3) 22-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ шегінде қызметтік міндеттерді шешу үшін Мемлекеттік шекара арқылы өткізу олардың орналасуына сәйкес келетін аумақтық құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы (оны алмастыратын адам) қол қойған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органымен келісілген және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің осындай арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын әскери бөліміне ұсынылған тізімдер негізінде қызметтік куәліктер бойынша жүзеге асырылады.»;
4) 56-бапта:
42) тармақша «өткізу пункттерінде» деген сөздерден кейін «және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:
«42-1) Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекітеді;».
21. «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-І, 50-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 8-ІІ, 68-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
2-қосымшаның 187-жолы алып тасталсын.
22. «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 11, 62-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) дербес кластерлік қор (бұдан әрі - Қор) - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым;»;
2) тармақшадағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-баптың 2-тармағындағы «аймақтар» деген сөз «және индустриялық аймақтар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қамқоршылық кеңес инновациялық кластер қатысушыларының тізбесіне енгізген ғылыми ұйымдар, тәуекелмен инвестицияланатын акционерлік инвестициялық қорлар, білім беру ұйымдары, технологиялық парктер, салалық конструкторлық бюролар, технологияларды коммерцияландыру орталықтары, ұлттық даму институттары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мәртебесі бар заңды тұлғалар инновациялық кластердің қатысушылары болып табылады.»;
3) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
4) 3-тараудың тақырыбындағы «басқару» деген сөз «басқарудың және Қордың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқаруды республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы айқындайтын басқарушы компания жүзеге асырады.
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын басқару Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
6) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Қордың функциялары
Қордың функцияларына:
1) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын қаржыландыру;
2) инновациялық кластер қатысушыларының шетелдік әріптестермен ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
3) инновациялық кластер қатысушыларының жобаларын іске асыру үшін әлеуетті инвесторларды іздестіру;
4) трансұлттық корпорациялармен технологиялық даму орталықтары нысанында бірлескен кәсіпорындар құруға, оларды басқаруға және үйлестіруге қатысу;
5) шетелдік инвестициялық қорларға қатысу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар жатады.»;
7) 9-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Басқарушы комитеттің қызметін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді.»;
4-тармақта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қордың атқарушы органы Басқарушы комитеттің және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның шешімдері негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді.
Қордың атқарушы органының құрылымы мен құзыреті Қор жарғысында айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:
1) Қордың атқарушы органының сандық құрамын, басшысы мен мүшелері өкілеттіктерінің мерзімдерін айқындайды;
2) Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерін сайлайды, сондай-ақ Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатады.»;
8) 13-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
23. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VІІ, 116-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат):
1) 23-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын, оның ішінде табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
2) 7-тараудың тақырыбындағы «және арнайы экономикалық аймақтардағы» деген сөздер «, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 56-бапта:
тақырыптағы «аймақтардағы» деген сөз «және индустриялық аймақтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
«аймақтардағы» деген сөз «және индустриялық аймақтардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«аймақтың» деген сөз «немесе индустриялық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық аймақтың басқару органы» деген сөздер «немесе индустриялық аймақтағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезінде мемлекеттік әріптес ретінде арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
«арнайы экономикалық аймақтың басқару органы» деген сөздер «арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«арнайы экономикалық аймақтарды құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Арнайы экономикалық аймақтың басқару органы» деген сөздер «Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «аймақтың» деген сөз «немесе индустриялық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 120-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):
5-баптың 1-тармағының 11) тармақшасындағы «қатысу жатады.» деген сөздер «қатысу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын;
«12) «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты құру туралы шешімінің жобасын қарау жатады.».
25-тармақ 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
25. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 142-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат):
26-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен және 13) тармақшадағы «білім алып жатқан адамдар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.» деген сөздер «білім алып жатқан адамдар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам;»;
«15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалатын тәртіппен ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.».
26. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат):
32-баптың 2-тармағында:
4) тармақша алып тасталсын;
7) тармақшадағы «арнайы экономикалық аймақтарды құру,» деген сөздер «арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру,» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 8-І, 64-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат):
42-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының аумағындағы бүкіл елді мекендерде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның ішінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы барлық елді мекендерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тағайындалған оператор Дүниежүзілік пошта одағының актілерінен туындайтын міндеттемелерді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында халықаралық пошта алмасу орындарын құрады. Тағайындалған оператор халықаралық пошта алмасу орындарының қажетті санын, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Тағайындалған оператор Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орындарын құруға құқылы және мұндай қызметті Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде және халықаралық пошта жөнелтілімдерін алмасу және өңдеу орны құрылатын шет мемлекеттің заңнамасында көзделген шарттарда жүзеге асырады.».
28. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 14, 43-құжат):
6-баптың 1-тармағының 17) тармақшасындағы, 7-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 12) тармақшасындағы және 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының» деген сөздер «шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
1) 2019 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 11-тармағын;
2) 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 16 және 25-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 3 сәуір
№ 243-VІ