2) 6-6-бапта:
бірінші бөліктегі «алты» деген сөз «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «үш» деген сөз «төрт» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 1-тармағында:
3-5) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «шығарады» деген сөз «қабылдайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-1) жəне 15) тармақшалар алып тасталсын;
4) 10-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;
5) 11-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
6) 13-6-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 3-бабының 1 жəне 3-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қаржы ұйымдарының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін реттеу саласындағы қаржы ұйымдарының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
22-тармағы 7) тармақшасы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
7) 14-баптың үшінші бөлігі «ақпаратты» деген сөзден кейін «, оның ішінде электрондық түрде жəне (немесе) мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілері арқылы» деген сөздермен толықтырылсын.
23. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бап мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) санкцияланбаған трафик (фрод) - трафикті өткізуді жəне өзара есеп айырысу тəртібін қоса алғанда, телекоммуникация желілерін қосу жəне олардың өзара іс-қимылының белгіленген қағидаларын бұза отырып өткізілетін трафик, оның ішінде шақырушы абоненттің нөмірін ауыстыра отырып өткізілетін трафик;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелуді, тіркеуді, өткізуді жəне қолдануды GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелу, тіркеу, өткізу жəне қолдану қағидаларына сəйкес байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар байланыс операторлары ғана жүзеге асырады.
GSM-шлюздердің (сим-бокстардың) артық мөлшері туындаған жағдайда байланыс операторлары оларды уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қайта тіркеуі немесе байланыс саласында көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған лицензиясы бар басқа байланыс операторларына өткізуі мүмкін.»;
3) 8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 19-24) тармақшамен толықтырылсын:
«19-24) кеден ісі саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша GSM-шлюздерді (сим-бокстарды) əкелу, тіркеу, өткізу жəне қолдану қағидаларын бекіту;»;
4) 15-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Байланыс операторларының ішкі антифрод-жүйелері болуға жəне олар санкцияланбаған трафикті (фродты) бұғаттауға міндетті.»;
5) мынадай мазмұндағы 15-4-баппен толықтырылсын:
«15-4-бап. Ұялы байланыс операторларының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығымен өзара іс-қимылы
23-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы өз функцияларын орындау үшін абоненттің тегін, атын, əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпарат алу үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сəйкестендіру кодтарының дерекқорымен жəне (немесе) ұялы байланыс операторларының базаларымен интеграцияланады.
2. Ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді анықтаған кезде, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық əрекеттер анықталған кезде абоненттің тегін, атын, əкесінің атын (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сəйкестендіру нөмірі мен оған ресімделген абоненттік нөмірлерді қоса алғанда, абонент туралы ақпаратты бере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығын хабардар етуге міндетті.
Алаяқтық белгілері бар қоңырау шалу жүзеге асырылған абоненттік нөмірді, сондай-ақ байланыс желілерінде алаяқтық əрекеттерді анықтау тəртібі байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалады.
3. Ұялы байланыс операторлары осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығынан ақпарат алған кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде осы абоненттік нөмірге, оның ішінде GSM-шлюзге (сим-боксқа) байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұрады.»;
6) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Байланыс операторларына, телекоммуникация желілерінің иелеріне жергілікті телекоммуникациялар желісінде, қалааралық, халықаралық жəне ұялы байланыста санкцияланбаған трафикті (фродты) өткізуге тыйым салынады.»;
7) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші жəне бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Ұялы байланыс операторы абоненттің өтініші бойынша жеке, отбасылық жəне өзге де мақсаттарда пайдалануға жеткілікті, оннан аспайтын абоненттік нөмірді ресімдеуге міндетті.
Ұялы байланыс операторы абоненттік құрылғылардың, оның ішінде абоненттік нөмірлер қолданылатын машинааралық өзара іс-қимылдың абоненттік құрылғыларының сипаттамасы мен сəйкестендіру кодтарын көрсете отырып, ұялы байланыс операторына тиісті негіздемелер, қажеттілік дəлелдері берілген кезде байланыс қызметтерін көрсету қағидаларында айқындалатын тəртіппен абонентке оннан астам абоненттік нөмірді ресімдейді.
Сəйкестендірілетін адамның қазіргі бейнесін жəне адамның биометриялық деректердің эталондық базасынан алынған эталондық бейнесін салыстыру арқылы ұялы байланыс абонентін биометриялық сəйкестендіруді жүргізбей, онымен ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы шарт жасасуға тыйым салынады.
Дара кəсіпкерлер, заңды тұлғалар абоненттік нөмірді ресімдеген кезде олардың абоненттік нөмірлер пайдалануға берілетін жұмыскерлерінің абоненттік нөмірді ресімдеу туралы өтініш берілген кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде биометриялық сəйкестендіруден өтуі міндетті.».
24. «Қазақстан Республикасында кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
24-тармағы 1) тармақшасының екінші - алтыншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13-1) жəне 13-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісуі - кредиттік тарих субъектісін шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сəйкестендіруді қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, жазбаша түрде немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылған электрондық құжат нысанында ресімделетін, осы кредиттік тарих субъектісінің шет мемлекеттің уəкілетті ұйымдарына өзі туралы ақпаратты беруге жəне (немесе) шет мемлекеттің уəкілетті ұйымдарынан өзі туралы ақпаратты алуға рұқсаты. Келісімге кредиттік тарих субъектісі өз қолымен немесе шет мемлекеттің заңнамасына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өз қолымен қойылған қолтаңбаға теңестірілген өзге де тəсілмен қол қоюға тиіс;
13-2) кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат (бұдан əрі - ақпарат) - кредиттік тарихтарды қалыптастыру жəне оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куəландырылатын, кредиттік тарихтар субъектілеріне қатысты электрондық нысандағы жəне қағаз жеткізгіштегі мəліметтер;»;
мынадай мазмұндағы 13-3) жəне 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-3) кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат - заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісінің сот шешімімен таратылуы туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің күнтізбелік тоқсан күннен асатын мерзімі өтіп кеткен берешегінің бар екендігі туралы немесе кредиттік тарих субъектісінің «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жəне банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес банкрот деп танылғаны туралы мəліметтерді қамтитын, кредиттік тарих субъектісі туралы кредиттік есептің қысқаша нысаны;
13-4) кредиттік тарихтарды мониторингтеу - кредиттік тарихтар дерекқорында, өзге де ақпараттық жүйелерде бар ақпарат пен мəліметтердің негізінде кредиттік бюролар жүзеге асыратын кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихының өзгерістерін талдау, сондай-ақ кредиттік тарих субъектісіне жəне (немесе) кредиттік есептерді алушыларға анықталған өзгерістер туралы ақпарат беру;»;
24-тармағы 1) тармақшасының сегізінші - он екінші абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16-1) жəне 16-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) кредиттік тарихты пайдаланушы - осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат беруші, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында тіркелген, кредиттік қатынастарды ресімдеу жəне (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында трансшекаралық алмасу үшін кредиттік тарих субъектісінің келісімін алған заңды тұлға;
16-2) нақты уақыт режимі - əрекет дереу немесе бір сағаттан аспайтын мерзімде жүзеге асырылуға тиіс уақыт кезеңі;»;
мынадай мазмұндағы 16-3), 16-4), 16-5), 16-6) жəне 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-3) өтініш беруші - кредиттік бюро қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жəне кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорын, пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мен үй-жайларды қорғау жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі кредиттік бюроға қойылатын талаптарға сəйкестігі туралы актіні (бұдан əрі - рұқсат) алу мақсатында уəкілетті органға құжаттар ұсынған заңды тұлға;
16-4) проактивті режимдегі көрсетілетін қызметтер - кредиттік бюроның кредиттік тарих субъектілерін банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда хабардар ету бойынша көрсететін қызметтері;
24-тармағы 1) тармақшасының он төртінші - он алтыншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
16-5) трансшекаралық алмасу - тиісті халықаралық шарт жəне трансшекаралық алмасу туралы шарт негізінде шет мемлекеттің уəкілетті ұйымдарымен жəне кредиттік бюролармен кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мəліметтер алмасу;
16-6) трансшекаралық алмасу туралы шарт - трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру талаптарын, трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде шет мемлекеттердің уəкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимыл жасау тəртібі мен талаптарын айқындайтын шарт;»;
«17-1) уəкілетті ұйым - шет мемлекеттің заңнамасына сəйкес кредиттік тарихты жинауды, өңдеуді, сақтауды жəне кредиттік есептерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Кредиттік бюролар қызметінің жəне кредиттік тарихты қалыптастырудың құқықтық негіздерін белгілеу кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) кредиттік тарихтар дерекқорындағы ақпараттың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз ету;
2) кредиттік тарихтар дерекқорын қорғау жəне оның сақталуын қамтамасыз ету.
