3. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығы;
2) коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және бақылау стандарттарын, әдістерін арттыру;
3) коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі.».
2) 4-бапта:
2-тармақ «жағдайда» деген сөзден кейін «және қарыз алушы банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген кезде банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта кредитордың коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармағы 2) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңда не берешекті өндіріп алу туралы шартта көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
1) борышкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған;
2) борышкер қайтыс болған;
3) борышкер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен;
4) коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылған;
5) борышкер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитор алдындағы міндеттемесін орындаған;
6) осы Заңның 15-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі.»;
3) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңдегі өзара іс-қимыл жасау жөніндегі талаптарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар коллекторлық агенттіктің осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді бұзатын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимыл жасауына қолданылмайды.»;
4) 15-баптың 1-тармағында:
35-тармағы 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «жазбаша» деген сөзден кейін «немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «органды» деген сөзден кейін «жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен, сондай-ақ нысанда» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13) тармақша «ішінде» деген сөзден кейін «жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармағы 5) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5) 16-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) берешектің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алу үшін кредит бюросына, коллекторлық агенттікке және (немесе) кредиторға жүгінуге;»;
6) 17-бапта:
тақырыптағы «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) осы Заңның 2-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коллекторлық агенттіктердің орындауы үшін міндетті коллекторлық қызметті реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уәкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
3-тармақ алып тасталсын.
36. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бапта:
тақырыптағы «мен міндеттері» деген сөздер «, міндеттері мен қағидаттары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) резиденттер мен бейрезиденттер валюталық операцияларды жүргізген кезде олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы;
3) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктің толықтығы, анықтығы және уақтылылығы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығы мен экономикасын қорғауды қамтамасыз ету;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген рәсімдер сақталған кезде валюталық операцияларды жүргізуде шектеулердің болмауы.»;
2) 5-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігі «Заңға» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілік нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі мен мерзімдерін өздерінің құзыретіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша не бірлесіп бекітеді.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.»;
6-тармақ алып тасталсын;
3) 10-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату тәртібі, Қазақстан Республикасының ішкі валюта нарығында шетел валютасын ұлттық валютаға сатып алу мақсаттарын және оның мәлімделген мақсаттарға пайдаланылуын растау бойынша резидент - заңды тұлғаларға (уәкілетті банктерді қоспағанда) қойылатын талаптар, сондай-ақ одан асып кеткен кезде осы талаптар қолданылатын сатып алу сомасы үшін шекті мән айқындалады.»;
7-тармақ алып тасталсын.
37. «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 11) тармақшасының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«11) соттан тыс банкроттық рәсімі - жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттар бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.»;
2) 5-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «арызда көрсетілген» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшаның талаптары осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көзделген міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.»;
3) 6-баптың 2-тармағы 5) тармақшасының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада көрсетілген, берешекті реттеуді жүргізу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шараларды жүргізу туралы талаптар осы Заңның 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.»;
4) 8-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) әдейі банкроттық белгілерін көрсететін құжаттар болған кезде борышкерді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту үшін уәкілетті органға жүгінуге;»;
5) 18-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) борышкер уәкілетті органға соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату туралы арызды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) арнаулы мобильдік қосымша арқылы берсе;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) борышкердің меншігіне өзінің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін мүлік түссе немесе оның қаржылық және (немесе) мүліктік жағдайы өзгерсе;»;
4) тармақшадағы «борышкердің» деген сөз «соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берген күнге борышкердің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша рәсім тоқтатылған күннен кейін алты ай өткен соң қайта беруге құқылы.»;
6) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы Заңның 1-бабының 11) тармақшасында көрсетілген, өздері туралы мәліметтер «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен кредиттік бюроларға ұсынылмаған кредиторлар алдындағы міндеттемелер банкрот деп танылған қарыз алушыға қатысты тоқтатылуға жатады.
