бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;
бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
4-1. Осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдар осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтеледі.
5. Өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізуден туындайтын залалдар өткізу күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімдерінде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі.
6. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізуден туындайтын залалдар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі.
7. Агенттік облигацияларды өткізуден туындайтын залалдар агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі.
8. Егер осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген залалдар өздері орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.
9. Арнаулы қаржы компаниясының Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын қызметтен алынған залалдары бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигациялардың айналысы мерзімі ішінде секьюритилендіру мәмілелерінде ауыстырылуы мүмкін.
10. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдану шеңберінде алынған залалдар келесi салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.
11-тармақ 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
11. Бас банктің күмәнді және үмітсіз активтерін сатып алатын банктің еншілес ұйымы алған залалдар келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.
12. Хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша залалдар хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша кірістер есебінен өтеледі.
Егер осындай залалдар өздері туындаған кезеңде өтеле алмаса, онда олар соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылуы және хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша кірістер есебiнен өтелуі мүмкін.
13. Осы баптың 10-тармағында көрсетілгенді қоспағанда, заңды тұлғаның осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайту көзделген қызмет бойынша кәсіпкерлік қызметтен шеккен залалдары келесі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.
14. Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарт шеңберінде инвестициялық басым жобаны іске асыратын ұйым алған залалдар осындай инвестициялық келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдерге ауыстырылмайды.
301-бап. Қайта ұйымдастыру кезінде залалдарды ауыстыру
1. Бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты берілетін залалдар жаңадан құрылған салық төлеушілер арасында бөлу балансы негізінде берілетін активтер құнының бөлу балансы жасалған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға активтерінің құнындағы үлес салмағына пропорционал түрде бөлінеді және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.
2. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес қосылу немесе бірігу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның залалдары құқық мирасқорына әрбір қайта ұйымдастыру кезінде бір рет беріледі және оларды құқық мирасқоры осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырады.
32-тарау. КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫН ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ
302-бап. Корпоративтік табыс салығының сомасын есептеу
1. Таза кіріске салынатын корпоративтік табыс салығын және төлем көзiнен ұсталатын корпоративтік табыс салығын қоспағанда, салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы мынадай тәртiппен есептеледi:
осы Кодекстiң 313-бабының 1 немесе 2-тармағында белгiленген мөлшерлеменің және осы Кодекстiң 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 300-бабына сәйкес ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірістің көбейтiндiсi,
алу
осы Кодекстiң 303-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
салықтық кезеңде ұтыс түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 3-тармағына сәйкес өткен салықтық кезеңдерден ауыстырылған корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
салықтық кезеңде сыйақылар, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзiнен ұсталған, осы баптың 2-тармағына сәйкес азайту жүзеге асырылатын корпоративтік табыс салығының сомасы,
алу
мынадай тәртіптердің бірімен айқындалатын шама:
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасында дивидендтер түріндегі кірістерден төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығы сомасын қоспағанда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, осы Кодекстің 297-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына қосылған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен салықтық кезеңде Қазақстан Республикасында төлем көзінен, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау үлесіне мөлшерлес ұстап қалынған корпоративтік табыс салығы сомасы. Осы тармақшаның ережесі 20 пайыздан азды құрайтын мөлшерлеме қолданыла отырып есептелген, төлем көзінен ұстап қалынған корпоративтік табыс салығының сомасына және егер резидент осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының ережелерін қолданбаған жағдайда қолданылады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) мынадай тәртіппен айқындалатын шама:
Сш = К х Кф х (Мқ - Мт)/100%, мұнда:
Сш - осы тармақшаға сәйкес шегерілуге жататын салық;
К - дивидендтер түріндегі кірістерді қоспағанда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кіріс немесе салық салынатын кіріс;
Кф - резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау коэффициенті;
Мқ - бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен, Қазақстан Республикасында 20 пайыздан азды құрайтын мөлшерлеме бойынша ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі (бұдан әрі - корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі);
Мт - пайда салығының немесе осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген Қазақстан Республикасындағы корпоративтік табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың тиімді мөлшерлемесі (бұдан әрі - пайда салығының тиімді мөлшерлемесі).
Егер резидент осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының ережелерін қолданса және егер бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе немесе салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында ұсталған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі пайда салығының тиімді мөлшерлемесінен көп болса, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережесі пайдаланылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшасының ережесі жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелмеген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне және резидентте мынадай:
резиденттің бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен немесе салық салынатын кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығын ұстағанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударғанын растайтын;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістің немесе салық салынатын кірістің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған);
осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қолданған жағдайда, осы Кодекстің 303-бабы 4-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттардың көшірмелері болған кезде қолданылады.
2. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасы ұтыс, сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын төлем көзі ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, осы салықтың сомасына азайтылады.
Осы тармақтың ережелері әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымға, депозиттер бойынша сыйақы түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша коммерциялық емес ұйымға қолданылмайды.
