2) 1-бапта:
1-1) тармақша алып тасталсын;
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«25) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі - лицензиялауды, сəйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рəсімдерін цифрлық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне жəне осы процестерді қамтамасыз етуге арналған «цифрлық үкіметтің» құрауышы болып табылатын цифрлық жүйе;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) цифрландыру саласындағы уəкілетті орган - цифрландыру саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
3) 7-баптың 3-тармағындағы «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздер «цифрлық объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 28-баптың 1-тармағының 7) тармақшасындағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 29-баптың 3-тармағында:
3) жəне 4) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;»;
6) 33-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші жəне төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда лицензияны қайта ресімдеуге өтініш беру «Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы қайта ресімдеу кезінде талап етілмейді.
Лицензияны проактивті көрсетілетін қызмет арқылы қайта ресімдеу үшін өтініш берген күн осы көрсетілетін қызметті ұсынуға келісім алған күн болып есептеледі.»;
7) 36-баптың 8-тармағы «қайта ресімдеудің» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 46-бапта:
2-тармақтағы «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздер «цифрлық объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігіндегі «электрондық ақпараттық ресурстардан» деген сөздер «цифрлық ресурстардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 9-тараудың тақырыбындағы «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 48-баптың 7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігін тексеру жəне рұқсатты не уəжделген бас тартуды беру өтініш берушіні тексерудің жəне рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттардың тізбесін рұқсат беру органының бекітілген нормативтік құқықтық актісі негізінде цифрландыру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.»;
11) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 66-тармақпен толықтырылсын:
«66. Цифрлық деректер өнімдерін алмасу жəне олардың айналымы платформасы қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама.».
83. «Астана Хаб» инновациялық кластері туралы» 2014 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттандыру саласындағы», «ақпараттық-коммуникациялық жəне инновациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды», «Ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер тиісінше «цифрлық технологиялар», «цифрландыру саласындағы», «цифрлық жəне инновациялық технологиялар», «цифрлық технологияларды», «Цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
84. «Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы» 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
5-баптың 1-тармағының 27) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздік» деген сөздер «киберқауіпсіздік» деген сөзбен ауыстырылсын.
85. «Мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6-1) тармақшасындағы «электрондық ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық-коммуникациялық платформа» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстарды», «цифрлық платформа» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-1-бапта:
3) тармақшадағы «электрондық ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық қауіпсіздігін» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстарды», «киберқауіпсіздігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада:
«ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «цифрлық жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «киберқауіпсіздікті» деген сөзбен ауыстырылсын.
86. «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын.
87. «Өзін-өзі реттеу туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 10) тармақшасындағы «ақпараттық жүйесіне» деген сөздер «цифрлық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
88. «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық технологияларды», «ақпараттық технологиялар», «электрондық үкімет», «ақпараттық», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйелерімен», «ақпараттық жүйесі» деген сөздер тиісінше «цифрлық технологияларды», «цифрлық технологиялар», «цифрлық үкімет», «цифрлық», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйелерімен», «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
89. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерге», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «электрондық ақпараттық ресурстардың», «электрондық үкімет», «электрондық үкіметтің», «Электрондық үкіметтің» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық үкімет», «цифрлық үкіметтің», «Цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
4), 6), 6-1) жəне 7) тармақшалардағы «ақпараттандыру объектісі» деген сөздер «ашық үкіметтің құрауышы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) ашық үкімет - мемлекеттің қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуді жəне азаматтардың шешімдерді талқылауға жəне қабылдауға қатысуын ашық деректердің, ашық бюджеттердің, ашық нормативтік құқықтық актілердің өзара байланысты интернет-порталдары арқылы қамтамасыз ететін цифрлық объект;»;
мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) қоғамдық маңызы бар ақпарат - осы Заңның 6-бабында белгіленген, қоғамдық мүддені білдіретін ақпарат;»;
8-1) жəне 11) тармақшалардағы «ақпараттандыру объектісі» деген сөздер «ашық үкіметтің құрауышы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-2-баптың 2-тармағында:
бірінші абзацтағы «Ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «Цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшадағы «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздер «цифрлық объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада:
«ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздер «цифрлық объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11-баптың 9-тармағындағы «электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын.
90. «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелерімен», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйелерінен», «ақпараттық жүйесінде», «электрондық ақпараттық ресурстарына», «электрондық ақпараттық ресурстарын» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелерімен», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйелерінен», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық ресурстарына», «цифрлық ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 17-баптың 3-тармағының бірінші жəне екінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы жəне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасында жəне Қазақстан Республикасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
91. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 4) тармақшасы «жұмыс істейтін» деген сөздерден кейін «авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның жəне» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 21-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «цифрлық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын.
92. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйені», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйені», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың бірінші бөлігінің 16) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «цифрлық ресурстарымен жұмыс процесінде киберқауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын.
93. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Киберқауіпсіздік туралы»;
2) кіріспе алып тасталсын;
3) 1-бөлімнің тақырыбы алып тасталсын;
4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпаратты қорғау құралы - ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге арналған жəне пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық жəне өзге де құралдар;
2) артықшылықты құқықтары бар пайдаланушы - цифрлық объектіге қол жеткізу құқықтары жоғары, оның жұмыс істеуінің штаттық пайдалану жағдайларын қамтамасыз ететін пайдаланушы;
3) аса маңызды цифрлық объектілер - жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектелген дербес деректерді жəне заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мəліметтерді заңсыз жинауға жəне өңдеуге, əлеуметтік жəне (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркəсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылысжайлар, құқық қорғау қызметі, «цифрлық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарға алып келетін цифрлық объектілер;
4) Бастапқы кодтардың ұлттық репозиторийі - бастапқы кодтарды жəне олардан құрамдалған цифрлық объектілердің орындалатын кодтарын сақтау орны;
5) домендік атау - Интернетті адрестеу қағидаларына сəйкес қалыптастырылған, белгілі бір желілік мекенжайға сəйкес келетін жəне Интернет объектісіне атауы бойынша жүгінуге арналған символдық (əріптік-цифрлық) белгіленім;
6) зиянды бағдарлама - цифрлық деректерге санкцияланбаған қол жеткізуді, оларды жоюды, бұғаттауды, модификациялауды не көшіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ цифрлық объектілердің жұмыс істеуін бұзуға мүмкіндік беретін жасалған немесе қолданыстағы бағдарлама немесе енгізілген өзгерістері бар бағдарламалық өнім;
7) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі - Интернетке жəне (немесе) Интернетке шығатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде цифрлық объектіні қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
8) киберқауіпсіздік - цифрлық объектілердің құпиялылығын, тұтастығын немесе қолжетімділігін бұзудан қорғалу жай-күйі;
9) киберқауіпсіздік аудиті - цифрлық объектілердің қорғалу жай-күйінің киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігін бағалау;
10) киберқауіпсіздік зерттеушісі - киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына қатысатын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маман;
11) киберқауіпсіздік қатері - киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;
12) киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесі - цифрлық объектінің оқиғаларды тіркеу журналдарын жинау жəне талдау арқылы киберқауіпсіздік оқиғаларын автоматтандырылған түрде анықтауға арналған бағдарламалық қамтылым немесе аппараттық-бағдарламалық кешен;
13) киберқауіпсіздік оқиғаларының мониторингі - киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесі арқылы киберқауіпсіздік оқиғаларын анықтау жəне сəйкестендіру мақсатында цифрлық объектіні тұрақты қадағалау;
14) киберқауіпсіздік оқиғасы - киберқауіпсіздіктің ықтимал бұзылуын немесе киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысы болуы мүмкін бұрын белгісіз жағдайды көрсететін, цифрлық объектінің жай-күйінің сəйкестендірілген туындауы;
15) киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасаубағдарламасы - киберқауіпсіздікті зерттеушілердің цифрлық объектілердегі осалдықты анықтау үшін олармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар;
16) киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді мониторингтеу жүйесі - цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық жəне техникалық іс-шаралар;
17) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы - шетелдік заңды жəне жеке тұлғалардың қатысуынсыз Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, цифрлық объектілерді қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
18) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган (бұдан əрі - уəкілетті орган) - киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
19) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты - киберқауіпсіздік саласын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
20) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметі - шетелдік заңды жəне жеке тұлғалардың қатысуынсыз Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын, осы Заңда белгіленген құзыретке сəйкес киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасына ден қоюды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
21) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасы - цифрлық объектінің киберқауіпсіздігіне теріс əсер ететін оқиға немесе оқиғалар жиынтығы;
22) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасына ден қою - цифрлық объектілердің жəне олардағы цифрлық деректердің штаттық жұмыс істеуін қорғау жəне қалпына келтіру үшін қабылданған іс-қимылдарды қоса алғанда, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғасын барынша азайту немесе жою үшін қабылданған іс-əрекеттер, цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін оқиғаларды немесе бұзушылықтарды анықтауды, талдауды жəне оларға қарсы іс-қимыл жасау үшін шаралар қабылдауды қамтитын процесс;
23) киберқауіпсіздіктің салалық орталығы - ведомстволық бағынысты ұйымдарға жəне (немесе) реттелетін басқару саласына қатысты киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды жəне үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі;
24) киберқауіпсіздіктің ішкі аудиті - ұйым өз мүддесі үшін жүзеге асыратын, ұйымдағы цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігінің ағымдағы жай-күйінің сапалық жəне сандық сипаттамаларын бақылаудың объективті, құжатталған процесі;
25) кибермəдениет - цифрлық ортада қауіпсіз жəне жауапты мінез-құлық нормалары мен құндылықтарының жиынтығы;
26) қорғау бейіні - цифрлық объектілердің құрауыштары болып табылатын бағдарламалық жəне техникалық құрал- дардың қауіпсіздігіне қойылатын ең төмен талаптардың тізбесі;
