2) 15-баптың 2-тармағының төртінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 19-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 13) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «цифрлық жүйелерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 30-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
10-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) цифрлық жүйелердегі;».
25. «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «электрондық ақпараттық ресурс», «электрондық-цифрлық нысанда», «ақпараттық жүйелерде», «электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйелер» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық ресурс», «цифрлық нысанда», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Жерасты жəне ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды жəне ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды жəне ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жəрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 5-1-баптың 1-тармағының 1) жəне 3) тармақшаларындағы «ақпараттық жүйесінен», «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесінен», «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 5-2-баптағы «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын.
27. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 23-4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-5-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
28. «Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
18-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын.
29. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «Электрондық ақпараттық ресурстар», «электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйесін», «электрондық үкімет», «ақпараттық қауіпсіздік», «ақпараттық технологиялар», «ақпараттық технологияларды», «электрондық ақпараттық ресурстармен», «ақпараттық жүйелерді», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының», «ақпараттық жүйелері», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйелерінен» деген сөздер тиісінше «Цифрлық ресурстар», «цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйесін», «цифрлық үкімет», «киберқауіпсіздік», «цифрлық технологиялар», «цифрлық технологияларды», «цифрлық ресурстармен», «цифрлық жүйелерді», «Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің», «цифрлық жүйелері», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 79-баптың 7-тармағында:
4) тармақшадағы «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздер «цифрлық объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «электрондық дерекқорды» деген сөздер «цифрлық дерекқорды» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағының 21-1), 21-2) жəне 21-4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«21-1) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес өз құзыреті шегінде цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсетеді;
21-2) «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесін жүргізуді жəне толықтыруды қамтамасыз етеді;»;
«21-4) цифрландыру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша «Мекенжай тіркелімі» цифрлық жүйесіне тіркеу тəртібін жəне мекенжайдың құрылымы туралы ережені əзірлейді жəне бекітеді;»;
2) 31-баптың 1-тармағының 17-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес өз құзыреті шегінде цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсетеді;».
31. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-бапта:
1) тармақшадағы «жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың» деген сөздер «жылдамдығын анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-1) жəне 15-3) тармақшалардағы «ақпараттық жүйесі» деген сөздер «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 43-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық жүйелерін» деген сөздер «цифрлық жүйелерін» деген сөздер- мен ауыстырылсын;
2) 88-6-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі
«ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 89-1-баптың 3-тармағындағы «ақпараттық жүйелеріндегі» деген сөздер «цифрлық жүйелеріндегі» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
43-1-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын.
34. «Əділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттық жүйелерінен» деген сөздер «цифрлық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 5) тармақшасындағы «ақпараттандыруды», «ақпараттық жүйесін» деген сөздер тиісінше «цифрландыруды», «цифрлық жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 22-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-1-бап. Зияткерлік меншік құқығы саласындағы мемлекеттік бақылау
Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдардың қызметін, сондай-ақ авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар бөлігінде зияткерлік меншік құқығы объектілерінің, тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, географиялық нұсқаманың, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес тексеру жəне профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
4) 24-баптың 8-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсетуге;».
35. «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) цифрлық жүйелерден;».
36. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-бапта:
1-тармақтың 4-1) тармақшасындағы «электрондық тізілімін» деген сөздер «цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақтың 4-1) тармақшасындағы «электрондық тізілімін» деген сөздер «цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-1-баптың 7-тармағындағы «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 14-1-баптың 7-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) цифрлық жүйелерден;».
37. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-1-баптың 5) тармақшасындағы «электрондық тізілімін» деген сөздер «цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын.
38. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «электрондық ақпараттық ресурстар», «Электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстар», «Цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
39. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «электрондық ақпараттық ресурстар», «Электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстар», «Цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын.
40. «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау жəне қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
15-19-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақшадағы «автоматтандырылған ақпараттық жүйе» деген сөздер «автоматтандырылған цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-1) тармақшадағы «тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың» деген сөздер «анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін сертификатталған бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
17-3) тармақшадағы «тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі жəне жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының» деген сөздер «жолаушыларды, багажды, жүктерді жəне пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеу мен бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелердің, сондай-ақ автоматты режимде жұмыс істейтін, Қазақстан Республикасының жол жүрісі жəне автомобиль көлігі туралы заңнамасын бұзушылықты анықтайтын немесе тіркеп-белгілейтін техникалық құралдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
18) тармақшадағы «ақпараттық жүйе» деген сөздер «цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 19-17-баптың 1-тармағындағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптың 4-1-тармағындағы «ақпараттық жүйесі» деген сөздер «цифрлық жүйесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «электрондық тізілімінде» деген сөздер «цифрлық тізілімінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
42. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы» 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 12-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсетеді;»;
2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің цифрлық дерекқоры
1. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің цифрлық дерекқоры мониторинг объектілері туралы қысқаша құқықтық, техникалық жəне экономикалық ақпаратты қамтиды. Оны жүргізуді уəкілетті орган жүзеге асырады.
