3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады. Аталған жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты күшіне енген;
5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
40-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау
1. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді конкурстық (аукциондық) комиссия жүзеге асырады.
Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмыс органы болып табылады.
2. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде ашады.
3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерге қажетті сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.
4. Конкурстық (аукциондық) комиссия барлық конкурстық (аукциондық) өтінімді қарайды.
Бір конкурстық өтінім ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді конкурстық комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.
Егер үштен аз аукциондық өтінім ұсынылса, онда аукцион өтпеді деп есептеледі.
5. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен (конкурсты өткізу кезінде) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.
6. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде конкурстық (аукциондық) комиссия мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды әлеуетті жекеше әріптеске жазбаша нысанда жіберуге тиіс.
Келіссөздер жүргізу қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссия шешім қабылдайды.
Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
7. Егер конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық (аукциондық) өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда конкурстық (аукциондық) комиссия бұл конкурстық (аукциондық) өтінімді қарамайды және үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді жаңадан таңдайды.
8. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімімен үздік конкурстық (аукциондық) өтінім айқындалады, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.
9. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.
Конкурсты ұйымдастырушы ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін конкурстық комиссияның шешімі негізінде конкурстың жеңімпазы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрған, құрылатынын конкурстың жеңімпазы конкурстық өтінімде мәлімдеген заңды тұлғамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады (мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктері ұсынылған жағдайда).
10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.»;
20) 44-баптың 3-тармағы «конкурс» деген сөзден кейін «(аукцион)» деген сөзбен толықтырылсын;
21) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:
«44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері
1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген жобалар үшін (оның ішінде бірнеше жобаны қамтамасыз ету үшін) жеке түрде, сондай-ақ индустриялық аймақтарды құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталады.
2. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жекеше әріптес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде пайда болған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік меншікке беріледі.
4. Жекеше әріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға (реконструкциялауға) бағытталған инвестициялық шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктерін, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
22) 45-бапта:
1-тармақ «конкурс» деген сөзден кейін «(аукцион)» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган» деген сөздер «тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 46-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары маңызды болып табылады және олар мұндай өзгерістердің бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде) оң болған (бюджет шығыстарын ұлғайтпау, мемлекеттік кірісті ұлғайту) жағдайда ғана, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және (немесе) көлеміне және (немесе) қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және әлеуметтік тиімділігі сақталған (ұлғайған) жағдайда ғана тараптардың келісуі бойынша өзгертілуі мүмкін.»;
24) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату негіздері
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына оны өзгертуді немесе бұзуды көздейтін қосымша келісім мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қорытындысы бойынша жасалады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік міндеттемелер мөлшерінің өзгеруіне алып келетін өзгертуге жол берілмейді.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының бұзылуымен не қолданылу мерзімінің аяқталуымен;
2) жекеше әріптестің таратылуымен;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
4. Мемлекеттік әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:
1) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде;
2) егер жекеше әріптес өзінің дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болғанда;
3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай әрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығын және оның имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.
5. Жекеше әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік әріптес және (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.»;
25) 51-1-баптың 1-тармағы «конкурс» деген сөзден кейін «(аукцион)» деген сөзбен толықтырылсын;
26) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құрады.».
71. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат; № 14, 74-құжат):
12-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
«24-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізеді;».
72-тармақ 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
72. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 142-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; № 16, 77-құжат):
31-баптың 1-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
73. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 14, 50-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):
1) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Жеке тұлғалар:
1) жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларациясында көрсетілген;
2) активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында меншік құқығындағы мүлікті;
3) активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарындағы ақшаны сатып алу (пайда болу) заңдылығы мәселелері, сондай-ақ осыған байланысты салықтық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша тексеруге жатпайды деп белгіленсін.
Осы баптың ережесі 2021 - 2025 жылдар аралығындағы кезеңде ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларға қолданылады.
Осы баптың ережесі:
1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарға және олардың жұбайларына (зайыптарына);
2) мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар мен олардың жұбайларына (зайыптарына) қолданылмайды.»;
2) 9-бап алып тасталсын.
74. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 12, 61-құжат):
1) 1-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес (бұдан әрі - сарапшылық кеңес) - арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру жөніндегі мәселелерді қарайтын, уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;»;
мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
«32-1) аппараттық-бағдарламалық кешен - белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;»;
33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«33) арнайы сарапшылық кеңесі - Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының комиссиясы;»;
мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«53-1) техникалық қолдау - лицензиялық бағдарламалық қамтылымның және техникалық құралдардың жұмыс істеу қабілеттілігін қолдау жөнінде консультациялық, ақпараттық-технологиялық және өзге де қызметтерді көрсету;
53-2) техникалық құжаттама - ақпараттық жүйеге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына және бағдарламалық өнімге, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнімге арналған, техникалық тапсырманы, жобалауға арналған тапсырманы, пайдалану құжаттамасы мен өзге де құжаттаманы қамтитын құжаттамалар жиынтығы;»;
54) және 55) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«54) ұлттық жасанды интеллект платформасы - деректер жиынтығын жинауға, өңдеуге, сақтау мен таратуға және жасанды интеллект саласында көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған технологиялық платформа;
55) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы - өзіне бекітілген Ұлттық жасанды интеллект платформасының дамуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
«57-1) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарау - электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттерін бағалау;»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
74-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«3. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту осы Заңның 39-1-бабында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі арнайы сарапшылық кеңес құрады.
Оның ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.
Арнайы сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның жұмыс органы болып табылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:
«13-2-бап. Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті
Ұлттық жасанды интеллект платформасы операторының құзыреті:
1) ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) ұлттық жасанды интеллект платформасын қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету;
3) ұлттық жасанды интеллект платформасының негізінде жасанды интеллект саласындағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
4) ашық көздерден алынатын деректерді, «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мен иеленушілері ұсынған деректерді жинау, сақтау, өңдеу және тарату;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.»;
5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
«17) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асырады.»;
6) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Дербес деректері бар ақпараттандыру объектісінің иеленушісі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды жүзеге асыруға міндетті.»;
7) 36-бапта:
5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің Интернетте пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызметтер көрсетуі «электрондық үкімет» порталында сәйкестендіре отырып, жазбаша (оның ішінде электрондық) нысанда жасалатын келісім негізінде немесе келісім жасасу үшін бір реттік парольды қамтитын қысқа мәтіндік хабар жібере отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өзінің атынан немесе бүркеншік аты (ойдан шығарылған аты) арқылы жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалатын негізде және тәртіппен жүзеге асырылады.
Пайдаланушының Интернетте ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсететін электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасалған кезде пайдаланылатын ақпаратты келісімнің қолданысының бүкіл кезеңінде, сондай-ақ ол бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға және жедел-іздестіру және қарсы барлау субъектілерінің жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізуі үшін ұйымдастырушылық және техникалық жағдайлар жасауға міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада жүзеге асырады.»;
8) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:
«39-1-бап. Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі
Арнаулы мемлекеттік органдардың міндеттерін іске асыруға арналған ақпараттық жүйе мынадай тәртіппен құрылады немесе дамытылады:
1) ақпараттық жүйені құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;
2) ақпараттық жүйені құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырма әзірлеу;
3) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыруға арналған техникалық ерекшелік пен есеп-қисаптарды әзірлеу;
4) ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не бюджет қаражатын бөлмей, жұмыстарды жүзеге асыру;
5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес ақпараттық жүйені әзірлеу, тәжірибелік пайдалануды жүргізу, енгізу және өнеркәсіптік пайдалануға беру.
Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту жағдайларында осы баптың талаптары ескеріле отырып, осы Заңның 39-бабында көзделген нормалар қолданылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту шығындары арнайы сарапшылық кеңес қорытындысының негізінде жоспарлайды (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі дербес).».
75. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 14, 68-құжат):
39-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:
«57) тауарларды Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғадан сатып алу.».
76. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 ж., № 10, 39-құжат; № 12, 61-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.»;
2) 14-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
«3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркелген күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде хабарлайды.».
77. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар):
1) 27-бапта:
77-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10-тармақтың үшінші бөлігінің 2) тармақшасы «төлемдерін» деген сөзден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың екінші бөлігінде:
77-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін» деген сөздерден кейін «, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін» деген сөздермен толықтырылсын;
77-тармақтың 1) тармақшасының бесінші абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«ағымдағы шотындағы ақшаға» деген сөздерден кейін «, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына» деген сөздермен толықтырылсын;
77-тармақтың 2) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 46-баптың 7-тармағының 5) тармақшасы «тұрғын үй төлемдерін,» деген сөздерден кейін «тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін,» деген сөздермен толықтырылсын.