«
| 87-13. | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға жəне олардың айналысына рұқсат беру | Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға жəне олардың айналысына рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі - 3 жыл; рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің жəне 26-бабы 1, 2-тармақтарының күші қолданылмайды |
| 87-14. | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат беру | Қазақстан Республикасының аумағында импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ кепілдік міндеттемелер беріле отырып импортталған тауарларды үшінші тұлғаларға беруге рұқсат | |
| 87-15. | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат беру | Ұялы байланыстың виртуалды операторына рұқсат | |
» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-сынып мынадай мазмұндағы 87-18-жолмен толықтырылсын:
«
| 87-18. | Заңды тұлғалардың түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуі жəне өткізуі жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру | Түсті жəне қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу жəне өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат | Иеліктен шығарылмайтын |
».
32. «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 37-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы» деген сөздер алып тасталсын.
33. «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сəйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржылық жəне өзге де есептілікті ұсынады.».
34. «Төлемдер жəне төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
1-баптың 7-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жəне өзге де төлем транзакцияларын анықтауға жəне болғызбауға бағытталған шараларды үйлестіруді жəне қабылдауды жүзеге асыратын заңды тұлғасы (бұдан əрі - антифрод-орталық);»;
34-тармағының 3) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 2-баптың 3-тармағындағы «талаптары» деген сөз «ережелері» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:
«3-1-бап. Осы Заңның мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Төлем жүйелерін ұйымдастыру жəне олардың жұмыс істеуі, төлем жүйелерін реттеу жəне оларды қадағалау (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеу, оларды бақылау мен қадағалау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу осы Заңның мақсаты болып табылады.
2. Осы Заңның міндеттері:
1) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің жəне төлем жүйелері операторларының төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға, төлем қызметтерін көрсетуге байланысты қызметін реттеу;
2) көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығына қатысу үшін көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау жəне төлем қызметтерін көрсету тəртібіне қойылатын талаптарды əзірлеу жəне белгілеу;
3) өз құзыреті шегінде көрсетілетін төлем қызметтерін берушілердің, төлем жүйелері операторларының қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) мемлекеттің қаржы жүйесі мен экономикасының орнықтылығын қамтамасыз етуге, алаяқтықты, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) жəне терроризмді қаржыландыруды болғызбауға бағытталған ұйымдастырушылық жəне рəсімдік іс-шараларға жəрдемдесу.
3. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуге, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу мынадай:
1) заңдылық;
2) баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету, төлем нарығы субъектілерінің құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу жəне көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
3) ұлттық төлем нарығының экономикалық қауіпсіздігі мен тəуелсіздігін қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.»;
5) 4-баптың 1 жəне 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем жүйелерін ұйымдастыруды жəне олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, төлем жүйелерін реттеуді жəне оларды қадағалауды (оверсайт), көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығын реттеуді, оларды бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын реттеуді осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес жүзеге асырады.
Төлем жүйелері, көрсетілетін төлем қызметтерінің нарығы, төлемдер жəне (немесе) ақша аударымдары саласы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдары жəне Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласының бір бөлігі болып табылады.»;
«3. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес Қазақстан Ұлттық Банкі өз құзыретіне жатқызылған мəселелер бойынша қабылдайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде айқындалады.»;
6) 25-баптың 2-тармағының екінші бөлігі «ерекшеліктері» деген сөзден кейін «, электрондық банк қызметтерін көрсету жəне экономика секторларының кодтарын қолдану мен төлемдерді тағайындау тəртібі» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 25-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары мен құқық қорғау органдарының ақпараты негізінде Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтауға жəне болғызбауға жəрдемдеседі;»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «өтініші» деген сөз «жолданымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«егер» деген сөзден кейін «ақша жөнелтуші жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекітетін, алаяқтық белгілері бар төлем транзакциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
1) антифрод-орталықтың қызметін жүзеге асыру жəне антифрод-орталықтың өз қызметіне қатысатын тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау тəртібі;