3. Кредиттік бюролардың қызметі жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) кредиттік бюролар қызметінің ашықтығы;
3) кредиттік бюролардың, ақпарат берушілердің жауапкершілігі.»;
3) 4-баптың 2-тармағында:
1) тармақша алып тасталсын;
24-тармағы 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) трансшекаралық алмасу туралы шарттың жобасын келісу;»;
4) 5-бапта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «кредиттік бюролардың қызметi, кредиттік тарихтарды қалыптастыру жəне оларды пайдалану мəселелерi бойынша мынадай» деген сөздер алып тасталсын;
1) тармақшадағы «шарттары мен ең төмен талаптары туралы» деген сөздер «шарттары мен ең төмен талаптарын айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1) тармақшадағы «тізбесі туралы» деген сөздер «тізбесін айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «тəртібі туралы» деген сөздер «тəртібін айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3), 3-1) жəне 4) тармақшалардағы «шарттары мен тəртiбi туралы» деген сөздер «шарттары мен тəртiбiн айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «талаптар туралы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды» деген сөздер «талаптарды айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес кредиттік бюролардың қызметін реттеу жəне кредиттік тарихты қалыптастыру саласындағы, кредиттік бюролардың орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады.»;
екінші бөлік алып тасталсын;
5) 7-бапта:
2-тармақта:
4) жəне 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу, кредиттік тарихтарды мониторингтеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
5) маркетингтік, статистикалық жəне талдамалық зерттеулер;»;
8) тармақшадағы «қызметтер жатады.» деген сөздер «қызметтер;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) жəне 10) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) проактивті режимде қызметтер көрсету;
10) кредиттік бюроның интернет-ресурсында маркетингтік, статистикалық жəне талдамалық зерттеулерді жариялау жатады.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро кредиттік тарих субъектілеріне қарыз жəне (немесе) микрокредит беру туралы, сондай-ақ осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген жағдайларда жəне (немесе) бірыңғай сақтандыру дерекқоры субъектілеріне «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 6-тармағының 5) тармақшасында белгіленген жағдайларда хабарламаны 1414 бірыңғай нөмірімен қысқа мəтіндік хабар арқылы өтеусіз жіберуге құқылы.»;
6) 7-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) жəне 1-1) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер дербес есептейді.
Кредиттік бюро кредиттік скорингті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес кредиттік бюро кредиттік скорингті есептеу туралы тиісті келісімдер жасасқан заңды тұлғалардың деректерін пайдалана отырып есептеуге құқылы.
Кредиттік бюро есептеген кредиттік скоринг туралы ақпаратты беру тəртібін кредиттік бюро дербес айқындайды.»;
7) 17-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есептілікті ұсынуға;»;
8) 19-баптың 1-тармағы 2) тармақшасындағы «болуға құқылы.» деген сөздер «болуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) бұрын өзі берген ақпаратты кредиттік бюродан алуға құқылы.»;
9) 20-баптың 1-тармағында:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ақпарат беру туралы шарттардың негізінде өзге де тұлғалар, сондай-ақ уəкілетті органның кредиттік тарих субъектілерінің осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 1-1), 2) жəне 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілерге өздері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге келісімін ресімдеу, кредиттік бюродан өзі туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімін ресімдеу тəртібі туралы нормативтік құқықтық актісіне сəйкес алынған кредиттік тарих субъектісінің келісімі негізінде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын тұлғалар;»;
5) тармақшадағы «уəкілетті орган кредиттік есептерді алушылар болып табылады.» деген сөздер «уəкілетті орган;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кредиттік есептерді алушылар болып табылады.»;
10) 22-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталы не банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.»;
11) 23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Заңды тұлғалар кредиттік бюромен жасалған шарт негізінде кредиттік есепке енгізілуі мүмкін кредиттік тарих субъектілері туралы мəліметтерді береді жəне (немесе) кредиттік бюродан дербес деректерді ашпай, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сəйкес талдамалық жəне (немесе) статистикалық ақпаратты алады.»;
12) 26-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасындағы «растау мақсатында пайдалануы мүмкiн.» деген сөздер «растау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) осы Заңның 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кредиттік есептерді алушылар қызметті жүзеге асырған кезде тəуекелдерді бағалау мақсатында пайдалануы мүмкін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кредиттік бюролар ақпарат берушiлерден алған мəлiметтердi өздерінің маркетингтiк, талдамалық жəне статистикалық зерттеулердi жүзеге асыруы үшiн пайдалануға құқылы.»;
24-тармағы 12) тармақшасының алтыншы - жиырма алтыншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5, 6, 7, 8, 9 жəне 10-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Трансшекаралық алмасу шет мемлекеттердің уəкілетті ұйымдары мен кредиттік бюролардың өзара іс-қимылы арқылы олардың арасында жасалған, уəкілетті органмен келісілген трансшекаралық алмасу туралы шарттардың талаптарымен жүзеге асырылады.
6. Трансшекаралық алмасу туралы шартта трансшекаралық алмасуды жүзеге асырудың мынадай талаптары қамтылады:
1) ақпараттық өзара іс-қимыл қағидалары мен регламенттері;
2) ақпарат қалыптастырылатын жəне берілетін тіл;
3) электрондық құжаттар мен мəліметтердің форматтары мен құрылымдарының сипаттамасы;
4) сəйкестендіру деректерінің тізбесі (құрамы);
5) дауларды реттеу тəртібі, оның ішінде кредиттік тарих субъектісінің кредиттік тарихтардың құрамына кіретін мəліметтерді даулау тəртібі;
6) ақпарат берудің қаржылық шарттары;
7) ақпаратты қорғауды ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
8) трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да шарттар.
