225-7-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданысын тоқтату негіздері
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік өз қолданысын мынадай:
1) экспортты қолдау бойынша кепілдік шартында айтылған міндеттемелер толық орындалған;
2) оның қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тоқтатады.
3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
118-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру»;
мынадай мазмұндағы 124-10-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«124-10-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау»;
211-баптың тақырыбы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 282-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«282-1-бап. Инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты»;
2) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) индустриялық аймақтар;»;
3) 100-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын операторлардың өкілеттіктерін әзірлейді және бекітеді;»;
4) 105-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:
«8-3) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;»;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) негізгі қызметі инновацияларды дамытуға және инвестициялар тартуға бағытталған заңды тұлғаларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы;»;
5) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру
1. Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдайлар жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нарығының жай-күйі табиғи монополия болып табылады.»;
6) 124-8-бапта:
1) тармақшаның бесінші абзацындағы «мерзімдерде ұсынуға» деген сөздер «мерзімдерде» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«баға деңгейін растайтын негіздеуші материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты бағаларды мемлекеттік реттеу енгізілген күннен бастап немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өндіру (өткізу) басталған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге босату бағасын алдағы көтеруге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын ұсынуға;»;
7) тармақшадағы «орындауға міндетті.» деген сөздер «орындауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) өзінің интернет-ресурсында не табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында босату бағалары туралы, жария тыңдаулардың нәтижелері және қаржылық есептілік туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.»;
7) 11-1-тарау мынадай мазмұндағы 124-10-баппен толықтырылсын:
«124-10-бап. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру және профилактикалық бақылау нысанында осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады.
2. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде мынадай ден қою шаралары қабылданады:
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;
2) қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің баға белгілеу тәртібі мен міндеттерінің бұзылуын жою туралы нұсқама шығару;
3) құқық қорғау және өзге де органдарға материалдарды беру.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган талдаудың және ақпараттық жүйелер, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің негізінде бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бармай жүзеге асырады.
4. Қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын бақылау субъектісіне (объектісіне) беру және бақылау субъектісіне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.
Бақылау субъектілеріне бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын беру үшін бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалып, бақылау субъектісіне оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріледі.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісінің жеке өзіне қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - хабарламасы бар тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы кезінде бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жіберген күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне не азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға оны табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылықты жіберуге құқылы.
10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты оларға бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.»;
8) 138-баптың 94) тармақшасы алып тасталсын;
9) 211-бап алып тасталсын;
10) 246-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі шаралар және ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компаниялар және олардың өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, ұлттық даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалар жатады.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) экономиканың басым секторларын дамытуды және өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетеді;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізеді, жұмыс істеп жатқан және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, инвесторларға туындайтын мәселелерді шешуде жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды қолдап отыру бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.»;
мынадай мазмұндағы 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«9. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар:
1) тиісті өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;
3) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) өңірдің аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері инвестициялық тақырып бойынша ұйымдастырған, оның ішінде шет мемлекеттің аумағындағы іс-шараларға қатысады;
7) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет туралы, оның ішінде инвестицияларды қажет ететін индустриялық-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты тұрақты түрде береді;
8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторларды қолдап отыру бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды.
10. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады.»;
11) 247-баптың 1) тармақшасындағы «, оның ішінде дербес кластерлік қор» деген сөздер алып тасталсын;
12) 248-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» деген сөздер «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 249-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген, кәсіпкерлік қызмет объектілерін, оның ішінде өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, туристік индустрия, көліктік логистика, қалдықтарды басқару саласындағы объектілерді орналастыру және пайдалану үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін аумақ индустриялық аймақ болып табылады.»;
14) 256-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Индустрияландыру картасы республика деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді.
Өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы өңір деңгейінде индустриялық-инновациялық жүйені мониторингтеу (іске асыру) құралы болып табылады және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын индустриялық-инновациялық жобалар жиынтығын білдіреді.»;
15) 257-бапта:
4-тармақта:
«аймақтарда» деген сөз «және индустриялық аймақтарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық» деген сөздер «Арнайы экономикалық және индустриялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бәсекеге қабілеттілік - шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін, ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты;»;
3) тармақшадағы «маңыздылығын басшылыққа алуға міндетті.» деген сөздер «маңыздылығын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
«4) экспортқа бағдарланушылық - өндірістің өнім мен көрсетілетін қызметтер экспортына бағытталуын;
5) еңбек өнімділігі - пайдаланылатын ресурстардың бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткішін басшылыққа алуға міндетті.»;
16) 271-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің мақсаттары үшін кластер деп түпкі немесе аралық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер өндірушілерді, жинақтауыштарды, мамандандырылған көрсетілетін қызметтерді берушілерді, өндірістік және өзге де жабдықты өндірушілерді, мамандандырылған инфрақұрылымның өнім берушілерін, ғылыми және зерттеу ұйымдарын, жоғары білім беру ұйымдарын, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын және белгілі бір салалық мамандануы бар басқа да ұйымдарды қамтитын, өзара байланысты және өзара толықтыратын компаниялар мен ұйымдардың географиялық жағынан шоғырландырылған тобы түсініледі.»;
17) 282-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар жүзеге асыратын, инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларды қолдап отыру жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асырады.»;
4, 5 және 6-тармақтар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін жобаны инвестициялық деп айқындау тәртібін әзірлейді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тәртіп, өзгелерден басқа, жер учаскесін беруді тиісті өңірлік үйлестіру кеңесімен келісу рәсімін көздеуге тиіс.»;
18) мынадай мазмұндағы 282-1-баппен толықтырылсын:
«282-1-бап. Инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты
1. Инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен даярлауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейтін, инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларға жәрдемдесудің орталықтандырылған нысаны түсініледі.
2. Инвесторлар үшін «бір терезені» ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және олар «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін экономиканың нақты салаларында инвестициялар мөлшерін, сондай-ақ:
1) Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторды қолдап отыруды ұйымдастыру;
2) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның орталық және өңірлік деңгейлерде инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компаниямен және оның өңірлік өкілдерімен және өкілдіктерімен, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
3) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияның және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктерінің, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдардың инвестициялар тарту мәселелері бойынша шетелдік мекемелермен, мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
4) инвесторлардың инвестициялық қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсету процесін мониторингтеу, сондай-ақ инвестициялар тарту үшін инвестициялық жобаларды қолдап отыруды мониторингтеу тәртібін айқындайды.
Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік және басқа да қызметтерді көрсетуге жауапты мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрықпен инвесторларға осы қызметтерді көрсету шеңберінде өзара іс-қимыл жасау және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда оларды қолдап отыру үшін жауапты тұлғаларды айқындайды.
3. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар инвесторлар үшін «бір терезе» шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар алдында инвестордың өтінішін қарау туралы өтінішхат беруге және мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға мемлекеттік және басқа да көрсетілетін қызметтерді алу бөлігінде инвесторлардың құжаттарын енгізуге құқылы.»;
19) 284-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы инвестициялық жоба деп арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес еркін қойма иесі ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған (іске асыратын) және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысынан сатып алынған не моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы іске асырған инвестициялық жоба түсініледі.»;
20) 286-бапта:
5-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржы институттары арқылы лизингтік қаржыландыруды және кредит беруді қоса алғанда, қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық шарттарымен бөлінетін ақшаны қоспағанда, инвестициялық басым жобаны іске асыру үшін қаржыландыру көздері не кепілдіктері ретінде бюджет қаражаты тартылмайды;»;
4) тармақшаның үшінші абзацындағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1-тармақтың 1) тармақшасындағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 292-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «анықтамалары болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі.» деген сөздер «анықтамалары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) тартылатын шетелдік жұмыскер паспортының немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса) көшірмелері болған кезде инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қабылданады және тіркеледі.»;
22) 295-1-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Тараптардың келісімі бойынша арнайы инвестициялық келісімшарт мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде арнайы инвестициялық келісімшартты жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арнайы инвестициялық келісімшарт бойынша берілген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген кедендік баждардың сомаларын төлемейді.».
4. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-І, 22-ІІ, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
390-баптың тақырыбы алып тасталсын;
391-баптың тақырыбындағы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-бөлімнің тақырыбы «жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздерден кейін «, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына» деген сөздермен толықтырылсын;
79-тараудың тақырыбы «жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздерден кейін «және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына» деген сөздермен толықтырылсын;
709-баптың тақырыбы «дара кәсіпкерлерге» деген сөздерден кейін «және арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларына» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 49-баптың 10-тармағында:
бірінші бөлік 2) тармақшадағы «болып табылған жағдайда жүргізіледі.» деген сөздер «болып табылған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) тауарды порттық арнайы экономикалық аймақтың немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына импорттаушы тұлға порттық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе логистикалық арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылған жағдайда жүргізіледі.»;