он бірінші бөліктегі «, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік кəсіпорындардың» деген сөздер алып тасталсын;
3) 30-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау;»;
4) 40-баптың 7-тармағының сегізінші абзацындағы «экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер», «экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттің кепілдіктері» деген сөздер тиісінше «экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жəне жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер», «экспортты қолдау бойынша мемлекеттің кепілдіктері жəне жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттің кепілдіктері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 49-баптың 1-тармағының үшінші абзацы «міндеттеме» деген сөзден кейін «, жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 86-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;»;
7) 137-баптың 1-тармағында:
2) тармақшадағы «экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген борыштың,» деген сөздер «экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеменің, жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеменің,» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер берудің;»;
5) тармақша «міндеттемелерінің,» деген сөзден кейін «жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелердің,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 144-1 жəне 144-2-баптармен толықтырылсын:
«144-1-бап. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік
1. Қаржыландыру сомасы жеті миллиард теңгеден асатын инвестициялық жобалар бойынша кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры берген кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін оның қаражаты жеткіліксіз болған кезде жеке кəсіпкерлікті қолдау жөніндегі кепілдік шартының талаптарына сəйкес кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаржы жəне өзге де ұйымдар алдындағы берешегінің сомасын толық немесе ішінара өтеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің оның алдындағы міндеттемесі Қазақстан Республикасының жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі болып табылады.
Кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры кепілдік төлемдерді жүзеге асырмаған, Қазақстан Республикасының жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген, жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберіндегі кепілдіктер бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күндегі сомасы жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер берудің айрықша құқығына ие болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сəйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жəне нысан бойынша жүзеге асырады.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.
Тиісті қаржы жылына белгіленген, оның шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін сома мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті болып табылады.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған сома бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындаған тəртіппен белгіленеді.
Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің көлемі осы лимит белгіленген тиісті қаржы жылы шегінде ғана пайдаланылуы мүмкін.
3. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорына мынадай талаптар қойылады:
1) тиісті саланың орталық уəкілетті органының оң салалық қорытындысының болуы;
2) бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органның оң экономикалық қорытындысының болуы;
3) бұрын алынған, мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу жəне оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің болмауы жəне кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
4) төлемге қабілетті болуы, таратуға жатпауы, мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;
5) кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі арнаулы қор жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға жүгінген кезге дейінгі соңғы бес жылдағы нақты жүзеге асырылған кепілдік төлемдерінің көлемі меншікті капитал көлемінің он бес пайызынан аспауға тиіс. Бұл ретте кепілдік төлемдер көлемі кепілдік беру шеңберінде өтелген кепілдік төлемдер сомасы шегеріле отырып көрсетіледі.
4. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру үшін бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органның экономикалық қорытындысы мен тиісті саланың орталық уəкілетті органының салалық қорытындысын əзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды кəсіпкерлік жөніндегі уəкілетті орган бюджетті атқару жəне бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
5. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Кодекстің 144-2-бабына сəйкес кепілгердің міндеттемелерін орындау кезінде жұмсайтын бюджет қаражатын кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бергені үшін арнаулы қордан жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлемақы (алым) алынады.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен ресімделгеннен жəне мемлекеттік қазынашылықта тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім тараптардың жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру, жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін, бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) мен арнаулы қор арасындағы келісім болып табылады.
6. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тəртіппен мемлекеттік қазынашылықта тіркелуге жəне есепке алынуға жатады.
7. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеуді жүзеге асырады.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар арнаулы қордың қаржылық жай-күйін мониторингтеу бюджет саясаты жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.
144-2-бап. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындау
1. Жеке кəсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры берген кепілдіктер бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қорының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік орындалуға жатады.
2. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік қаржыландыру сомасы жеті миллиард теңгеден асатын жобалар бойынша жеке кəсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру мақсаттарына арналған резервті жəне арнаулы қордың меншікті капиталын қалыптастыру үшін арнаулы қорға бөлінген қаражат қалдығы шегеріле отырып, кепілдік төлемдердің жабылмаған сомасының бір бөлігіне ғана орындалады.
3. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау талаптары қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде, республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
4. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры кепілдік төлемдерін өтеу қаражаты жəне өзге де қаржы көздері есебінен республикалық бюджетке қайтаруға тиіс.
Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері жəне тəртібі бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) мен кəсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры арасында жасалатын жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті беру туралы келісімде айқындалады.
5. Жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік өз қолданысын мынадай:
1) жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартында жазылған міндеттемелер толық орындалған;
2) оның қолданылу мерзімі өткен жағдайларда тоқтатады.»;
9) 148-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 149-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сəйкес техникалық тапсырма əзірленетін, «цифрлық үкіметтің» технологиялық жағынан күрделі цифрлық объектілерін құруды жəне дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жоба;»;
11) 168-баптың 2-тармағының тоғызыншы бөлігі «бойынша мемлекеттік кепілдіктер» деген сөздерден кейін «, жеке кəсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер» деген сөздермен толықтырылсын.
12. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
8-3) тармақшадағы «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйе» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйе» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-4) тармақшадағы «ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «цифрлық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың екінші бөлігінің сегізінші абзацындағы «ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» деген сөздер «цифрлық технологияларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 6-2-бапта:
тақырып пен 1 жəне 2-тармақтардағы «ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «цифрлық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақта:
«ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «цифрлық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ақпараттық жүйесінде» деген сөздер «цифрлық жүйесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4, 5 жəне 6-тармақтардағы «ақпараттық жүйесінің» деген сөздер «цифрлық жүйесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 24-2-баптың 1-тармағы:
«жүретін жолаушыларды» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасының аумағы бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
«пайдаланушылары» деген сөзден кейін «цифрлық жүйелерден берілетін цифрлық ресурстарды қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
13. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-1-баптың 3) тармақшасындағы «ақпараттық қауіпсіздік» деген сөздер «киберқауіпсіздік» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 2-тарау мынадай мазмұндағы 11-1-баппен толықтырылсын:
«11-1-бап. Арнаулы сараптама кеңесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнаулы сараптама кеңесін құрады.
2. Арнаулы сараптама кеңесі ұлттық қауіпсіздік органдарын цифрландыру саласындағы мəселелерді қарайды жəне ұсыныстар жəне (немесе) ұсынымдар əзірлейді.
3. Арнаулы сараптама кеңесінің ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
4. Арнаулы сараптама кеңесі өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.»;
3) 12-баптың 22) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерінен» деген сөздер «цифрлық жүйелерінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-бапта:
14) тармақшадағы «ақпараттық жүйелерінен», «электрондық ақпараттық ресурстарды» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйелерінен», «цифрлық ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
20) тармақшадағы «ақпараттық жүйелер» деген сөздер «цифрлық жүйелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-2) жəне 21-3) тармақшалардағы «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын;
21-8) тармақшадағы «ақпараттық қауіпсіздіктің» деген сөздер «киберқауіпсіздіктің» деген сөзбен ауыстырылсын.
14. «Авторлық құқық жəне сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 14-1) тармақшасындағы «электрондық ақпараттық ресурс» деген сөздер «цифрлық ресурс» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 26-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сыйақының мөлшерін, оны жинау, бөлу жəне төлеу тəртібін, сондай-ақ сараптама ұйымының нақты шығыстарын жабуға арналған соманы айқындау тəртібін уəкілетті орган белгілейді.»;
3) 43-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі «жазбаша шарттардың» деген сөздер «бірыңғай цифрлық платформа арқылы жасалған шарттардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 44-баптың 5-тармағында:
екінші бөліктегі «ұйым шотына» деген сөздер «ұйымның сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге жəне сақтауға арналған ағымдағы шотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Авторлық жəне сабақтас құқықтардың нақты иеленушілеріне бөлінген жəне олардың есебіне жазылған жиналған сыйақы сомалары құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге жəне сақтауға арналған ағымдағы шотында сақталуға жəне сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге жəне сақтауға арналған ағымдағы шотта мұндай сомалардың сақталу мерзіміне қарамастан, тиісті авторға жəне (немесе) құқық иеленушіге мұндай тұлғалардың табылуына немесе жүгінуіне қарай төленуге тиіс.»;
5) 46-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігінде:
2) тармақшаның бірінші бөлігі үшінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші жəне алтыншы сөйлемдермен толықтырылсын:
«Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымның нақты шығыстары, уəкілетті орган айқындаған тəртіпке сəйкес бірыңғай цифрлық платформаны пайдалану жөніндегі нақты шығыстарды да қамтиды. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйымдар арасында мүдделерді өзара білдіру туралы шарттар жасалған кезде ұйымдардың шығыстары ұйымның осы тармақшада белгіленген шығыстарының мөлшері шегінде тараптардың келісімі бойынша айқындалады. Басқа ұйымнан түскен жиналған сыйақы сомасынан қайта ұстап қалуға жол берілмейді.»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) өзіне басқаруға берілген құқықтар туралы ақпаратты уəкілетті орган айқындаған тəртіпке сəйкес интернет-ресурста жəне бірыңғай цифрлық платформада орналастыруға;»;
мынадай мазмұндағы 3 жəне 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым сыйақыны жинау, бөлу, төлеу жəне сақтау үшін банкте ағымдағы шот жəне өз қызметін жүзеге асыру мен ұйымның нақты шығыстарын жабу үшін ағымдағы шот ашуға міндетті.
