6) 76-баптың 5-тармағының екiншi бөлiгiндегi «ақпараттық жүйе мен ақпараттық технологиялар» деген сөздер «цифрлық жүйе мен цифрлық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 92-1-бапта:
5-тармақтың бірінші абзацында:
«пайдаланушы мен» деген сөздер «пайдаланушы жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ұйымы» деген сөзден кейін «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымға,» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтағы «электрондық дерекқорларда» деген сөздер «цифрлық дерекқорларда» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 92-3-баптың 4-тармағы «нəтижелерін» деген сөзден кейiн «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөнiндегi уəкiлеттi ұйымға,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 93-бапта:
2-тармақта:
бірінші, екінші жəне үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Болашақта авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексерудің бірден-бір мақсаты болып табылады.
Кімнің болсын кінəсін немесе жауапкершілігін анықтау бұл қызметтің мақсаты болып табылмайды.
Азаматтық жəне эксперименттік авиацияда авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну жəне оларды тергеп-тексеру қағидаларына сəйкес авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның ұсынуы бойынша азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган құратын авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия жүзеге асырады.»;
төртінші бөліктегі «азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органның», «азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға» деген сөздер тиісінше «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның», «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тергеп-тексеру жөніндегі уəкіл авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сəйкес міндетті түрде тергеп-тексеру жөніндегі белгіленген рəсімдерді қолдана отырып жүзеге асырады.»;
үшінші бөліктегі «басқа да» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші жəне жетінші бөліктермен толықтырылсын:
«Азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның қызметшілерінің қатарынан бекітіледі.»;
«Комиссия қол қойған тергеп-тексеру нəтижелері бойынша түпкілікті есеп азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғаларды немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексерудің қорытынды құжаты болып табылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік азаматтық əуе кемесімен болған авиациялық оқиға немесе оқыс оқиға азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган құратын авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның тергеп-тексеруіне жатады немесе оны өзара келісу бойынша əуе кемесі тіркелген елдің (пайдаланушының) шет мемлекеті тергеп-тексереді.»;
5-тармақта:
«азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган» деген сөздер «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйым мен азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;
8-тармақ «органдар» деген сөзден кейін «құратын комиссиялар» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 93-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Тергеп-тексеру жөніндегі уəкіл азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органның» деген сөздер «Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның» деген сөздермен ауыстырылсын;
«азаматтық авиация саласындағы», «лауазымды адамы» деген сөздер тиісінше «азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы», «қызметкері тергеп-тексеру жөніндегі уəкіл» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру функцияларын жүзеге асыратын авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның қызметшілеріне қойылатын біліктілік талаптары азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну жəне оларды тергеп-тексеру қағидаларына сəйкес белгіленеді.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) жəне 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) сот-медициналық сараптамалардың нəтижелерін сұратуға жəне алуға;
4-2) авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысы бар адамдардан психикалық белсенді заттарды тұтыну фактісін жəне масаң күйін анықтау үшін медициналық куəландырудан өтуді талап етуге;
4-3) фото жəне бейне түсірілімдер жүргізуге, сондай-ақ авиациялық оқиғаға немесе оқыс оқиғаға қатысты фото жəне бейне материалдарды сұратуға жəне алуға;»;
4-тармақтың 4) тармақшасындағы «болуы міндетті.» деген сөздер «болуы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру бойынша кəсіптік даярлықтан жəне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты өзге де оқытудан өтуге міндетті.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілдер азаматтық авиацияның авиациялық персоналының жұмыс істеу жағдайларымен жəне сыйақыларымен салыстырылатын деңгейлерге сəйкес келетін ақшалай ризықпен қамтамасыз етіледі.»;
11) 105-баптың 2-тармағының 6-3) тармақшасындағы «ақпараттық технологиялар мен байланыс технологияларының» деген сөздер «цифрлық технологиялардың жəне байланыс технологияларының» деген сөздермен ауыстырылсын.
67. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын.
