14) цифрлық ресурстарды алу, көшіру, тарату, модификациялау, жою немесе бұғаттау жөніндегі құқыққа сыйымсыз əрекеттердің алдын алуды қоса алғанда, цифрлық объектілердің меншік иелеріне, иегерлеріне жəне пайдаланушыларына цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мəселелерінде жəрдемдесуді ұйымдастырады;
15) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын əзірлейді;
16) домендік атаулардың əкімшісін жəне тіркеушісін айқындайды, Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атауларды тіркеу, пайдалану жəне бөлу қағидаларын бекітеді;
17) цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеу қағидаларын, аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жəне «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
19) Бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийінің жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
20) қорғау бейіндерін жəне қорғау бейіндерін əзірлеу əдістемесін бекітеді;
21) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтары, киберқауіпсіздіктің салалық орталықтары мен Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы арасында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекітеді;
22) мемлекеттік техникалық қызметтің сараптамалары негізінде инвестициялық ұсыныстарға жəне бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар береді;
23) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының цифрлық объектілерін қоспағанда, мемлекеттік техникалық қызметтің сараптамалары негізінде «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық құжаттаманы, оның ішінде техникалық тапсырманы киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігі тұрғысынан келіседі;
24) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеу қағидаларын бекітеді;
25) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
26) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы талаптарды сақтау бөлігінде бұзушылықтарды жою туралы нұсқама немесе акт белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, субъектіні нұсқамада немесе актіде көрсетілген əрекеттерді жасауға мəжбүрлеу туралы талап қоюды сотқа береді;
27) «цифрлық үкіметтің» веб-порталында дербес деректер субъектілерін жеке кабинеті арқылы хабардар ету мақсатында қауіпсіздігі бұзылған дербес деректерді өңдейді;
28) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-2-бап. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар:
1) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) уəкілетті орган ұсынған кибермəдениеттің базалық қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
3) өз құзыреті шегінде аса маңызды цифрлық объектілерге жататын цифрлық объектілерді айқындайды;
4) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органды, арнаулы мемлекеттік органдарды жəне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қоспағанда, Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлерін цифрлық объектілерге қол жеткізетін жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді;
5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орталық атқарушы органдардың құзыреті де Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалады.
7-3-бап. Жергілікті атқарушы органдардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Жергілікті атқарушы органдар:
1) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
2) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
3) кибермəдениетті арттыру үшін жағдайлар жасайды;
4) өз құзыреті шегінде аса маңызды цифрлық объектілерге жататын цифрлық объектілерді айқындайды;
5) тиісті əкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке кəсіпкерлік субъектілеріне қатысты цифрландыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) киберқауіпсіздік саласын дамытуға, оның ішінде инвестициялар тарту арқылы жəрдемдеседі;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық архивін жəне орталық мемлекеттік архивтерді жасақтау көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың жергілікті атқарушы органдары электрондық құжатқа жəне электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
7-4-бап. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы
1. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығы:
1) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесі арқылы «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің кибер- қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік оқиғаларының мониторингін жүзеге асырады;
3) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінде киберқауіпсіздіктің қатерлері мен оқыс оқиғаларын анықтау, жолын кесу жəне зерттеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады жəне оларды жою немесе болғызбау жөніндегі ұсынымдарды қалыптастырады;
4) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай - ақ киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдардың цифрлық объектілері бойынша киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
6) «цифрлық үкімет» операторымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша уəкілетті орган бекітетін «цифрлық үкімет» платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету регламентіне сəйкес «цифрлық үкімет» платформасының киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
7) дербес деректерді қорғау саласындағы уəкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді.
2. Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нəтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
7-5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы
1. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы:
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік қатерлерін анықтау, бағалау, болжау, оқшаулау, бейтараптандыру жəне олардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) киберқауіпсіздік қатерлерін барынша азайту жөнінде шаралар қабылдайды, цифрлық объектінің меншік иесін жəне (немесе) иегерін, сондай-ақ Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлерінің анықталу фактілері туралы дереу хабардар етеді;
3) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріне жатпайтын аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
4) киберқауіпсіздіктің салалық орталығымен, Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің басқа да орталықтарымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
5) киберқауіпсіздік оқиғалары мен оның оқыс оқиғалары туралы мəліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды жəне сақтауды жүзеге асырады;
6) аса маңызды цифрлық объектілердің иелеріне жəне (немесе) иегерлеріне цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлері, бағдарламалық қамтылымның, құрылғылар мен технологиялардың осалдығы, киберқауіпсіздік қатерлерін іске асыру тəсілдері, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу жəне зардаптарын жою əдістері туралы ақпаратты береді;
7) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде белгілі болған, таралуы шектелген мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
8) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы үшін киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығына қосылған «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің оқиғаларын тіркеу журналдарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
9) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасаудың меншікті бағдарламасын жасауға немесе киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын пайдалану қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес үшінші тұлғалардан сатып алуға құқылы;
10) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
11) дербес деректерді қорғау саласындағы уəкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді;
12) дербес деректерді қорғау саласындағы уəкілетті органның келісімімен «цифрлық үкіметтің» веб-порталында дербес деректер субъектілерін жеке кабинет арқылы хабардар ету мақсатында қауіпсіздігі бұзылған дербес деректерді өңдеуге құқылы;
13) деректерді өңдеу орталықтарына ұлттық техникалық аудит жүргізеді;
14) өзінің цифрлық объектілерінде цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
15) киберқауіпсіздік аудитін жүргізеді;
16) цифрлық объектілердің, оның ішінде дербес деректерді жинауды жəне өңдеуді жүзеге асыратын цифрлық объектілердің киберқауіпсіздіктің цифрлық оқиғаларына мониторинг пен журналға енгізуді жүргізеді.
2. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы өз қызметін ақпарат таралып кететін техникалық арналарды жəне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нəтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының функцияларын олардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.»;
10) 7-6-бап алып тасталсын;
11) 7-7 жəне 7-8-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-7-бап. Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызмет
1. Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызмет:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізе отырып, «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің, Интернеттің қазақстандық сегментінің, сондай-ақ аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғау жəне олардың қауіпсіз жұмыс істеуін мониторингтеу, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мəселелері бойынша салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша цифрлық объектілердің меншік иелеріне, иегерлеріне жəне пайдаланушыларына жəрдемдеседі;
3) дербес деректерді қорғау саласындағы уəкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді.
2. Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызметтің жұмыскерлері өз қызметінің нəтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
7-8-бап. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі
1. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі:
1) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары жəне киберқауіпсіздіктің өзекті қатерлері туралы ақпаратты жинауды жəне талдауды жүзеге асырады, сондай-ақ оларды жою жөнінде ұсынымдар береді;
2) киберқауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс-қимылға бағытталған ұсынымдар əзірлейді;
3) цифрлық объектілердің меншік иелері мен иегерлерін, сондай-ақ Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығын белгілі болған киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары мен қатерлері туралы хабардар етеді;
4) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасаудың меншікті бағдарламасын жасауға немесе киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасын пайдалану қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сəйкес үшінші тұлғалардан сатып алуға құқылы;
5) дербес деректерді қорғау саласындағы уəкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді;
6) өзінің цифрлық объектілерінде цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
2. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі өз қызметін ақпарат таралып кететін техникалық арналарды жəне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған лицензия негізінде жүзеге асырады.
3. Киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің жұмыскерлері өз қызметінің нəтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
4. Осы баптың 2-тармағының талабы киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің функцияларын олардың құрылымдық бөлімшелері жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне қолданылмайды.»;
12) 8-бап алып тасталсын;
13) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы
1. Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы:
1) киберқауіпсіздіктің салалық орталықтары мен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталықтарының «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілеріндегі жəне аса маңызды цифрлық объектілердегі киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратын жинауды, талдауды жəне қорытуды жүзеге асырады;
2) Киберқауіпсіздіктің компьютерлік оқыс оқиғаларына ден қою жөніндегі ұлттық қызметтің міндеттері мен функцияларын іске асырады;
3) Киберқауіпсіздіктің мемлекеттік жедел орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады;
4) дербес деректерді қорғау саласындағы уəкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді.
2. Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нəтижесінде алған коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.»;
14) 9-1-бап алып тасталсын;
15) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы
1. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) цифрлық объектілері меншік иелерінің немесе иегерлерінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуін ұйымдастырады жəне үйлестіреді, оның ішінде:
1) ұйымдардың киберқауіпсіздігі қатерлерін талдау, бағалау, болжау жəне олардың алдын алу жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
2) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
3) тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілерінің меншік иелерінен немесе иегерлерінен келіп түскен киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мəліметтерді жинауды, шоғырландыруды, талдауды жəне сақтауды жүзеге асырады;
4) тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілерінің меншік иелеріне немесе иегерлеріне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде киберқауіпсіздік қатерлері, тиісті саланың (аяның) цифрлық объектілеріндегі осалдық, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының туындау алғышарттары, сондай-ақ олардың алдын алу жəне зардаптарын жою əдістері туралы ақпаратты береді;
5) киберқауіпсіздіктің салалық орталығына өз қызметін жүзеге асыру шеңберінде белгілі болған таралуы шектелген мəліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) дербес деректерді қорғау саласындағы уəкілетті органды дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы ол анықталған кезден бастап үш сағат ішінде хабардар етеді;
7) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің жəне аса маңызды цифрлық объектілердің құрамына кіретін технологиялық процестерді басқару жүйелерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді киберқауіпсіздіктің салалық орталығы қызметінің ішкі регламенттерінде белгіленген тəртіппен жəне мерзімдерде үйлестіреді;
8) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптар негізінде мемлекеттік реттеудің тиісті саласында (аясында) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қосымша талаптарды əзірлейді.
2. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығының жұмыскерлері өз қызметінің нəтижесінде алған коммерциялық құпияны, банк құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауапты болады.
3. Киберқауіпсіздіктің салалық орталығы өз функцияларын жүзеге асыру үшін киберқауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша ақпаратты жинау, өңдеу жəне алмасу жөніндегі цифрлық объектіні пайдаланады, оны салалық ұйымдардың қосу жəне пайдалану тəртібін мемлекеттік реттеудің тиісті саласының (аясының) уəкілетті органы айқындайды.»;
16) 11, 12, 13, 13-3 жəне 13-4-баптар алып тасталсын;
17) 14 жəне 14-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Мемлекеттік техникалық қызмет
1. Мемлекеттік техникалық қызмет цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік монополияға жатқызылған мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жəне «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
2) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынақтар жүргізеді;
3) инвестициялық ұсынысқа жəне бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне жəне «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектісін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаға киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігі тұрғысынан сараптама жүргізеді;
4) интернет-ресурстардың мониторингін, сондай-ақ Интернеттің қазақстандық сегменті кеңістігінде домендік атаулар жүйесінің жұмыс істеуіне мониторингті жүзеге асырады;
5) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының міндеттері мен функцияларын іске асырады;
6) Ұлттық бейнемониторинг жүйесіне қол жеткізу құқықтарын əкімшілендіруді, оның жұмыс істеуін мониторингтеуді жəне киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
7) цифрлық объектілерде қамтылған дербес деректерді сақтау, өңдеу жəне тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді зерттеп-қарауды жүзеге асырады;
8) Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының цифрлық объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
9) цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен аса маңызды цифрлық объектілердің цифрлық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін белгілейді;
10) цифрландыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
11) Бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийін пайдалану қызметтерін ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, мемлекеттік техникалық қызмет өндіретін жəне (немесе) өткізетін тауарлардың (орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді.
14-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты
Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты:
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стандарттау жөніндегі құжаттарды əзірлейді;
3) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады;
4) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жобалардың ғылыми-техникалық сараптамасын жүргізеді;
5) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында даярлауды, қайта даярлауды жəне біліктілікті арттыруды жүзеге асырады.»;
18) 15-бап алып тасталсын;
29) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы цифрлық объектілердің меншік иелерінің жəне иегерлерінің құқықтары мен міндеттері, аса маңызды цифрлық объектілердің меншік иесінің жəне (немесе) иегерінің міндеттері»;
20) 16, 17 жəне 18-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Цифрлық объектілердің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
1. Цифрлық объектілердің меншік иесі:
1) цифрлық объектілерді жалға, сенімгерлік басқаруға, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беруге жəне оларға өзге де түрде билік етуге;
2) өз құзыреті шегінде цифрлық объектілерді өңдеу, қорғау жəне оларға қол жеткізу режимі мен қағидаларын белгілеуге;
3) цифрлық объектілерді сақтау, көшіру жəне тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға;
4) цифрлық объектілерді иелену жəне пайдалану шарттарын айқындауға;
5) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Цифрлық объектілердің меншік иесі:
1) цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес цифрлық ресурстар мен цифрлық инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті таратуға, беруге, шектеуге немесе оған тыйым салуға;
3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Дербес деректерді қамтитын цифрлық объектінің меншік иесі Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
4. Цифрлық объектінің меншік иесі өзіне тиесілі цифрлық объектілерде орналастырылған цифрлық ресурстардың сақталу қауіпсіздігі жəне қорғалуы үшін цифрлық ресурстардың меншік иесінің жəне (немесе) иегерінің алдында жауапты болады.
17-бап. Цифрлық объектілердің иегерінің құқықтары мен міндеттері
1. Цифрлық объектінің иегері:
1) цифрлық объектілерді меншік иесі айқындаған шарттарда иеленуге жəне пайдалануға;
2) осы тармақтың 1) тармақшасына сəйкес цифрлық объектілерге қол жеткізу жəне пайдалану шарттарын айқындауға;
3) цифрлық жүйеде цифрлық ресурстарды өңдеу шарттарын айқындауға;
4) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Цифрлық объектілердің иегері:
1) цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
2) цифрлық объектілердің меншік иесінің жəне үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
3) осы Заңға жəне Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сəйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Дербес деректер қамтылған цифрлық объектінің иегері Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.