өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін (дауыс беретін акцияларды) жанама иеленетін немесе оны жанама бақылауға ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына осындай мемлекетте салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;
шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың белгіленгені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:
салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
Осы тарауды қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында өздерінің заңнамалық актілерінде:
резиденттердің әлемдік кірістеріне;
бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалар белгіленген шет мемлекеттердің тізбесін орналастырады.
Осындай ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру мақсаттарында уәкілетті орган оны қолданыстағы халықаралық шарттар шеңберінде ақпарат алмасу бойынша шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан сұратуға немесе осындай ақпаратты осындай ақпараты бар халықаралық ұйымдардың интернет-ресурстарынан немесе олардан сұрау салу бойынша алуға құқылы.
304-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының корпоративтік табыс салығын есептеу және төлеу ерекшеліктері
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын (осы Кодекстің 33-тарауында айқындалған тәртіппен есептелетіннен басқа) осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып есептейді.
305-бап. Аванстық төлемдердің сомасын есептеу
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер осы бапта айқындалған тәртіппен:
1) осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімдерде:
есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - декларацияға дейінгі аванстық төлемдер);
есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін тең үлестермен төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) есептейді және төлейді;
2) мыналарды:
алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы);
алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабы) жасайды және салық төлеушінің тұрған жеріндегі салық органына ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді:
1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, түзетулер ескеріле отырып, алдыңғы салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін жылдық жиынтық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 325 000 еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайтын салық төлеушілер;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) егер осы баптың 4-тармағында өзгеше белгіленбесе, жаңадан құрылған (пайда болған) салық төлеушілер - әділет органында мемлекеттік (есептік) тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
3) салық төлеушілер ретінде салық органдарында жаңадан тіркелген, Қазақстан Республикасында қызметін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар - салық органдарында тіркеу жүзеге асырылған салықтық кезең ішінде, сондай-ақ кейінгі салықтық кезең ішінде;
4) осы Кодекстің 289-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушiлер;
5) осы Кодекстiң 291-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетiн салық төлеушiлер;
6) осы Кодекстің 290-бабы 2 және 3-тармақтарының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
7) осы Кодекстің 708-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілер;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
8) осы Кодекстің 293-бабы 4-3-тармағының шарттарына сай келетін салық төлеушілер орындамайды.
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кірісті айқындаған кезде мыналар есепке алынбайды:
мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 519-бабы 3-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін мүліктік жалдауға (жалға) тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістері;
осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері;
осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістері.
4. Бөліну немесе бөлініп шығу арқылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға осы баптың 1-тармағында көзделген салықтық міндеттемелерді осындай қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ егер бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған заңды тұлға осындай қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептеген жағдайда, кейінгі екі салықтық кезең ішінде орындайды.
5. Аванстық төлемдердің сомасы:
1) декларацияға дейін, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алдыңғы салықтық кезең үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бір бөлігі мөлшерінде есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсаны үшін есептеледі (есепке жазылады). Егер салық төлеуші декларацияға дейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабында аванстық төлемдердің сомасын төмендеткен жағдайда, салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдердің сомасын есепке жазуды осы тармақшаға сәйкес айқындалған, аванстық төлемдердің сомасы мен осындай есеп-қисапта көрсетілген аванстық төлемдердің сомасы арасындағы оң айырма мөлшерінде осы Кодекстің 306-бабының 2-тармағында белгіленген төлеу мерзімдері бойынша жүргізуге құқылы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) декларацияға дейін:
алдыңғы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді есептемеген;
бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде - осы баптың 4-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептейді;
ішінде - осы баптың 3-тармағында көрсетілген салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) декларациядан кейін, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үш бөлігі мөлшерінде есептеледі. Аванстық төлемдерді есептеу мақсаттарында алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасына корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 297-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген сомасы қосылмайды;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) декларациядан кейін:
егер осы Кодекстің 302-бабының 1-тармағына және 652-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы нөлге тең болған;
бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезең ішінде - осы баптың 4-тармағында көрсетілген;
алдыңғы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру мерзімі ұзартылған жағдайларда ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасы негізге алына отырып есептеледі.
6. Аванстық төлемдердің есеп-қисабы:
1) декларацияға дейін есепті салықтық кезеңнің 20 қаңтарынан кешіктірілмей ұсынылады;
2) декларациядан кейін есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Салық төлеушілер есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей, ағымдағы салықтық кезең үшін корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабын ұсынуға құқылы.
Декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисаптарында көрсетілген түзетулер есепке алынған, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің сомасы теріс мәнге ие бола алмайды.
306-бап. Корпоративтік табыс салығын төлеу мерзiмдерi мен тәртiбi
1. Салық төлеушiлер осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын төлеудi тұрған жерi бойынша жүзеге асырады.
2. Осы Кодекстің 305-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушiлер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi бюджетке осы Кодекстің 314-бабында белгiленген салықтық кезең iшiнде, осы Кодекстiң 305-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде, әрбір айдың 25-інен кешiктiрмей әрбір ай үшін енгізуге мiндеттi.
3. Салықтық кезең iшiнде бюджетке енгiзiлген аванстық төлемдердің сомасы есепті салықтық кезең үшiн корпоративтік табыс салығы жөнiндегi декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебiне есепке жатқызылады.
Салық төлеушi салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлеудi декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүзеге асырады.
33-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗІНЕН ҰСТАЛАТЫН КОРПОРАТИВТІК ТАБЫС САЛЫҒЫ
307-бап. Төлем көзінен салық салынатын кірістер
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, төлем көзінен салық салынатын кірістерге мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төлейтін ұтыстар;
2) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілгендерді қоспағанда, бейрезиденттердің осы Кодекстің 644-бабына сәйкес айқындалатын, осындай бейрезиденттердің тұрақты мекемесімен байланысты емес Қазақстан Республикасындағы көздерден алған кірістері;
3) осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне немесе бейрезиденттің тұрақты мекемесіне төленетін кірістер;
4) Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасы, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент-заңды тұлғасына, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төлейтін сыйақы;
5) осы Кодекстің 241-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген дивидендтер.
2. Мыналар төлем көзінен салық салуға жатпайды:
1) мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар және агенттік облигациялар бойынша сыйақы;
2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық және акционерлік инвестициялық қорларға, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін сыйақы;
3) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;
4) осындай сыйақы есепке жазылған күнге Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
6) кредиттік серіктестіктерге төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы;
7) резидент-банкке төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
8) тармақша 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
8) бұрын еншілес банк болып табылған, өзіне қатысты сот шешімі бойынша қайта құрылымдау жүргізілген, 2013 жылғы 31 желтоқсанға дауыс беретін акцияларының 90 пайыздан астамы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғаға төленетін кредит (қарыз), депозит бойынша сыйақы;
9) резидент-лизинг берушіге төленетін лизинг шарты бойынша сыйақы;
10) репо операциялары бойынша сыйақы;
11) микроқаржы ұйымдарына төленетін микрокредиттер бойынша сыйақы;
12) мыналарға:
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға;
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы заңды тұлғаларға төленетін борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
13) мыналарға:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативтерінен басқа, акционерлік қоғамдар, мекемелер мен тұтыну кооперативтері нысанында тіркелгендерді қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға;
осы Кодекстің 291-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген дербес білім беру ұйымдарына төленетін депозиттер бойынша сыйақы;
14) талап ету құқығы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген заңды тұлғаға берілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша төленетін сыйақы;
15) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
15) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға төленетін сыйақы;
16) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
16) екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым берген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде, дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымына банктік салым шарты бойынша төленетін сыйақы.
