Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Кодексімен 2023 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., №23-24 (қосымша); 1995 ж., №15-16, 109-құжат; №20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 187-құжат; №14, 274-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №1-2, 8-құжат; №5, 55-құжат; №12, 183, 184-құжаттар; №13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., №2-3, 23-құжат; №5-6, 50-құжат; №11-12, 178-құжат; №17-18, 224, 225-құжаттар; №23, 429-құжат; 1999 ж., №20, 727, 731-құжаттар; №23, 916-құжат; 2000 ж., №18, 336-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 7-құжат; №8, 52-құжат; №17-18, 240-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №2, 17-құжат; №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 3-құжат; №11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; №10, 56-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №10, 31-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №1, 4-құжат; №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20, 21-құжаттар; №4, 28-құжат; №16, 131-құжат; №18, 143-құжат; №20, 153-құжат; 2008 ж., №12, 52-құжат; №13-14, 58-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., №2-3, 7, 16, 18-құжаттар; №8, 44-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., №1-2, 2-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №2, 21, 28-құжаттар; №3, 32-құжат; №4, 37-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 13, 15-құжаттар; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №7, 36-құжат; №10-11, 56-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61, 63-құжаттар; №14, 84-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар):
1) 51-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «төлеу жөніндегі, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын» деген сөздер «төлеу жөніндегі, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 52-баптың екінші бөлігі «мiндеттi зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., №16-17, 642-құжат; №23, 929-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №10, 244-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №23, 309-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 102-құжат; 2003 ж., №1-2, 7-құжат; №4, 25-құжат; №11, 56-құжат; №14, 103-құжат; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №3-4, 16-құжат; №5, 25-құжат; №6, 42-құжат; №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №21-22, 87-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №4, 24, 25-құжаттар; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №13, 85-құжат; 2007 ж., №3, 21-құжат; №4, 28-құжат; №5-6, 37-құжат; №8, 52-құжат; №9, 67-құжат; №12, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №9-10, 48-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №3-4, 12-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50, 53-құжаттар; №16, 129-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 13, 14, 15-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №12, 85-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №11, 61, 69-құжаттар; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 42, 45-құжаттар):
2-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 742-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «мiндеттi зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 944-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, жоғалтылған табыс (кіріс) бөлігінде зиянды өтеу сомасынан «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерде және тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары ұсталады және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылады.».
3. 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №21, 93-құжат; 2009 ж., №23, 112-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 29, 32-құжаттар; №15, 71-құжат; №24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №7, 54-құжат; №11, 102-құжат; №13, 115-құжат; №15, 125-құжат; №16, 129-құжат; №20, 151-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 16-құжат; №3, 21-құжат; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 36, 41-құжаттар; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 94-құжат; №18-19, 119-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №5-6, 30-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №13, 63-құжат; №14, 72-құжат; №15, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №20, 113-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №1, 6-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84, 86-құжаттар; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кредиттеу және субсидиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 25-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.» деген сөздер «ұсыныстарды әзірлеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару бөлігінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген функциялар болып табылады.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 98-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 3) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) 100-баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. 2017.26.12. № 124-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №18-I, 18-II, 92-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., №1, 2-құжат; №2, 6-құжат; №7, 33-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №9, 46-құжат; №10, 50-құжат; 2015 жылғы 10 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
7-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
1) 44-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «мiндеттi зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 91-бапта:
екінші бөлік «салымшылар туралы мәлiметтердi» деген сөздерден кейін, «шартты зейнетақы шоттары туралы мәліметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлікте:
1) тармақша «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша «міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздермен, 3) тармақша «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға есептелген (есепке жазылған) және аударылған жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде ұсынбауы;»;
5) тармақша «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші бөліктің екінші абзацы «міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпе «міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 256-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының (акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 263-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бұзу
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалатын тәртіппен және шарттармен ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) орындамауы, сол сияқты өз қызметі туралы толық емес немесе анық емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы -
жеке тұлғаларға - елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
7-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 285-баптың үшінші бөлігінің 2) және 5) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақтың 6) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6) 909-баптың 2-тармағы «міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары,» деген сөздермен толықтырылсын.
8. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
9. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; №15, 281-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., №5, 58-құжат; №13-14, 205-құжат; №22, 333-құжат; 1998 ж., №11-12, 176-құжат; №17-18, 224-құжат; 1999 ж., №20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №22, 408-құжат; 2001 ж., №8, 52-құжат; №9, 86-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №5, 31-құжат; №10, 51-құжат; №11, 56, 67-құжаттар; №15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №15, 86-құжат; №16, 91-құжат; №23, 140-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №11, 55-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18, 21-құжаттар; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №17-18, 111-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1) тармақшамен толықтырылды
1) 50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-2) тармақшасы «міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №11, 154-құжат; 1999 ж., №8, 239-құжат; №23, 925-құжат; 2002 ж., №6, 71-құжат; 2003 ж., №1-2, 13-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; №24, 157-құжат; 2005 ж., №23, 98-құжат; 2006 ж., №12, 69-құжат; 2007 ж., №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2012 ж., №4, 32-құжат; №8, 64-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №6, 28-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №6, 27-құжат; №8, 45-құжат):
10-тармақтың 1) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы»;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.»;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 1-1-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған кезде және асыраушысынан айырылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;»;
10-тармақтың 4) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4) 3-баптың 2-тармағында:
үшінші бөліктегі «және жасына байланысты жәрдемақылар» деген сөздер «жәрдемақы» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;»;
10-тармақтың 5) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 5-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
6) 8-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
7) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мүгедек «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде мүгедектігі бойынша жәрдемақы тоқтатылады немесе осы Заңның 12-бабының 5-тармағына сәйкес Орталықтан алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшері ескеріле отырып қайта қаралады.»;
8) 13-баптың 2-тармағы 1) тармақшасының бірінші бөлігіндегі «алмайтын болса» деген сөздер «алмаса» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 9) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 4-тарау алып тасталсын;
10-тармақтың 10) тармақшасы 2018 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық
Осы Заңды бұзғаны үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.».
11. 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 12-тармақ өзгертілді (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., №22, 309-құжат; 2000 ж., №22, 408-құжат; 2001 ж., №1, 5-құжат; №8, 52-құжат; 2002 ж., №23-24, 193-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 86-құжат, №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 138-құжат; 2005 ж., №14, 58-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; 2009 ж., №2-3, 21-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; №15, 79-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат):
1-баптың 18) және 20) тармақшалары «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
13-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
13. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., №22, 406-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; №12, 85-құжат; №15, 139-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; 2005 ж., №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 25-құжат; №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; №16, 99-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28, 33-құжаттар; №8, 52-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 112-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 94-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
72-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы және 3-тармағының 2) тармақшасы «зейнетақы жарналарын төлеу» деген сөздерден кейін «, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу» деген сөздермен толықтырылсын.
14-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
14. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №15, 132-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №16, 91-құжат; 2005 ж., №14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №13, 85-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №4, 28-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., №17, 81-құжат, №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., №11, 102-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
13-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді;».
15-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
15. «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №3, 19-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 101-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №10-11, 56-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат):
3-баптың 4-тармағының 4) тармақшасындағы «міндетті зейнетақы жарналары мен» деген сөздер «міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын және» деген сөздермен ауыстырылсын.
16-тармақ 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
16. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №16, 130-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат):
40-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы «міндетті зейнетақы жарналарын,» деген сөздерден кейін «төленген жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын,» деген сөздермен толықтырылсын.
17. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №4, 31-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №14, 72-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №1, 2-құжат):
1) 49-баптың 1-тармағының 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;»;
«9) басқа тең лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және қызметкер төмен тұрған лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде штаттың қысқартылуына байланысты;»;
2) 78-баптың 3-тармағындағы «қызметтен жасына» деген сөздер «қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;