7. Трансшекаралық алмасу кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі болған кезде жүзеге асырылады, келісім ұсынылған күнінен бастап алты ай ішінде жарамды болады.
Кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі кредиттік тарих субъектісінің қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мəміле жасасуға өтініші шеңберінде ресімделеді.
Егер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қарыз беру туралы шарт не кредиттік тарихты пайдаланушы мен кредиттік тарих субъектісі арасында өзге де мəміле жасалса, келісім шарттың не өзге де мəміленің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
8. Өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мəліметтер мен өзге де ақпаратта мыналар қамтылады:
1) кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салу;
2) кредиттік тарих субъектісінің трансшекаралық алмасуға келісімі;
3) кредиттік есеп;
4) кредиттік тарихтар құрамына кіретін мəліметтерді даулауға қатысты құжаттар.
9. Уəкілетті ұйымдар мен кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасуды жүзеге асыру кезінде өздеріне қатысты трансшекаралық алмасу жүзеге асырылатын мəліметтер мен ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру кезінде олардың қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
10. Кредиттік тарихты пайдаланушы трансшекаралық алмасу кезінде алынған ақпарат пен мəліметтерді тек қана кредиттік қатынастарды ресімдеу жəне (немесе) ресімделген кредиттік қатынастарды мониторингтеу мақсатында пайдалануы мүмкін.»;
13) 28-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы «лицензияларының» деген сөзден кейін «немесе электрондық нысандағы лицензиялардың» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 29-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «уəкілетті органның» деген сөздерден кейін «жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кредиттiк тарих субъектісi үшiн кредиттiк есепте осы субъектiнiң кредиттiк тарихы бойынша кредиттiк есептердi күнтізбелік бір жылдың ішінде ұсынудың барлық фактiлерi туралы, берiлген күнi, алушылардың атаулары мен деректемелерi көрсетілген ақпарат болуға тиiс.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кредиттік есепте кредиттік тарих субъектісінің - жеке тұлғаның осы Заңның 19-бабы 2-тармағы екінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген ақпаратты алған күннен кейін бір ай ішінде банктік қарыз шартын, микрокредит беру туралы шартты жасасуға өтініш бергені туралы ақпарат қамтылуға тиіс.».
25. «Инвестициялық жəне венчурлік қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Инвестициялық жəне венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Акционерлік инвестициялық қорды құрудың, оның қызметінің, қайта ұйымдастырудың жəне таратудың, инвестициялық пай қорын құрудың, оның жұмыс істеуінің жəне жұмысын тоқтатудың жəне инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылар қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ венчурлік қорлардың құқықтық жағдайын жəне қызметін ұйымдастыруды белгілеу инвестициялық қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Инвестициялық жəне венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың активтерін инвестициялық басқару, оларды есепке алу жəне сақтау жөніндегі қызметінің стандарттарын, сондай-ақ венчурлік басқарушының қызметі туралы ережелерді белгілеу;
2) инвестициялық жəне венчурлік қорлардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
3) қадағалау ресурстарын бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге байланысты қызметіне шоғырландыру;
4) венчурлік қаржыландыру мақсатында жасалатын шарттардың ерекшеліктерін айқындау;
5) акционерлік инвестициялық қорлар акционерлерінің, инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылардың, венчурлік қорлардың акционерлері мен қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды, инвестициялық жəне венчурлік қорлардың, инвестициялық қорлар активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың жəне венчурлік қорлар активтерін басқаруды жүзеге асыратын венчурлік басқарушылардың қызметі туралы ақпараттың толықтығын жəне тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Инвестициялық жəне венчурлік қорлардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) инвестициялық жəне венчурлік қорлардың, бағалы қағаздар нарығына кəсіби қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің жəне венчурлік қорлар активтерін басқару жөніндегі венчурлік басқарушылар қызметінің ашықтығы;
3) инвестициялық жəне венчурлік қорлардың тиімді жұмыс істеуі.».
26. «Жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
26-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 1-баптың 4-1) тармақшасы «, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-баптармен толықтырылсын:
«2-1-бап. Жобалық қаржыландыру жəне секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландыру мен секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын анықтау, жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын басқаға беруді жүзеге асыру мен мүліктің құқықтық режимінің ерекшеліктерін, арнаулы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындау жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері:
1) арнаулы қаржы компанияларын құру, олардың қызметі, қайта ұйымдастыру жəне тарату тəртібін айқындау;