Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 13 шілдедегі № 414-I Заңы
(2023.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен тақырыбы, кіріспе өзгертілді (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат
2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар
5-бап. Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімі
5-1-бап. Өтінішті қабылдаудан және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту
5-2-бап. Жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
6-бап. Жәрдемақы мөлшері
7-бап. Жәрдемақы төлеу
3-тарау. Қорытынды ереже
8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы заң 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi уәкiлеттi орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлiмшесi;
2) мемлекеттік арнайы жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңда белгіленген жұмыс өтілі бар адамдарға төленетін ақшалай төлем;
3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда
4) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
2004.20.12 № 13-III Заңымен 2-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2-бап. Жәрдемақы төлеуге арналған қаражат
Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2-тарау. Жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібі
3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Жәрдемақы ай сайын төленеді.
3. Жәрдемақы алатын жалақысына қарамастан төленеді.
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
4-бап. Жәрдемақыларға құқығы бар азаматтар
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 48 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 15 жыл болып, оның кемінде 7 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс стажы бар азаматтардың:
еркектер - 58 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 25 жыл болып, оның кемінде 12 жыл 6 айын аталған жұмыстарда істегенде;
әйелдер - 53 жасқа толғанда және жұмыс стажы кемінде 20 жыл болып, оның кемінде 10 жылын аталған жұмыстарда істегенде, жәрдемақы тағайындалуға құқығы бар.
2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Жұмыс өтілін есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда осы Заңға сәйкес талап етілетін жұмыс стажы жеткіліксіз болған жағдайда Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы жұмыс стажы есепке алынады.
4. Жәрдемақыға құқық зейнеткерлікке 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті жағдайларда шыққан азаматтарға қолданылмайды.
ҚР 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Жәрдемақы тағайындау тәртібі мен мерзімі
1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау жәрдемақыға құқығы туындағаннан кейін, қандай да бір мерзіммен шектелмей кез келген уақытта жүзеге асырылады.
Бұл ретте жәрдемақы тағайындауға өтініш жасалған уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, жәрдемақы тағайындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттарды қоса бере отырып, жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті жәрдемақы алуға құқығы бар адам Мемлекеттік корпорацияға береді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жәрдемақылар тағайындау мерзімі өтініш барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күнінен аспайды.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Өтініштің барлық қажетті құжаттарымен қоса Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күні жәрдемақылар тағайындау үшін өтініш жасалған күн болып есептеледі.
Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті орган бас тарту себептерін жазбаша түрде уәждеуге және өтініш берушіге құжаттарын қайтаруға міндетті.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жәрдемақы жүгінген күннен бастап тағайындалады. Жәрдемақы төлеуді тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оны төлеу туралы шешімді қайта қарау тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-бап. Өтінішті қабылдаудан және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту:
1. Жәрдемақы тағайындауға өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін:
1) жәрдемақы тағайындау, төлеу, тағайындауға өтініш беру фактісін растайтын мәліметтерді орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен алу;
2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;
3) жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның ауысуынан басқа) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі;
4) жәрдемақы тағайындау үшін талап етілетін, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге өтініш берушінің келісімінің болмауы негіздер болып табылады.
2. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартуға:
1) өтініш беруші жәрдемақы тағайындау үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
2) өтініш берушінің және (немесе) жәрдемақы тағайындау үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-2-бап. Жәрдемақы төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату
1. Жәрдемақы төлеу:
1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;
2) жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде алушы болып табылатын хабар-ошарсыз кеткен адамды іздестіруді жүргізу туралы растайтын құжаттың болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте жәрдемақы төлеу хабар-ошарсыз кеткен адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап қайта басталады, бірақ тоқтатыла тұру күнінен ерте емес.
2. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы төлеуді тоқтата тұруға себеп болған мән-жайлардың аяқталғанын растайтын құжаттардың және (немесе) мәліметтердің, оның ішінде ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.
3. Жәрдемақы төлеу:
1) алушының қайтыс болуы туралы;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу немесе шығу фактісінің анықталуы туралы;
3) шығу елінің уәкілетті органынан жәрдемақы алушының ісіне сұрау салудың келіп түсуі туралы;
4) алушының ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты ұсына отырып, жәрдемақы төлеуді тоқтату туралы өтінішінің келіп түскені туралы;
5) алушының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету фактісін анықтау, оның ішінде ақпараттық жүйелерден анықтау туралы;
6) өтініш берушінің негізсіз жәрдемақы тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсыну фактісін анықтау туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді); ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Жәрдемақы мөлшері
1. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 9,42 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
2. Өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 тізімі бойынша еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс өтілі бар азаматтарға жәрдемақы 8,38 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жәрдемақы алушыға зейнеткерлік жасқа толған кезде осы Заңға сәйкес жәрдемақы алу немесе Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау арасында таңдау жасау құқығы беріледі.
ҚР 31.05.02 ж. № 326 ; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07. № 148-III (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 7-бап өзгертілді; 2014.31.03. № 180-V ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді
7-бап. Жәрдемақы төлеу
Жәрдемақылар төлеу Мемлекеттік корпорация арқылы алушылардың банк шоттарына ағымдағы ай үшін жүргізіледі. Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда, жәрдемақы қайтыс болған айына қоса төленеді.
Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
Жәрдемақы төлеу орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
3-тарау. Қорытынды ереже
8-бап. Осы заңды күшіне енгізу тәртібі
Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізіледі.
Қазақстан Республикасының