12-тармағы 4) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтары 2026 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарына қызмет көрсету жөніндегі қаржы ұйымдары бөлімшелерінің қолжетімділігі саласындағы ұлттық стандарт талаптары ескеріле отырып, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарға жəне халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қызмет көрсету тəртібі қамтылатын клиенттермен жұмыс істеу тəртібі туралы ережені;»;
5) 16-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «мемлекеттік тіркеу нөмірі жəне» деген сөздер алып тасталсын;
6) 16-2-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына (қатысушыларына, акционерлеріне) қойылатын талаптар»;
мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Терроризмді жəне экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне жəне (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке жəне заңды тұлғалар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) жəне терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тəртіппен сақтандыру брокерінің құрылтайшылары (қатысушылары, акционерлері) бола алмайды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне жəне (немесе) жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жағдайда, уəкілетті орган осы қатысушыға (акционерге) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талап жібереді.
Сақтандыру брокерінің қатысушысы (акционері) сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына (акцияларына) оның қатысу үлесін иеліктен шығару туралы талапты алған күннен бастап алты ай ішінде оны орындауға жəне растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, бұл туралы уəкілетті органды хабардар етуге міндетті.»;
7) 18-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Екінші деңгейдегі банк жəне (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым пайда алушы болып табылатын жəне (немесе) жасалуы банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит беру бойынша екінші деңгейдегі банктің жəне (немесе) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның қаржы өнімінің талаптарынан туындайтын сақтандыру шартын, сондай-ақ банктік қарыз жəне (немесе) микрокредит алу кезінде жасалатын өзге де сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызметтер көрсеткені үшін сақтандырушы сақтандыру агентіне төлейтін комиссиялық сыйақының мөлшері осы сақтандыру шарты бойынша төленуге жататын, есепке жазылған сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің он пайызынан аспайды.»;
8) 23-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ұлттық компания мəртебесіне ие сақтандыру ұйымын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына өз атауында кез келген тілде «ұлттық», «орталық», «бюджеттiк», «республикалық», «мемлекеттік» деген сөздердi толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.»;
9) 31-1-баптың екінші бөлігі «құжаттардың» деген сөзден кейін «жəне хабарламада көрсетілетін бекітілген қаржы өнімдері жөніндегі мəліметтердің» деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармағының 10) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
10) 34-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы сегізінші абзацындағы «тұлғаларда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ» деген сөздер «тұлғаларда» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«жəне (немесе) ұлттық басқарушы холдингте немесе Қазақстанның Даму Банкінде немесе жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорында немесе Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінде осы баптың 5-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген лауазымдарда осы бапта белгіленген еңбек өтілі жоқ;»;
5-тармақтың үшінші бөлігінде:
«дамыту» деген сөзден кейін «жəне (немесе) ақпараттық қауіпсіздік» деген сөздермен толықтырылсын;
«жəне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдағы» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мəтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Осы баптың 5-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) жəне 4) тармақшаларының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, екі жəне одан көп құрылымдық бөлімшесінің қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жəне (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласында реттеу жəне мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы жəне оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) ұлттық басқарушы холдингтің, Қазақстанның Даму Банкінің, жеке кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының жəне Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің басқару органының басшысы, атқарушы органының басшысы, сондай-ақ оның қаржылық мəселелерге жəне (немесе) еншілес қаржы ұйымдарының қызметіне жетекшілік ететін орынбасары;
4) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы жəне оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;
қаржы ұйымдарына аудит жүргізетін ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының жетінші абзацында көрсетілген салада қызметті жүзеге асыратын ұйымдардағы;
осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасының сегізінші абзацында көрсетілген шетелдік заңды тұлғалардағы оқшауланған бөлімшесінің басшысы немесе басшысы орынбасары лауазымы түсініледі.»;
6-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы басшысының міндеттерін атқару атқарушы органының мүшесіне, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерінің филиалы басшысының міндеттерін атқару басшының орынбасарына, бас бухгалтердің міндеттерін атқару бас бухгалтердің орынбасарына күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімге жүктелген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерінің міндеттерін уəкілетті органның басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімі жоқ адамның атқаруына (уақытша жоқ адамды ауыстыруына) тыйым салынады.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атқарушы органы басшысының, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы басшысының не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалы бас бухгалтерінің міндеттерін атқаруды уəкілетті органмен келісілген кандидатураның болмауына байланысты осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатарынан он екі ай ішінде жиынтығында күнтізбелік бір жүз сексен күннен артық мерзімге жүктеуге (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) жол берілмейді.»;