Осы тармақтың күші үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдік етуші, кепілгер және (немесе) кепіл беруші болып табылатын борышкерлердің міндеттемелеріне қолданылмайды.»;
7) 20-баптың 3-тармағында:
1) тармақшадағы «барлық» деген сөз «берешектің негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілген барлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшаның төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақшада көзделген құжатты ұсыну мынадай жағдайларда, егер:
банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған болса;
мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі ай өтсе, талап етілмейді.»;
8) 23-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қаржы басқарушысы:
1) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот, өзіне тиесілі (тиесілі болған) мүлік туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшірмелерін талап етіп алдырады, олар сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;
2) өзі тағайындалғаннан кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органнан банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы ақпаратты сұратады, ол сұрау салу берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған өтеусіз негізде берілуге тиіс;
3) банкрот алдында берешегі бар тұлғалар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы берешекті сот тәртібімен өндіріп алу туралы талаптар қояды;
4) осы Заңның 14-бабында көрсетілген мән-жайлар кезінде борышкер жасаған мәмілелерді анықтайды және мұндай мәміле анықталған күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде оларды жарамсыз деп тану туралы не мүлікті сот тәртібімен, оның ішінде осындай мәмілені анықтаған кредитордың өтінішхаты бойынша қайтару туралы талаптар қояды;
5) сату жоспарына сәйкес банкроттың мүлкін сатуды жүзеге асырады;
6) кредиторлар талаптарының тізілімін жүргізеді;
7) борышкердің пайдасына ақша түскеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезектілігіне сәйкес кредиторлармен есеп айырысуды жүргізеді;
8) уәкілетті органға банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұратылатын ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде береді;
9) банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы, борышкердің қаржылық жағдайы туралы кредиторға оның жазбаша сұрау салуы негізінде, сұрау салу келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды;
10) банкрот пен оның кредиторларының мүдделерін қозғайтын сот актісі шығарылған жағдайда, оны алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде осы сот актісіне шағым жасау туралы мәселені қарайды;
11) банкроттық рәсімін аяқтау туралы сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оның көшірмесін уәкілетті органға жібереді;
12) борышкерді банкрот деп тану туралы сот актісінің күші жойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде борышкерге мүлікке, сондай-ақ материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды береді. Кепіл нысанасы болып табылатын мүлік болған жағдайда, мұндай мүлікке құқық белгілейтін құжаттар кепіл кредиторына берілуге жатады;
13) қаржы басқарушысы шеттетілген жағдайда, жаңадан тағайындалған қаржы басқарушысына ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде банкроттың мүлкіне, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарға құқық белгілейтін құжаттарды, сондай-ақ банкроттың банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері, осы шоттардағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы қолда бар ақпаратты береді;
14) осы Заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді орындайды.»;
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе,» деген сөздер «Осы Заңның 44-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда,» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 27-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы басқарушысы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қалыптастырылған кредиторлар талаптарының тізілімін қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органға осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.»;
10) 34-баптың 2-тармағы «бойынша сот» деген сөздерден кейін «осы Заңның 6-бабы 2-тармағының ережелерін ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 44-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «сыйақы төлеу» деген сөздер «уәкілетті органның сыйақы төлеуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы басқарушысына уәкілетті органның сыйақы төлеу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.».
38. «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» 2023 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-2-тарауында көзделген тәртіппен цифрлық активтерді Қазақстан Республикасының аумағында қаржы құралы, қаржы активі ретінде пайдаланған кезде немесе оларды қаржылық қызметтерді (төлем қызметтерін) көрсету шеңберінде пайдаланған кезде цифрлық активтерге байланысты қызметке қатысты ерекше реттеу режимін енгізеді.»;
2) 11-баптың 5-тармағы «аумағын» деген сөзден кейін «және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң:
1) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 2) тармақшасын, 6-тармағының 3), 6), 7) - 19) және 22) тармақшаларын, 33) тармақшасының жетінші - оныншы абзацтарын, 35), 36), 39), 42) және 43) тармақшаларын, 12-тармағы 2) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 10) тармақшасын, 14) тармақшасының он екінші абзацын, 17-тармағы 4) тармақшасының төртінші - он жетінші абзацтарын, 21-тармағының 14) тармақшасын, 26-тармағының 2) тармақшасын, 30-тармағының 9) тармақшасын, 34-тармағының 3) тармақшасын;
2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 25) тармақшасын, 9 және 13-тармақтарын, 15-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 21-тармағы 2) тармақшасының алтыншы - оныншы абзацтарын, 7), 8), 9), 15), 19) - 23) тармақшаларын, 22-тармағының 2) тармақшасын, 24-тармағы 1) тармақшасының екінші - алтыншы, сегізінші - он екінші, он төртінші - он алтыншы абзацтарын, 3) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 12) тармақшасының алтыншы - жиырма алтыншы абзацтарын, 35-тармағы 2) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтарын, 4) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасын;
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 23) тармақшасының он бесінші - он сегізінші абзацтарын, 30-тармағы 2) тармақшасының оныншы - он үшінші абзацтарын;
4) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 23-тармағы 5) тармақшасының үшінші абзацын, 34-тармағы 7) тармақшасының қырық бесінші абзацын;
5) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он екі ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 20) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 12-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 22-тармағының 7) тармақшасын, 30-тармағы 6) тармақшасының он алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Мыналар:
1) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 23) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының, 30-тармағы 2) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарының күші 2024 жылғы 23 қазаннан бастап жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
2) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 24) тармақшасының екінші - он екінші абзацтарының, 30-тармағы 5) тармақшасының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады;
3) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін төленген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатпайды.
Қарыз алушы - жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз шарттары бойынша осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 26) тармақшасының екінші абзацы қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген тұрақсыздық айыбы немесе айыппұл санкцияларының өзге де түрлері қайта есептелуге жатады;
4) осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтарының күші бұрын жасалған шарттардан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады деп белгіленсін.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін төленген төлемдер қайтарылуға жатпайды.
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес, сыйақыны және микрокредит беру туралы шарт бойынша микрокредит сомасын қайтару және (немесе) сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, осы Заңның 1-бабының 30-тармағы 4) тармақшасының тоғызыншы және оныншы абзацтары қолданысқа енгізілгенге дейін есепке жазылған және төленбеген төлемдер есептен шығарылуға жатады;
5) осы Заңның 1-бабының 6-тармағы 23) тармақшасының он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарының және 30-тармағы 2) тармақшасының сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші абзацтарының күші банктік қарыздарды (микрокредиттерді), оның ішінде талаптарында ақшаны толық көлемде немесе бөліктермен беру көзделген бұрын жасалған шарт шеңберінде берілетін банктік қарыздарды (микрокредиттерді) беруге қолданылады деп белгіленсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2025 жылғы 30 маусым
№ 205-VIII ҚРЗ