«9. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 9), 10), 11), 11-1) және 11-2) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру сыныптарымен өтелетін тәуекелдерді қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан, залалды өтеуге міндетті сақтанушы келтірген залалдың орнын ішінара немесе толық толтыру мөлшерінде үшінші тұлғаларға сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
10. Заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру сақтанушының (қарыз алушы-заңды тұлғаның) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредитордың залалдары туындаған кезде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;
6) 8-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) туристі міндетті сақтандыруды қоспағанда, «өмірді сақтандыру» саласына жатпайтын міндетті сақтандыру түрлерімен біріктірілмейді.»;
7) 9-бапта:
4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы «жалпы сақтандыру» саласы бойынша лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.»;
«6. Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы «өмірді сақтандыру» және «жалпы сақтандыру» салаларында барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:
1) сақтандыру брокерінің;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:
1) сақтандыру брокерінің;
2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;
3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру брокерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының) делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, сақтандыру брокері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы) уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы тәуекелдерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға орналастыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтандыру тәуекелдерін «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру уәкілетті орган мен «Астана» халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлға арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде жүзеге асырылады.»;
11-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:
«13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті не «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылар не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруіне тыйым салынады.»;
11-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 10-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу, оның ішінде сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасын білуге емтихан өткізу және емтиханның қорытынды нәтижесін көрсете отырып, сақтандыру агенттерін оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша емтихан тапсырғанын растайтын құжат беру;»;
9) 11-бапта:
2-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде, сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;»;
3-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Сақтандыру ұйымы өзінде ірі қатысушы-жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған кезде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым құруға құқылы. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның құрылу тәртібі мен қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында реттеледі.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының жекелеген заңдарында көзделеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына қолданылмайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
10) 11-1-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) сақтандыру агентінің комиссиялық сыйақысының мөлшерін айқындау тәртібін;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға жарамды лицензиясы бар актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының штатында тұрған актуарий осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) оның акционерінің және (немесе) оның басшы қызметкерінің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий, тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.»;
6-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, оның акционерлерінің және (немесе) басшы қызметкерлерінің үлестес тұлғасы және штаттағы актуарийдің туысы болмауға;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, уәкілетті органның актуарлық қызметке арналған жарамды лицензиясы болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.»;
11) 12-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы болған кезде дербес басқаруға және (немесе) оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымының сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары меншікті қаражаты мен сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарты бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оны (оларды) инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша инвестициялық тәуекелдерді сақтанушы көтереді.»;
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2 және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерге сақтандыру ұйымының, кастодиан-банктің және инвестициялық портфельді басқарушының борыштары бойынша тыйым салуды немесе өндіріп алуды қолдануға санамаланған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда да жол берілмейді.
5-2. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтердің құнын айқындау уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған шарттарда, әдістеме бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады.
5-3. Сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді, сақтандыру ұйымын ерікті түрде, мәжбүрлеп тарату немесе сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру жағдайларын қоса алғанда, сақтанушылар арасында бөлу ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
6-тармақтың екінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
12) 13-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац және 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің атауы;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі өкілеттікті қоса алғанда, жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттігі;
6-2) бірлескен қызмет туралы шарттың тараптары арасында ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары, сақтандыру төлемдері, сондай-ақ жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сыйақылары бойынша өзара есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокері арасында шарттары бірлескен қызмет туралы шартта белгіленетін келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.
Сақтандыру брокерінің қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан кезде сақтандыру брокері жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген функцияларын жүзеге асырады.»;
13) 15-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы «құны» деген сөзден кейін «не бағалау туралы есепте көрсетілген құны (нарықтық құны болмаған жағдайда)» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен мәміле осы баптың 1-тармағының талаптары ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің шешімімен ғана жасалады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы үлгілік шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі бұрын бекіткен және үшінші тұлғалармен жасалатын ұқсас мәмілелерге қолданылатын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен жасалатын мәмілелерге қолданылмайды.»;
11-тармақтың 14) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 15-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-2-бап. Электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу кезінде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының заңдарында немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайларда, электрондық нысанда сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру ұйымы мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу сақтандыру ұйымының интернет-ресурсын және (немесе) ақпараттық жүйесін дерекқормен интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру ұйымының және тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру ұйымы әріптестерінің электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында сақтандыру ұйымының электрондық нысанда сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу үшін пайдаланылатын интернет-ресурсына сілтеме орналастырылады.
3. Дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Сақтандыру ұйымы осы баптың 1-тармағына және 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсын және (немесе) басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдаланған кезде:
1) сақтанушыға сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы электрондық хабар түрінде хабарламаның дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушыны (сақтандырылушыны) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, сақтандыру жағдайын реттеу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартуды (бас тарту себептерін көрсете отырып) қоса алғанда, реттеу процесінің негізгі кезеңдері туралы электрондық хабар түрінде хабардар етуді;
3) сақтанушының (сақтандырылушының) жасалған сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
4) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпаратты сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында тексеру мүмкіндігін;
5) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, сақтандыру шартының электрондық нысанда және сақтандыру жағдайы жөніндегі ақпараттың сақталуын;
6) сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының):
сақтандыру шартын жасасуға және өзгертуге;
сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтатуға;
сақтандыру жағдайының (сақтандыру жағдайы ретінде қаралатын оқиғаның) басталғаны туралы хабардар етуге;
келтірілген зиян мөлшерін айқындауға;
сақтандыру төлемін алуға;
осы Заңның 86-бабының 1-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сақтандыру омбудсманына келіспеушіліктердің бар екендігі туралы ақпарат жіберу үшін сақтандыру шартынан туындайтын дауларды реттеуге қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге де құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандыру ұйымына жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Сақтандыру шартын жасасу және сақтандыру жағдайларын реттеу туралы хабарлама уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі;
7) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес дербес деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыру кезінде дербес деректерді қорғауды;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен сақтандыру шартының қолданылу мерзімінің өтуі туралы сақтанушыны (сақтандырылушыны) алдын ала хабардар етуді қамтамасыз етеді.
5. Сақтандыру шарты электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалған кезде, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандыру шарты жасалды деп есептеледі.
6. Сақтандыру шарты электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалған кезде сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сақтандырудың үлгілік шарттарымен не сақтандыру қағидаларымен танысқаннан кейін төлейді, осы арқылы сақтандыру шартын өзіне ұсынылған шарттармен жасасуға келісетінін растайды.
7. Міндетті сақтандыру шарттарын жасасу кезінде сақтандыру агенттерінің қызметіне жол берілмейді.»;
15) 16-бапта:
тақырыптағы және 1-тармақтағы «мәжбүрлеп» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақ 14) тармақшасындағы «ақпарат орналастырылады.» деген сөздер «ақпарат;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) сақтандыру ұйымы бекіткен сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру агенттерінің комиссиялық сыйақысының ең төмен және ең жоғары мөлшерлері туралы ақпарат орналастырылады.»;
2-1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларында көрсетілген ақпарат.»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат:»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.»;
16) 16-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында лауазымдарды атқара алмайды немесе сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыра алмайды.»;
17) 17-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру брокерінің қызметі айрықша қызмет түрі болып табылады және уәкілетті органның лицензиялауына жатады.
Сақтандыру брокерінің:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқаруға байланысты қызметті қоспағанда, сақтандыру агентінің қызметін жүзеге асыруына;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметін басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысуына;
3) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері не «Астана» халықаралық қаржы орталығының қатысушылары болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде тәуекелдерді қайта сақтандыруға беруіне;
4) қызметкерлер мен үлестес тұлғаларға алғашқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруіне;