«2) сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының атқарушы органының басшысы және актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған жарамды лицензиясы бар актуарий қол қойған және сақтандыру ұйымының директорлар кеңесі немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекіткен бизнес-жоспарды;»;
7-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына берілген, бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия сақтандыру ұйымының «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісінше өзінің қолданысын тоқтата тұрады не тоқтатады.»;
8-2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру брокерінің брокерлік қызметті жүзеге асыру бойынша қолданыстағы міндеттемелерінің жоқ екенін растайтын құжаттар қоса берілген сақтандыру брокерінің өтініші негізінде жүзеге асырылады.»;
8-3 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) өтініш;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі;
3) сақтандыру брокері қатысушылары жалпы жиналысының не акционерлері жалпы жиналысының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері басқару органының) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау туралы шешімінің көшірмесі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары:
1) уәкілетті органның брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу жағдайларына қолданылмайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті шешімінде көрсетілген мерзімде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда сақтандыру брокері тиісті нормативтік құқықтық актіде көрсетілген мерзімде не мұндай мерзім болмаған жағдайда, тиісті нормативтік құқықтық акт қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.»;
«9. Уәкілетті органның сақтандыру брокерін брокерлік қызметтің жекелеген түрі бойынша лицензиясынан немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі бойынша лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдауын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістерді қоспағанда, лицензия берілгені (қайта ресімделгені) үшін лицензиялық алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
12-тармақ «осы баптың» деген сөзден кейін «1-2, 1-3,» деген цифрлармен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 14, 15, 16 және 17-тармақтармен толықтырылсын:
«14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері лицензия берілген күннен бастап он екі ай ішінде лицензиялық қызметті жүзеге асырмаған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокері уәкілетті органның тиісті хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде лицензияны ерікті түрде қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өтініші негізінде жүзеге асырылады және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелі болмаған кезде ғана жүргізіледі.
16. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны ерікті түрде қайтарғаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны ерікті түрде қайтару қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітіледі.»;
30) 37-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-1-бап. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру портфелін беру
1. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары және (немесе) қызмет түрі алып тасталған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік берілетін сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін сақтанушыларды (қайта сақтанушыларды) сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (қайта сақтандыру ұйымдары) туралы міндетті түрде хабардар ете отырып, басқа сақтандыру ұйымына (сақтандыру ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға;
2) сақтанушының (қайта сақтанушының) жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын таңдауға келісімі болған кезде сақтандырудың өзге де сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру портфелін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына) беруді жүзеге асыруға немесе осы баптың 4-тармағының талабына сәйкес хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде сақтанушының (қайта сақтанушының) сақтандыру портфелін беруге жазбаша қарсылығын алған жағдайда, сақтанушымен (қайта сақтанушымен) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын бұзуға міндетті.
2. Қайта сақтандыру бойынша лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде (қайта сақтандыру ұйымы ерікті түрде таратылған және (немесе) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған кезде) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін қайта сақтандыру бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына (ұйымдарына) қайта сақтанушының (цеденттің) осындай беруге келісімі болған кезде ғана, ол жөнінде қайта сақтанушыны (цедентті) міндетті түрде хабардар ете отырып, беруге міндетті.
3. Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы оны қабылдау кезінде, сондай-ақ жаңадан қабылданатын сақтандыру портфелін ескере отырып, барлық пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындауға тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды, қайта сақтанушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
Хабарландыруда қарсылықтарды ұсыну тәртібі, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күнді құрайтын ұсыну мерзімі және сақтанушылар (қайта сақтанушылар) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын берумен келіспеген жағдайда олардың қарсылықтары қабылданатын мекенжайлар көрсетіледі.
Сақтанушының (қайта сақтанушының) хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жазбаша қарсылығының болмауы сақтанушының (қайта сақтанушының) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруге келісуі ретінде қаралады.
5. Сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Осы баптың ережелері осы Заңның 72-1-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалына қолданылады.»;
31) 38-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы «қосымша сыныбын» деген сөздерден кейін «және (немесе) қызмет түрін» деген сөздермен толықтырылсын;
32) мынадай мазмұндағы 38-1-баппен толықтырылсын:
«38-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгертуге сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзінің құрылуына рұқсат беру кезінде ұсынған бизнес-жоспардың мерзімі аяқталғаннан және ол орындалғаннан кейін, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының) акционерлері жалпы жиналысының шешімі негізінде жол беріледі.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту үшін уәкілетті органға өтінішхат мынадай құжаттармен қоса ұсынылады:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы) акционерлері жалпы жиналысының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және сақтандыру саласын өзгерту туралы шешімі (мұндай шешім қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында болмаған жағдайда);
2) іс-шаралар жоспарының әрбір тармағы бойынша орындау мерзімдерін және осы баптың 3-тармағында көзделген рәсімдер бойынша жауапты басшы қызметкерлерді көрсете отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспары.
3. Сақтандыру саласын өзгерту мынадай рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылады:
1) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен біріктіруге жатпайтын сақтандыру сыныптары (түрлері) және қызмет түрлері бойынша сақтандыру портфелін беру не тиісті сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын мерзімінен бұрын бұзу;
2) осы Заңның 31-бабына сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына не осы Заңның 30-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеге өзгерістер енгізу;
3) сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алуға өтінішті және осы Заңның 37-бабының 2 және 7-тармақтарында көзделген құжаттарды уәкілетті органға ұсыну.
4. Уәкілетті орган сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдағаннан кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы жоспарда көзделген іс-шараларды жүзеге асыруға міндетті.
5. Сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезеңі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) акционерлерінің жалпы жиналысы сақтандыру саласын өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты айдан аспайды.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының іс-шараларды өзіне байланысты емес себептермен сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімдерде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын орындау мерзімін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің және (немесе) ірі қатысушының өтінішхаты бойынша ұзартуы мүмкін.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру кезеңінде, қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес біріктіруге жатпайтын сақтандыру сыныптары мен түрлері бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 37-1 және 72-1-баптарында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін бергенге дейін не оларды мерзімінен бұрын бұзғанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
Осы Заңның 8 және 9-баптарына сәйкес сақтандырудың жаңа саласымен біріктіруге жататын сақтандыру сыныптары және қызмет түрлері жөніндегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін не сақтандыру шартының талаптарынан туындайтын міндеттемелерді орындағанға дейін өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға міндетті.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгерген кезде осы Заңның 26, 32 және 34-баптарында көзделген келісімдерді және (немесе) рұқсаттарды алу осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру саласы өзгергенге дейін тиісті келісімдері және (немесе) рұқсаттары бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін талап етілмейді.
9. Сақтандыру саласын өзгертуге мынадай:
1) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;
2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтамаған;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобы осы баптың 2-тармағына сәйкес өтінішхат берілгенге дейін алты ай кезеңінде және оны қарау және іс-шараларды іске асыру кезеңінде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамаған;
5) осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған бизнес-жоспарға қарай алынатын сақтандыру сыныптарын және (немесе) қызмет түрлерін ескере отырып, пруденциялық нормативтердің сақталмауы болжанған;
6) осы Заңның 53-3 және 53-4-баптарында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және осы Заңның 53-5-бабына сәйкес санкциялар болған;
7) сақтандыру саласының өзгеруі нәтижесінде сақтанушылардың, сақтандырылушылардың, пайда алушылардың құқықтары бұзылған жағдайларда жол берілмейді.
10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия берілген кезден бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға бұрын берілген лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандырудың жаңа саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзіне бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын (бар болса) қайтаруға міндетті.
11. Сақтандыру саласын өзгерту жөніндегі іс-шаралар жоспары осы баптың 6-тармағына сәйкес оны ұзарту мерзімдері ескеріле отырып орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына осы Заңда көзделген қадағалап ден қою шаралары қолданылады.»;
33) 40-баптың 5-тармағының 2) тармақшасындағы «2), 3) және 4) тармақшаларында» деген сөздер «2), 2-1) және 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 43-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-1), 18-1), 18-2), 18-3) және 21-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) сақтандыру омбудсманын сайлау және оның қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды;»;
11-тармақтың 34) тармақшасының төртінші абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«18-1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу тәртібін айқындайды;
18-2) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін «бонус-малус» жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібін айқындайды;
11-тармақтың 34) тармақшасының алтыншы абзацы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18-3) сақтандыру жағдайларын реттеу тәртібін, реттеудің оңайлатылған тәртібінің шарттары мен мерзімдерін, әрбір жекелеген сақтандыру жағдайы бойынша сақтандыру сомасының шекті мөлшерін, сондай-ақ сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі туралы декларация нысанын және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар мен оған қоса берілетін мәліметтерді айқындайды;»;
«21-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) қолданыстағы келісімдердің тізілімін жүргізеді;»;
28), 30), 32) және 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«28) сақтандыру қызметі субъектілеріне, сақтандыру брокерлеріне, сақтандыру қызметі субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелеріне, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, сондай-ақ сақтандыру холдингтеріне, сақтандыру топтарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына тексеру жүргізеді;»;
«30) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобы құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына санкциялар қолданады;»;
«32) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайда уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;»;
«39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушы, сақтандырушы мен сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу тәртібін айқындайды;»;
41) тармақша алып тасталсын;
44) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 46-1), 46-2), 46-3) және 46-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«46-1) жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптарды айқындайды;
«46-2) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін бекітеді;
46-3) сақтандыру омбудсманы лауазымына сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесі сайлауға ұсынған, осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сай келетін кемінде үш кандидаттың арасынан сайлайды;
46-4) өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасының және (немесе) сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларының талаптарын жүйелі түрде (соңғы он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзған жағдайда сақтандыру омбудсманының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады;»;
35) 46-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1 және 11-1-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру холдингінің жай және (немесе) артықшылықты акциялары (жарғылық капиталындағы қатысу үлестері) бойынша дивидендтер төлеуге мынадай:
1) егер осындай төлеу:
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының бір не бірнеше пруденциялық нормативінің бұзылуына;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына әсер ететін фактордың (факторлардың) пайда болуына алып келетін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру тобы пруденциялық нормативтерді бұзған, сондай-ақ осы баптың 4-тармағына сәйкес шаралар қолданбаған;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық жағдайының нашарлауына және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру тобының қаржылық орнықтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауына және сақтандыру қызметіне және сақтандыру тобының қызметіне байланысты тәуекелдердің ұлғаюына жол бермеу жөніндегі ерте ден қою шаралары көзделетін, осы Заңның 53-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес уәкілетті органға ұсынылған іс-шаралар жоспарының орындалмауына әсер ететін фактор (факторлар) болған жағдайларда жол берілмейді;»;
«11-1. Осы баптың талаптары акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), осы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған, сондай-ақ акционерлердің жалпы жиналысы (Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату), сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру қызметін жүзеге асырмайтын заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясын ерікті түрде тапсыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап алты ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелінің жоқ екенін растайтын құжаттар болған жағдайларда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қолданылмайды.»;
12-тармақтың он үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың 5, 6 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.»;
36) 48-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды;»;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) сақтандыру агенті - екінші деңгейдегі банк немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым делдал болған кезде комиссиялық сыйақысының мөлшерін көрсетпей сақтандыру шартын жасасуға;»;
6-тармақтың 1) және 3) тармақшаларында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;