3. Егер сыйақы, дивидендтер түріндегі кірістен төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы есептелген корпоративтік табыс салығының сомасынан артық болса, төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасы мен бюджетке төленуге жататын, есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы арасындағы айырма соңғы кезеңі қоса алынатын келесі он салықтық кезеңге ауыстырылады және осы салықтық кезеңдердің бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомаларын бірте-бірте азайтады.
303-бап. Шетелдік салықты есепке жатқызу
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған кірістерінен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде төленген кіріс немесе пайда салығының немесе корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында - шетелдік табыс салығы) сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады.
Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомасы туралы анықтама болып табылады.
Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомасы туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен нотариус куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.
Шет мемлекетте төленген шетелдік табыс салығының сомаларын корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатқызу кезінде салық төлеуші салық органының камералдық бақылау жүргізу мақсатында талап етуі бойынша осы тармақта көрсетілген анықтаманы ұсынуға құқылы.
2. Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған:
осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салудан босатылған;
осы Кодекстің 241-бабына сәйкес түзетілуге жататын;
шет мемлекетте осындай кірістерден шетелдік табыс салығының төлену және (немесе) ұсталу фактісіне қарамастан, халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын кірістерінен есептелген шетелдік табыс салығына Қазақстан Республикасында шет мемлекетте артық төленген салық сомасы шегінде есепке жатқызу берілмейді. Бұл ретте салықтың артық төленген сомасы шетелдік табыс салығының іс жүзінде төленген сомасы мен халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. Осы бапта көзделген, есепке жатқызылатын сомалардың мөлшері әрбір шет мемлекет бойынша жеке айқындалады.
Бұл ретте, шетелдік табыс салығының есепке жатқызылатын сомасының мөлшері мынадай сомалардың:
1) резидент-салық төлеуші Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алған кірістерден шет мемлекетте іс жүзінде төленген шетелдік табыс салығы сомасының;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден Қазақстан Республикасының халықаралық шартының ережелеріне сәйкес шет мемлекетте төленуге жататын шетелдік табыс салығы сомасының;
3) Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгіленген мөлшерлеме бойынша есептелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден корпоративтік немесе жеке табыс салығы сомасының ең азын білдіреді.
Салық төлеуші осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде көрсетілген кіріс алынуға жататын (алынған) салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізеді.
Кіріс шет мемлекетте көрсетілген кіріс осы Кодекске сәйкес танылатын салықтық кезеңнен ерекшеленетін салықтық кезеңде танылған жағдайда, резидент-салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес осындай кіріс есепке жазылған салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірістерден шетелдік табыс салығын есепке жатқызуды жүргізуге құқылы.
Осы тармақтың ережелері осы баптың 4-тармағының ережелеріне қолданылмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компания тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының мынадай формула бойынша есептелген сомасы Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға жатады:
Се = П х Ү х Мт/100%, мұнда:
Се - есепке жатқызылуға жататын шетелдік табыс салығының сомасы;
П - осы Кодекстің 297-бабына сәйкес резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне қосылған, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының оң шамасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
Ү - осы Кодекстің 297-бабына сәйкес айқындалатын, резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті қатысу немесе тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жасау коэффициенті;
Мт - осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген кірістерден Қазақстан Республикасында төлем көзінен ұстап қалынған табыс салығы есепке алынбай, осы Кодекстің 294-бабы 4-тармағының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын тиімді мөлшерлеме.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
Осы тармақтың ережелері мыналар:
1) бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
2) тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания;
3) өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін не жанама бақылау жасауға ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекеттерде бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан 20 пайыздан азды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша шетелдік табыс салығы төленген жағдайда қолданылады.
Егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына екі және одан көп шет мемлекетте шетелдік табыс салығы салынған жағдайда, онда тиімді мөлшерлемесі осындай шет мемлекеттерде төленген шетелдік табыс салығының тиімді мөлшерлемелерінің ішінен ең үлкен шамасын құрайтын шетелдік табыс салығы ғана есепке жатқызуға қабылданады. Осы абзацтың ережелері:
1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иелену немесе жанама бақылау жасау кезінде және бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы екі және одан көп мемлекетте (осындай жанама иелену немесе осындай жанама бақылау өзі (өздері) арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлға (тұлғалар) тіркелген) төленген кезде немесе
2) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей иелену немесе оған тікелей бақылау жасау кезінде бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығы:
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекеттерде төленген кезде қолданылады.
Резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иеленген не резидентте осы компанияға тікелей немесе жанама бақылау болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының осы тармаққа сәйкес есепке жатқызылуға жататын сомасы бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) әрбір тікелей және жанама иелену не осы компанияны тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептеледі. Бұл ретте бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) тікелей және жанама иелену не осы компанияны тікелей және жанама бақылау бойынша жеке есептелген осындай шетелдік табыс салығы шамаларының сомасы осы тармаққа сәйкес есепке жатқызуға жатады.
Осы тармақты қолдану үшін резидентте:
1) осы тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы қолдану жағдайында - бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында:
салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;
2) осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану жағдайында:
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
мынадай құжаттардың бірі:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері мыналар:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат немесе
шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларының белгіленгені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:
салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;
3) осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану жағдайында:
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға ие болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға ие болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
мынадай құжаттарының бірі:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;