21) 36-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны,» деген сөздерден кейін «инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаны,» деген сөздермен толықтырылсын;
22) 40-2-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бұрын уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқарушы қызметкері болып табылған адам ұсынылмайды. Осы талап уәкілетті орган банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу, банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан кейін үш жыл бойы қолданылады.»;
23) 45-1-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға қадағалап ден қою шараларын орындамаған жағдайда, уәкілетті орган атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттетуге құқылы.
Атқарушы органның бірінші басшысын немесе осы тұлғаның атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттету туралы ақпаратты уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында аталған тұлғаның атына жібереді.
Осы баптың 1-тармағында аталған тұлға атқарушы органның бірінші басшысын немесе атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын адамды шеттету туралы уәкілетті органның шешімін алған кезден бастап алқалы органның шеттетілген адам қатысқан барлық шешімдерін жарамсыз деп есептейді.»;
24) 46-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) осы Заңның 20-бабында және уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актісінде аталған адамдарды қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету, оның ішінде банк, банк холдингі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі осы Заңның 20-бабында аталған адамдарды уәкілетті орган осы қадағалап ден қою шарасын қолданғанға дейін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттеткен жағдайда, шеттету жөніндегі талаптарды қою арқылы қолданады. Басшы қызметкерге осы қадағалап ден қою шарасы қолданылған кезде уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алады;»;
25) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-2) номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша, осы номиналды ұстаушы функцияларын жүзеге асыратын тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;
5-3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру үшін банктік шоттардағы ақшаға;»;
26) 57-бапта:
1-1-тармақтың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Қаржы жылының қорытындысы бойынша аудит жүргізу банктер (барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған немесе мәжбүрлеп тарату процесіндегі банкті қоспағанда), ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері үшін міндетті болып табылады, ол туралы есептің көшірмелері мен аудиторлық ұйымның ұсынымдарын банктер, банк холдингтері осы құжаттарды алған немесе олар банктерге, банк холдингтеріне ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға тиіс.»;
«Банк холдингінің және банк холдингі ірі мөлшерде қатысатын банктің аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Ірі қатысушысы банк болып табылатын Қазақстан Республикасы резидент-ұйымдарының аудитін сол бір аудиторлық ұйым жүзеге асырады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
7-1-тармақтағы «5,» деген цифр алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші, екінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүзеге асыру үшін банк, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйым, банк холдингі аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсіби ұйымдардың қызметі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеген, қаржы ұйымдарына міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келетін аудиторлық ұйымды тартады.
Банк, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйым, банк холдингі аудитті немесе өзге ақпарат аудитін жүргізуге шарт жасасқаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органды аудиторлық ұйымды таңдағаны туралы хабардар етеді. Өзге ақпарат аудиті жағдайында банк уәкілетті орган алдында өзге ақпаратқа аудиторлық ұйым болып табылмайтын ұйымның аудиттен өзге тәсілмен тексеру жүргізуі туралы өтінішхат беруге құқылы.»;
«Уәкілетті орган өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық есепті және (немесе) аудиторлық қорытындыны аудиторлық ұйым шығарғанға дейін аудиторлық ұйымға осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғалардың келісімінсіз, құпиялылық жөніндегі талаптарды ескере отырып, осы баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды тексеру нәтижелері бойынша ақпаратты және түсіндірмелерді, сондай-ақ банктік және (немесе) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоса алғанда, банктің, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымның, банк холдингінің қызметіне байланысты, оның ішінде уәкілетті органның уәжді пайымдауына негізделген өзге де ақпаратты беруге құқылы.»;
27) 61-6-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органның банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы шешімінде көрсетілген күннен бастап:
1) банк пайданы бөлу, дивидендтерді төлеу, ірі қатысушылар және (немесе) банк холдингтері алдында кез келген қаржылық міндеттемелерді орындау, сондай-ақ жалақы төлеу мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, банктің басшы қызметкерлеріне сыйақылар төлеу туралы шешімдер қабылдауға, сондай-ақ бұрын қабылданған шешімдерді орындауға құқылы емес;
2) осы Заңға сәйкес алынған ірі қатысушы және (немесе) банк холдингі мәртебесі жоқ акционерлер банк акционерлерінің жалпы жиналысында дауыс беруге қатысуға құқылы емес. Қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған банк акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлердің жалпы жиналысына банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі мәртебесі бар барлық акционерлер (акционерлердің өкілдері) қатысқан жағдайда кворум сақталған болып табылады.»;
28) 61-13-бап мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Осы баптың 2-тармағының ережелері мынадай:
1) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
2) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін бір ай ішінде жасалған;
3) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесінде жасалған;
4) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін алты ай ішінде банктің қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлғамен жасалған;
5) бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша мынадай жағдайлардың бірінде:
банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалғаннан кейін немесе банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін бір ай ішінде;
банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін бір ай ішінде тараптарды ауыстыру жүзеге асырылған;
банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге дейін алты ай ішінде банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлға;
банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғалған күнге немесе банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан банк айырылған күнге дейін алты ай ішінде банктің қаржылық жағдайының орнықсыздығы белгілері туралы білген (немесе білуге тиіс) тұлға тараптарды ауыстыруды жүзеге асырған (әмбебеп құқық мирасқорлығы нәтижесінде тараптардың ауысуын қоспағанда) жағдайларды қоспағанда, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәмілеге (мәмілелерге) қатысты қолданылмайды.
6. Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміленің жарамсыз болуы, егер бас қаржылық келісімге және қалған мәмілелерге қатысты оларды жарамсыз деп тануға негіздер болмаса, бас қаржылық келісімнің өзінің және бас қаржылық келісім шеңберіндегі қалған мәмілелердің жарамсыз болуына алып келмейді.
Бас қаржылық келісім шеңберіндегі бір немесе бірнеше мәміле нетто-міндеттемелер (нетто-талаптар) анықталғаннан кейін жарамсыз деп танылған жағдайда, нетто-міндеттеме (нетто-талап) одан жарамсыз деп танылған мәміленің немесе мәмілелердің нәтижелерін алып тастау арқылы, нетто-міндеттемені (нетто-талапты) айқындаған мәміле тарапының қайта есептеуіне жатады.»;
29) 74-1-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Банктің тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлінген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкі: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншік құқығы туындаған немесе оларға мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді.
Тарату комиссиясы бөлінген активтерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнаулы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз етуге өндіріп алуды қолдану құқығымен) береді.
Тарату комиссиясы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепіл мүлкін ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Банктің тарату конкурстық массасына бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету ақысы банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан банк айырылған күнге дейін енгізілмейді.»;
30) 74-2-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) төртінші кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын жеке тұлғалардың депозиттері, оның ішінде мәжбүрлеп таратылатын ислам банкінде орналастырылған талап етілгенге дейінгі пайызсыз депозиттер және ақша аударымдары бойынша талаптар, сондай-ақ зейнетақы активтері есебінен жүзеге асырылған депозиттер бойынша, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының депозиттері бойынша талаптар қанағаттандырылады;».
9. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 10-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті және депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына, нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы жіберуді қоса алғанда, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну.
Осы тармақшада көрсетілген мәліметтер бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысына «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана, осындай бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысында өзіне қатысты осы мәліметтер берілетін тұлғаның «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі болған кезде беріледі.».
10. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«банктер, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері;».
11. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын ережелері (10-1, 10-2, 10-3, 13, 16-2, 16-3, 21, 24, 25, 25-1, 26, 26-1, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 52-3, 53-4, 62, 63, 65, 68, 69, 71, 72, 73, 74-1-баптарды қоспағанда) осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.
Осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 18, 18-1, 19, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 54-1, 55-2, 56, 72-1, 75, 75-1, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген, уәкілетті органның және Ұлттық Банктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға өкілеттіктері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
2) 3-бапта:
1-2) және 1-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) актуарийдің кәсіби пайымы - актуарийдің кәсіби даярлығына, біліміне және актуарлық қызметті жүзеге асыру тәжірибесіне негізделген пайымы;
1-3) актуарийлер бірлестігі - актуарийлердің ерікті мүшелігіне негізделген, өз мүшелерінің мүдделерін қамтамасыз ету және қорғау, кәсіби қызметіне жағдай жасау және өзге де функцияларды орындау үшін құрылған өзін-өзі реттейтін ұйым;»;
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
«1-4) андеррайтер - функциясына сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін бағалау және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының талаптарын айқындау кіретін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкері;»;
18-4) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Мәтін түпнұсқаға сәйкес
«18-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы - қатысушылары арасында немесе қатысушылары мен сақтандыру брокері арасында белгілі бір мерзімге жасалған бірлескен қызмет туралы шарт негізінде сақтандырудың жекелеген сыныбы, түрі немесе белгілі бір сақтандыру тәуекелі бойынша сақтандыру қызметін бірлесіп жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бірлестігі;»;
«22) сақтандыру портфелі - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар, қайта сақтандырылушылар) алдында міндеттемелері болатын не міндеттемелері туындауының ықтималдығы бар, сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, оның ішінде қолданылу мерзімдері өткен сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған тәуекелдер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық міндеттемелері;»;
24) тармақша «ұйымы» деген сөзден кейін «(сақтандырушы)» деген сөзбен толықтырылсын;
29-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29-1) үлестес тұлғалар - шешімді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және (немесе) бір-бірінің (тұлғалардың бірінің) қабылдайтын шешімдеріне, оның ішінде жасалған мәмілеге орай әсер етуге мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлғалар (өздеріне берілген өкілеттіктер шеңберінде бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұлттық басқарушы холдингті, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаларды қоспағанда). Ұлттық басқарушы холдинг ірі акционері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғаларына:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг;
дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы көрсетілген ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар;
көрсетілген ұлттық басқарушы холдингтің және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) жүз пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жатпайды.»;
3) 5-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыруы;»;
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарымен және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарымен мынадай жағдайларда:
1) жұмыс істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде уақытша болатын Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына осы тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана;
2) Қазақстан Республикасының резиденттеріне теңіз көлігі (каботаж қызметтерін ұсынатын кемелерді қоспағанда), коммерциялық авиация көрсететін қызметтерге, ғарыштық ұшуларды (спутниктерді қоса алғанда) іске қосуды және оның фрахтасы көрсететін қызметтерге және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге (тауарларды тасымалдау, тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарының өздерін сақтандыру және осыдан туындайтын кез келген жауапкершілік) байланысты тәуекелдер, апаттық тәуекелдер, климаттық тәуекелдер, кибер тәуекелдер, терроризм тәуекелдері, азаматтық тәртіпсіздіктер және ереуілдер бөлігінде;
3) Қазақстан Республикасының резиденттеріне исламдық сақтандыру қағидаттарына сәйкес тәуекелдерді сақтандыру бөлігінде;
4) Қазақстан Республикасының резиденттеріне осы Заңның 6-бабы 3-тармағының 15), 17) және 18) тармақшаларында көзделген, ерікті нысанда сақтандыру сыныптары шеңберінде өтелетін тәуекелдер бөлігінде сақтандыру шарттарын жасасуға және оларды орындауға жол беріледі.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді сақтандыруына сақтандыру объектісі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде болған кезде ғана жол беріледі.
3. Қазақстан Республикасы банктерінің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент-жеке және заңды тұлғаларынан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушылардың пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруына тыйым салынады.»;
4) 6-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Өмірді сақтандыру» саласы қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды және ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:
1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, өмірді сақтандыру;
2) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген сыныпты қоспағанда, аннуитеттік сақтандыру;
3) мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру;
4) зейнетақы аннуитеттін сақтандыру.»;
3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) заңды тұлғалардың қарыздарын сақтандыру;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жүктелген сақтандыру міндетті сақтандыруды білдіреді, бұл ретте міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелдері және сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тәртібі тараптардың келісімімен айқындалады
Жүктелген сақтандыру осы баптың 3-тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы шегінде жүзеге асырылады және сақтандырудың жеке сыныбы болып табылмайды.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарға қойылатын ең төмен талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттарды жүктелген сақтандыруға жататын қызмет түрін реттейтін уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.
Тараптардың келісімі бойынша жүктелген сақтандыру жөніндегі үлгілік шарттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін ережелермен толықтырылуы мүмкін.»;
5) 7-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өмірді сақтандыру, осы баптың 2-3-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін не сақтандыру шартында айқындалған жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.
2. Аннуитеттік сақтандыру, осы баптың 2-4-тармағында көрсетілген сақтандыру түрін қоспағанда, шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;
мынадай мазмұндағы 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-3. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сақтанушы қайтыс болған немесе бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне байланысты еңбекке жарамдылығын жоғалтқан немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүрген жағдайларда «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрін білдіреді.
2-4. Зейнетақы аннуитетін сақтандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мерзімді сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруды көздейтін жинақтаушы сақтандыру түрін білдіреді.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жазатайым оқиғадан сақтандыру, ауруға және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуына байланысты тәуекелдерді сақтандыруды қоспағанда, сақтандырылушы жазатайым оқиға, кәсіби ауру салдарынан қайтыс болған, еңбекке жарамдылығын (жалпы немесе кәсіби) жоғалтқан (толық немесе ішінара) немесе денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда сақтандырылушының шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;
4, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ауырған жағдайда сақтандыру сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге де бұзылуына байланысты шығыстарын, оның ішінде ауруы және (немесе) денсаулықтың өзге де бұзылуы салдарынан қайтыс болуына байланысты шығыстарды тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемақы мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығын білдіреді.»;