48. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
17-2-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын.
49. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «электрондық ақпараттық ресурстар», «Электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстар», «Цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
50. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
51. «Қазақстан Республикасының қорғанысы жəне Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы» деген сөздер тиісінше «цифрлық инфрақұрылым», «цифрлық инфрақұрылымның», «цифрлық инфрақұрылымының», «цифрлық инфрақұрылымы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 11-2) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздігіне» деген сөздер «киберқауіпсіздігіне» деген сөзбен ауыстырылсын.
52. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 3) тармақшасындағы «ақпараттық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын.
53. «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйесінің», «электрондық ақпараттық ресурстарының», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйесінің», «цифрлық ресурстарының», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын.
54. «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 4-1-тармағындағы «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-1-бапта:
«Электрондық ақпараттық ресурстар», «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер тиісінше «Цифрлық ресурстар», «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйесі» деген сөздер «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
55. «Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-бапта:
1-тармақтағы «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сəйкес ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесі жəне «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес цифрландыру саласындағы уəкілетті органның ақпараттық-талдау жүйесі жəне «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
56. «Мəдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «электрондық ақпараттық ресурс», «электрондық ақпараттық ресурстарда» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық технологиялар», «цифрлық ресурс», «цифрлық ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын.
57. «Сəйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
2-тармақта:
1) тармақшадағы «ақпараттық дерекқорларына» деген сөздер «цифрлық дерекқорларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «ақпараттық жүйелеріндегі» деген сөздер «цифрлық жүйелеріндегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 12) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «цифрлық жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын.
58. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
1) тармақшадағы «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақшада:
«жылдық қаржылық есептілік» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сəйкес бағалау туралы есептер» деген сөздермен толықтырылсын;
«электрондық деректер базасы» деген сөздер «цифрлық дерекқор» деген сөздермен ауыстырылсын.
59. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «электрондық тіркеу», «ақпараттық жүйелерді», «Электрондық тіркеу», «ақпараттық жүйесінде», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық жүйеден», «ақпараттық жүйесімен», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйеге», «ақпараттық жүйелерден», «Электрондық тіркелген», «Электрондық тіркеуді», «ақпараттық жүйесінен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық тіркеу», «цифрлық жүйелерді», «Цифрлық тіркеу», «цифрлық жүйесінде», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйесін», «цифрлық жүйеден», «цифрлық жүйесімен», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйеге», «цифрлық жүйелерден», «Цифрлық тіркелген», «Цифрлық тіркеуді», «цифрлық жүйесінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-баптың 31) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«31) цифрлық тіркеу - тіркеуші органға құқықтық кадастрдың цифрлық жүйесі арқылы түсетін құқық белгілейтін құжаттың цифрлық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу.»;
3) 17-баптың 3-3-тармағындағы «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 20-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «ақпараттандыру туралы», «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан əрі - ЭҮТШ)», «ЭҮТШ-те» деген сөздер тиісінше «цифрландыру саласындағы», «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі», «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшаның екінші абзацындағы «ЭҮТШ-те» деген сөз «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 21-баптың 2-1-тармағындағы «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын.
60. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» «ақпараттандыру объектілерін», «ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттандыру объектілерінде», «ақпараттандыру объектілері», «ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттандыру объектілерімен», «ақпараттандыру объектілеріндегі», «ақпараттандыру объектісі», «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер тиісінше «цифрлық технологиялар», «цифрлық технологияларды», «цифрлық объектілерін», «цифрлық объектілеріне», «цифрлық жүйелері», «цифрлық объектілерінде», «цифрлық объектілері», «цифрлық объектілерінің», «цифрлық объектілерімен», «цифрлық объектілеріндегі», «цифрлық объектісі», «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағының 9) тармақшасындағы «ақпараттық-коммуникациялық» деген сөздер «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 5-баптың бірінші бөлігінде:
8) тармақшадағы «ақпараттық қамтамасыз етуді» деген сөздер «цифрлық қамтамасыз етуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) жəне 11) тармақшалардағы «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық қауіпсіздігін» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесін», «киберқауіпсіздігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақшадағы «ақпараттандыру объектілеріне» деген сөздер «цифрлық объектілерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) тармақшадағы «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін» деген сөздер «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 5-3-баптың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «ақпараттық қамтамасыз етуді» деген сөздер «цифрлық қамтамасыз етуді» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 6-баптың 2-тармағының 22-2) тармақшасындағы «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздер «цифрлық объектілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 7-бапта:
тақырыптағы «ақпараттық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер «цифрлық объектілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім беру саласындағы уəкілетті орган мен ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті орган Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасына сəйкес цифрлық объектілердің деректеріне азаматтардың еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.»;
3-тармақтағы «ақпараттық жүйесі», «ақпараттандыру объектілерімен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық объектілермен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «ақпараттандыру объектілеріндегі» деген сөздер «цифрлық объектілердегі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 8-баптың 2-1-тармағындағы «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын» деген сөздер «цифрлық инфрақұрылымын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 45-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi «ақпараттандыру объектiсi» деген сөздер «цифрлық объект» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 47-баптың 5-1-тармағындағы «ақпараттық жүйеде» деген сөздер «цифрлық жүйеде» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 57-1-баптың 4-тармағындағы «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен» деген сөздер «рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық тізілімінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 59-баптың 8-6-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттандыру объектісі» деген сөздер «цифрлық объект» деген сөздермен ауыстырылсын.
