5-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін құжаттарды басшы қызметкер лауазымына кандидат не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері ұсынуы мүмкін.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі басшы қызметкер лауазымына кандидат осы лауазымдарға қойылатын талаптарға сай келген жағдайда бір не бірнеше лауазымға берілуі мүмкін.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімі басшы қызметкер лауазымын қайта келісусіз атқаруға құқық береді және мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, сақтандыру брокерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына келісілген кандидатты басшы қызметкер лауазымына келісім алынған немесе одан босатылған (өкілеттігі тоқтатылған) күннен бастап он екі ай ішінде тағайындамау (сайламау);
2) уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Басшы қызметкер лауазымына кандидат тиісті функцияларды уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы емес.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген тыйым салу тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған, тиісті функцияларды сайланған күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзім бойы уәкілетті органмен келіспей жүзеге асыруға құқылы адамға қолданылмайды.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
Басқару органы басшысының міндеттерін атқару басқару органының мүшесіне немесе атқарушы орган басшысының міндеттерін атқару атқарушы органның мүшесіне күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін уәкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды алмастыруына) тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өзі аталған лауазымға сайланғанға дейін де, одан кейін де келісілуі мүмкін.
Тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі келісілген кезде сайланғаннан кейін келісуге құжаттар уәкілетті органға осы баптың 6-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде ұсынылуға тиіс.
Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және келісуге құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
6-2. Уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды пайдаланған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға басшы қызметкер лауазымына кандидатқа қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттарды тағайындауға (сайлауға) келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау мерзімін уәкілетті орган осы басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттарға қатысты уәжді пайымдауды қалыптастырған кезде тоқтата тұрады. Осы мерзім басшы қызметкер лауазымына кандидатты келісуге құжаттарды ұсынған тұлғаға уәжді пайымдау жобасы жіберілген күннен бастап уәкілетті орган уәжді пайымдауды пайдалана отырып, шешім қабылдаған күнге дейін тоқтатыла тұрады.»;
7-тармақтың бірінші бөлігі «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының» деген сөздерден кейін «, сақтандыру холдингінің» деген сөздермен толықтырылсын;
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, осы Заңның 16-2-бабында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар тестілеудің теріс нәтижесі болып табылады:
басшы қызметкер лауазымына кандидатты тестілеу нәтижесінің дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
келісілген мерзім ішінде басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) уәкілетті орган ескертулерінің жойылмауы немесе уәкілетті органның ескертулері ескеріле отырып пысықталған құжаттардың уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылуы;
4) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;
5) тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына кандидат өз лауазымын уәкілетті органмен келіспей атқаратын, осы баптың 6-1-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзім өткеннен кейін құжаттардың ұсынылуы;
6) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган осындай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
7) уәкілетті органда басшы қызметкер лауазымына кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган қаржы ұйымының әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкер не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басшы қызметкерлер құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Басшы қызметкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органды осы ақпарат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
10-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берген келісімін мынадай негіздер бойынша кері қайтарып алады:
1) келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтердің анықталуы;
2) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;
3) уәкілетті органның осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолдануы;
4) сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық емес көлемде төлеуі;
5) алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болуы;
6) сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде сақтандыру ұйымының соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамауы;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды соңғы он екі ай ішінде екі және одан көп рет орындамауы немесе тиісінше орындамауы, оның ішінде оны бұрмалауы және (немесе) толық және (немесе) уақтылы ұсынбауы;
8) басшы қызметкерлердің осы бапта, осы Заңның 16-2-бабында, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында және 59-бабының 2-тармағында, «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі.
Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру холдингінде, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері:
1) уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі бұзылған жағдайларда басшы қызметкермен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған кезде басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
12 және 13-тармақтар алып тасталсын;
29) 37-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:
«1-2. Өтініш беруші уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алуға өтініш бергенге дейін:
1) барлық ұйымдастырушылық-техникалық, оның ішінде бухгалтерлік есепке алу және бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру мәселелері жөніндегі іс-шараларды орындауға;
2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау, ішкі аудит жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге;
3) басшы қызметкерлерді келісу жөніндегі талаптарды орындауға;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырудың ішкі қағидаларының болуын қамтамасыз етуге;
5) штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарийдің болуы;
6) сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шартын, егер сақтандыру ұйымының осындай ұйымға міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген болса, жасасуға;
7) осы Заңның және Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарының талаптарына сәйкес дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен қатысу шартын жасасуға міндетті.
1-3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат алу кезінде ұсынылған бизнес-жоспарда көзделген сақтандыру сыныптары шегінде лицензия беру туралы өтініш;
2) осы баптың 1-2-тармағында көрсетілген талаптардың орындалғанын растайтын құжаттар;
3) бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
4) жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелері.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ уәкілетті органға мынадай құжаттарды:»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бизнес-жоспар сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) ескеріле отырып (сақтандыру ұйымының тұтастай алғандағы қызметі бойынша) жасалады және ол:
1) сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін өтініш білдірген күнге осы Заңның 27-бабына сәйкес бұрын ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан аз қалған жағдайда, «жалпы сақтандыру» саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - таяудағы үш жылға және «өмірді сақтандыру» саласының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін бес жылға;
2) сақтандыру ұйымы сақтандырудың қосымша сыныбы (сыныптары) бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзім өткенге дейін екі жылдан кешіктірмей өтініш білдірген жағдайда, осы Заңның 27-бабына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспар жасалған мерзімнің соңына дейінгі кезеңге әзірленуге тиіс.
Осы Заңның 27-бабына сәйкес бизнес-жоспарда талап етілетін ақпаратқа қосымша ретінде бизнес-жоспарда мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:
1) мыналардың:
сақтандыру сыныбы бойынша өтелетін тәуекелдердің;
сақтандыру портфелі құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде өткізу тәсілдерінің негізгі сипаттамалары (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін, экономикалық негіздемесі бар сақтандыру тарифтерінің есеп-қисабы (сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы бойынша);
3) пайда, залал туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);
4) сақтандыру резервтері туралы болжам (тұтастай алғанда сақтандырудың әрбір қосымша сыныбы және сақтандыру портфелі бойынша);
5) залалдылық болжамы, ең нашар және ең жақсы ахуалдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша);
6) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары);
7) инвестициялық саясат (тұтастай алғанда сақтандыру ұйымының қызметі бойынша).»;
4-тармақ алып тасталсын;
5 және 5-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде сақтандырудың осы сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастай отырып, сондай-ақ лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге жатады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.
Акционерлер жалпы жиналысының шешімімен лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған кезде лицензия шешім қабылданған күннен бастап бір жүз сексен күн ішінде қайта ресімделуге жатады.
5-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру сыйлықақыларын, жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, сақтандырудың осы сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салынады. Бұл тыйым салу осы баптың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган хабардар етілген күннен бастап қолданылады.
Сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымы (ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;
2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру ұйымына (ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы Заңның 37-1-бабы 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға;
3) басқа сақтандыру ұйымында (ұйымдарында) сақтандырудың осы сыныптары (қызмет түрі) бойынша сақтандыру портфелін қабылдауға заңнамалық шектеулер болған кезде сақтанушылармен (қайта сақтанушылармен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 5-2-тармақпен толықтырылсын:
«5-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысы бұрын қабылдаған шешімінің күшін жою туралы шешім қабылдаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті органға осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына және 3-тармағына сәйкес бизнес-жоспарды ұсынуға міндетті. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бизнес-жоспарын уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте осы баптың 5-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тыйым салу уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бизнес-жоспарды мақұлдағанға дейін қолданылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлері жалпы жиналысының лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын және (немесе) қызмет түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
1) уәкілетті органның сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының филиалына қатысты осы баптың 5, 5-1, 5-2 және 6-тармақтарында көзделген шешімдерді Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының басқару органы қабылдайды.»;
7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: