4) 73-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі болмаса, салынған объектіні пайдалануға жол берілмейді. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы өнеркәсіптік (өндірістік) объектілерді іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалануға жол беріледі. Стандарттау және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, іске қосу-жөндеу жұмыстары кезінде шығарылатын өнім объектіні пайдалануға қабылдау актісі бекітілгеннен кейін өткізіледі.».
11-тармақ 2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді
11. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 14, 42-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 2-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы «пен анық емес (қолдан жасалған) құжаттарды» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.»;
2) 3-баптың 1 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша - халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш берушілердің құжаттар ұсынуы талап етілмейді.
Орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша - жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, тұрғылықты жері бойынша - жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.»;
«4. Шартсыз ақшалай көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен алты ай сайын расталады.»;
3) 4-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «емдеудегі адамдар кірмейді.» деген сөздер «емдеудегі адамдар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) бірге тұратын, бірақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақтан Республикасы Кодексінің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес жақын туыс болып табылмайтын адамдар кірмейді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны туралы растама береді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттар топтамасын халықты жұмыспен қамту орталығына береді.»;
4-тармақтың бірінші абзацындағы «Өтініш берушінің құжаттарын қабылдау процесінде онымен» деген сөздер «Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті қабылдау процесінде өтініш берушімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігінің бесінші абзацындағы «барысына мониторинг;» деген сөздер «барысын мониторингтеу кіреді.» деген сөздермен ауыстырылып, алтыншы абзацы алып тасталсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт он екі айға жасалады.»;
11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «ағымдағы тоқсанға» деген сөздер «алты айға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 6-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктегі «ұсынылатын құжаттардың» деген сөздер «ұсынылған өтініштің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші және үшінші бөліктер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жиынтық табысты есептеу қағидаларын орталық атқарушы орган бекітеді.»;
5) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін уәкілетті орган жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада отбасының кәмелеттік жастағы әрбір мүшесіне есептегенде белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырма түрінде есептейді.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасылардың құрамындағы балаларға, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатындарға, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) атаулы әлеуметтік көмектің есептелген мөлшері облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен болмауы тиіс.»;
6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ тиісті бюджеттің атқарылуын бақылау шеңберінде жүзеге асырылады.».
12. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 15, 148-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 1-баптың 7) тармақшасындағы «(автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында» деген сөздер «аумағында, сондай-ақ тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 5-тармағындағы, 16-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 20-баптың 4-тармағындағы «шекара және кеден пункттерінде», «шекаралық және кедендік пункттерде» деген сөздер тиісінше «шекара және кеден пункттерінде, сондай-ақ тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында», «шекара және кеден пункттерінде, сондай-ақ тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат):
54-баптың 7-тармағындағы «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық» деген сөздер «Арнайы экономикалық және индустриялық» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 21-құжат; № 12, 85-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-ІІ, 131-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-ІІ, 70-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 14, 54-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат):
15-4-бапта:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар бекіткен даму бағдарламаларына енгізілген жобалар бойынша бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2009-2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.»;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Құрылысына 2015 жылға дейін қарыздық қаржыландыру (кредиттер, қарыздар), сондай-ақ нысаналы мақсаты электр станциясының құрылысын қаржыландыру болатын бұрын тартылған міндеттемелердің негізгі борышын қайта қаржыландыру және өтеу мақсаттары үшін алынған кредиттер (қарыздар), өзге де ақша тартылған электр станциялары 2009-2015 жылдар аралығында пайдалануға берілген және уәкілетті органмен және табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен инвестициялық шарттар жасасқан энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен пайдалануға берілген электр станциялары бойынша жеке инвестициялық келісімдерді оңайлатылған тәртіппен жасасады.».
15. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат):
33-баптың 3-тармағы «қызметтерге» деген сөзден кейін «, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жобаларды іске асыруға» деген сөздермен толықтырылсын.
16-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 12, 44-құжат; 2007 ж., № 24, 178-құжат; 2009 ж., № 23, 111-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 6, 28-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат):
10-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларындағы «1,05» деген цифрлар «1,4» деген цифрлармен ауыстырылсын.
17. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат):
1) 9-бапта:
4), 5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 41) тармақшамен толықтырылсын:
«41) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді.»;
2) 15-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
18. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толық тырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
5-баптың 3) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық» деген сөздер «Арнайы экономикалық және индустриялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аймақтың» деген сөз «немесе индустриялық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 66-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):
1) 1-баптың 11) тармақшасындағы «бөлшек сауда арқылы өткізуге бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 6-баптың 12-6) тармақшасы алып тасталсын;
3) 7-бапта:
11) және 21-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ай сайын мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін беру жоспарларын бекітеді;»;
«21-4) инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу және бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуы туралы есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 21-7) тармақшамен толықтырылсын:
«21-7) мұнай өнімдерін беру жоспарын қалыптастыру тәртібін әзірлейді;»;
4) 10-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында алдағы күнтізбелік жылға айлар бөлінісінде мұнай өнімдерін тұтыну болжамын жасайды;»;
2-1) тармақша алып тасталсын;
5) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұнай өнімдерін өндіруші инвестициялық бағдарлама бекітілгеннен кейін ағымдағы шотты ашады, оның қаражаты инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру мақсатына ғана жұмсалады.»;
6) 18-бапта:
7, 8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ай сайын, жоспарланып отырған айдың алдындағы айдың 25-інен кешіктірмей алдағы күнтізбелік айға мұнай өнімдерін беру жоспарын бекітеді және оны өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Мұнай өнімдерін беру жоспарында:
1) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілердің және мұнай өнімдерін өндірушілердің тізбесі;
2) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші:
тікелей беру шеңберінде;
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес тауар биржалары арқылы алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының ішкі нарығына беруге міндетті мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі;
3) қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, әрбір мұнай беруші және мұнай өнімдерін өндіруші осы Заңда белгіленген шарттарда өз қалауы бойынша алдағы күнтізбелік айда Қазақстан Республикасының аумағында не оның шегінен тыс жерлерге өткізуге құқылы мұнай өнімдерінің әрбір түрінің көлемі көрсетіледі.
8. Қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, мұнай берушілер және мұнай өнімдерін өндірушілер өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін беруді мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.
Мұнай өнімдерін беру жоспары шеңберінде мұнай өнімдерін одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды жүзеге асырған тұлғалар сатып алынған мұнай өнімдерін осы Заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығында ғана өткізуге міндетті.»;
«10. Мұнай берушілер мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасында өндірілетін шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін беру графигінің және мұнай өнімдерін беру жоспарының орындалуы туралы есеп береді.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген ережелер мазутты беруге қолданылмайды.»;
7) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізу құқығына мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер ғана ие болады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар өздеріне меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі шикі мұнайдан және (немесе) газ конденсатынан өндірілген мұнай өнімдерін ғана мұнай өнімдерін беру жоспарында көрсетілгеннен аспайтын көлемдерде Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы.
Өзге тұлғалар мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерге өткізуді жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақта белгіленген шектеулер мазутты беруге қолданылмайды.»;
8) 23-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін тұтыну жөніндегі болжамды жыл сайын ұсынады.».
20. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 2, 9-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 21, 122, 123-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 71-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 11, 29-құжат; № 16, 56-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат):
1) 17-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «, кедендік бақылаудан (кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операцияларды жүргізу бөлігінде) және бақылаудың өзге де түрлерінен» деген сөздер «және өзге де бақылау түрлерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
2) 19-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіруі және аумағынан шығуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Инкассация қызметінің арнайы автомобиль көлігінің кіруі мен шығуын жүзеге асыру пломбаланған инкассаторлық қаптарды (сөмкелерді) ашпай, оны жете тексеру (қажет болған кезде) арқылы жүргізіледі.
Тасымалданатын бағалы жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инкассация қызметі жұмыскерлерінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қорғану құралдарын пайдалануға, қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге құқығы бар.»;