3) 79-бапта:
1-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы «жасына, ауыруына, денсаулық жағдайының шектелуіне немесе штаттың қысқартылуына байланысты» деген сөздер «қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы немесе штаттың қысқартылуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «ауруы бойынша, денсаулығының шектеулі жағдайына және штаттың қысқартылуына байланысты» деген сөздер «денсаулық жағдайы және штаттың қысқартылуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «Жасы бойынша,» деген сөздер «Қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша,» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №5, 40-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 10-құжат; №3, 15-құжат; №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 жылғы 17 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
50-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «Жасы бойынша» деген сөздер «Әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., №10-11, 55-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 1-құжат; №6, 28-құжат; №8, 49-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; №22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; №8, 45-құжат; №10, 50-құжат):
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.25.12. № 122-VI ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) 1-бапта:
19-тармақтың 1) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шартты зейнетақы шотына меншікті қаражаты есебінен агенттер аударған ақша;
11-2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетілген бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшері;»;
12), 16), 17) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) зейнетақы - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің және (немесе) уәкiлеттi ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерінің және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жиынтығы;»;
«16) зейнетақы төлемдерi:
уәкiлеттi ұйымнан - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтілі бар жеке тұлғаларға еңбек өтіліне пропорционалды түрде жүзеге асырылатын ақша төлемдері;
еңбек сіңірген жылдары үшін - әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға осы Заңға сәйкес төленетін ақша төлемі;
19-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан - міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан - ерікті зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғаларға төленетін ақша төлемі;
17) зейнетақы төлемдерiн алушы (бұдан әрi - алушы) - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) уәкiлеттi ұйымнан зейнетақы төлемдерi және (немесе) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар жеке тұлға;»;
19-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19-тармақтың 1) тармақшасының он үшінші абзацы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
«24) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi - осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуына байланысты берiлетiн ай сайынғы ақшалай төлем;»;
26), 28) және 29) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
19-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші - он жетінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 1) тармақшасының он бесінші - он жетінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
«26) мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек - осы Заңда белгіленген мерзімдерде есептелген, ұстап қалынған (есепке жазылған) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылмаған мiндеттi зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ төленбеген өсімпұл сомалары;»;
«28) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi - агент) - Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесі, филиалдары, өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаны қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және аударатын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандыру ұйымы агент ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған салық агенттері (бұдан әрі - салық агенттері) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғалар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент ретінде қарастырылады;
29) мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысына және (немесе) еңбекақыны (табысты) жоғалтуға байланысты зиянды өтеу ретінде жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдеріне пайыздық қатынаспен көрсетілген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн төлем мөлшерi;»;
31) және 32) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«31) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары -еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, кәсіптері өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасы үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агенттер меншікті қаражаты есебінен аударған ақша;
32) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi - міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшiн алынатын, жұмыскердің табысына пайыздық қатынаспен көрсетiлген, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына агент төлемінің мөлшерi;»;
33) тармақша алып тасталсын;
19-тармақтың 1) тармақшасының жиырма үшінші - жиырма бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 42) және 43) тармақшалармен толықтырылсын:
«42) шартты зейнетақы міндеттемелері - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер есебінен төленетін зейнетақы төлемдері жөніндегі міндеттемелері;
43) шартты зейнетақы шоты - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер ескерілетін, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған шот.»;
ҚР 2015.28.10. № 369-V Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Зейнетақымен қамсыздандыру жөнiндегi мемлекеттiк кепiлдiктер
1. Мемлекет 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнеткерлiкке шыққан азаматтарды 1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн зейнетақы төлемдерiнiң белгiленген мөлшерiн сақтай отырып, зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi, одан кейiнгi кезеңдерде зейнетақы төлемдерi осы Заңның 15-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
19-тармақтың 2) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19-тармақтың 2) тармақшасының төртінші - тоғызыншы абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеге дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
2. Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемi:
1) жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы төлемдері 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған;
2) өмір бойғы ай сайынғы қамтылымды алатын отставкадағы судьяларды, әскери қызметшiлерді, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлерiн, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарды қоспағанда, осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғаларға беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 54 пайызы мөлшерінде, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға арттырыла отырып, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін беру кезінде:
1) осы Заңның 13-бабына сәйкес есептелген, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;
19-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 2) тармақшасының оныншы абзацы 2018 ж. 1 шілдеден бастап 2024 ж. 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
2) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
19-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші - он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
19-тармақтың 2) тармақшасының он бірінші - он сегізінші абзацтары 2018 жылғы 1 шілдеге дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылды
3) жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыт;
4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;
5) әскери қызметтегі, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі кезеңдер;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлерi жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
7) әскери қызметшiлер (мерзiмді қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде жұбайларымен бiрге тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең;
8) «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарындағы 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
9) бөгденің көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедекке, ІІ топтағы жалғызбасты мүгедекке және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қартқа күтім жасаған уақыт;
10) осы Заңның 24-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке жатқызылады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған жағдайда есепке жатқызылады.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі бюджет қаражаты есебінен беріледі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі жасына байланысты және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін, сондай-ақ мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алуына қарамастан беріледі.»;
3. Ең төмен зейнетақы мөлшері «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт болып табылады.
4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін арттыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын жүргізіледі.
5. Мемлекет еңбек сiңiрген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындайтын және (немесе) жүзеге асыратын органдарда осы құқығын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркеген азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға кепiлдiк бередi. Бұл жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап осы баптың 1 және 4-тармақтарының шарттары сақтала отырып жүзеге асырылады.»;
3) 5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдардың осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа толуы кезінде, инфляция деңгейiн ескере отырып, сондай-ақ 31-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.
Мемлекет осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған кезден бастап осы Заңның 11-бабы 1-тармағында белгіленген жасқа толғанға дейінгі кезең ішінде жүзеге асырылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.»;
2-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зейнетақы активтерінің сақталу кепiлдiгi, сондай-ақ:
19-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы 2024ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
19-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін осы Заңның 2-бабының редакциясында қолданылады
1) міндетті зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының және мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландыру;»;
4) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды;»;
19-тармақтың 4) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 3-1), 4-1) және 5-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу (есебiне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;»;
«4-1) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;»;
«5-1) әскери қызметшілердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын бекiтедi;»;
6) және 6-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекітеді;»;
«6-3) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын бекітеді;»;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) 7-бапта:
1), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
«5) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылардың бірыңғай тiзiмiн қалыптастыру қағидаларын әзiрлейдi және бекітеді;
6) міндетті зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының алтыншы - сегізінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) және 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу (есебiне жазу) мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртiбi мен мерзiмдерiн әзірлейді;
7-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жұмыс берушінің мiндеттi зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және оларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
7-3) әскери қызметшiлердің (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын қайтару қағидаларын әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының оныншы, он бірінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
8) және 9-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»
«9-4) зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау қағидаларын әзірлейді;»;
19-тармақтың 5) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 9-7) тармақшамен толықтырылсын:
«9-7) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алушыларға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
6) 8-бап мынадай мазмұндағы жаңа 1-1), 1-2) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді;
1-2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді;»;
«4-1) зейнетақы аннуитетінің үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді, зейнетақы аннуитеті шарты бойынша сақтандыру ұйымынан сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін белгілейді;»;
7) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау
1. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерiн тағайындау:
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2. Төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарда 1949 жылғы 29 тамыз - 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған азаматтардың «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:
1) ерлердің - 50 жасқа толғанда;
2) әйелдердің - 45 жасқа толғанда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері тағайындалуына құқығы бар.
3. 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдердің 53 жасқа толғанда Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар.