Уәкілетті органмен келісілген, банктің басшы қызметкері лауазымына кандидат банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісім алынған кезден бастап он екі ай ішінде келісілген лауазымға тағайындалуға (сайлануға) құқылы.
Банктің уәкілетті органмен келісілген басшы қызметкері, осы тармақтың он үшінші бөлігінде көзделген жағдайды және уәкілетті органның осы баптың 11-тармағында көзделген негіздер бойынша банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алуын қоспағанда, банктің басшы қызметкерінің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органның келісімін алмай осы немесе өзге банктегі ұқсас басшы қызметкер лауазымына тағайындалуы мүмкін.
Тәуелсіз директор лауазымына уәкілетті органмен келісілген банктің басқару органының мүшесі осы бапта және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органның келісімін алмай осы банктің ғана тәуелсіз директоры болып қайта сайлана алады.
Егер көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін банк уәкілетті органға банктің осы басшы қызметкерінің тағайындалғаны (сайланғаны) туралы хабарламаны ұсынбаса, банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) бұрын берілген келісім жарамсыз деп есептеледі.»;
8-тармақта:
бірінші бөлікте:
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктің басшы қызметкерлерінің және банктің басшы қызметкері лауазымдарына кандидаттардың осы бапта, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;
2) тестілеудің теріс нәтижесі.
Мыналар тестілеудің теріс нәтижелері болып табылады:
кандидатты тестілеу нәтижесі дұрыс жауаптардың жетпіс пайызынан аз болуы;
кандидаттың уәкілетті орган айқындаған тестілеу тәртібін бұзуы;
келісілген мерзім өткенге дейін кандидаттың уәкілетті орган белгілеген уақытта тестілеуге келмеуі;
3) банктің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоймауы немесе банктің, банк холдингінің немесе банктің басшы қызметкері лауазымына кандидаттың уәкілетті орган ескертулерін ескере отырып пысықталған құжаттарды осы баптың 6-тармағының сегізінші бөлігінде белгіленген, уәкілетті органның құжаттарды қарау мерзімі өткеннен кейін ұсынуы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кандидатты банктің басшы қызметкері лауазымына сайлаудың (тағайындаудың) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібінің бұзылуы;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) уәкілетті органда кандидаттың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген әрекеттер жасағаны туралы мәліметтердің (фактілердің) болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган осындай әрекеттерді жасау салдарынан үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады;
8) уәкілетті органда кандидаттың уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп танылған әрекеттерді жасағаны үшін қадағалап ден қою шараларын қолданған және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 259-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған қаржы ұйымының қызметкері және (немесе) әрекеттері мәмілеге қатысушы қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтіруге алып келген қаржы ұйымының қызметкері болып табылатындығы туралы мәліметтердің болуы.
Осы талап санамаланған оқиғалардың ең алдыңғысы басталған:
уәкілетті орган кандидаттың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп таныған;
уәкілетті орган кандидаттың әрекеттері салдарынан қаржы ұйымына және (немесе) үшінші тұлғаға (үшінші тұлғаларға) нұқсан келтірілгенін растайтын фактілерді алған күннен бастап бір жыл бойы қолданылады.
Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымының қызметкері деп жоғарыда көрсетілген бұзушылықтарға алып келген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құзыретіне кірген қор биржасының басшы қызметкері не оның міндетін атқарған адам және (немесе) трейдері түсініледі.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Уәкілетті орган банктің басқару органының мүшесін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден бас тартқан не оның өкілеттігі көрсетілген келісім берілгенге дейін тоқтатылған немесе осы баптың 6-тармағында көзделген мерзімде құжаттар келісу үшін уәкілетті органға ұсынылмаған жағдайда, осы адам осы банктің басқару органы мүшесінің лауазымына, тиісінше, өзін тағайындауға (сайлауға) келісім беруден уәкілетті органның бас тартуын алғаннан, өзінің өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік тоқсан күннен кейін, бірақ қатарынан он екі ай ішінде екі реттен артық емес қайта тағайындалуы (сайлануы) мүмкін.
