5) сақтандыру брокерінің қызметкерлеріне қаржылық көмекті қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын сомаға өтеусіз негізде қаржылық көмек беруіне тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Сақтандыру брокерінің осы баптың 3-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақысы бірлескен қызмет туралы шартта айқындалады және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылардың төлеуіне жатады.»;
18) 18-бапта:
11-тармақтың 18) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агентін қоспағанда, сақтандыру агенті объектісі сақтандыру агентінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер болып табылатын, үшінші тұлғалар алдындағы өзінің қолданыстағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты болмаса, сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру агентінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты осы сақтандыру агентімен сақтандыру нарығында делдалдық қызметті жүзеге асыруға арналған қолданыстағы тапсырма шарты жоқ сақтандыру ұйымымен жасалуға тиіс.»;
11-тармақтың 18) тармақшасының бесінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Бір сақтандыру шарты бойынша екі немесе одан көп сақтандыру агентінің осы Заңның 18-2-бабында көзделген өкілеттіктер шегінде сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Сақтандыру агенттерінің делдалдық қызметін:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті;
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру;
ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Ұлттық Банк сақтанушылар болып табылатын сақтандыру;
мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар сақтанушылар болып табылатын сақтандыру;
11-тармақтың 18) тармақшасының он үшінші абзацының қолданысы 2024 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац осы Заңның 2-баптың 9-тармағының редакциясында қолданылды
міндетті сақтандыру шарттары бойынша жүзеге асыруға жол берілмейді.»;
19) 18-1-бапта:
1-тармақта:
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бұрын уәкілетті орган лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған басқа да заңды тұлғаның басшы қызметкері лауазымын атқарған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап уәкілетті орган заңды тұлғаны лицензиядан айыру, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату не банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
8) бұрын біліктілігінің жеткіліксіздігі салдарынан қызметкердің атқарып отырған лауазымына немесе орындайтын жұмысына сай келмеуі себепті сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның қызметкері болған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Көрсетілген талап сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, сақтандыру агенті-заңды тұлғаның бастамасымен еңбек шарты бұзылған күннен бастап екі жыл бойы қолданылады;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізімінде, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде және (немесе) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінде аталған жеке тұлға сақтандыру агентінің делдалдық қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сақтандыру ұйымы сақтандыру агентінің осы баптың 1-тармағының 2), 6) және 9) тармақшаларының талаптарына сай келуін тексеруге міндетті.»;
11-тармақтың 19) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру агенті өзін сақтандыру агенттерінің тізіліміне енгізгеннен кейін үш жылда бір реттен сиретпей сақтандыру ұйымы, қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі ұйымдастырған кәсіби қайта даярлаудан өтеді.»;
4-тармақта:
11-тармақтың 19) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Оқытудың ең қысқа бағдарламасы бойынша оқытуды ұйымдастыруды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестігі, сақтандыру ұйымы немесе қаржы ұйымы болып табылатын сақтандыру агенті жүзеге асырады.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
5-тармақта:
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
11-тармақтың 19) тармақшасының он сегізінші - жиырма бірінші абзацтарының қолданысы осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталған сақтандыру агенттеріне қолданылады
«Сақтандыру агенті осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда:
жеке тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;
заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агенті қызметкерінің алып тасталған кезінен бастап екі жыл бойы;
заңды тұлға болып табылатын сақтандыру агентінің алып тасталған кезінен бастап бір жыл бойы қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады.
Сақтандыру ұйымы мен сақтандыру агенті арасында жасалған тапсырма шарты осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 2-1) және 3) тармақшаларында көзделген мән-жайларға байланысты емес негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда, сақтандыру агенті туралы ақпарат тапсырма шарты тоқтатылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін сақтандыру агенттерінің тізілімінен шығарылуға жатады.»;
төртінші бөлік алып тасталсын;
20) 18-2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 18 және 18-1-баптарында көзделген шектеулер ескеріле отырып, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыруға;»;
21) 19-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы актуарийге жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттар мен мәліметтерге актуарийдің қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ актуарийге берілген құжаттар мен мәліметтердің анықтығына және толықтығына жауапты болады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Актуарийдің кәсіби пайымдауы негізінде актуарлық есептеулер мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлерінен және (немесе) басшы қызметкерлерінен тәуелсіз болады.
4-2. Актуарий сақтандыру резервтерін есептеген кезде пайдаланылатын ақпараттың толықтығын және анықтығын тексереді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Актуарий сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтамағандығы туралы өзі анықтаған фактілер және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілетілігінің нашарлауына алып келуі мүмкін тәуекелдер жөнінде дереу хабарлауға міндетті.»;
22) 20-баптың 8-тармағының бірінші бөлігіндегі «және аудиторлық ұйымдар» деген сөздер алып тасталсын;
23) 24-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңнамасында акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерге қосымша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі мынадай мәселелерді қарауға құзыреті болады:
ішкі аудит қызметі, актуарий, аудиторлық ұйым анықтаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттілігі бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
актуарийді тағайындау және оның өкілеттігін тоқтату, сондай-ақ актуарийдің лауазымдық айлықақысының мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау.»;
24) 26-баптың 7-тармағының 3) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
25) 26-1-баптың 1-тармағының 2) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Заңның 34-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарын сақтамауы (жеке тұлғаға немесе өтініш беруші - заңды тұлғаның басшы қызметкерлеріне қатысты);»;
«11) бұрын уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде адам ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу, банктің акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;»;
26) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін, еншілес ұйым құруға немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының капиталына қомақты қатысуға ие болуға рұқсат алуы қажет болған жағдайда, осы Заңның 26 және 32-баптарында көзделген құжаттар мен мәліметтер;»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өтініш беруші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат берілген күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алмаған жағдайда, уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға берген рұқсаттың, сондай-ақ еншілес ұйым құруға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға рұқсаттардың және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесіне ие болуға келісімнің күші жойылды деп есептеледі.»
