3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің құрамына:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің екі өкілі;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің екі депутаты;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екі өкілі;
4) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің жалпы санының отыз пайызынан саны кем болмайтын тәуелсіз сарапшылар кіреді.»;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26) тармақша өзгертілді
26) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«39-бап. Салымшылардың, өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары енгізілген, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың және агенттердің құқықтары мен міндеттері
1. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алушылардың:
1) өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алуға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға;
3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға;
4) өздерінің зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мұраға қалдыруға;
5) өздерінің зейнетақы жинақтары есебінен сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорымен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі құқықтық қатынастарға қатысуға:
1) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстарды орындайтын;
2) Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
3. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу үшін жеке тұлға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініш беруге міндетті.
Жеке тұлғада міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоты болған жағдайда, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотын ашуға қайта өтініш берілмейді.
19-тармақтың 26) тармақшасының он жетінші - жиырма төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4. Өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың:
1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары туралы ақпарат алуға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) сот тәртібімен шағымдануға;
3) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
5. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шартты зейнетақы шоттарын ашу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын аударған кезде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент ұсынатын жеке тұлғалар тізімі негізінде жүзеге асырылады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған шартты зейнетақы шоты болған жағдайда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бұрын ашылған шартты зейнетақы шотына аударылады.
6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мәліметтер негізінде, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында атына шартты зейнетақы шоттары ашылған жеке тұлғалар тізіміне қосу үшін Мемлекеттік корпорацияға жеке тұлғаның атына шартты зейнетақы шотының ашылғаны туралы электрондық хабарлама жібереді.
7. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар:
1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осындай барлық өзгерістер туралы хабарлауға;
2) осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға;
3) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
19-тармақтың 26) тармақшасының жиырма тоғызыншы - отыз үшінші абзацтары абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8. Өзі үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғада осы Заңның 31-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайлар болмаған кезде, шартты зейнетақы шотында есепке алынатын қаражат осы Заңның 51-бабының 2-2-тармағына сәйкес қалыптастырылған резервтік қорларға жіберіледі.
19-тармақтың 26) тармақшасының отызыншы және отыз бірінші абзацтары 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
9. Агенттердің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жеке зейнетақы шотының, шартты зейнетақы шотының бар екенін растауды Мемлекеттік корпорациядан алуға құқығы бар.
10. Агенттер:
1) міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы есептеуге, ұстап қалуға (есепке жазуға) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеуге;
2) өздерінің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын жеке тұлғалардың тізімдерін осы Заңның 28-бабының 5-тармағында белгіленген мерзімдерде мемлекеттік кіріс органдарына ұсынуға міндетті.»;
27) 50-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi комиссиялық сыйақы шегерiле отырып, зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұл және залалдардың орнын толтыру ретінде түскен қаражатты қамтиды.
2. Жеке және заңды тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерiне құқықтары осы Заңда көзделген заттық құқықтар қатарына жатады.»;
4-тармақтың бірінші және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi тек қана:»;
«6) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына осы Заңда белгiленген жағдайларда және мөлшерде комиссиялық сыйақы төлеуге пайдаланылады.»;
19-тармақтың 28) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28) мынадай мазмұндағы 50-1-баппен толықтырылсын:
«50-1-бап. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері
1. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi комиссиялық сыйақы шегерiле отырып, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсiмпұлдың және залалдардың орнын толтыру ретiнде түскен қаражатты қамтиды.
2. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi агенттің және (немесе) өзі үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаның меншігі болып табылмайды.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның, Мемлекеттік корпорацияның, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтеріне тыйым салуға немесе оларға өндіріп алуды қолдануға, оның ішінде санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда, жол берілмейді.
4. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi тек мына мақсаттарға ғана:
1) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және инвестициялық декларацияда айқындалатын қаржы құралдарына орналастыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға;
3) осы Заңда белгіленген жағдайларда және мөлшерде инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы төлеуге;
4) қате есепке жатқызылған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға пайдаланылады.»;
29) 51-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ уәкiлеттi органға:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
19-тармақтың 29) тармақшасының бесінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражаты бойынша қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректердi бөлек-бөлек ұсынады.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзедi және қаржылық есептілікті жасайды, сондай-ақ меншікті қаражаты мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерi бойынша қаржылық есептілік пен бастапқы статистикалық деректердi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға бөлек-бөлек ұсынады.»;
19-тармақтың 29) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.
2-2. Резервтік қорларды қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру тәртібі, оларды есептеу әдістемесі мен құрылымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
30) 54-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
19-тармақтың 30) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
19-тармақтың 30) тармақшасының алтыншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
3) меншікті қаражаты (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін қоспағанда) бойынша үш аудиторлық есеп жасайды.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті жыл сайынғы аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) қаржылық есептілік;
2) зейнетақы активтері бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау тәртiбiнің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестiгі тұрғысынан тексеруді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудиті бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
31) 57-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік кіріс органдарына - міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) байланысты мәселелер бойынша;»;
19-тармақтың 32) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 32) тармақша өзгертілді
32) мынадай мазмұндағы 57-1-баппен толықтырылсын:
«57-1-бап. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясы
1. Жеке тұлғалардың атына ашылған шартты зейнетақы шоттарының құпиясы жұмыс берушінің аударылған міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленген зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәлiметтердi қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік корпорация шартты зейнетақы шоттарының құпия болуына кепiлдiк бередi.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Мемлекеттік корпорацияның лауазымды адамдары, қызметкерлерi және өздерінің қызметтік және функционалдық мiндеттерiн жүзеге асыруына байланысты шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған өзге де адамдар, осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларды жария етуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтер алмасуды жүзеге асыру шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды.
Мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдары ретінде шартты зейнетақы шоттарының құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы шартты зейнетақы шоттарының құпиясын жария ету болып табылмайды.
3. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясы, атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның жазбаша келісімімен, кез келген үшiншi тұлғаға ашылуы мүмкiн.
4. Шартты зейнетақы шоттарының құпиясын құрайтын мәліметтер:
1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына - олардың іс жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша;
2) соттарға - сот ұйғарымы негiзiнде олардың іс жүргiзуіндегі iстер бойынша;
3) мемлекеттік кіріс органдарына - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге (есебіне жазуға) және аударуға байланысты мәселелер бойынша;
4) уәкілетті органға - өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты не оның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;
5) прокурорға - оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
6) Мемлекеттік корпорацияға - жұмыс беруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру үшін;
7) орталық атқарушы органға - өз атына шартты зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаның өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
8) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайынғы міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға беріледі.»;
33) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«59-бап. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдері
1. Осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы жүзеге асыру туралы зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.
Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары пайдаланылуы мүмкін.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін осы Заңның 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқығы бар.
Егер зейнетақы аннуитеті шарты жасалғаннан кейін осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдардың жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраған жағдайда, зейнетақы аннуитеті шартына қалдықтың көрсетілген сомасы ескеріле отырып, сақтандыру сыйлықақысының және сақтандыру төлемінің мөлшерін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
2. Сақтандыру ұйымынан төленетін айлық сақтандыру төлемінің мөлшері зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күнге қолданыста болған ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.
3. Сақтандыру ұйымы деректемелері зейнетақы аннуитеті шартында көрсетілетін сақтанушының банк шотына сақтандыру төлемдерін аударады.
Сақтандыру төлемдерінің сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу сақтандыру ұйымының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Сақтандыру ұйымдары жүргізілген сақтандыру төлемдері туралы ақпаратты орталық атқарушы орган айқындаған тәртіппен Орталыққа ай сайын ұсынады.»;
34) 60-бапта:
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры сақтандыру сыйлықақысының сомаларын сақтандыру ұйымына аударған кезден бастап зейнетақы аннуитетi шарты күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
6. Басқа сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан жағдайда, бірақ оны жасасқан күннен кемінде екі жыл өткен соң, зейнетақы аннуитетi шарты тек сақтанушының бастамасымен ғана бұзылуы мүмкін.
Зейнетақы аннуитетi шарты бұзылған кезде:
1) онда көзделген сатып алу сомасы жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерi мен сақтандыру ұйымының iс жүргiзуге жұмсаған шығыстарының сомасы шегерiлiп, төленген сақтандыру сыйлықақысының сомасынан кем болмауға тиіс;
2) жаңадан жасалған зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан төленетін ай сайынғы сақтандыру төлемінің мөлшері жаңа зейнетақы аннуитетi шарты жасалған күнге қолданыста болатын ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен болмайды.
7. Егер осы Заңның 11-бабы 1-тармағында, 31-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 32-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асатын болса, осы айырма салымшыға (алушыға) осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді не салымшы (алушы) оны сақтандыру ұйымымен басқа зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін пайдаланады.
8. Сақтандыру ұйымының астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыстардың әкімшілік орталықтарында филиалдары болуы міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеуді сақтандыру ұйымы уәкілетті орган белгілеген әдістемеге сәйкес жүзеге асырады.
Сақтандыру ұйымының жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істерді жүргізуге арналған шығыстарының жол берілетін деңгейін, сондай-ақ сақтандыру төлемін индекстеу мөлшерлемесін уәкілетті орган белгілейді.
19-тармақтың 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19-тармақтың 34) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
10. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру төлемдері ай сайын жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы алғашқы ай сайынғы сақтандыру төлемін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымына зейнетақы жинақтары аударылған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
11. Сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитеті шартын жасасу жөніндегі делдалдық қызметтерді осы сақтандыру ұйымымен еңбек шартын жасасқан тұлғалар ғана көрсете алады.»;
35) 61-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін осы шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуге ерікті зейнетақы жарналарын пайдалануға;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) зейнетақы аннуитеті шарты бұзылған кезде зейнетақы аннуитеті шартын бұзу туралы өтінішпен жүгінуге және жаңа зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа сақтандыру ұйымымен жасалған шарттың түпнұсқасын беруге міндетті.»;
36) 62-баптың 1-тармағындағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын;»;
37) 63-бап алып тасталсын;
38) 9-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«9-тарау. Азаматтардың жекелеген санаттарын еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақымен қамсыздандыру»;
39) 64, 65 және 66-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«64-бап. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығы
1. Мыналар:
1) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген және қызметтен босатылған кезде қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толған;
2) әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемiнде жиырма бес жыл еңбек сiңiрген, штаттың қысқартылуына немесе өз еркі бойынша немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған;
3) жиырма бес және одан да көп жыл жалпы еңбек өтілі бар, оның кемiнде он екі жылын және алты айын үзіліссiз әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызмет, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет құрайтын және әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте болудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасына толуына не штаттың қысқартылуына немесе денсаулық жағдайына байланысты қызметтен босатылған әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.