4) осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасын қолдану жағдайында:
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында:
салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
3. Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында өздерінің заңнамалық актілерінде:
резиденттердің әлемдік кірістеріне;
бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалар белгіленген шет мемлекеттердің тізбесін орналастырады.
Осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру мақсаттарында уәкілетті орган оны халықаралық шарттар негізінде ақпарат алмасу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан сұратуға немесе осындай ақпаратты осындай ақпараты бар халықаралық ұйымдардың интернет-ресурстарынан немесе олардан сұрау салу бойынша алуға құқылы.
297-бап. Бақыланатын шетелдік компанияның пайдасына салық салу
1. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне немесе резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне қосылады және оған Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы салынады. Бұл ретте, резиденттің салық салынатын кірісі болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы резиденттің кәсіпкерлік қызметінен болатын залал сомасын азайтады. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мен резиденттің кәсіпкерлік қызметінен болатын залал арасындағы оң айырма резиденттің салық салынатын кірісі болып танылады.
2. Бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы мынадай формула бойынша айқындалады:
П = П1 × Д1 + П2 × Д2 +...+ Пn × Дn,
П1, П2, …, Пn = Псд - А, мұнда:
П - қаржылық пайдасы осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салынудан босатылатын бақыланатын шетелдік компанияларды немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерін қоспағанда, барлық бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы;
П1, П2, …, Пn - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
Д1, Д2, …, Дn - резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей, жанама, конструктивті қатысу немесе тікелей, жанама, конструктивті бақылау жасау коэффициенті;
Псд - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті кезеңде салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
А - резидент осы баптың 4-тармағына сәйкес, есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасынан жүргізген азайту сомасы.
3. Есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын айқындау мынадай талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады:
1) егер осы тармақшаның үшінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес жасалған, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің бекітілген шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілігінің негізінде.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті жасау стандарты белгіленбеген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.
Осы тармақшаның екінші бөлігінің ережесі мына жағдайларда:
егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті ішкі заңнамада белгіленген стандартқа сәйкес және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасау міндеті көзделген;
егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында қаржылық есептілікті халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес жасау міндеті көзделген жағдайларда қолданылады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген, бақыланатын шетелдік компания немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасында белгіленген стандартқа сәйкес жасалған қаржылық есептілік аудитінің болуы.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі тіркелген елдің заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік міндетті аудитке жатпаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы өзінің аудиті халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілген қаржылық есептілік деректері бойынша айқындалады.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамасында еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, осы тармақта белгіленген талаптар бақыланатын шетелдік компанияның осындай шоғырландырылған қаржылық есептілігіне және бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының жекелеген қаржылық есептіліктеріне қолданылады.
Осы тармақта белгіленген талаптар орындалмаған кезде, сондай-ақ жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің заңнамасында қаржылық есептілікті дайындау (қалыптастыру) туралы талап болмаған және бақыланатын шетелдік компанияда немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінде қаржылық есептілік болмаған жағдайларда, резиденттің салықтық кезеңі есепті кезең болып танылады. Бұл ретте осындай есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының сомасын резидент өз таңдауы бойынша мына тәртіптердің бірімен:
1) осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық салынатын кірісті айқындау тәртібіне ұқсас тәртіппен айқындайды;
2) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың сомасы есепті кезеңдегі бақыланатын шетелдік компания кірісінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі кірісінің сомасы мен 0,5 коэффициенттің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Кіріс сомасы есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның банктік шоттарына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарына ақша түсімдері негізге алына отырып айқындалады.