68. «Медиация туралы» 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-баптың 6-тармағының екiншi бөлiгiндегi «ақпараттық жүйесіне» деген сөздер «цифрлық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» деген сөздер «цифрлық технологиялар» деген сөздермен ауыстырылсын.
69. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 22) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мақсатында мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті орган мемлекеттік мүлік тізіліміндегі пилоттық жобаларды іске асыруды мемлекеттік мүлік жөніндегі уəкілетті орган айқындаған тəртіппен жəне мерзімдерде жүзеге асыруға құқылы.»;
3) 14-бапта:
3) тармақшадағы «мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды» деген сөздер «ұйымдардағы акциялардың (қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 23-1) жəне 23-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) Қазақстан Республикасының жасанды интеллект туралы заңнамасына сəйкес дерекнамаларды қолдана отырып, мемлекеттік активтерді жəне квазимемлекеттік секторды тиімді басқару жөніндегі тиісті салалардың уəкілетті органдарын əдіснамалық қолдауды жүзеге асырады;
23-2) мемлекеттік мүлік тізілімінде пилоттық жобаны іске асыру тəртібі мен мерзімдерін белгілейді;»;
26-7) тармақшадағы «жөнінде ашық конкурс өткізеді» деген сөздер «бойынша ашық конкурсты мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы өткізеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 17-баптың 4) жəне 25) тармақшаларындағы «, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды» деген сөздер алып тасталсын;
5) 18-баптың 4) жəне 24) тармақшаларындағы «, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кəсіпорындарды» деген сөздер алып тасталсын;
6) 75-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
«Мемлекеттiк кəсiпорындардың мүлiктiк кешендерi, мемлекетке» деген сөздер «Мемлекетке» деген сөзбен ауыстырылсын;
«, ақша» деген сөз алып тасталсын;
7) 93-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «4-1-тармағында көзделген жағдайды» деген сөздер «4 жəне 4-1-тармақтарында көзделген жағдайларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, өзге жағдайларда сатушының мемлекеттік мүлікті иеліктен шығаруы мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдалана отырып жүзеге асырылады.»;
8) 94-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Мемлекеттік кəсіпорынды мүліктік кешен ретінде иеліктен шығару кейіннен акцияларды (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) жекешелендіре отырып, оны акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) етіп қайта ұйымдастыру (қайта құру) арқылы жүзеге асырылады.»;
9) 96-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын;
10) 97-бап алып тасталсын;
11) 100-баптың 1-тармағының үшiншi бөлiгiндегi «электрондық нысанда» деген сөздер «цифрлық нысанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 100-1-баптың 2, 3 жəне 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Баланстық құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акцияларының мемлекетке тиесілі бақылау пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) түріндегі жекешелендіру объектілерін бағалауды халықаралық бағалау стандарттарына сəйкес тəуелсіз консультанттар жүзеге асырады.
3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, жекешелендіру объектілерін бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;
«5. Тəуелсіз консультанттар мен бағалаушыны тарту Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.»;
13) 101-баптың 9-тармағы «102,» деген цифрлардан кейін «103 жəне» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 103-бапта:
2 жəне 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Конкурс мынадай іс-шаралар жоспарын:
1) осы Заңның 100-1-бабында белгіленген тəртіппен тəуелсіз консультантты тартуды;
2) тəуелсіз консультанттың жекешелендіру объектісіне жан-жақты талдау мен оның құнын бағалауды жүргізу, əлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) қойылатын талаптарды (қажет болған жағдайда) жəне жекешелендіру талаптарын əзірлеу, əлеуетті сатып алушылар (инвесторлар) үшін жекешелендіру объектісі туралы ақпаратты қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды;
3) сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабархатты қазақ жəне орыс тілдерінде мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жариялауын, сондай-ақ тəуелсіз консультанттың сату туралы ұсынысты талаптарға (болған кезде) сай келетін əлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) таратуын;
4) тəуелсіз консультанттың əлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстары қамтылған өтінімдер тізбесін қалыптастыруын;
5) сатушының ең үздік ұсыныстарды ұсынған кемінде екі əлеуетті сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында тəуелсіз консультанттың қатысуымен əлеуетті сатып алушылардың (инвесторлардың) өтінімдерін ашуын (конкурстың бірінші кезеңі);
6) сатушының тəуелсіз консультанттың қатысуымен бірінші кезең жеңімпаздары арасында бұрын ұсынылған бағаны жəне (немесе) талаптарды жақсарту тұрғысынан сауда-саттық өткізуін (конкурстың екінші кезеңі);
7) конкурстың қорытындысын шығаруды қамтиды.