27) 32-бапта:
6-тармақтың 3) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкер лауазымдарына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылатын кандидаттардың) осы Заңның 34-бабы 3-тармағы бірінші бөлігі 3), 4) және 5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;»;
«8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің және (немесе) ие болу болжанып отырған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері болып табылмайтын еншілес ұйымның қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілетін жақсарту бөлігінде қолданыстағы қадағалап ден қою шараларының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 227, 229, 230-баптарында және 239-бабының төртінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларының болуы;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты:
1) рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі капиталына қомақты қатысатын ұйымның еншілес ұйымының қызметі осы Заңның 48-бабы 3-тармағының ережелеріне сәйкес келмеуі анықталған жағдайларда кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымдардың капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі алты ай ішінде көрсетілген ұйымдардағы өздеріне тиесілі акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен және (немесе) сақтандыру холдингімен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаларға иеліктен шығаруды жүргізуге және растайтын құжаттарды уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға, оған ие болуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға бұрын берген рұқсаттың күшін жоюға:
1) ұйымның тиесілі акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің иеліктен шығаруы;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру холдингінің еншілес ұйымды бақылау белгілерінің болмауы;
3) еншілес ұйымның таратылуы негіздер болып табылады.
Уәкілетті органнан бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы хабарлама алынған күннен кейінгі күннен бастап бұрын берілген рұқсаттың күші жойылды деп есептеледі.»;
28) 34-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «құрылымдық бөлімшелерінің» деген сөздер «екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың 28) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы мүшелерінің кемінде біреуінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы курстарының кемінде елу пайызын тыңдағандығы туралы растайтын құжаттары болуға тиіс.»;
1-1-тармақта:
бірінші бөліктегі «құрылымдық бөлімшелерінің» деген сөздер «екі және одан көп құрылымдық бөлімшесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы және оның орынбасарлары заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының не атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамның, басқа қаржы ұйымдарында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында басшы қызметкер лауазымын атқаруға құқылы емес.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Осы баптың мақсаттары үшін басшы қызметкер лауазымына кандидат деп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымын атқару ниеті бар жеке тұлға немесе тәуелсіз директор болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі лауазымына сайланған адам түсініледі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкері лауазымын:
1) жоғары білімі жоқ;
2) мынадай:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарында;
және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау саласында;
және (немесе) қаржылық көрсетілетін қызметтерді ұсыну саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу бойынша;
және (немесе) қаржы ұйымдарына аудит жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді реттеу саласында;
және (немесе) қаржы ұйымдарының қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды әзірлеу саласында;
және (немесе) осы тармақшада санамаланған салаларда қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;
3) мінсіз іскерлік беделі жоқ;
4) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, банк, сақтандыру холдингінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы және (немесе) өзге филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі кері қайтарып алынған және (немесе) қызметтік міндеттерін орындаудан шеттетілген адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады;
5) басшы лауазымға өзін келісу туралы өтінішхат берілген күнге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған адам атқара алмайды (оған тағайындала немесе сайлана алмайды).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері басшы қызметкерлерді тағайындау (сайлау) кезінде олардың осы баптың талаптарына сай келуін, оның ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын ақпаратты ескере отырып, дербес тексереді.
Басшы қызметкерлерге және басшы қызметкер лауазымдарына кандидаттарға қатысты мінсіз іскерлік беделдің болуы не болмауы тұрғысынан іскерлік беделді бағалауды уәкілетті орган, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға болып табылатын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директор лауазымына өзін келісу туралы өтінішхат берілген күннің алдындағы үш жыл бойы осындай тұлға болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесінің мүшесі - тәуелсіз директоры бола алмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген талапқа сай келу үшін:
1) бас қаржы ұйымының атқарушы органының мүшесі болып табылатын басқару органының басшысы немесе мүшесі, атқарушы органның басшысы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде үш жыл;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы лауазымына кандидаттар үшін - кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органының мүшесі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы басшысының орынбасары, сақтандыру брокерінің басшысы, оның орынбасары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы, оның орынбасары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде екі жыл;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының мүшесі лауазымына кандидаттар үшін - кемінде екі жыл, оның ішінде басшы лауазымында кемінде бір жыл;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтері лауазымына кандидаттар үшін - кемінде үш жыл;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзге де басшылары лауазымдарына кандидаттар үшін - кемінде бір жыл еңбек өтілі болуы қажет.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы атқарушы органының тек қауіпсіздік мәселелеріне, әкімшілік-шаруашылық мәселелеріне, ақпараттық технологиялар мәселелеріне ғана жетекшілік ететін мүшесі лауазымына кандидаттар үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көзделген еңбек өтілінің болуы талап етілмейді.
Осы тармақта айқындалған еңбек өтіліне қаржы ұйымының бөлімшелеріндегі оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға, ақпараттық технологияларды дамытуға (ақпараттық технологияларды дамыту бөлімшесінің басшысын қоспағанда) байланысты жұмыс, өзара сақтандыру қоғамындағы және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы жұмыс кірмейді.
Орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқару органының басшысы лауазымына кандидат болып табылатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органы басшысының орынбасары үшін осы бапта көзделген өтіл талап етілмейді.»;
мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
«5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген салаларда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың басқару органы басшысы мен мүшелерінің, атқарушы органы басшысы мен мүшелерінің, дербес құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесі басшысының, басшысы орынбасарының лауазымдары түсініледі.