшаларын, 19-тармағының 1) тармақшасының он үшінші абзацын, 2) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтарын, 44) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 21-тармағының 2) тармақшасын және 22-тармағын;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 19-тармақтың 19) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын;
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағын, 2-тармағының 1) тармақшасын, 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 7-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларын, 9, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтарын, 19-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, оныншы, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының оныншы абзацын, 3) тармақшасының жетінші абзацын, 4) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 12) тармақшасының төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он тоғызыншы абзацтарын, 13) тармақшасының екінші, үшінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын, 15), 17) және 18) тармақшаларын, 19) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 21) тармақшасын, 23) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он сегізінші және он тоғызыншы абзацтарын, 26) тармақшасының он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші және отыз үшінші абзацтарын, 28) тармақшасын, 29) тармақшасының бесінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 30) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 32) тармақшасын, 20-тармағын, 21-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы тамыздың 2-і.
№ 342-V