61. «Сəйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын.
62. «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға жəне жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «ақпараттық жүйе» деген сөздер «цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерімен» деген сөздер «цифрлық жүйелерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-1-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйелерінен» деген сөздер «цифрлық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-бапта:
7) тармақшадағы «ақпараттық жүйелердің» деген сөздер «цифрлық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-1) тармақшадағы «электрондық тізілімін» деген сөздер «цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерді» деген сөздер «цифрлық жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелері» деген сөздер «цифрлық жүйелері» деген сөздермен ауыстырылсын.
63. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін», «электрондық үкімет» веб-порталының» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйеде», «цифрлық технологиялар», «Цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін», «цифрлық үкімет» веб-порталының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
2) тармақшада:
«жинауды» деген сөзден кейін «жəне (немесе) өңдеуді жəне (немесе) қалыптастыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
«мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ мемлекеттік цифрлық объектілердің иегерлері» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша:
«дереккөздер» деген сөзден кейін «жинайтын жəне (немесе) өңдейтін жəне (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Əкімшілік цифрлық деректер əкімшілік деректер бола алады;»;
4-1) тармақша алып тасталсын;
3) 26-баптың 4-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Цифрлық деректер өнімін тарату Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақтала отырып қамтамасыз етіледі.
Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сəйкес бастапқы статистикалық жəне (немесе) əкімшілік жəне (немесе) баламалы деректер жəне (немесе) статистикалық жəне (немесе) талдамалық ақпарат дереккөздер болып табылады. Цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.».
64. «Атқарушылық іс жүргізу жəне сот орындаушыларының мəртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі», «мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде», «мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі», «атқарушылық іс жүргізу жөніндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйе», «мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен», «мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі», «мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде», «мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесіндегі», «атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған цифрлық жүйесі», «мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесімен», «мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесі - атқарушылық іс жүргізуді есепке алуды электрондық нысанда жүзеге асыруға, сот орындаушысының процестік əрекеттерін автоматтандыруға, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарының атқарушылық іс жүргізу барысы туралы деректер алуына арналған цифрлық жүйе;»;
3) тармақшадағы «ақпараттық жүйе» деген сөздер «цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 9-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) айыппұл төлеуге қатысты бөлігінде əкімшілік жаза қолдануға уəкілеттік берілген орган (лауазымды адам) берген ескерту немесе айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар;»;
4) 10-5-баптың 5-тармағындағы «атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізудің автоматтандырылған цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 47-баптың 2-тармағының үшiншi бөлiгiндегi «электрондық үкiметтің» деген сөздер «цифрлық үкiметтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 147-баптың 4) тармақшасындағы «электрондық деректер базасынан» деген сөздер «цифрлық дерекқорларынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 148-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «атқарушылық іс жүргізу жөніндегі мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйеде» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 167-баптың 10) тармақшасындағы «электрондық дерекқорға» деген сөздер «цифрлық дерекқорға» деген сөздермен ауыстырылсын.