Банктің тиісті органы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органды басшы қызметкерлердің құрамында болған, оларды тағайындауды (сайлауды), басқа лауазымға ауыстыруды, еңбек шартын бұзуды және (немесе) өкілеттіктерін тоқтатуды қоса алғанда, барлық өзгерістер туралы, басшы қызметкерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ растайтын құжаттарының көшірмелерін қоса бере отырып, басшы қызметкердің тегіндегі, атындағы, әкесінің атындағы (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
Банктің басшы қызметкері қылмыстық жауаптылыққа тартылған жағдайда, банк уәкілетті органды осындай ақпарат банкке белгілі болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабына сәйкес уәкілетті органның уәжді пайымдауды қалыптастыруы мен пайдалануына негіз болатын жағдайлар, фактілер және (немесе) мән-жайлар болған кезде уәкілетті орган банкке банктің басшы қызметкеріне қатысты уәжді пайымдауды қалыптастыру туралы хабарлама жібереді.
Өзіне қатысты уәжді пайымдау қалыптастырылатын адам уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін өз міндеттеріне кірісуге құқылы емес.
Осы баптың 6-тармағының сегізінші бөлігінде көзделген мерзім уәкілетті орган «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-5-бабында көзделген тәртіппен және мерзімдерде шешім қабылдағанға дейін тоқтатыла тұрады.
10. Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім беруден қатарынан екі рет бас тартқан жағдайда:
1) осы адамды келісу жөніндегі құжаттар уәкілетті орган оны осы банкте тағайындауға (сайлауға) келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін уәкілетті органға қайта ұсынылуы мүмкін;
2) банктің басқару органының мүшесі уәкілетті орган оны осы банкте сайлауға келісім беруден екінші рет бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап қатарынан он екі ай өткеннен кейін банктің басшы қызметкері болып сайлануы мүмкін.»;
11-тармақта:
бірінші бөлік 5) тармақшасындағы «болу негіздері бойынша кері қайтарып алады.» деген сөздер «болу;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы бапта белгіленген талаптардың сақталмау негіздері бойынша кері қайтарып алады.»;
екінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктің, банк холдингінің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, банк, сақтандыру холдингтерінде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокерлерінің филиалдарында осы басшы қызметкерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.
Банк:
1) уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алған;
2) банк Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басшы қызметкер лауазымына кандидатты сайлаудың (тағайындаудың) тәртібін бұзған жағдайларда, банктің басшы қызметкерімен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда, банктің басшы қызметкерінің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырсын:
«Уәкілетті орган банктің басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алған банктің директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі банк және (немесе) банк холдингі осы бас тартуды алған кезден бастап тоқтатылады.»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымы болып табылатын ұйымның атқарушы органының басшылары үшін осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жұмыс өтіліне әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы жұмыс өтілі де қосылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Банк холдингінің басқару органының басшысы, оның орынбасары және басқару органының мүшелері, атқарушы органының басшысы, оның орынбасары және атқарушы органының мүшелері, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары, еншілес ұйымның (ұйымдардың) және (немесе) капиталына банк холдингі қомақты қатысатын ұйымның (ұйымдардың) қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын өзге де басшылары банк холдингінің басшы қызметкерлері деп танылады.»;
12) 21-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде құрылған банктің құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-жеке немесе заңды тұлғасы микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішке қосымша тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері үшін - банктік қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасы резидент-банкінің акцияларын иеленуге рұқсат берілетіні жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері үшін банктік қадағалау органының) аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні жөніндегі мәлімдемесін қоса беруге міндетті.»;
5) 24-баптың 1-тармағының г-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«г-1) құрылтайшы-жеке тұлғаның не құрылтайшы-заңды тұлғаның атқарушы органы не басқару органы бірінші басшысының:
жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығының болуы;
уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, бас бухгалтерінің орынбасары лауазымын атқаруы. Көрсетілген талап уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) олардың қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы да, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;»;
14) 25-бапта:
тақырып «, микроқаржы ұйымын банк етіп қайта тіркеу» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеуді Корпорация уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берген рұқсаты және микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы өзі мақұлдаған есеп негізінде жүзеге асырады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банк оның барлық құқықтары (талаптары) мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.»;
15) 26-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк ашуға рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметі мен өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге және уәкілетті органға банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.