2) антифрод-орталықтың алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру оқиғалары мен əрекеттері туралы дерекқорды қалыптастыру мен жүргізуді жəне антифрод-орталықтың қызметіне қатысатын адамдарға оған қолжетімділік беруді жүзеге асыру тəртібі;
3) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларына байланысты тұлғалар туралы антифрод-орталықтың ақпаратын алған кезде қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының нұсқауды орындаудан бас тарту жəне оны тоқтата тұру тəртібі мен мерзімдері;
4) алаяқтық белгілері бар төлем транзакцияларын жүзеге асырудың барлық оқиғалары жəне (немесе) əрекеттері туралы ақпаратты қаржы ұйымдарының, төлем ұйымдарының антифрод-орталыққа жіберу тəртібі, нысандары мен мерзімдері;
5) клиентті қаржы ұйымы, төлем ұйымы антифрод-орталықтың дерекқорына қосқан жағдайда қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тəртібі мен түрлері, сондай-ақ клиенттің қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгіну тəртібі;
6) қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының жəне құқық қорғау органдарының, қаржы ұйымдарының немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау жəне болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тəртібі;
7) қылмыстық қудалау органынан алынған, прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарламада көрсетілген клиентке ақшаны қайтару тəртібі айқындалады.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөліктегі «қудалау органдары» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясы анықталған кезде мынадай əрекеттерді жүзеге асырады:
1) банктік шот, электрондық əмиян бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұрады немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бұғаттайды;
2) себептері мен негіздерін көрсете отырып, клиентпен жасалған шартта белгіленген тəртіппен клиентке клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындауды тоқтата тұру немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасын бұғаттау туралы ақпарат береді;
3) клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындау тоқтатыла тұрған немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасы бұғатталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өз клиентінің операцияларына, оның ішінде клиенттен мəн-жайларды анықтау жəне шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпарат алу бойынша талдау жүргізеді;
4) клиент талдау жүргізу мерзімі ішінде сұратылған ақпаратты бермеген жағдайда, банктік шотты, электрондық əмиянды клиенттен түсінік алатын кезге дейін бұғаттайды;
5) егер талдау нəтижелері бойынша қаржы ұйымы, төлем ұйымы транзакцияны алаяқтық деп танымау туралы шешім қабылдаса, қаржы ұйымдары, төлем ұйымдары тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, осы төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе осы төлемнің жəне (немесе) ақша аударымының сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды;
6) клиенттің алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыруға қатысуының негіздері немесе растауы болған кезде, клиентті алаяқтық белгілері бар төлем транзакциясын жүзеге асыру əрекеттері туралы базаға бір мезгілде енгізе отырып, антифрод-орталық арқылы қылмыстық қудалау органына кейіннен оның Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген іс-шараларды жүргізуі үшін хабарлама жібереді.
Банктік шот, электрондық əмиян бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру кезінде осы бапта белгіленген нормалар шеңберінде клиент Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сəйкес қаржылық көрсетілетін қызметтердің немесе көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін алу үшін қаржы ұйымына, төлем ұйымына жүгінуге құқылы.»;
4 жəне 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қылмыстық қудалау органы антифрод-орталықтан хабар (ақпарат) алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржы немесе төлем ұйымына одан арғы іс-қимылдар туралы, оның ішінде тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру жəне (немесе) клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастау немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастау үшін негіздердің бар не жоқ екендігі туралы хабар береді.
Қаржы немесе төлем ұйымдары антифрод-орталық хабардар етілген күннен бастап үш жұмыс күні өткен соң қылмыстық қудалау органының одан арғы іс-қимылдар туралы шешімін алмаған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүргізуге, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға немесе төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастауға кедергі келтіретін өзге де негіздер болмаса, осы тоқтатыла тұрған төлемді жəне (немесе) ақша аударымын жүзеге асырады, клиенттің банктік шоты, электрондық əмияны бойынша шығыс операцияларын қайта бастайды немесе осы төлем жəне (немесе) ақша аударымы сомасынан бұғаттауды алып тастайды.
Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау жəне болғызбау мақсатында қаржы немесе төлем ұйымдарымен жедел өзара іс-қимыл жасау үшін антифрод-орталықты пайдалануға құқылы.
Қылмыстық қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының жəне қаржы немесе төлем ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес заңсыз деп танылатын жəне (немесе) тыйым салынған өзге де төлем транзакцияларын анықтау, жолын кесу жəне болғызбау мақсатында өзара іс-қимыл жасау тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
5. Қаржы не төлем ұйымы клиентті антифрод-орталықтың дерекқорына енгізу кезінде клиентке қаржылық көрсетілетін қызметтердің жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беруден бас тартады не береді.
