2) реттелуі уəкілетті органның құзыретіне кіретін мəселелер бойынша арнаулы қаржы компанияларының қызметін мониторингтеу;
3) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Жобалық қаржыландыру мен секьюритилендiру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары:
1) арнаулы қаржы компаниялары қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету;
2) арнаулы қаржы компанияларының жауапкершілігі.
2-2-бап. Уəкілетті органның құзыреті
Уəкілетті орган осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес арнаулы қаржы компанияларының қызметін реттеу саласындағы арнаулы қаржы компанияларының орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады.».
27. «Өзара сақтандыру туралы» 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеті мен қағидаттары
1. Өзара сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қоғам қызметінің құқықтық негіздерін анықтау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтанушылардың, сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.
3. Қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерінің теңдігін қамтамасыз ету;
2) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.»;
3) 5-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндетке жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес қоғамдардың қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;».
28. «Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымды құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу, сондай-ақ депозиттерді қабылдауды, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуды жəне жүргізуді жүзеге асыратын банктердің (Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу талаптарын белгілеу депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жəрдемдесу;
3) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда кепілдік берілетін депозиттер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның жауапкершілігі.».
29. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;».
30. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Микроқаржылық қызметті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттеу, қызмет стандарттарын белгілеу, микроқаржылық қызметті бақылау жəне қадағалау;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілетін қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
3. Микроқаржылық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің ашықтығы;
3) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершілігі.»;
2) 3-бапта:
3-2 жəне 3-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2. Жеке тұлға микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода не «электрондық үкімет» веб-порталы не «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржы ұйымының ақпараттандыру объектілері арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы.
3-3. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылданғанға дейін алған жеке тұлғаның кредиттік есебінде оның микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілегені туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының оған микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Бұл тыйым ломбардтың микрокредит беруі жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымының жеке тұлғаға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз, тіркелуге жататын мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредиттерді беруіне тыйым салынады, келісімді алу тəртібі жəне келісім қажет болатын тұтынушылық микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Микроқаржы ұйымының бұрын алынған микрокредиттер жəне (немесе) банктік қарыздар туралы ақпарат кредиттік есебінде жоқ жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шартты микроқаржы ұйымында өзінің қатысуынсыз жасасуына тыйым салынады. Жасасу үшін жеке тұлғаның өзінің қатысуы қажет болатын тұтынушылық микрокредит шарты бойынша микрокредиттің ең төмен мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
30-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады
Уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларда жəне тəртіппен микроқаржы ұйымы жеке тұлғамен мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредитті беру туралы шартты осындай шарт жасасуға оның келісімін алғаннан кейін ғана жасасады. Көрсетілген шарт интернет арқылы жасалған жағдайда, оны жасауға келісім кредиттік бюрода, «электрондық үкімет» веб-порталында не «электрондық үкімет» шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған микроқаржы ұйымының ақпараттандыру объектілері арқылы ресімделеді.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген талап микрокредит беру туралы шарт жасасу, сондай-ақ тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
30-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтары 2025 ж. 30 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
30-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады
Микроқаржы ұйымы интернет арқылы жасалған, мөлшері уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын микрокредитті беру туралы шарттың негізінде, мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық микрокредит бойынша қарыз алушыға ақша беруді мынадай талаптарды сақтай отырып:
1) шартқа қол қойылған не микрокредит сомасы ұлғайтылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кейін;
2) осы бөліктің 1) тармақшасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін қарыз алушы уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарға сəйкес ресімделген тұтынушылық микрокредитті алуға келісім бергеннен кейін жүзеге асырады.
Қарыз алушыға мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген, сомасы қосу нəтижесінде уəкілетті органның осы Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалған ең төмен мөлшерден асатын бірнеше тұтынушылық микрокредит интернет арқылы берілген жағдайда, микроқаржы ұйымы уəкілетті органның осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарды ескере отырып, ішкі құжаттарға сəйкес осы тармақтың жетінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген талапты сақтайды.
Осы тармақтың бірінші, бесінші жəне жетінші бөліктерінде көзделген талаптар тұтынушылық микрокредит сомасын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына қарыз алушы (сатып алушы) алғанын растайтын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу мақсаттарына жəне (немесе) кредитордың сол микроқаржы ұйымында алынған қарыз алушының микрокредиті бойынша берешекті өтеу мақсаттарына беру жағдайларына қолданылмайды.
Микроқаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талапты сақтамай микрокредит берген жағдайда, микроқаржы ұйымы жеке тұлғадан мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес. Микроқаржы ұйымы осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптар сақталмай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мынадай шараларды қабылдайды:
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін есептен шығару туралы шешім қабылдайды;
клиенттің осындай микрокредит бойынша берешегін өндіріп алуды жəне талап-арыз жұмысын тоқтатады;
осындай микрокредит бойынша ақпарат туралы жазбаларды жою арқылы клиенттің кредиттік бюролардағы кредиттік тарихына түзетулер енгізеді;
осындай микрокредит бойынша сыйақының жəне (немесе) тұрақсыздық айыбының бұрын ұсталған (төленген) сомаларын клиентке қайтаруды жүзеге асырады.
Осы тармақтың оныншы бөлігінде көзделген шаралар, осы баптың 3-4-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген құқық қорғау органдарының процестік құжаттарын микроқаржы ұйымы алған жағдайда, осы тармақтың бірінші, төртінші, бесінші, жетінші жəне сегізінші бөліктерінде көзделген талаптардың кез келгені сақталмай микрокредит беру жағдайларына қолданылады.»;
3-4-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3-4. Микрокредит беру құпиясын құрайтын ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткізілгені, оның құқыққа сыйымсыз өзгертілгені, үшінші тұлғалар тарапынан құқыққа сыйымсыз əрекеттердің не жеке тұлғалардың микрокредиттерімен өзге де заңсыз (алаяқтық) əрекеттердің жүзеге асырылғаны анықталған кезден бастап микроқаржы ұйымы бір жұмыс күні ішінде бұл туралы клиентке жəне уəкілетті органға хабарлайды, екі жұмыс күні ішінде құқыққа сыйымсыз əрекеттерді жою үшін шаралар қабылдайды жəне он жұмыс күні ішінде мұндай əрекеттердің салдарын жою үшін шаралар қабылдайды.»;
екінші бөліктің бірінші абзацы «тұлғаны» деген сөзден кейін «микрокредитті алаяқтық тəсілмен ресімдеуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылық бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі «қатысуынсыз» деген сөз «сəйкестендіру құралдарын үшінші тұлғаның заңсыз алуы жəне пайдалануы салдарынан, оның ішінде микроқаржы ұйымының қызметтерін қашықтан көрсетудің бағдарламалық қамтылымын алыстан басқаруды пайдалану немесе микроқаржы ұйымының биометриялық сəйкестендіруді жүргізу тəртібін не уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ішкі жəне сыртқы алаяқтық фактілерін анықтау, тіркеп-белгілеу жəне талдау жөніндегі талаптарды бұзуы арқылы микрокредитті ресімдеу кезінде қылмыстық іс бойынша жəбірленуші деп танылған клиентке» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармағы 23) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының күші 2024 ж. 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
3-5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтамай, жеке тұлғамен интернет арқылы микрокредит беру туралы шарт жасасқан жағдайда, микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, оныншы бөлікте көзделген шараларды осы баптың 3-3-тармағы он бірінші бөлігінің талаптарын ескере отырып, қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-6-тармақпен толықтырылсын:
«3-6. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, мерзімді əскери қызметтегі əскери қызметшілердің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымының осындай əскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да əскерлері мен əскери құралымдарында мерзімді əскери қызметті өткеруі кезеңінде микрокредиттер беруіне тыйым салынады.
Мерзімді əскери қызметке шақырылған əскери қызметшілер, сондай-ақ оларды қызметтен шығару туралы мəліметтер алмасу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен мемлекеттік органдар мен кредиттік бюролардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, дербес деректерді жинау, өңдеу жəне пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шешім қабылдағанға дейін алған, əскери қызметтегі əскери қызметшінің кредиттік есебінде оны мерзімді əскери қызметке шақыру туралы ақпарат болған кезде микроқаржы ұйымы осындай əскери қызметшіге микрокредит берген жағдайда микроқаржы ұйымы мұндай микрокредит бойынша міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы емес жəне мұндай микрокредит беру фактісі анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей осы баптың 3-3-тармағының оныншы бөлігінде көзделген шараларды қабылдайды.»;
3) 5-баптың 2-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттарда, сондай-ақ микрокредиттер бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.»;
4) 7-бапта:
2-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынуға;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне пруденциялық нормативтердің жəне сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы есептілікті ұсынуға;»;
11-2) тармақшаның екінші бөлігіндегі «микроқаржы ұйымдарының» деген сөздер «кредиттік бюролардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін төленген төлемдер қайтарылуға жатпайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген төлемдер есептен шығарылуға жатады.