Аталған шоттар бойынша операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жəне уəкілетті орган белгілеген бағыттар бойынша тек қана қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
4. Құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі ұйым жиналған сыйақыны нысаналы пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ қағидаларда айқындалған тəртіппен бюджетке салықтарды төлеудің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында сыйақыны жинауға, бөлуге, төлеуге жəне сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша ақшаның қозғалысы туралы мəліметтерді бірыңғай цифрлық платформада ақпараттық орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
6) 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Фонограмма авторларының, орындаушыларының, шығарушылардың немесе авторлық жəне (немесе) сабақтас құқықтарды өзге де иеленушілердің құқықтарын ұжымдық басқару жөніндегі ұйым жиналған, бөлінген, бөлінбеген, төленген, төленбеген, талап етілмеген сыйақылар, сондай-ақ сыйақыны жинау, бөлу жəне төлеу жөніндегі шығыстарды жабуға бағытталған сомалар туралы мəліметтерді қоса алғанда, жылдық балансты, жылдық есепті бірыңғай цифрлық платформа арқылы уəкілетті органға жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 сəуірінен кешіктірмей ұсынуға міндетті.
Алдыңғы жылдары авторлық сыйақыны толық бөлу жəне төлеу қамтамасыз етілмеген жағдайда, осы сыйақы сомалары жөніндегі ақпарат авторлық сыйақы толық төленгенге дейін ұсынылады.
Шетелдік ұйымдарға аударылған сомалар туралы ақпарат жəне авторлар мен құқық иеленушілерге төлемдердің сомалары бойынша нақтылаулар есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей бірыңғай цифрлық платформа арқылы беріледі.».
15. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы», «ақпараттандыру объектілерінің», «ақпараттық қауіпсіздікті», «ақпараттық қауіпсіздіктің», «ақпараттандыру объектілері», «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына», «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына», «ақпараттандыру объектілерін», «ақпараттық қауіпсіздігін», «ақпараттандыру объектілеріне», «ақпараттандыру объектісі», «ақпараттандыру объектісін», «ақпараттандыру объектісінде», «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектісі», «ақпараттандыру объектілерінде» деген сөздер тиісінше «цифрландыру саласындағы», «цифрлық объектілердің», «киберқауіпсіздікті», «киберқауіпсіздіктің», «цифрлық объектілер», «цифрлық үкіметтің» цифрлық платформасына», «Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына», «цифрлық объектілерді», «киберқауіпсіздігін», «цифрлық объектілерге», «цифрлық объект», «цифрлық объектіні», «цифрлық объектіде», «цифрлық үкімет» цифрлық объектісі», «цифрлық объектілерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-6-бапта:
тақырыптағы «ақпараттандыру объектілері мен субъектілері» деген сөздер «цифрлық ортаның цифрлық объектілері мен субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын; 2 жəне 2-1-тармақтардағы «ақпараттандыру субъектілері» деген сөздер «цифрлық орта субъектілері» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 22-бапта:
тақырыптағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Ақпараттандыру объектілерінің», «мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды», «ақпараттандыру объектілерін» деген сөздер тиісінше «Цифрлық объектілердің», «мемлекеттік цифрлық ресурстарды», «цифрлық объектілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 25-6-бапта:
4-тармақтың 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасындағы «ақпараттық жүйелерге» деген сөздер «цифрлық жүйелерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйені», «ақпараттық жүйеден», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйенің», «ақпараттық жүйеге», «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйесіне», «ақпараттық жүйеде», «ақпараттық жүйелерінен», «ақпараттық жүйемен» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйені», «цифрлық жүйеден», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйенің», «цифрлық жүйеге», «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйесіне», «цифрлық жүйеде», «цифрлық жүйелерінен», «цифрлық жүйемен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 10-тармағы 5-1) тармақшасының екінші бөлігіндегі «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне жəне «Дербес деректер жəне оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-1-баптың 6-тармағындағы «ақпараттандыру», «ақпараттық қауіпсіздікті» деген сөздер тиісінше «цифрландыру», «киберқауіпсіздікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 4-2-баптың 2-тармағындағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 18-баптың 3-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-2) бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасының талаптарын сақтауға;»;