27) мемлекеттік техникалық қызмет - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған мемлекеттік заңды тұлға;
28) осалдық - цифрлық объектінің киберқауіпсіздікке қатер төндіретін кемшілігі;
29) техникалық құралдар - цифрлық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, коммутациялау жəне беру үшін пайдаланылатын құрылғылар;
30) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі - нақты уақыт режимінде өндірістік процестерді автоматтандыруға, басқаруға, бақылауға жəне мониторингтеуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі;
31) цифрлық объектілер сыныптауышы (бұдан əрі - сыныптауыш) - цифрлық объектілерді сəйкестендіруге, санатқа бөлуге, сипаттауға жəне есепке алуға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі;
32) цифрлық оқиғаларды журналға енгізу - кейіннен талдау, ауытқуларды анықтау жəне киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын зерттеу мақсатында цифрлық объектілерде болып жатқан оқиғалар туралы цифрлық жазбаларды жүйелі түрде жазу, жинау жəне сақтау процесі;
33) «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзі - киберқауіпсіздік талаптарына сəйкес «цифрлық үкіметтің» электрондық поштасын қорғауды қамтамасыз ететін аппараттық-бағдарламалық кешен.»;
5) 2, 3, 4 жəне 5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан жəне Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың осы Заң алдында басымдығы болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заңның қолданылу аясы Қазақстан Республикасының аумағында цифрлық объектілердің өмірлік циклінің барлық кезеңінде мемлекеттік органдар, жеке жəне заңды тұлғалар арасында туындайтын киберқауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
4-бап. Киберқауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты мен қағидаттары
1. Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ететін цифрлық объектілердің қорғалуына қол жеткізу жəне қорғалуын қолдау киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеудің мақсаты болып табылады.
2. Киберқауіпсіздік саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:
1) заңдылық;
2) цифрлық технологияларды қолдану кезінде жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) жеке адам, қоғам мен мемлекет құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің теңгерімі жəне олардың цифрлық ортадағы өзара жауапкершілігі;
4) жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
5) жеке жəне заңды тұлғалардың киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметке қатысу жəне оның нəтижелерін пайдалану құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің теңдігі.
5-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері
Мыналар киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады:
1) цифрлық объектілерді жəне аса маңызды цифрлық объектілерді олардың өмірлік циклінің барлық кезеңінде қорғау;
2) киберқауіпсіздік саласын қалыптастыруға жəне дамытуға жəрдемдесу;
3) киберқауіпсіздіктің заманауи шешімдерін дамыту жəне өндірістік процестерге ендіру үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
4) кибермəдениетті арттыру;
5) киберқауіпсіздік саласындағы бірыңғай ғылыми, техникалық, мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру жəне іске асыру;
6) мемлекеттік органдардың, жеке жəне заңды тұлғалардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігін қамтамасыз етуді мониторингтеу;
7) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларының, оның ішінде əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген жағдайларда алдын алу жəне оларға жедел ден қою;
8) киберқауіпсіздік саласындағы шешімдер мен кадр əлеуетін дамыту;
9) халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
10) Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік туралы заңнамасын жетілдіру.»;
6) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік реттеу»;
7) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институтын айқындайды;
3) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды бекітеді;
4) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын бекітеді;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында жəне Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.»;
8) 7-бап алып тасталсын;
9) 7-1, 7-2, 7-3, 7-4 жəне 7-5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Уəкілетті органның құзыреті
Уəкілетті орган:
1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;
2) стратегиялық, реттеушілік, іске асыру жəне бақылау функцияларын жүзеге асырады;
3) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптарды əзірлейді;
4) аса маңызды цифрлық объектілердің тізбесін, сондай-ақ цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекітеді;
5) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері мен аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздік талаптарына сəйкестігіне сынақтар жүргізу əдістемесі мен қағидаларын бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздігі оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерінің жəне аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингін жүргізу қағидаларын бекітеді;
8) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуын мониторингтеуді жүргізу қағидаларын бекітеді;
9) цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы бірыңғай талаптардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады;
10) цифрландыру саласында, сондай-ақ электрондық құжатқа жəне электрондық цифрлық қолтаңбаға қойылатын талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
11) Қазақстан Республикасының цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде орындау үшін нұсқамалар жібереді;
12) əлеуметтік, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде цифрлық объектілерді басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
13) «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін өнеркəсіптік пайдалануға беруге қатысады;