3. Конкурстың əрбір кезеңін өткізу қорытындысы бойынша сатушы, тəуелсіз консультант жəне конкурсқа қатысушылар оның нəтижелері туралы хаттамаға қол қояды.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Конкурс екі кезеңдік рəсімдер арқылы өткізілген кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағына сəйкес айқындалған жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.
Конкурста жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын екі кезеңдік рəсімдер арқылы төмендетуге жол берілмейді.»;
15) 107-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасындағы «, сондай-ақ кредиторлық жəне дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кəсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кəсіпорынның жасасқан шарттары туралы» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі «дұрыстығы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ меншік құқықтары сатып алушыға ауысқанға дейін жекешелендіру объектісінің сақталуы» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 112-баптың 3-тармағындағы «қол қойылған күннен бастап алты айды» деген сөздер «қол қойылғаннан күннен бастап үш жылды» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 134-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы «ақпараттық дерекқорды» деген сөздер «цифрлық дерекқорды» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 182-баптың 6-тармағы «конкурстық тəртіппен» деген сөздерден кейін «мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы электрондық нысанда» деген сөздермен толықтырылсын;
19) 196-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін мониторингтеу:
1) мемлекеттік мүлік тізілімін цифрлық мониторингтеу;
2) Жерді, оның ішінде жер учаскелерінің, жер қойнауын пайдалану учаскелерінің, орман жəне аңшылық алқаптарының, су шаруашылығы құрылысжайлары мен су объектілерінің пайдаланылуын қашықтан зондтау деректері арқылы жүзеге асырылады.»;
20) 198-баптың 1-тармағында:
5-1) тармақшадағы «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер «цифрлық объектілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
«5-2) мемлекетке тиесілі цифрлық активтер;»;
21) 200-баптың 9-тармағының бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға цифрлық қызметтерді көрсетеді;»;
мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:
«9-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тəртіппен мемлекетке тиесілі цифрлық активтерді есепке алуды қамтамасыз етеді;»;
22) 213-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (комиссия шарты) негізінде сауда ұйымдары арқылы жарамдылық (сақталу) мерзімі шектелген азық-түлік тауарлары өткізіледі;»;
3) тармақшадағы «осы бөліктің 1) тармақшасында» деген сөздер «осы тармақтың 1) жəне 2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын.
70. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 1-тармағында:
8-2) тармақшада:
«ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
«ақпараттандыру жəне «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақшадағы «ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «киберқауіпсіздікті» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 23-бапта:
1-тармақтың 8) тармақшасында:
«ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «цифрлық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «электрондық ақпараттық ресурстардың», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің» деген сөздер тиісінше «цифрлық деректердің», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық инфрақұрылымның», «аса маңызды цифрлық объектілердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
2) тармақшадағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрлық орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «ақпараттық ресурстарын», «ақпараттық жүйелерін» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстарын», «цифрлық жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
70-тармағының 2) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6-тармақтың 5) тармақшасының үшінші бөлігіндегі «2026 жылғы» деген сөздер «2027 жылғы» деген сөздермен ауыстырылсын.
71. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 17-3) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстар» деген сөздер «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-1-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
72. «Газ жəне газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесімен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесімен» деген сөздермен ауыстырылсын.
73. «Ұлттық əл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
8-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қордың директорлар кеңесінің қызметінде Қазақстан Республикасының жасанды интеллект саласындағы заңнамасына сəйкес жасанды интеллектінің жергілікті жүйелеріне жататын жасанды интеллект жүйесі пайдаланылады.».