11) 41-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң негізгі мiндеттерi мен қағидаттары»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру нарығына кəсіби жəне өзге де қатысушылардың қызметін мемлекеттік реттеу қағидаттары:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) сақтандыру нарығына кəсіби жəне өзге де қатысушылар қызметінің жəне қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) сақтандыру нарығына кəсіби жəне өзге де қатысушылардың жауапкершілігі болып табылады.»;
12) 43-бапта:
21) жəне 21-1) тармақшалар алып тасталсын;
27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27) осы Заңның 1-1-бабында жəне 41-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттар мен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес сақтандыру саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың орындауы үшін мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
30) тармақшадағы «, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға жəне оның лауазымды адамдарына» деген сөздер алып тасталсын;
13) 46-бапта:
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру топтары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
10-1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
12-тармақтың алтыншы жəне сегізінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілікті ұсынады.»;
14) 48-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша алтыншы абзацындағы «заңды тұлғаларды. Бұл ретте,» деген сөздер «заңды тұлғаларды сатып алу жағдайларына қолданылмайды. Бұл ретте,» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші жəне сегізінші абзацтармен толықтырылсын:
«қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылымды əзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
жасанды интеллект, блокчейн жəне басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);»;
2) тармақша үшінші абзацындағы «тұлғаларды құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.» деген сөздер «тұлғаларды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші жəне бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«қаржы ұйымдарының қызметінде, оның ішінде олардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым əзірлеуді, іске асыруды, қолдауды жүзеге асыратын ұйымдардың (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін);
жасанды интеллект, блокчейн жəне басқа да инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қаржылық қызметтер көрсету мүмкіндігін ұсыну бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды (Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерін) құру, сондай-ақ акцияларды немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасының жетінші жəне сегізінші абзацтарында жəне 2) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарында белгіленген ережелер уəкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының жəне сақтандыру холдингтерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент - ұйымдарын құру, сондай-ақ акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алу жағдайларына қолданылады.»;
12-тармағының 14) тармақшасының он екінші абзацы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақтың 5-1) тармақшасындағы «немесе» деген сөз «, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкінің филиалы,» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 52-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі 5) тармақшасындағы «жүйесін қалыптастырады.» деген сөздер «жүйесін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) қаржы өнімдерін əзірлеудің, мақұлдаудың жəне ендірудің ішкі рəсімдерін қалыптастырады.»;
16) 53-1-баптың 1-тармағы «сақтандыру брокеріне,» деген сөздерден кейін «сақтандыру брокерінің қатысушысына, акционеріне,» деген сөздермен толықтырылсын;
17) 53-4-бапта:
1-тармақта:
бірінші абзац «ұйымдарға» деген сөзден кейін «, сақтандыру брокерінің қатысушыларына (акционерлеріне)» деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша «Заңның» деген сөзден кейін «16-2-бабының 3-тармағында,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) сақтандыру брокерінің қатысушысынан (акционерінен) оның сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысу үлесін (акцияларын) иеліктен шығаруды талап етуге;»;
18) 54-1-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
19) 67-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі тоқтатылғаны тіркелгеннен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы ерікті түрде тарату процесінің аяқталғаны туралы уəкілетті органды он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
20) 72-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уəкілетті органды Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату процесінің аяқталғаны туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.»;
21) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық жəне өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерi Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке қаржылық жəне өзге де есептiлікті ұсынады.
Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары жəне Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокерінің филиалдары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілікті жəне өзге де есептiлікті ұсынады.»;
22) 74-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру холдингтерінің ірі қатысушылары Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сəйкес Ұлттық Банкке қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.».
13-тармақ 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
13. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
12-баптың 3-тармағында:
бірінші бөліктегі «тұлғаларға кредит берудің» деген сөздер «тұлғаларды қаржыландырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғаларды, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғаларды қаржыландырудың жəне олардың міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуді беру шарттарын айқындау жəне (немесе) өзгерту кезінде, сондай-ақ Даму Банкі көрсетілген жəне (немесе) үшінші тұлғалармен өзге де мəмілелер жасасқан кезде «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында белгіленген талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында белгіленген, ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалармен, жалғыз акционері (қатысушысы) Даму Банкі болып табылатын заңды тұлғалармен мүдделілік болуына орай жасалатын мəмілелерді жүзеге асыру тəртібі мұндай тұлғаларға қолданылмайды.».
14. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 2-тармағы:
«реттеу» деген сөзден кейін «, төлемдер жəне төлем жүйелері» деген сөздермен толықтырылсын;
«қадағалау,» деген сөзден кейін «төлем қызметтерін реттеу жəне көрсету тəртібі,» деген сөздермен толықтырылсын.
15. «Кредиттік серіктестіктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Кредиттiк серiктестiктер қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Кредиттік серіктестіктердің қызметін жүзеге асырудың құқықтық негіздерін белгілеу, қаржы нарығында адал бəсекелестікті қолдауға бағытталған кредиттік серіктестіктердің қызметі үшін тең құқықты жағдайлар жасау кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Кредиттік серіктестіктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) кредиттік серіктестіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) кредиттік серіктестіктерге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, кредиттік серіктестіктердің қызметі жəне олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын жəне тұтынушылар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Кредиттiк серiктестiктердің қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) реттеу ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) кредиттiк серiктестiктер қызметінің ашықтығы;
3) кредиттiк серiктестiктердің жауапкершілігі.»;
15-тармағының 2) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) 9-баптың 4-тармағындағы «жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi» деген сөздер «кредиттік серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысына қатысқан жəне ұсынылған қатысушылардың төрттен үшінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 10-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«есепке алу саясатын қалыптастыру.».
16. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Акционерлік қоғамдарды құрудың, олардың қызметінің, қайта ұйымдастырудың жəне таратудың құқықтық негіздерін белгілеу, акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды белгілеу акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары болып табылады.
2. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) акционерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
2) акционерлік қоғамдардың корпоративтік басқару қағидаттарын сақтауы.
3. Акционерлік қоғамдардың қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) акционерлік қоғамдар қызметінің ашықтығы;
2) корпоративтік басқарудың орнықтылығы.».
17. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құрудың, оның қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу талаптарын белгілеу Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) сақтанушылардың (сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысушы - сақтандыру ұйымы мəжбүрлеп таратылған кезде сақтанушылардың (сақтандырылушылардың жəне пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) көлік оқиғасы орнынан жасырынған жəне жəбірленушіге зиян келтіргені үшін жауапты адам анықталмаған жағдайда, көлік оқиғасы салдарынан өмірі мен денсаулығына өзге адам зиян келтірген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.»;
3) 4-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 2-1-бабының 1 жəне 2-тармақтарында көзделген мақсат пен міндеттерге жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Қордың қызметін реттеу саласындағы Қор орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі уəкілетті орган туралы ережеде айқындалады;»;
1-1-тармақ алып тасталсын;
4) 4-1-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Адамның қаржы ұйымын мəжбүрлеп таратуға алып келген төлем қабілетсіздігіне не банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызуға алып келген құқыққа қайшы əрекеттер (əрекетсіздік) жасауы фактілерінің болмауын, алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығының болмауын, оның ішінде қаржы ұйымының, банк жəне (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару жəне қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот актісінің болмауын қоса алғанда, кəсіпқойлықты, адалдықты растайтын фактілердің болуы мінсіз іскерлік бедел болып табылады.»;
17-тармағының 4) тармақшасының төртінші - он жетінші абзацтары 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының мақсаттары үшін басшы лауазым деп:
1) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - сақтандыру брокері филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банкі филиалының басшы қызметкері, құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшелерінің) қызметін үйлестіруді жəне (немесе) бақылауды жүзеге асыратын басшысы, құрылымдық бөлімшесінің, сондай-ақ оқшауланған бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
2) қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу саласындағы жəне (немесе) қаржы ұйымдарының аудиторлық қызметі саласындағы реттеу жəне мемлекеттік бақылау саласындағы мемлекеттік органның бірінші басшысы жəне оның орынбасары, құрылымдық бөлімшесінің басшысы, басшысының орынбасары;
3) құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы жəне оның орынбасары, сондай-ақ:
осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігі 2) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарындағы;