7) 9-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық жəне проактивті форматтарға көшіруді келіседі;»;
12-4) тармақшадағы «автоматтандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 13-2), 13-3) жəне 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-2) көрсетілетін қызметті алушыны аутентификациялау тəсілін айқындау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда сыныптау қағидаларын бекітеді;
13-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету нəтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тəртібін бекітеді;
13-4) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;»;
8) 10-бапта:
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) цифрландыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық жəне проактивті форматтарға көшіруді қамтамасыз етеді;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсетуді цифрландыру процесін бағалауды жүргізу жəне мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық форматқа ауыстыру жөнінде ұсынымдар əзірлеу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процесін цифрландыру бойынша қабылданатын шаралар туралы ақпаратты цифрландыру саласындағы уəкілетті органға беруді қамтамасыз етеді;»;
15) тармақша «қызметті берушілердің» деген сөздерден кейін «, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің проактивті, композиттік жəне эксаумақтық түрлеріне көшіру бойынша шаралар қабылдайды;»;
9) 11-баптың 9) тармақшасындағы «автоматтандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 11-2-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «киберқауіпсіздікті» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-3-баппен толықтырылсын:
«11-3-бап. Бірыңғай байланыс орталығы Бірыңғай байланыс орталығы:
1) жеке жəне заңды тұлғаларды мемлекеттік жəне өзге де қызметтер көрсету мəселелері бойынша тəулік бойы консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) жеке жəне заңды тұлғаларды, мемлекеттік органдарды «цифрлық үкімет» мəселелері бойынша тəулік бойы консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисін алушыда туындаған мəселелер бойынша түсініктемелер беру үшін сұрау салулар жібереді;
4) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға жеке жəне заңды тұлғалардың келіп түскен жолданымдары, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері бойынша ақпаратты жүйелі негізде жібереді.»;
12) 12-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай белгілермен сипатталады:
1) жекелеген мемлекеттік функцияларды немесе олардың жиынтығын іске асыру нысандарының бірі болып табылады;
2) жеке немесе заңды тұлғаға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне өтініш бойынша немесе өтінішсіз жеке тəртіппен беріледі;
3) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен жəне (немесе) көрсетілетін қызметті бірлесіп берушімен өзара іс-қимыл жасауы арқылы жүзеге асырылады;
4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету туралы жүгіну (талап ету) құқығын іске асыруды болжайды;
5) нəтиже беруге бағытталған.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3), 4) жəне 5) тармақшалары əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерге қолданылады.»;
13) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сəйкес əзірленеді.»;
2-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4 жəне 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық акт мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде əзірленеді жəне бекітіледі.
5. Қоғамдық маңызы бар қызметтерді көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту талап етілмейді.»;
14) 15-бап алып тасталсын;
15) мынадай мазмұндағы 18-1 жəне 18-2-баптармен толықтырылсын:
«18-1-бап. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдері
1. Мерзім басталуы тиіс оқиғаны немесе мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамада көзделген жылдармен, айлармен, күндермен, сағаттармен немесе минуттармен есептелетін уақыт кезеңін көрсете отырып, күнтізбелік күнмен айқындалады.
Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.
Мерзімнің аяқталуы көрсетілетін қызметті берушілерді мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден босатпайды.
2. Жылдармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айында жəне күнінде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің тиісті соңғы айында аяқталады. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. Егер мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.
Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келетін жағдайларда, одан кейінгі жұмыс күні жылдармен, айлармен жəне күндермен есептелетін мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.
Күндермен есептелетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімі жұмыс күндерімен есептеледі.
Сағаттармен немесе минуттармен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы сағатында немесе минутында аяқталады.
18-2-бап. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдерін тоқтата тұру
1. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін тоқтата тұру үшін негіздер мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленеді.
Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұру жөніндегі шешімі туралы хабарлама жіберілген күннен басталады. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.
2. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:
1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;
2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз жəне (немесе) əрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) мемлекеттік органдар қарайтын не сот тəртібімен қаралатын мəселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.
3. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесі:
1) осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда - қайтыс болған адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе əрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;
2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін немесе сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:
1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш əсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің əсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;
2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұруға құқылы.»;
16) 19-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жауапта көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуден уəжді бас тартуды беру туралы шешім қабылдаған негіздемелер бар негіздердің толық тізбесі, сондай-ақ шағым жасау мерзімдері мен тəртібі көрсетіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Алынатын мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының салалық заңдарында да мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер белгіленуі мүмкін.»;
17) 21-бапта:
2-2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «электрондық ақпараттық ресурстарын» деген сөздер «цифрлық ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер цифрлық күту парағын пайдалана отырып, оның ішінде «цифрлық үкімет» порталының функционалы жəне көрсетілетін қызметті алушыны кейіннен хабардар ете отырып, цифрлық жүйелердің техникалық іркілістері кезеңінде өтініш беруге мүмкіндік беретін цифрлық объектілер арқылы көрсетілуі мүмкін.»;
18) 21-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету
Проактивті қызметтер көрсету «цифрлық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз, көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады жəне мыналарды:
1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуы бар хабарламалар жіберуді;
2) көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті мəліметтерді, оның ішінде қолжетімділігі шектелген мəліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алуды қамтиды.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыға проактивті қызмет көрсетуге сұрау салуы бар хабарламаны жіберу талап етілмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыларды қызмет көрсету туралы міндетті түрде хабардар ету «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе «цифрлық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне мəтіндік хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.»;
19) мынадай мазмұндағы 21-3-баппен толықтырылсын:
«21-3-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері
1. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер цифрландыру дəрежесі бойынша мынадай болып табылады:
1) толық цифрландырылған - көрсетілу процесінде қағаз құжат айналымын жəне мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызмет берушінің жəне (немесе) қызметті бірлесіп берушінің қатысуын болғызбайтын мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
2) ішінара цифрландырылған - көрсетілу процесінде мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызмет беруші жəне (немесе) қызметті бірлесіп беруші қатысатын қағаз жəне электрондық құжат айналымының реттілігі қамтылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:
1) композиттік;
2) проактивті;
3) эксаумақтық болып табылады.
Бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет композиттік қызмет болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет проактивті көрсетілетін қызмет болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне қарамастан, көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігін көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет эксаумақтық көрсетілетін қызмет болып табылады.»;
20) 22-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларды іске асыруды мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті органмен жəне мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша бір жылға дейін мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні əзірлеуші жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы пилоттық жобаларды іске асыруды мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша бір жылға дейін əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні əзірлеуші жүзеге асырады.»;
21) 30-бапта:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу» деген сөздер «Көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзуы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа əкеп соғады» деген сөздер «олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылығына алып келеді» деген сөздермен ауыстырылсын.
77. «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттандыру объектілеріндегі», «мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілеріндегі», «ақпараттандыру объектілерімен», «ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттандыру объектілерінің», «мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттандыру объектілерін», «электрондық үкіметтің», «электрондық ақпараттық ресурстарда», «электрондық ақпараттық ресурстардың», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «электрондық ақпараттық ресурстардағы», «ақпараттандыру объектілеріне» деген сөздер тиісінше «цифрлық объектілеріндегі», «цифрлық объектілерімен», «цифрлық объектілерге», «цифрлық объектілерінің», «мемлекеттік емес цифрлық объектілердің», «цифрлық объектілерін», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық ресурстарда», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық ресурстардағы», «цифрлық объектілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) дербес деректер - дербес деректердің бір немесе бірнеше сəйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мəліметтер немесе мəліметтер жиынтығы;»;
3) 7-баптың 7-тармағындағы «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-5) тармақшамен толықтырылсын:
«9-5) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастырған жəне жүргізген;»;
5) 17-баптың 2-тармағындағы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» операторы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 23-баптағы «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 27-1-баптың 1-тармағының 6-2) тармақшасындағы «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы» деген сөздер «цифрлық инфрақұрылымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 27-3-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
78. «Оңалту жəне банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «ақпараттық жүйесі» деген сөздер «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасына сəйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;»;
3) 71-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «ақпараттық жүйені» деген сөздер «цифрлық жүйені» деген сөздермен ауыстырылсын.
79. «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 37-1-бапта:
17-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақтың 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 53-1-баптың 2-тармағындағы «ақпараттық жүйесіне» деген сөздер «цифрлық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
80. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесінің», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйесіне, «ақпараттық жүйесіндегі» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйесіндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
26-1) тармақшада:
«автоматты режимде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы жəне автомобиль көлігі туралы заңнамасын құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы жəне автомобиль көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін, автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
27-2) тармақшадағы «ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық технологиясын» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстарды», «цифрлық технологиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) тармақшадағы «электрондық дерекқор» деген сөздер «цифрлық дерекқор» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 24-2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жол жүрісі саласындағы цифрлық жүйелерді интеграциялауға бірыңғай цифрлық кеңістіктегі цифрландыру объектілерінің цифрлық жүйелері арасындағы өзара іс-қимыл жасауды ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жатады;»;
4) 11-баптың 5-5) тармақшасында:
«ақпараттық жүйесімен» деген сөздер «цифрлық жүйесімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық» деген сөз алып тасталсын;
5) 23-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы» деген сөздер «ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 42-1-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«42-1-бап. Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары ақылы коммуналдық тұрақтар ретінде айқындаған орындарда орынтұраққа қою»;
1-тармақта:
«Көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға жəне олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарды» деген сөздер «Ақылы коммуналдық орынтұрақтарды орналастыру орындарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға жəне олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою» деген сөздер «жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте жол жүрісін ұйымдастыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
«облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары» деген сөздер «Астана, Алматы қалаларының жергілікті өкілді органдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы тармақтың екінші жəне үшінші бөліктерінде жəне жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақылы коммуналдық орынтұрақтарға ақы төлемей қоюға тыйым салынады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жол жүрісі қағидаларында реттелмеген бөлікте жол жүрісін ұйымдастыру қағидаларының сақталуын бақылауды Астана, Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.»;
7) 52-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «сертификатталған арнайы техникалық құрал жəне аспап тіркеген» деген сөздер «автоматты режимде анықталған немесе тіркеп-белгіленген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «сертификатталған арнайы техникалық құралдармен жəне аспаптармен тіркелсе» деген сөздер «автоматты режимде анықталса немесе тіркеп- белгіленсе» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 54-баптың 4-тармағы 16) тармақшасының екінші бөлігіндегі «арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен жəне аспаптарымен тіркеп-белгілеу» деген сөздер «бақылау- өлшеу техникалық құралдарымен жəне аспаптарымен анықтау немесе тіркеп-белгілеу» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 71-1-баптың 5) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелермен» деген сөздер «цифрлық жүйелермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 89-баптың 2-тармағындағы «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
81. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-бапта:
1-тармақта:
45) тармақшадағы «ақпараттық қауіпсіздік» деген сөздер «киберқауіпсіздік» деген сөзбен ауыстырылсын;
48) тармақшадағы «ақпараттық жүйелерінен» деген сөздер «цифрлық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 31) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерді, цифрлық» деген сөздермен ауыстырылсын.
82. «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінің», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен», «Мемлекеттік электрондық рұқсаттар мен хабарламалар тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде», «ақпараттық жүйесінің», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелерге», «электрондық үкіметтің», «электрондық үкімет», «ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру жəне», «ақпараттық қауіпсіздікті», «Ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер тиісінше «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізіліміне», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінің», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен», «Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімі», «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінде», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық үкімет», «цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру жəне», «киберқауіпсіздікті», «Киберқауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын;