мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және (немесе) сақтандыру холдингтері тәуекелдерді хеджирлеу мақсатында жасайтын туынды қаржы құралдарымен операциялар бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) түрінде жасалуы мүмкін.
Осы Заңның 53-3-бабы 1-тармағы 2), 4), 7) және 8) тармақшаларының, 53-4-бабы 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 53-5-бабы 1-тармағының, 54-1-бабы 5-тармағының, 55-бабы 3-тармағының, 55-1-бабы 1-тармағының, 55-4-бабы 1-тармағы 4) тармақшасының және 2-тармағы 7) тармақшасының, 69-бабы 2-тармағының және 71-бабы 2-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісімнің тараптары бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.»;
10-тармақта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы баптың талаптары сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының (сақтандыру жарналарының) бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған (шеккен) кірістер (шығыстар) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялауға қолданылмайды.»;
37) 52-1-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы директорлар кеңесінің, басқармасының, бөлімшелерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органының) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі өкілеттіктері мен функционалдық міндеттерін, олардың жауапкершілігін;»;
38) 9-тарау мынадай мазмұндағы 52-4-баппен толықтырылсын:
«52-4-бап. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде жосықсыз әрекетке тыйым салу
1. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде сақтандыру шарты тараптарының анық емес мәліметтер ұсынуына және сақтандыру шартының елеулі талаптарының орындалуына әсер ететін ақпаратты жасыруына тыйым салынады.
2. Сақтандыру шартын жасасу кезінде, сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу және сақтандыру жағдайын реттеу кезеңінде:
1) сақтандыру шартын жасасу кезінде оның елеулі талаптарына әсер ететін ақпаратты жасыру немесе бұрмалау;
2) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандырылған мүліктің сақтандыру құнын негізсіз көтеріп жіберу;
3) сақтандыру жағдайының басталу мән-жайлары туралы ақпаратты жасыру және бұрмалау;
4) оқиғаға қандай да бір жолмен сақтандыру жағдайының көрінісін беру;
5) сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін сақтандыру шартын жасасу;
6) сақтандыру шартында сақтандыру агенті және оның сыйақысы туралы ақпаратты бұрмалау;
7) сақтандыру төлемдерінің сомасы нақты залал сомасынан асып кеткен жағдайда, сол бір сақтандырылған мүлік бойынша бірнеше сақтандырушыға сақтандыру төлеміне жүгіну жосықсыз әрекет белгілері болып табылады.
3. Сақтандырушы осы баптың 2-тармағында көзделген жосықсыз әрекет белгілерін анықтаған кезде сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асыруды күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру туралы хабарлама сақтанушыға (пайда алушыға) тиісті тексеру жүргізілетіндігі көрсетіле отырып, тоқтатыла тұрған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жіберілуге тиіс.
Сақтандыру төлемін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін сақтандырушы сақтандыру төлемінен уәжді бас тартуды жіберуге не сақтандыру төлемінің Қазақстан Республикасының заңдарында не сақтандыру шартында көзделген мерзімінен асқан әрбір күн үшін, сақтандыру төлемін жүзеге асыру күніне Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне сүйене отырып есептелетін тұрақсыздық айыбын ескере отырып сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті.
4. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не уәкілетті орган сақтандырушы тарапынан жосықсыз әрекет фактілерін анықтаған кезде уәкілетті орган сақтандырушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабында көзделген шараларды қолданады.»;
39) 53-баптың 1-тармағы «Сақтанушылардың» деген сөзден кейін «(сақтандырылушылардың, пайда алушылардың)» деген сөздермен толықтырылсын;
40) 53-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) заңды мүдделерін қорғау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, олардың басшы қызметкерлеріне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге қадағалап ден қою шараларын қолданады.»;
2-тармақта:
2), 3), 4), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің қызметінде уәкілетті орган бақылау және қадағалау жөніндегі функцияларды жүзеге асыру шеңберінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықтаған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) оның сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне және (немесе) Қазақстан Республикасы сақтандыру жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін жағдайдың жасалуына әкелуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерлерінің олардың тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мүдделеріне қатер төндіруі мүмкін құқыққа сыйымсыз әрекеттерін немесе әрекетсіздігін анықтау;
4) басшы қызметкердің, лауазымды адамның (басшы қызметкерлердің, лауазымды адамдардың) әрекеттерін (әрекетсіздігін) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейді және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және (немесе) сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) залал келтіргенін куәландырады деп тану үшін жеткілікті деректер;»;
«9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобының, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғалардың, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийдің тексеру жүргізуге, оны белгіленген мерзімдерде жүргізу мүмкіндігін бермей кедергі келтіруі;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру тобының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның қаржылық жағдайына әсер ететін кемшіліктерді осы Заңның 20-бабының 10-тармағында көзделген мерзімдерде жоймауы;»;
мынадай мазмұндағы 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға міндетті немесе төтенше жарналарды, сондай-ақ бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды төлемеу, уақтылы төлемеу не толық емес көлемде төлеу;
12) уәкілетті орган бекіткен, міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесінде, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібінде және мерзімдерінде белгіленген мерзімде сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлемеуі, уақтылы төлемеуі не толық емес көлемде төлеуі;
13) сақтандыру ұйымының сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамауы;
14) дерекқорға ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамау немесе тиісінше орындамау, оның ішінде оны бұрмалау және (немесе) толық және (немесе) уақтылы ұсынбау;
15) осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарында көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімдерде ұсынбау, оны уәкілетті органның мақұлдамауы, осы жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде жоймау;
16) осы Заңның 38-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жоспардың іс-шараларын орындамау немесе уақтылы орындамау.»;
3-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру холдингінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған бұзушылықтарды, тәуекелдерді және (немесе) кемшіліктерді жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауға, осындай шаралардың тиімділігі және (немесе) оларды қабылдау әзірлігі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру холдингіне, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, осы баптың 4-тармағында айқындалған қадағалап ден қою шараларының кез келгенін қолдануға құқылы.»;