Банк банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы резидент-заңды тұлғаларының банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) өтініш;
2) өтініш беруші жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
3) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
4) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкері лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;
5) банктің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер;
6) қызметкерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетілген штат кестесі;
7) ең төмен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
8) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар.
2-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының банк операцияларын және өзге операцияларды жүргізуге лицензияны алғаш рет алуы үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен осы баптың 2-тармағы талаптарының орындалғанын растайтын құжаттар;
2) осы баптың 2-1-тармағының 1), 3), 4) және 6) тармақшаларында көзделген құжаттар;
3) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтердің қалыптастырылғанын растайтын құжат;
4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің директорлар кеңесі бекіткен ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережелер.
2-3. Уәкілетті орган «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат берген күннен бастап бір жыл ішінде өтініш беруші осы баптың 2-тармағында көзделген барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға және уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін жүгінуге тиіс.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шеңберінде берілген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттар ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.»;
16) 27-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
17) 29-бапта:
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Филиалды Корпорацияда есептік тіркеген күннің немесе жұмыс істеп тұрған банк филиалының қосымша, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын ұлғайту туралы банк шешім қабылдаған күннің алдындағы үш ай ішінде уәкілетті органның немесе соттың банкке осы Заңның 47-2-бабының 1-тармағында көзделген санкцияны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 213-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы банктің филиалдар ашуының, филиалдардың қосымша, оның ішінде бірнеше мекенжайдағы үй-жайларының санын ұлғайтудың міндетті шарты болып табылады.»;
8-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған, банк филиалы үй-жайларының саны азайған немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту, банк филиалы үй-жайларының санын азайту немесе банк филиалы үй-жайларының орналасқан жерін өзгерту туралы банк шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде банк уәкілетті органға осындай шешімнен банк филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған, оның үй-жайларының саны азайған немесе орналасқан жері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалы үй-жайларының санын азайту немесе олардың орналасқан жерін өзгерту туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға филиалдың осындай шешімінен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған үзінді-көшірмені ұсынуға міндетті.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорацияда есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы осы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып хабардар етуге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге есептік қайта тіркеуге алып келмейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өкілдігі Корпорация өтінішті (электрондық хабарламаны) және енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы құжаттарды қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты және өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.»;
18) 30-баптың 11-тармағында:
бірінші бөліктің 9) тармақшасындағы «және өзге де қаржы құралдарын» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
19) 32-бап мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
«6. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алғаннан кейін банк он жұмыс күні ішінде клиенттерге микрокредит беру туралы шартта көзделген тәсілмен, жүргізілетін банк операцияларының және өзге де операциялардың тізбесін көрсете отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастырудың жүргізілгені туралы хабарлама жібереді.
7. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған банктің, талаптарды қарыз алушылар үшін жақсарту жағына қарай өзгертуді қоспағанда, микрокредит беру туралы шарттардың талаптарын өзгертуіне тыйым салынады.»;
20) 33-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Осы Заңның 46-бабы 1-тармағының бірінші бөлігі 2), 3), 5), 8), 9) және 10) тармақшаларының, 47-1-бабының 2-тармағы 2), 3) және 5) тармақшаларының, 48-1-бабы 1 және 7-тармақтарының, 59-3-бабы 5 және 7-тармақтарының, 61-6-бабы 3-тармағының, 61-8-бабы 4-тармағының, 61-9-бабы 2 және 3-тармақтарының, 61-10-бабы 1-тармағының, 61-11-бабының 13-тармағы 1) тармақшасының, 61-12-бабы 4-тармағының, 61-13-бабы 2-тармағының, 65-бабы 2-тармағының, 73-бабы 1 және 4-1-тармақтарының және 74-3-бабы 5-тармағының ережелері бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуға және (немесе) тарату неттингіне қатысты қолданылмайды.
Бас қаржылық келісім тараптары бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміле (мәмілелер) бойынша талаптарды есепке жатқызуды және (немесе) тарату неттингін жүзеге асырады (қолданады).
Бас қаржылық келісімде айқындалған тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылған (қолданылған) талаптарды есепке жатқызу және (немесе) тарату неттингі нәтижесінде туындаған (есептелген) нетто-талап осы Заңда және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген кредиторлармен есеп айырысу қағидаларына сәйкес жалпы негіздерде қанағаттандырылады.»;