Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіруге құқылы.
Өтінішхат наразылыққа қоса беріледі.»;
20) 438-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «не» деген сөз «, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы не» деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 439-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«439-бап. Наразылық келтіру
1. Негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры наразылық келтіреді және оны іспен және өтінішхатпен бірге кассациялық сотқа жібереді.
2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы, Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы наразылықтың көшірмелерін іске қатысатын адамдарға жібереді.»;
22) 441-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына,» деген сөздерден кейін «прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосына,» деген сөздермен толықтырылсын;
23) 455-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасында:
«құқықтық актілерді» деген сөздерден кейін «, олардың жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «тартылған шетелдік», «шетелдіктермен», «шетелдіктің», «шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «тартылған шетел азаматы», «шетел азаматтарымен», «шетел азаматының», «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-баптағы және 6-баптың 1-тармағындағы «Әркімнің» деген сөз «Әр адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 7-баптың үшінші бөлігінің бесінші абзацындағы «ғана» деген сөз алып тасталсын;
5-тармағының 4) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
4) 127-3-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты болмаған жағдайда, кәсіптік төлем жұмыс берушінің қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартының болмауы жұмыс берушіні Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықтан босатпайды.»;
5) 143-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 148-баптың 3-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«астана, облыс, республикалық маңызы бар қала деңгейінде - жергілікті атқарушы органдардың, аумақтық кәсіптік одақтар бірлестіктерінің, жұмыс берушілердің астанадағы, облыстағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы бірлестігінің (қауымдастығының, одағының), астананың, облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың шағын кәсіпкерлік жөніндегі бірлестігінің өкілетті өкілдері;»;
7) 188-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі және 188-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 191-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларындағы, 193-баптың 6) тармақшасының екінші абзацындағы және 198-баптың 2-тармағындағы «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілері», «заңнамалық актілерінде» және «заңнамалық актілеріне» деген сөздер тиісінше «заңдары», «заңдарында» және «заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана» деген сөздер «астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 406-баптың 2-тармағының 7) тармақшасында:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бастығы» деген сөз «Бастығы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:
1) 3-бапта:
үшінші бөлікте:
1) тармақша «Қазақстан Республикасы Президентінің» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшадағы «Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының» деген сөздер «Құрылтайы Аппаратының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты» деген сөздер «Қазақстан Халық Кеңесі хатшылығының, Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы» деген сөздер «астанадағы, облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
2) тармақша «уәкіл туралы» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Халық Кеңесі туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақшадағы «заңнамалық» деген сөз «заңдарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзац «өкілеттігіне» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 7-бапта:
үшінші бөлікте:
бірінші сөйлем «құқықтық актілерді» деген сөздерден кейін «, олардың жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлем:
«құқықтық акт» деген сөздерден кейін «, оның жекелеген ережелері» деген сөздермен толықтырылсын;
«осы актіні» деген сөздерден кейін «, оның жекелеген ережелерін» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі «конституциялық емес деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді деп танылған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге, оның жекелеген ережелеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 18-баптың екінші бөлігінің екінші абзацында:
«конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
«құқықтық актіге» деген сөздерден кейін «, оның жекелеген ережелеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 22-баптың үшінші бөлігіндегі «шетелдіктер» деген сөз «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 31-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы 2) тармақшасындағы «мемлекеттің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюмен жүгінуге құқылы.» деген сөздер «мемлекеттің;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты мәселелер бойынша инвесторлардың тізіліміне енгізілген инвесторлардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін талап қоюмен сотқа жүгінуге құқылы.»;
6) 38-баптың тақырыбы және мәтіні «Қазақстан Республикасының Президенті,», «Қазақстан Республикасы Президентінің,», «Қазақстан Республикасының Президентінің,» деген сөздерден кейін тиісінше «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті,», «Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің,», «Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің,» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 47-баптың сегізінші бөлігіндегі «конституциялық құрылысты қорғауға, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғауға» деген сөздер «конституциялық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысын сақтауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 61-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 84-баптың алтыншы бөлігінің 1) тармақшасындағы «конституциялық емес» деген сөздер «Конституцияға сәйкес келмейді» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 90-2-баптың үшінші бөлігінде:
11) тармақшадағы «Парламенті Палаталары» деген сөздер «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) тармақшада:
«республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 90-3-баптың төртінші бөлігінің үшінші және төртінші абзацтарындағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 90-5-баптың екінші бөлігі бірінші абзацының 3) тармақшасындағы және екінші абзацының 3) тармақшасындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 91-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацы «Қазақстан Республикасының Президентін,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының Вице-Президентін,» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 102-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацындағы «Республикалық маңызы бар қалалар және астана» деген сөздер «Астана және республикалық маңызы бар қалалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 25-тараудың тақырыбындағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 163-бапта:
тақырыптағы «республикалық» деген сөз «жалпыхалықтық» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Республикалық», «республикалық» деген сөздер тиісінше «Жалпыхалықтық», «жалпыхалықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 164-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктеріндегі «Республикалық», «республикалық» деген сөздер тиісінше «Жалпыхалықтық», «жалпыхалықтық» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 169-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды күшіне енген, оның ішінде татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу тәртібімен аяқталған әкімшілік істер бойынша сот актілері әкімшілік процеске қатысушылардың кассациялық шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының, оның орынбасарларының, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосы бірінші басшысының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының өз бастамасы бойынша да, әкімшілік процеске қатысушылардың осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша берген өтінішхаттары бойынша да келтірілген наразылықтары бойынша апелляциялық сатыдағы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.
Бірінші абзацта көрсетілген сот актілеріне наразылық білдіру құқығы осы Кодекстің 31-бабында көзделген инвестициялық жобаны іске асырумен байланысты қатынастардан туындайтын істер бойынша, инвесторлар тізіліміне енгізілген инвесторлардың мүдделерін қозғайтын даулар бойынша прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысына тиесілі.
Прокурордың наразылығы осы Кодекстің 31-бабында көзделген әкімшілік істер бойынша түпкілікті нысанда шешім шығарылған күннен бастап алты ай ішінде келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау ведомствосының бірінші басшысы, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры әкімшілік істі қарауға қатысқанына не қатыспағанына қарамастан, шешімге өз құзыреті шегінде наразылық келтіруге құқылы.».
8. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актісін», «заңнамалық актілерінде» және «заңнамалық актілеріне сәйкес» деген сөздер тиісінше «заңын», «заңдарында» және «заңдарына сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана», «облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)», «облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың» және «Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер тиісінше «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыс және республикалық маңызы бар қала», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың)», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың» және «Астананың (облыстың республикалық маңызы бар қаланың)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 13-баптың 1-тармағындағы «Әркімнің» деген сөз «Әр адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 149-баптың 3-тармағында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 405-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) бүкіл мәтін бойынша «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «шетелдіктердің», «ұсынған шетелдік», «шетелдіктерге», «шетелдіктің» және «шетелдіктер» деген сөздер тиісінше «шетел азаматтарының», «ұсынған шетел азаматы», «шетел азаматтарына», «шетел азаматының» және «шетел азаматтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) бүкіл мәтін бойынша «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың», «облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада», «облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «облыстағы және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала, астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана» және «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қаланың», «астанада, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астанадағы, облыстағы және республикалық маңызы бар қалалардағы», «астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астананың, облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар» және «Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 1-баптың 1-тармағында:
14) тармақшадағы «республикалық маңызы бар қаланың, астананың» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қаланың» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағының 4) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
26) тармақшадағы «және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне» деген сөздер «, сондай-ақ бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін оған (оларға) анасының күтім жасауына» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағының 3) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
5) 3-баптың 3) тармақшасы «атаулылық,» деген сөзден кейін «мұқтаждық,» деген сөзбен толықтырылсын;
6) 4-тармақтағы «Әркім» деген сөз «Әр адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағының 7) - 27) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
7) 6-бапта:
тақырып «Атаулылық,» деген сөзден кейін «мұқтаждық,» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтағы «қорғауды қажетсінуі» деген сөздер «қорғауға мұқтаждығы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Әлеуметтік қорғау шараларына мұқтаждық отбасының (адамның) әлеуметтік саламаттылық деңгейін объективті бағалау негізінде айқындалады.