308-бап. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығын есептеу тәртібі
1. Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын салық агентi төлем көзiнен салық салынатын төленетiн кіріс сомасына осы Кодекстiң 313-бабының 3-тармағында белгiленген мөлшерлемені қолдану арқылы айқындайды.
2. Салық агентi, осы Кодекстiң 307-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 307-бабында көрсетілген кірістерді төлеу кезiнде төлем көзiнен ұсталатын салықты кірісті төлеу нысаны мен орнына қарамастан, ұстап қалуға мiндеттi.
3. Заңды тұлға өзінің құрылымдық бөлімшесі төлеген (төлеуге жататын) төлем көзінен салық салынатын кірістер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін өз шешімімен төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық агенті деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның шешімі немесе мұндай шешімнің күшін жою мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер заңды тұлғаның жаңадан құрылған құрылымдық бөлімшесі салық агенті деп танылған жағдайда, онда заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаға төленетін (төлеуге жататын) кірістерден төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
309-бап. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың кірістеріне салық салу тәртібі
Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың осы Кодекстің 307-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген кірістерінен корпоративтік табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстің 72-тарауында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
310-бап. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түрінде резидентке төленетін кірістер бойынша салық агентінің салықтық міндеттемені орындау, сондай-ақ төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару тәртібі
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді резидентке - кірісті түпкілікті (нақты) алушыға (иеленушіге) депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде салық агентінің бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
1) мыналар:
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғалардың атаулары;
депозитарлық қолхаттардың саны мен түрі туралы ақпарат;
депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар болып табылатын жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атаулары және деректемелері немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірлері мен күндері қамтылатын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімі немесе депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжат болған;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтерді түпкілікті (нақты) алушы (иеленуші) тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаты болған кезде осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен мұндай кірістерге төлем көзінен табыс салығын салмауға немесе резидент-жеке тұлғаның кірістеріне осы Кодекстің 320-бабының 2-тармағында көзделген табыс салығының мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжат салық агентіне осы Кодекстің 666-бабының 4-тармағында көрсетілген, бірінші болып басталатын күндердің бірінен кешіктірілмей ұсынылады.
Егер депозитарлық қолхаттарға меншік құқықтарын есепке алуды және растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың резидент-эмитенті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда, депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген тізімін Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым жасайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген, депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес номиналды ұстау қызметтерін көрсететін мынадай тұлғалардың бірі береді:
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығына ие ұйым;
клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасын есепке алуды және оларға құқықтарды растауды, олардың сақталуы бойынша өзіне міндеттемелер қабылдай отырып, клиенттердің құжаттық қаржы құралдарын сақтауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушы;
бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша қызметтер көрсететін, сондай-ақ осындай ұстаушылардың бағалы қағаздарына құқықтарды есепке алу мен растауды және бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын өзге де ұйым.
2. Салық агенті салық органына ұсынатын салықтық есептілікте осы Кодекске сәйкес есепке жазылған (төленген) кірістердің және ұсталған, ұстап қалудан босатылған салықтардың сомаларын, табыс салығының мөлшерлемелерін көрсетуге міндетті.
3. Салық агенті осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртіппен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент - депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы резидентке төлеу кезінде осы Кодекстің ережелерін қолданбаған жағдайда, салық агенті осы Кодекстің 646-бабында белгіленген мөлшерлеме бойынша төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға міндетті.
Ұсталған табыс салығының сомасы осы Кодекстің 647-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде аударуға жатады.
4. Салық агенті резиденттің - түпкілікті (нақты) кіріс алушының кірістерінен ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, осы Кодекске сәйкес мұндай резиденттің төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқығы бар.
Бұл ретте резидент өзі дивидендтер түріндегі кіріс алған кезең үшін салық агентіне:
1) депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың;
2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың;
3) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістің алынғанын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Осы тармақта көрсетілген құжаттарды резидент төлем көзінен ұсталған табыс салығының бюджетке соңғы аударылған күнінен бастап осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін ұсынады.