4-тармақтың қолданысы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 32-2-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
4. Резиденттің растайтын құжаттары болған кезде бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасын мынадай сомаларға азайтуға құқығы бар:
1) егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай соманы есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінде танылған, топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) сомалары. Осы тармақшаның ережесі, егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамалық актілерінде шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай, еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау жөнінде міндеттеме белгіленген жағдайда қолданылады;
2) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген салық салынатын кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтен түскен, Қазақстан Республикасында 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған салық салынатын кірісі;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
3) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті есепке алған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрмай қызметтер көрсетуден (жұмыстар орындаудан) түскен кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
4) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
Д - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған дивидендтер;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
5) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы осы тармақшада көрсетілген кірісті қамтыған жағдайда, бақыланатын шетелдік компания Қазақстан Республикасындағы көздерден алған, бұдан бұрын Қазақстан Республикасында төлем көзінен 20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған, осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгеннен өзге кіріс;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы;
6) мына формула бойынша айқындалатын шама:
А = ҚП × (К/ЖКС), мұнда:
А - азайту сомасы;
ҚП - бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының оң шамасы;
К - шоғырландырылған топтың біртұтас ұйымдық құрылымына кіретін бақыланатын шетелдік бір компания бақыланатын шетелдік басқа компаниядан алған дивидендтер сомасы. Егер бақыланатын шетелдік бір компанияның қаржылық пайдасы бұдан бұрын Қазақстан Республикасында осындай бақыланатын шетелдік басқа компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығы салынған және (немесе) есепті немесе алдыңғы салықтық кезеңде осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасына немесе осы тармақшаға сәйкес азайтылған осындай дивидендтерді қамтыған жағдайда;
ЖКС - бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің есепті салықтық кезең үшін аудитпен расталған қаржылық есептілікте көрсетілген жиынтық кірісінің сомасы.
Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компанияға және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылмайды.
5. Шет мемлекеттегі есепті кезең мен Қазақстан Республикасындағы осы Кодекстің 314-бабына сәйкес айқындалатын есепті салықтық кезеңнің ұзақтығы немесе басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда, салық төлеуші Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін (К1, К2) түзету коэффициенттерін қолдану арқылы, былайша:
П1, П2, …, Пn = Пб × К1 + Пб+1 × К2,
К1 = СК (БЕ)1 / СК (БЕ)3,
К2 = СК (БЕ)2 / СК (БЕ)3 түзетуге міндетті, мұнда:
П1, П2, …, Пn - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
Пб - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін бір есепті кезеңде, Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
Пб + 1 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін басқа есепті кезеңде, Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының оң шамасы;
СК (БЕ)1 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі бір есепті кезең айларының саны;
СК (БЕ)2 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі келесі есепті кезең айларының саны;
СК (БЕ)3 - шет мемлекеттегі есепті кезең айларының жалпы саны.
Егер резидент толық емес (он екі айдан аз) есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленген немесе бақылау жасауға ие болған жағдайда, резидент Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының мөлшерін былайша:
П1, П2, …, Пn = П × СК (БЕ)4 / СК (БЕ)3 түзетуге құқылы, мұнда:
П1, П2, …, Пn - әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
П - есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын қаржылық пайдасының оң шамасы;
СК (БЕ)3 - шет мемлекеттегі есепті кезең айларының жалпы саны;
СК (БЕ)4 - Қазақстан Республикасындағы есепті салықтық кезеңнің шеңберіне кіретін, өзінің шегінде резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін иеленетін немесе бақылау жасауға ие болатын, шет мемлекеттегі есепті кезең айларының саны.
6. Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының шетелдік валютада көрсетілген сомасын резидент есепті кезеңдегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамын қолдана отырып теңгеге қайта есептейді.
7. Резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
Д1, Д2, …, Дn = Х/100 %, мұнда:
Д1, Д2, …, Дn - резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті;
Х - резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен.
Резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
Д1, Д2, …, Дn = Х1/100 % х Х2/100 % х...х Хn/100 %, мұнда:
Д1, Д2, …, Дn - резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффициенті;
Х1 - резиденттің жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау өзі арқылы жүзеге асырылатын тұлғаға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен;
Х2,... - жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау өздері арқылы жүзеге асырылатын әрбір алдыңғы тұлғаның әрбір келесі тұлғаға тиісті реттілікпен тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен;
Хn - алдыңғы тұлғаның бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау үлесі, пайызбен.