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) микрокредит сомасын қайтару жəне кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес микрокредит бойынша сыйақыны төлеу жөніндегі міндеттемені бұзғаны үшін сыйақыны жəне (немесе) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;»;
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) кəсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты микрокредит бойынша сыйақыны жəне тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, кез келген төлемді белгілеуге жəне қарыз алушыдан (өтініш берушіден) алуға;»;
30-тармағы 5) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады
5) 9-2-бапта:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) ай сайынғы төлем мөлшерін микрокредитті өтеу графигінде белгіленген төлемнің кемінде елу пайызына азайту жағына қарай өзгертуге;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қарыз алушы - жеке тұлғаның микрокредит беру туралы шарттың талаптарына, оған қоса берілетін құжаттардың тізбесіне өзгерістер енгізу туралы өтінішін қарау тəртібі, сондай-ақ микроқаржы ұйымының өтінішті қарау нəтижелері туралы уəкілетті органға хабарлау тəртібі уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші жəне үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Микроқаржы ұйымы микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешімді:
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес халықтың əлеуметтік осал топтарына жататын;
2) төтенше жағдай енгізуге негіз болған мəн-жайлардың салдарынан зардап шеккен қарыз алушы - жеке тұлға микрокредит беру туралы шарттың талаптарына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасында жəне (немесе) 2) тармақшасында көзделген өзгерістерді енгізу туралы өтініш берген кезде кемінде үш ай мерзімге қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген қарыз алушы - жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру туралы шарттың талаптарына ұсынылған өзгерістермен келісу туралы шешім қарыз алушы өтінішпен жүгінген айдың алдындағы екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісі қарыз алушының өтінішпен жүгінген не атаулы əлеуметтік көмек тағайындалған айдың алдындағы он екі айда есептелген қарыз алушының орташа айлық кірісімен салыстырғанда отыз пайыздан астамға төмендеген жағдайда қабылданады.»;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «үшінші» деген сөз «бесінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Микроқаржы ұйымы жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар
1. Микроқаржы ұйымы микроқаржылық қызметті мынадай мəліметтерді қамтитын микрокредиттер беру қағидалары болған кезде жүзеге асырады:
1) микрокредит беруге өтініш беру тəртібі жəне оны қарау тəртібі;
2) микрокредит беру туралы шартты жасасу тəртібі;
3) микрокредиттiң шекті сомалары жəне оны беру мерзiмдерi;
4) берiлетiн микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің шектi шамалары;
5) берiлген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тəртiбi;
6) микроқаржы ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
7) берілетін микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу қағидалары;
8) микрокредитті өтеу əдістері;
9) клиенттердің микрокредит беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тəртібі.
Клиенттің жолданымын қарау мерзімі жолданым микроқаржы ұйымына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мəн-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты жолданымды қарау мерзімі он бес жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін, бұл туралы клиентке жолданымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады;
10) микроқаржы ұйымы мен оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;
30-тармағы 6) тармақшасының он алтыншы абзацы 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11) клиенттермен жұмыс істеу тəртібі туралы, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну бойынша қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі жөніндегі ұлттық стандарттың талаптары ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну тəртібін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына сенім білдірілген адамның қатысуымен көрсетілетін қызметтерді ұсыну ерекшеліктерін қамтитын ереже;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де шарттар, талаптар мен шектеулер.
2. Микрокредиттер беру қағидалары уəкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын, микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру, ақпаратты жария ету жəне клиенттердің микрокредиттер беру процесінде туындайтын жолданымдарын қарау тəртібіне сəйкес келуге тиіс.»;
7) 21-баптың 6-тармағының 6) тармақшасындағы «қудалау органдары» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары жəне құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 24-бап мынадай мазмұндағы 2-1 жəне 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Микроқаржы ұйымы микрокредит бойынша сыйақы шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату жəне (немесе) орналастыру кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетуге міндетті.
2-2. Микрокредит бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты қамтитын жарнаманы тарату кезінде, оның ішінде оны жариялау кезінде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі қаріптердің өлшемі мен ресімделу стилі бойынша басқа да сыйақы мөлшерлемелерімен бірдей нысандағы цифрлық мəнде көрсетіледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін осы жарнамада өзге ақпаратты көрсеткен кезде пайдаланылатын қаріптен кіші қаріппен көрсетуге жол берілмейді.»;
30-тармағының 9) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
9) 25-3-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;
10) 27-бапта:
тақырыптағы «жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер алып тасталсын;
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың орындауы үшін міндетті микроқаржылық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;