6) 99-2-баптың екінші бөлігіндегі «Электрондық құжат жəне электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексіне» деген сөздермен ауыстырылсын.
18. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «ақпараттық жүйе», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелер», «ақпараттық жүйелерінде», «ақпараттық жүйесіне» деген сөздер тиісінше «цифрлық жүйе», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелер», «цифрлық жүйелерінде», «цифрлық жүйесіне» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 9-баптың 2) тармағының екінші бөлігіндегі «электрондық үкіметтің» деген сөздер «цифрлық үкіметтің» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Алматы қаласының ерекше мəртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 18) тармақшасындағы «ақпараттандыру» деген сөз «цифрландыру» деген сөзбен ауыстырылсын.
20. «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 13-2) тармақшасындағы «электрондық тізілімін» деген сөздер «цифрлық тізілімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 16-баптың 2-1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) цифрлық жүйелерден;»;
3) 16-2-баптың 10-тармағында:
бірінші бөліктегі «ақпараттық жүйелерден» деген сөздер «цифрлық жүйелерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «электрондық үкімет» деген сөздер «цифрлық үкімет» деген сөздермен ауыстырылсын.
21. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 6) тармақшасындағы «жазбаша» деген сөз «жазбаша немесе электрондық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 4) тармақшасындағы «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 10-баптың 1-тармағындағы «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «Біліктілік комиссиясы айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ жəне орыс тiлдерiнде жарияланады» деген сөздер «кəсіптік кеңестің, уəкілетті органның интернет-ресурсында қазақ жəне орыс тiлдерiнде жарияланады, сондай-ақ қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 15-баптың екінші бөлігіндегі «бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ жəне орыс тiлдерiнде жариялайды» деген сөздер «өзінің интернет-ресурсында қазақ жəне орыс тiлдерiнде жариялайды, сондай-ақ ол қаржылық есептілік депозитарийінде орналастырылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 18-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жазбаша түрде жасалған аудиторлық есепке біліктілік куəлігінің берілген күні мен нөмірін көрсете отырып, атқарушы аудитор қол қояды, оны жеке мөрімен куəландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекiтіледi, аудиторлық ұйымның мөрімен расталады жəне ол аудиторлық есеп жасалған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаржылық есептілік депозитарийінде тіркелуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудиторлық есеп қаржылық есептілік депозитарийінде электрондық түрде қалыптастырылады. Бұл ретте электрондық аудиторлық есепті қаржылық есептілік депозитарийінде тіркеу талап етілмейді.»;
7) 21-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) өз қызметін осы аудиторлық ұйымның құрамында аудитор ретінде жүзеге асыратын аудиторлар жөніндегі мəліметтерді жаңартып отыруды жүргізуге;».
22. «Ұлттық архив қоры жəне архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«25) «цифрлық үкiметтiң» сервистік интеграторы - «цифрлық үкiмет» архитектурасын дамытуды əдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасында көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлға.».
23. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 14-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі «ақпараттандыру саласындағы» деген сөздер «цифрландыру саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;