Резиденттің әрбір бақыланатын шетелдік компанияға конструктивті қатысу немесе конструктивті бақылау жасау коэффициенті мынадай тәртіптердің бірімен есептеледі:
1) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей қатысу немесе тікелей бақылау жасау коэффициенті
қосу
резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысу немесе жанама бақылау жасау коэффициенті;
2) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға тікелей және (немесе) жанама қатысу немесе тікелей және (немесе) жанама бақылау жасау коэффициенті
қосу
егер бақыланатын тұлға резиденттің жақын туысы және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылған жағдайда, бақыланатын тұлғаның бақыланатын шетелдік компанияға тікелей және (немесе) жанама қатысу немесе тікелей және (немесе) жанама бақылау жасау коэффициенті.
Резидент-жеке тұлға кәмелеттік жасқа толмаған резидент-жақын туыстар қатысатын бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін конструктивті иеленген кезде немесе резидент-жеке тұлғада осы компанияға конструктивті бақылау жасау болған кезде, осы баптың ережелері осындай конструктивті иеленуге немесе осындай конструктивті бақылау жасауға қолданылады. Резидент-жеке тұлға кәмелеттік және (немесе) зейнеткерлік жасқа толған резиденттер-жақын туыстар қатысатын бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін конструктивті иеленген кезде немесе резидент-жеке тұлғада осы компанияға конструктивті бақылау жасау болған кезде, осы тармақтың ережелері, осындай жақын туыстардың жазбаша келісуі болған жағдайда, осындай конструктивті иеленуге немесе осындай конструктивті бақылау жасауға қолданылады. Осындай жақын туыстың (жақын туыстардың) жазбаша келісуі болмаған кезде, осы тарауға сәйкес салықтық міндеттемені әрбір тұлға (резидент және резиденттің осындай жақын туысы (туыстары)), егер резиденттің және осындай жақын туыстың (туыстардың) бақыланатын шетелдік компанияға жиынтық қатысу үлесі
25 пайыздан асқан немесе резидент пен жақын туыс (туыстар) жиналып бақыланатын шетелдік компанияға бақылау жасауға ие болған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниядағы иелену немесе бақылау жасау үлесіне мөлшерлес түрде өзі дербес орындайды.
8. Осы баптың ережелері бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесіне қолданылады.
9. Осы баптың ережелерi Қазақстан Республикасы резидентке берген және (немесе) резидент үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жеңiлдiктерге, инвестициялық салықтық преференцияларға, барынша қолайлылық режимiне, сондай-ақ осы Кодексте көзделгеннен анағұрлым қолайлырақ өзге де салық салу шарттарына қарамастан қолданылады.
10. Осы баптың мақсаттары үшін мына құжаттар растайтын құжаттар болып түсініледі:
1) осы баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда сомасын айқындауға мүмкіндік беретін құжаттар көшірмесі. Бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарынан үзінді-көшірмелер, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің іскерлік айналым ғұрыптарына сәйкес жүргізген операцияларын растайтын бастапқы құжаттар осындай құжаттар бола алады;
2) осы баптың 3-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:
есепті кезеңде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің банктік шоттарынан ай сайынғы үзінді-көшірмелердің көшірмесі;
3) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
топішілік активтер мен міндеттемелердің, меншікті капиталдың, кірістердің, пайда салығы жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, шығыстардың және шоғырландырылған топ ұйымдары арасындағы операцияларға жататын ақша ағындарының (топішілік операциялар нәтижесінде туындайтын пайда немесе залал) бақыланатын шетелдік компания және оның барлық еншілес ұйымдары бөлінісінде таратып жазылуының (таратып жазылуларының) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының бекітілген қаржылық есептіліктерінің көшірмесі;
осы тармақшада көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасына еншілес ұйымдардың топішілік операциялардан болатын пайда (залал) сомасына, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлеске азайтылған, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
4) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасын қолдану үшін:
бақыланатын шетелдік компанияның филиал, өкілдік, тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен алынатын, салық салынатын кірісінен Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығының есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттардың, оның ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
5) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 3), 4) және 5) тармақшаларын қолдану үшін:
Қазақстан Республикасында осындай кіріске салық салынған жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірісінен төлем көзінен корпоративтік табыс салығының ұсталғанын және Қазақстан Республикасының бюджетіне аударылғанын растайтын құжаттың көшірмесі;