65. «Сыртқы барлау туралы» 2010 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-баптың 13) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерін», «электрондық ақпараттық ресурстарын» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерін», «цифрлық ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық жүйелердегі», «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелердегі», «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
66. «Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-7) жəне 10-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-7) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйым - Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз құрылтайшысы жəне қатысушысы (акционері) болып табылатын, азаматтық жəне эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғаларын немесе оқыс оқиғаларын тергеп-тексерулер жүргізуді ұйымдастыруға жауапты ұйым;
10-8) авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның қызметшілері - авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның бірінші басшы жəне оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары лауазымдарын атқаратын қызметкерлері жəне тергеп-тексеру жөніндегі уəкілдер;»;
67-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«67-1) тергеп-тексеру жөніндегі рəсімдер - авиациялық оқиғаларды жəне оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының əуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасын біркелкі қолдану мақсатында авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның тергеп-тексеру жөніндегі уəкілдеріне арналған процестер мен рəсімдердің сипаттамасын қамтитын құжат;»;
мынадай мазмұндағы 67-2) тармақшамен толықтырылсын:
«67-2) тип сертификаты - əуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын азаматтық авиация саласындағы уəкілетті ұйым, азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйым немесе азаматтық əуе кемесі типінің конструкциясын, қозғалтқышты немесе əуе бұрандасын айқындау үшін шет мемлекет берген жəне конструкцияның ұшуға жарамдылық нормаларына сəйкестігін растайтын құжат;»;
2) 10-2-баптың 17) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер «киберқауiпсiздiкті» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 14-баптың 1-тармағында:
41-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41-4) осы Заңның 93-бабына сəйкес авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді;»;
41-5), 41-12) жəне 41-14) тармақшалар алып тасталсын;
41-63) тармақшадағы «электрондық авиажүкқұжатының» деген сөздер «цифрлық авиажүкқұжатының» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 16-3-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 6) тармақшасындағы «немесе» деген сөз «, авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымға жəне (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 2-2-тараумен толықтырылсын:
«2-2-тарау. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйым
16-14-бап. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның мəртебесі мен құзыреті
1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның функцияларын жүзеге асыратын заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйым өз құзыреті шегінде:
1) азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға азаматтық жəне эксперименттік авиация саласындағы авиациялық оқиғаларды жəне оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты мəселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын əзірлеуге жəрдемдеседі;
2) азаматтық жəне эксперименттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалардың деректерін ұсыну жəне оларды тергеп-тексеру қағидаларына сəйкес авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның ұсынуы бойынша азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган құратын Авиациялық оқиғаны немесе оқыс оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық жəне эксперименттік авиацияның авиациялық оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруді жүргізуін ұйымдастырады;
3) азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органның шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық əуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын əуе кемелерімен басқа мемлекеттердің аумағында болған азаматтық авиацияның авиациялық оқиғалары мен оқыс оқиғаларын тергеп-тексеруге қатысады;
4) жүргізілген тергеп-тексерулердің нəтижелері бойынша авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды болғызбау немесе олардың салдарын азайту мақсатында ұсынымдар береді жəне оларды азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға жəне азаматтық авиация саласындағы уəкілетті ұйымға жібереді, сондай-ақ осындай ұсынымдардың орындалуына талдау жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық əуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген не пайдаланушылары Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары болып табылатын əуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөніндегі статистикалық деректерді жинайды, сақтайды жəне азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға береді;
6) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттер пайдаланушыларының əуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар жөніндегі статистикалық деректерді жинайды, сақтайды жəне азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға береді;
7) азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органмен бірлесіп, халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен статистикалық деректер алмасуға қатысады;
8) құзыреті шегінде авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге жауапты шет мемлекеттердің органдарымен жəне халықаралық азаматтық авиация ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
9) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
10) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру кезінде дəлелдемелердің сақталуын қамтамасыз етеді;
11) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруге байланысты ұшу қауіпсіздігі туралы құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының əуе кеңiстiгiн пайдалану жəне авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мəселелері бойынша стандарттары мен ұсынылатын практикасына сəйкес келуін мониторингтеуді жүзеге асырады;
13) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру мəселелері бойынша стандарттары мен ұсынылатын практикасынан орын алған айырмашылықтар туралы Халықаралық азаматтық авиация ұйымын (ИКАО) уақтылы хабардар етуді жəне оларды аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жариялауды қамтамасыз етеді;
14) жүргізілген авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қорытындылары бойынша ұсынымдардың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.
16-15-бап. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның қызметін қаржыландыру
1. Авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымның бюджеті ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдардың есебінен қалыптастырылады.
2. Азаматтық авиация саласындағы уəкілетті органға ведомстволық бағынысты мемлекеттік кəсіпорын болып табылатын аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру мен жүргізу жəне болашақта оларды болғызбау мақсатында ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уəкілетті ұйымға аударады.
3. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің билігінде қалған таза табыстың бір бөлігі аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші аударымдарының көзі болып табылады, оны бөлу нормативін азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган белгілейді.
4. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған аударымдарды аудару тəртібін жəне оның нормативін азаматтық авиация саласындағы уəкілетті орган бекітеді.»;