2. Жеке жəне заңды тұлғалар туралы тіркелімдер мен цифрлық дерекқорларды жасайтын жəне жүргізетін мемлекеттік органдар мен ұйымдар меншіктің мемлекеттік мониторингінің цифрлық дерекқорын қалыптастыру жəне жаңарту үшін қажетті ақпаратты уəкілетті органға өтеусіз негізде береді.
3. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің ақпаратына қолжетімділік уəкілетті орган белгілеген тəртіппен беріледі.».
43. «Мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «электрондық ақпараттық ресурстары», «мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйенің», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «электрондық ақпараттық ресурстарды», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды», «ақпараттық жүйелерінен», «ақпараттық жүйелерден», «электрондық ақпараттық ресурстардың», «электрондық ақпараттық ресурстармен», «ақпараттық жүйе» деген сөздер тиісінше «цифрлық ресурстары», «мемлекеттік цифрлық құқықтық статистикалық жүйенің», «цифрлық жүйелер», «цифрлық технологиялар», «цифрлық ресурстарды», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық технологияларды», «цифрлық жүйелерінен», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық ресурстармен», «цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың бірінші бөлігі 12-3) тармақшасының екінші абзацындағы «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жəне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы» деген сөздер «цифрландыру жəне киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 16-1-бапта:
1-тармақтағы «ақпараттандыру туралы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 16-2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарына сəйкес келетін электрондық құжат нысанындағы сұрау салудың қағаз жеткізгіштегі құжатпен мəні бірдей болады.»;
5) 16-3-баптың 1 жəне 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік жəне өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдаланушылар сұрау салудың негізділігін, алынған ақпараттың тек қана сұрау салуда мəлімделген мақсаттарда пайдалануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз етеді.»;
«5. Лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының жəне Қазақстан Республикасының дербес деректер жəне оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.».
44. «Туристі міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
бүкіл мəтін бойынша «Электрондық ақпараттық ресурстар», «электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйелерінде» деген сөздер тиісінше «Цифрлық ресурстар», «цифрлық ресурстар», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйелерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
45. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйесінің», «ақпараттық жүйесін», «ақпараттық ресурс», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды», «ақпараттық жүйелерінде», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық ресурстардың», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйеге», «ақпараттық ресурстар» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесінің», «цифрлық жүйесін», «цифрлық ресурс», «цифрлық технологиялар», «цифрлық технологияларды» «цифрлық жүйелерінде», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық ресурстардың», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйеге», «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 22-6-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «электрондық ақпараттық ресурстар» деген сөздер «цифрлық ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 29-1-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттық ресурстарда» деген сөздер «цифрлық ресурстарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 29-2-баптың 3) тармақшасындағы «электрондық» деген сөз «цифрлық» деген сөзбен ауыстырылсын.
46. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық қауіпсіздікті», «Ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық қауіпсіздігін», «электрондық үкіметтің», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына», «ақпараттық қауіпсіздіктің», «Ақпараттық қауіпсіздіктің», «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның», «ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларына» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелер», «киберқауіпсіздікті», «Киберқауіпсіздікті», «киберқауіпсіздігін», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық инфрақұрылымы», «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторының», «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымы операторына», «киберқауіпсіздіктің», «Киберқауіпсіздіктің», «цифрлық инфрақұрылымның», «киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бапта:
мынадай мазмұндағы 13-2) тармақшамен толықтырылсын:
«13-2) байланыс желісінің иесі - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, телекоммуникацияларға немесе пошта байланысына арналған байланыс құралдары мен желілері тиесілі жəне басқарушылық, ұйымдастырушылық, ішкі өндірістік мақсаттарды іске асыру кезінде байланыс қызметтерін көрсетуді жəне (немесе) байланысты ұсынуды қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлға;»;
16) тармақша «байланыс операторларының» деген сөздерден кейін «жəне (немесе) байланыс желілері иелерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті орган - киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында басшылықты жəне салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
44-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«44-1) президенттік байланыс - Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз етуге арналған байланыс;»;
3) 3-бапта:
1-тармақ «негізделеді,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінен,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тəртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
4) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:
«8-1-бап. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның құзыреті Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уəкілетті органның құзыретіне мыналар жатады:
1) өз құзыреті шегінде байланыс саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2) байланыс желілерінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
3) киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары анықталған кезде байланыс қызметтерін көрсетуді тоқтата тұру тəртібінің қағидаларын бекіту;
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 9-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «радиожиілік спектрін бөліп беру жəне пайдалану мəселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану» деген сөздер «радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану бойынша радиожиілік спектрін бөліп беру, қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау) жəне пайдалану мəселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасының радиоқызметтері арасында Жиілік белдеулерін бөлудің ұлттық кестесін жəне радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарын қайта қарау;»;
6) 9-1-баптың 1-тармағы 8) тармақшасындағы «келісуді жүзеге асырады.» деген сөздер «келісуді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) жəне 10) тармақшаларымен толықтырылсын:
«9) радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарын əзірлеуді;
10) байланыс сапасының жай-күйі бойынша талдамалық жұмыстарды жүргізуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар үшін радиожиіліктерді іріктеуді жүзеге асырады.»;
7) 12-бапта:
тақырып «бөліп беру,» деген сөздерден кейін «қайта бөліп беру (пайдалануды қайта құрылымдау),» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың екінші бөлігі «техникалық өлшемдері,» деген сөздерден кейін «радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сəйкес рұқсаттың қолданылу мерзімі,» деген сөздермен толықтырылсын;
8-1-тармақтың 6) тармақшасының үшінші абзацы «мақсатында» деген сөзден кейін «, оның ішінде радиожиілік спектрін перспективалық пайдалану жоспарына сəйкес жиілік белдеулері перспективалық технологияларға ауыстырылған жағдайда» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 15-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) байланыс саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен абоненттер жəне (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды жəне сақтауды жүзеге асыруға міндетті. Абоненттер жəне (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты сақтау Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Шетелдегі Қазақстан Республикасының абоненттеріне байланыс қызметтерін көрсету жағдайларын қоспағанда, қызметтік ақпаратты Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге беруге тыйым салынады;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Байланыс операторларында ішкі антифрод жүйелерінің болуы жəне олар санкцияланбаған трафикті (фрод) бұғаттауға міндетті. Осы мақсатта телекоммуникация желілерінде санкцияланбаған трафикті анықтау жəне киберқауіпсіздік талаптарын сақтау үшін жабдық орнатылады.»;
9) 21-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Президенттік байланыс» деген сөздер «Президенттік жəне үкіметтік байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Функционалдық міндеттеріне сымды телефон байланысы, ұялы, спутниктік жəне басқа да сымсыз телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығының (станциялардың, кіші станциялардың, концентраторлардың), деректерді беру желілерінің, сондай-ақ жедел-іздестіру жəне қарсы барлау іс-шараларын жүргізу құралдарының жұмыс істеуі жəне оларға қызмет көрсету, сондай-ақ қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз ететін жүйелерге қызмет көрсету кіретін байланыс операторлары мен байланыс желілері иелерінің жұмыскерлері Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиіс. Байланыс операторларының өз байланыс желілерін қандай да бір басқару түрінде өзге тұлғаларға беруіне тыйым салынады.»;
10) 36-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Байланыс операторынан жəне (немесе) байланыс желісінің иесінен қызметтік ақпаратты алуға абоненттің жəне (немесе) пайдаланушының келісімімен жəне осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Қарсы барлау қызметі туралы» заңдарында көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі.»;
11) 9-тарау мынадай мазмұндағы 39-3-баппен толықтырылсын:
«39-3-бап. Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі
1. Байланыс операторлары тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады жəне бекітеді, онда байланыс қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге жəне байланыс желілерінде алаяқтықты болғызбауға бағытталған іс-шаралар да қамтылуға тиіс.
Тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тəртібін уəкілетті орган айқындайды.
2. Байланыс операторы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жəне мерзімдерде тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйесі туралы ақпарат береді.»;
12) 40-баптың 1-4-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Киберқауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығынан, киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінен, киберқауіпсіздіктің жедел орталығынан аса маңызды цифрлық объектілердің жұмыс істеуін тоқтата тұруға алып келуі мүмкін киберқауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы хабарлар келіп түскен кезде шектеуге міндетті.».
47. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «электрондық үкімет», «электрондық ақпараттық ресурстары», «электрондық ақпараттық ресурстар», «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды», «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «ақпараттандыру объектілері» деген сөздер тиісінше «цифрлық үкімет», «цифрлық ресурстары», «цифрлық ресурстар», «цифрлық технологияларды», «цифрлық технологиялар», «цифрлық объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 3) тармақшасындағы «ақпараттық жүйені» деген сөздер «цифрлық жүйені» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 23-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласындағы уəкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы уəкілетті органның ақпарат алмасудың электрондық шлюзін пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының цифрлық» деген сөздермен ауыстырылсын.