41) 53-2-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдардың, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметінде, оның ішінде уәжді пайымдауды пайдалана отырып анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығына елеулі әсер етпейтін, олардың қаржылық жағдайына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) мүдделеріне қатер төндірмейтін жағдайларда қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларын қолданады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар туралы, осы ақпаратты (қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның, сақтандыру холдингінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның жекелеген органдарының назарына жеткізе отырып хабардар ету;»;
42) 53-3-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін факторды (факторларды) жою;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі, сақтандыру брокері осы Заңның 34-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің, сақтандыру брокерінің тиісті басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді бір мезгілде кері қайтарып ала отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым осы басшы қызметкерді уәкілетті орган оны қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткенге дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен немесе жұмыстан босатқан жағдайда, уәкілетті орган осы адамды сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуды жүргізеді;»;
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) уәкілетті органның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтанушыларының (сақтандырылушыларының, пайда алушыларының) құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және (немесе) жағдайларды жою;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Уәкілетті орган мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру брокері немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым арасында жасалған жазбаша келісім осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларды орындау туралы жазбаша келісім болып табылады, онда анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жою мерзімдерін және (немесе) анықталған кемшіліктер, тәуекелдер немесе бұзушылықтар жойылғанға дейін аталған тұлғалар өздеріне қабылдайтын шектеулердің тізбесі көрсетіледі.
Жазбаша келісім сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру холдингі немесе сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдар немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру брокері немесе сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым тарапынан міндетті түрде қол қоюға жатады.»;
43) 53-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаларға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру холдингіне, сақтандыру холдингінің ірі қатысушыларына және сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға:
1) осы Заңның 20-бабының 10-тармағында, 26-бабының 14-1-тармағында және 46-бабының 4-тармағында көзделген;
2) егер өзге де қадағалап ден қою шараларын қолдану сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) заңды мүдделерін қорғауды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және (немесе) сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты тәуекелдерді барынша азайтуды қамтамасыз ете алмаған;
3) егер сақтандыру холдингінің және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысының және (немесе) сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымның және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы немесе сақтандыру холдингі белгілеріне ие тұлғаның әрекеттері (әрекетсіздігі) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуға әкелуі мүмкін жағдайларда қадағалап ден қоюдың мәжбүрлеу шараларын қолданады.»;
44) 53-5-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар актуарийге бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға құқылы:
1) осы Заңның 54 және 59-баптарында белгіленген негіздер бойынша лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру;
2) осы Заңның 55 және 60-баптарында көзделген негіздер бойынша лицензиясынан айыру;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген бір немесе бірнеше пруденциялық нормативті және (немесе) сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан көп) бұзған және сақтандыру холдингі, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қосымша капиталдандыру жөнінде шаралар қолданбаған жағдайда «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдау.»;
2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қызметте анықталған кемшіліктерді, тәуекелдерді немесе бұзушылықтарды жоюға бағытталған дербес шараларды қабылдауы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензияны ерікті түрде қайтару (ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату) туралы шешім қабылдауы.»;
45) 54-бапта:
1-тармақта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өзге сақтандыру холдингі немесе ірі қатысушы-жеке тұлға болмаған кезде сақтандыру холдингі, ірі қатысушы-жеке тұлға мәртебесі кері қайтарып алынған;»;
2-3) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
13) және 13-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында Қазақстан Республикасының заңдарында болуы көзделген, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға қатысу шарты болмаған;
13-1) осы Заңның 11-бабы 3-1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыру кезінде ірі қатысушы-жеке тұлға немесе сақтандыру холдингі болмаған;»;
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясының қолданылуы барлық сақтандыру сыныптары және (немесе) қызмет түрлері бойынша да, сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша да тоқтатыла тұруы мүмкін.»;
1-2-тармақтың 1) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер;»;
«3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның 46-бабының 12-тармағына және 53-3-бабының 7-тармағына сәйкес қойылатын талаптарын орындамауы;»;
46) 54-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін беру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда лицензиядан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уақытша әкімшілік «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдіктер берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға тиіс.
Уақытша әкімшіліктің өтінішхаты бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімді уәкілетті орган өзінің шешімінде көрсетілген мерзімге ұзартуы мүмкін.
Егер «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірде-біреуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмесе не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірде-біреуі мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдау ниеті туралы мәлімдемесе, сақтандыру портфелін мемлекет қатысатын, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беру жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру портфелін беру сақтанушының (қайта сақтанушының) келісімінсіз жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру портфелін беру сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның есебінен жүзеге асырылады.
4. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын) таңдау туралы қабылданған шешімді осындай шешім қабылданған күннен кейінгі алғашқы жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға келісуге жібереді, сондай-ақ сақтандыру портфелін берудің аяқталғандығы туралы осындай беру аяқталған күннен кейінгі алғашқы жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Уәкілетті орган уақытша әкімшіліктің осы шешімін алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.
Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сай келмеуі, оның ішінде оны қабылдау кезіне, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалмауы уәкілетті органның уақытша әкімшілік қабылдаған шешімді келісуден бас тартуына негіз болып табылады.
5. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда сақтандыру портфелін берудің тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.