74. «Микроқаржылық қызмет туралы» 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «электрондық үкімет», «ақпараттандыру объектілері», «ақпараттық жүйелерінің» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрлық объектілер», «цифрлық жүйелерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 27-баптың 4-4) жəне 4-5) тармақшаларындағы «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
75. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) цифрлық кезектің цифрлық жүйесі (бұдан əрі - цифрлық кезек жүйесі) - автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль өткізу пункттеріне кіру уақытын броньдауға арналған бағдарламалық- аппараттық кешен;»;
2) 19-баптың 8-1-тармағында:
«электрондық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік «қамтамасыз ету саласында» деген сөздерден кейін «ескерту немесе» деген сөздермен толықтырылсын.
76. «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру саласындағы», «электрондық үкімет», «электрондық үкіметтің», «ақпараттандыру объектісі», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесінен», «ақпараттық жүйелеріндегі», «ақпараттық жүйелері» деген сөздер тиісінше «цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру саласындағы», «цифрлық үкімет», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық объект», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесінен», «цифрлық жүйелеріндегі», «цифрлық жүйелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1-1) жəне 1-5) тармақшалар алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті алушы - мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы жəне (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нəтижесін алған жеке жəне заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;»;
4-1) жəне 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1) көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші - мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше кезеңіне қатысатын жəне көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынатын жеке жəне заңды тұлғалар;
4-2) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет - үздіксіз негізде жүзеге асырылатын жəне қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;»;
мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:
«4-3) Мемлекеттік корпорацияның мобильдік қосымшасы - Мемлекеттік корпорациямен бейнебайланыс арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған цифрлық объект;»;
10) тармақшада:
«ақпараттық жүйесі», «автоматтандыруға» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрландыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйе» деген сөздер «цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «автоматтандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын; 17-1) тармақша алып тасталсын;
17-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17-4) техникалық іркіліс - бір немесе бірнеше пайдаланушының цифрлық жүйені пайдалану мүмкіндігінің болмауына алып келген бағдарламалық-аппараттық кешеннің немесе цифрлық жүйе құрауыштарының жеке біреуінің жоспарланбаған уақытша істен шығуы;»;
мынадай мазмұндағы 17-5) жəне 17-6) тармақшалармен толықтырылсын:
«17-5) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы - абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын жəне ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық тұрғыдан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке-дара пайдаланылатын байланыс құралы;
17-6) цифрландыру саласындағы уəкілетті орган - цифрландыру саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) «цифрлық үкіметтің» веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ұсынуға қатысатын мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілер орналастыратын шоғырландырылған ақпаратқа, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің «бірыңғай терезесін» білдіретін цифрлық объект.»;
3) 3-баптың екінші бөлігінің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтердің клиентке бағдарлануы, сапасы мен қолжетімділігі;»;
4) 4-бапта:
1-тармақта:
4-1) жəне 5) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы «пайдалануға құқығы бар.» деген сөздер «пайдалануға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қоспағанда, мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді жеке өзі немесе заңды өкілі арқылы алуға құқығы бар.»;
2-тармақ «шетелдік заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «жəне олардың филиалдары мен өкілдіктері» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «мүмкіндігі шектеулі» деген сөздер «мүгедектігі бар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) цифрлық күту парағын пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруға;»;
11) тармақшада:
«ақпараттық жүйесіне» деген сөздер «цифрлық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
«белгілеген» деген сөз «айқындаған» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы «бас тартуға міндетті.» деген сөздер «бас тартуға;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) жəне 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) төрешілдік жəне сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеуге;
16) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын цифрлық объектілер жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
6) 1-тарау мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің көрсетілетін қызметті берушілерден мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілер:
1) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауап беруге, сондай-ақ кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған кезде сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысын беруге;
3) көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты уақтылы ұсынуға міндетті.»;