Мұқтаждық қағидатын қолдану экономикалық ресурстарды әділ және тиімді бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған.»;
8) 10-бап мынадай мазмұндағы 1-1, 1-2, 1-3, 1-4 және 1-5-тармақтармен толықтырылсын:
«1-1. Әлеуметтік қорғау шаралары осы Кодекстің 6-бабында айқындалған қағидаттар негізінде ұсынылады.
1-2. Әлеуметтік қорғау шараларынан үміткер, оларды алатын, сондай-ақ оларды тағайындауға қайта жүгінген адамдар (отбасы), отбасы мүшелері, үй шаруашылығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және тәртіппен банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім (бұдан әрі - келісім) береді.
1-3. Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі әлеуметтік қорғау шараларын ұсынудан бас тартуға негіз болады.
1-4. Әлеуметтік қорғау шараларын алатын адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі оларды ұсынуды тоқтата тұруға негіз болады.
Әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну келісім алынған күннен бастап қайта басталады.
1-5. Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш беру арқылы әлеуметтік қорғау шараларын алудан ерікті түрде бас тартуға құқығы бар.
Әлеуметтік қорғау шараларын алудан ерікті түрде бас тарту адамды (отбасын), отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұсыну үшін қайта жүгіну құқығынан айырмайды.»;
9) 11-бапта:
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) жәрдемақылар тізбесін және оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттарын, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттарын бекітеді;»;
10) 12-бапта:
4) тармақшада:
төртінші абзац алып тасталсын;
он үшінші абзацтағы «ұсынысты әзірлейді» деген сөздер «ұсынысты» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын:
«жәрдемақылар тізбесін және оларды тағайындау, төлеуді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарттарын, сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау шарттарын әзірлейді;»;
5) тармақшада:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының билігіне түсетін (билігіндегі) бюджет қаражатын пайдалану тәртібін;»;
отыз жетінші абзацтағы «тәртібін әзірлейді және бекітеді» деген сөздер «тәртібін» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы отыз сегізінші абзацпен толықтырылсын:
«бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдердің санаттары бойынша алушылардың болжамды санын есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
11) 16-баптың 1) тармақшасының төртінші абзацы «есептілікті» деген сөзден кейін «, сондай-ақ адамдардың (отбасылардың), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыру және оларды әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша бөлу үшін мәліметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
12) 17-баптың 1-тармағының 14) және 17) тармақшалары алып тасталсын;
13) 24-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Отбасының цифрлық картасы - әлеуметтік-еңбек саласы платформасында іске асырылған, «цифрлық үкімет» платформасынан және мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен алынатын деректер негізінде адамдардың (отбасылардың), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының тізімдерін қалыптастыруды және оларды әлеуметтік саламаттылық деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін талдамалық шешім.»;
2-тармақ «(отбасыларды)» деген сөзден кейін «, отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «уәкілетті мемлекеттік орган цифрландыру, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдармен бірлесіп» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік органдардың Отбасының цифрлық картасын жүргізу, толтыру және оған енгізілетін деректердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау қағидаларын уәкілетті мемлекеттік орган цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді.»;
14) 36-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге және ұзақ мерзімді нақты кірістілік алуға бағытталған мақсаттарды ұстана отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.»;
15) 55-баптың 4-тармағының 9) тармақшасындағы «және алушының зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуын есептеу үшін, сондай-ақ» деген сөздер «үшін,» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 71-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша» деген сөздер «бала (балалар) бір жарым жасқа толғанға дейін оған (оларға) анасының күтім жасауына байланысты» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтағы «осы Кодексте көзделген» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкілетті мемлекеттік орган:
бала туылғанда берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, бала күтіміне байланысты жәрдемақыны, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны, наградталған анаға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеуді жүзеге асыру;
жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің, бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау тәртібін айқындайды.»;