мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Кемінде 167 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салықтар төлеуді қамтамасыз етудің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгертудің қосымша негізі болып табылады.»;
3) 372-баптың 5-тармағының 7) тармақшасындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 386-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 389-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «арнайы экономикалық аймақтарды құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 390-бап алып тасталсын;
7) 391-бапта:
тақырыптағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағын» деген сөздер «Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы және 1) тармақшасындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағын», «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер тиісінше «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты», «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен, 3-тармақтағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 393-баптың 1-тармағының төртінші бөлігіндегі «Осы тармақта» деген сөздер «Осы тармақтың бірінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 394-баптың бірінші бөлігінде:
39) тармақшадағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
43-1) тармақшаның үшінші абзацындағы «арнайы экономикалық аймақтарды құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 521-баптың 3-тармағының 7) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
11) 564-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «әкімшілігімен» деген сөз «басқарушы компаниясымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 21-бөлімнің тақырыбы «жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына» деген сөздермен толықтырылсын;
13) 79-тараудың тақырыбы «жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 708-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «арнайы экономикалық аймақты құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасындағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «арнайы экономикалық аймақты құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын;
2) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органында немесе шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ құзыретіне жататын салық органының аумақтық бөлімшесінде тұрған жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелген;»;
4) тармақшадағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын» деген сөздер «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағын» деген сөздер «Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«арнайы экономикалық аймақты құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысты өтініш берушілерге шетелдік жеке және заңды тұлғалар да жатпайды.»;
5-тармақтағы «, 390» деген цифрлар алып тасталсын;
6-тармақта:
екінші бөлік «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық» деген сөздерден кейін «және индустриялық» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық» деген сөздер «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 709-бапта:
тақырып «дара кәсіпкерлерге» деген сөздерден кейін «және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартты бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес салықтар мен төлемақы бойынша преференциялар шартты бұзуға себеп болып табылатын бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең басталған күннен бастап жойылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылық күнін көрсете отырып, олармен жасалған шарт бұзылған арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары туралы мәліметтерді осындай қатысушылардың тұрған жеріндегі салық органдарына ұсынады.
Бұл ретте салық төлеуші шарт бұзылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей шартты бұзуға себеп болып табылған бұзушылыққа жол берілген салықтық кезең үшін қосымша салықтық есептілікті ұсынуға міндетті.»;
4-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен және 5-тармақтағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың екінші бөлігіндегі «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниялары бюджетке төленуге жататын, жер салығының, мүлік салығының және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақының сомасын айқындау кезінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын (пайдалану жоспарланатын) салық салу объектілері (салық салынатын объектілер) бойынша есептелген салық пен төлемақы сомаларын 100 пайызға азайтады.».
5. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2017 ж., № 23-І, 23-ІІ, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат):
1) мазмұнындағы 567-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 281-бапта:
2-тармақтағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың екінші бөлігіндегі «арнайы экономикалық аймақтарды құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 282-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы және 5-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацындағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 291-баптың 1-тармағындағы және 6-тармағының 3) тармақшасындағы «аймақтар», «аймақ» деген сөздер «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 558-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін АЭА құрылғанға дейін оның аумағындағы шетелдік тауарлар осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған деп есептеледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар осы Кодекстің 291-бабы 6-тармағының 3) тармақшасында және 281-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда 2019 жылғы 1 шілдеге дейін кедендік декларациялауға жатады және кеден органдары мұндай тауарлар АЭА-ның аумағына кедендік рәсіммен орналастыру алдындағы алдын ала кедендік операцияларды жүргізбей кедендік декларация беру күні әкелінгендей етіп қарайды.»;
6) 567-бап алып тасталсын.
6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2 құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 2-бапта:
44-1) және 44-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«44-1) тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
44-2) тұрғын үй төлемдері - тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ осы Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнайы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша;»;
мынадай мазмұндағы 44-3) тармақшамен толықтырылсын:
«44-3) тұрғын үй төлемдерін алушылар - тұрғын үй төлемдерін алатын арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілер;»;
2) 10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-14) тармақшамен толықтырылсын:
«10-14) тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекітеді;»;
3) 10-3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:
«4-7) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;»;
4) 10-4-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;»;
5) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:
«14-1-бап. Тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын іске асыру
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне сатып алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаттарын береді.
2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды.».
7. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат):
1-баптың 15) тармақшасындағы «(автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің) аумағында,» деген сөздер «аумағында, тауарларды автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізудің өзге де орындарында (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде),» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; №13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат):
1) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық компания мәртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз атауында «ұлттық», «орталық», «бюджеттік», «республикалық» деген сөздерді пайдалануға тыйым салынады.»;
2) 34-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру ұйымының басқару органы басшысының лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.».
9. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат):
1) 6-бап мынадай мазмұндағы 2-9-тармақпен толықтырылсын:
«2-9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жатады.»;
2) 27-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8-3) және 17-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-3) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру туралы шешім қабылдайды;»;
«17-8) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;»;
32) тармақша алып тасталсын;
32-1) тармақшадағы «ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасы мен сенімділігін арттыру мақсатында» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 35) тармақшамен толықтырылсын:
«35) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады.»;
3) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-4) тармақшамен толықтырылсын:
«14-4) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;».
10. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат):
1) 5-баптың бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «экономикалық» деген сөзден кейін «және индустриялық» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 27-1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың объектілерін жобалау, салу, реконструкциялау, оларға техникалық қайта жарақтандыруды, кеңейтуді, күрделі жөндеуді жүргізу және оларды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттердің стандарттарын тікелей қолдануға жол беріледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы, сондай-ақ республикалық индустрияландыру картасына енгізілген объектілерді салу кезінде Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасына сәйкес халықаралық құрылыс нормалары мен қағидаларының, сондай-ақ халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттарының талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдары мен конструкцияларын қолдануға жол беріледі.»;
3) 60-баптың 9-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрменің, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың объектілері бойынша жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жерлерді және (немесе) оның аумағындағы құрылысты игеру үшін шетелдік заңды тұлғалар немесе жекелеген мамандар орындаған жобалау алдындағы құжаттама және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарының шарттарында және сатылары бойынша, осы Заңда, мемлекеттік нормативтерде және жобалауға берілген тапсырмада белгіленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамы мен көлемінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қоса алғанда, мемлекеттік нормативтерде белгіленген міндетті талаптар сақталған кезде әзірленуге тиіс.»;