Қаржылық көрсетілетін қызметтердің жəне (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерінің шектеулі тізбесін беру тəртібі мен түрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
6 жəне 8-тармақтар «Банкінің» деген сөзден кейін «осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы «қудалау органдарына» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарына жəне құқық қорғау органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақта:
«Банкінің» деген сөзден кейін «осы баптың 2-1-тармағында көрсетілген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Антифрод-орталықтың өз функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де дереқорларды қалыптастыруға жəне жүргізуге құқығы бар.»;
11-тармақта:
«қудалау органдарымен» деген сөздер «қудалау, ұлттық қауіпсіздік органдарымен жəне құқық қорғау органдарымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
34-тармағы 7) тармақшасының қырық бесінші абзацы 2026 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«туралы мəліметтерді жəне клиентті жəне оның қатысуымен болатын төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын сəйкестендіру үшін қажетті басқа да мəліметтерді» деген сөздер «, Қазақстан Республикасының аумағында болу мəртебесі туралы мəліметтерді жəне клиентті жəне оның қатысуымен болатын төлемдерді жəне (немесе) ақша аударымдарын сəйкестендіру үшін қажетті басқа да мəліметтерді, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарының дерекқорынан алынған мəліметтерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
«12. Қаржы жəне төлем ұйымдарының осы бапқа сəйкес жүзеге асырылатын əрекеттері, оның ішінде клиенттің банк шоты, электрондық əмияны бойынша нұсқауларды жəне (немесе) шығыс операцияларын орындаудан бас тарту немесе оны тоқтата тұру, клиенттің банктік шотындағы немесе электрондық əмиянындағы ақша сомаларын бұғаттау, сондай-ақ банктік жəне заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мəліметтерді беру қаржы жəне төлем ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ азаматтық-құқықтық шартта көзделген жауаптылыққа тартуға негіздер болып табылмайды.»;
8) 27-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы «сақтандыру төлемдерін» деген сөздерден кейін «, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін» деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент - банктері филиалдарының жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.»;
10-тармақтың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
11-тармақтың екінші бөлігі «əлеуметтік төлемдерді,» деген сөздерден кейін «табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 39-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төлем карточкаларын шығару тəртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілетін операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды айқындайды.»;
10) 42-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану жəне өтеу тəртібін, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне жəне электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды айқындайды.»;
11) 46-баптың 7-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасы «əлеуметтік төлемдерді,» деген сөздерден кейін «табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық залалдың өтелуін жəне мемлекеттік бюджеттен жəне (немесе) қайырымдылық ұйымдарынан қажетті көмектің берілуін,» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 57-бапта:
1-тармақ 4) тармақшасындағы «көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.» деген сөздер «көзделген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бенефициардың банкі қылмыстық қудалау органынан прокурор санкциялаған, транзакцияны алаяқтық деп тану жəне хабарламада көрсетілген клиентке осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен бұғатталған ақша сомасын қайтару қажеттілігі туралы хабарламаны алған жағдайларда жүзеге асырылады.
Ақшаны қайтару тəртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
3-тармақ «бойынша ақшаны» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен бұғатталған ақшаны» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қате нұсқау немесе рұқсат етілмеген төлем жəне (немесе) ақша аударымы бойынша ақшаны, сондай-ақ осы Заңның 25-1-бабында көзделген тəртіппен бұғатталған ақшаны қайтаруды бенефициардың банкі төлемді жəне (немесе) ақша аударымын қате нұсқау немесе оған рұқсат етпеу фактісі анықталған күннен бастап немесе прокурор санкциялаған, қылмыстық қудалау органынан транзакцияны алаяқтық деп тану туралы хабарлама алынған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей, бенефициардың банктік шотында бар ақша есебінен, оның ішінде, егер банктік шот бойынша банктік шоттағы ақшаға тыйым салу және (немесе) мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою туралы актілер және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банктік шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімдері және (немесе) өкімдері және (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.».
35. «Коллекторлық қызмет туралы» 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Коллекторлық агенттіктер қызметінің құқықтық негіздерін белгілеу коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің стандарттарын белгілеу;
2) коллекторлық агенттіктердің борышкермен және (немесе) оның өкілімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғамен өзара іс-қимыл жасау тәртібін белгілеу;
3) борышкерлердің және (немесе) олардың өкілдерінің және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберіндегі міндеттемелерге байланысты үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету.
3. Коллекторлық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) коллекторлық агенттіктер қызметінің ашықтығы;
2) коллекторлық агенттіктердің қызметін реттеу және бақылау стандарттарын, әдістерін арттыру;
3) коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі.».
2) 4-бапта:
2-тармақ «жағдайда» деген сөзден кейін «және қарыз алушы банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алуға жол берген кезде банктік қарыз шартында немесе микрокредит беру туралы шартта кредитордың коллекторлық агенттікті тартуға құқығы болған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
35-тармағы 2) тармақшасының үшінші - оныншы абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңда не берешекті өндіріп алу туралы шартта көзделген жағдайларда, сондай-ақ:
1) борышкер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған;
2) борышкер қайтыс болған;
3) борышкер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен;
4) коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылған;
5) борышкер банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша кредитор алдындағы міндеттемесін орындаған;
6) осы Заңның 15-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, борышкерге қатысты коллекторлық қызметті мерзімінен бұрын тоқтатуға жол беріледі.»;
3) 5-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңдегі өзара іс-қимыл жасау жөніндегі талаптарды қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптар коллекторлық агенттіктің осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген міндеттерді бұзатын борышкермен және (немесе) оның өкілімен өзара іс-қимыл жасауына қолданылмайды.»;
4) 15-баптың 1-тармағында:
35-тармағы 4) тармақшасының екінші, үшінші абзацтары 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2) тармақша «жазбаша» деген сөзден кейін «немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
2-1) тармақша «органды» деген сөзден кейін «жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
11) тармақшадағы «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде және тәртіппен, сондай-ақ нысанда» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармағы 4) тармақшасының бесінші абзацы 2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді