бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтерді бөлгенін және төлегенін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (дивидендтерге қатысты ғана қолданылады);
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
6) тармақшаның қолданысы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 32-2-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
6) осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасын қолдану үшін:
резиденттің бақыланатын шетелдік екі компаниясының арасында дивидендтердің бөлінгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынуға жататын (салық салынған) қаржылық пайдасына резиденттің бақыланатын шетелдік басқа компаниясы төлеген (төлейтін) дивидендтердің қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) ішкі құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан корпоративтік табыс салығының есептелгенін және төленгенін растайтын құжаттардың көшірмесі;
шоғырландырылған топтың барлық қатысушысының толық атауы, резиденттік елі және қатысу үлестері (дауыс беретін акциялары) көрсетілген құрылымын айқындайтын құжаттар. Осындай құжаттармен қатар сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен) үзінді-көшірме немесе шоғырландырылған топтың қатысушысы тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге ұқсас құжат ұсынылады.
Осы баптың 3 немесе 4-тармақтарының ережелерін қолданатын резидентте осы тармақта көрсетілген құжаттар немесе олардың көшірмесі бар болуға тиіс.
11. Резидент бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасы қосылған корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияларды тапсырғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға нотариат куәландырылған қазақ немесе орыс тіліне аудармасын қоса бере отырып, мына құжаттардың:
1) резидент-заңды тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің;
2) егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамасында еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау белгіленген жағдайда, әрбір бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның әрбір тұрақты мекемесінің шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің;
3) егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнамасында еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау жөнінде міндеттеме белгіленген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдарының қаржылық есептіліктерінің;
4) осы тармақта көрсетілген әрбір қаржылық есептілікке аудиторлық есептің көшірмесін ұсынуға міндетті.
Егер салық декларациясын беру күнінде қаржылық есептіліктің аудиті аяқталмаған жағдайда, аудиторлық есеп қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
12. Егер бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің алдыңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иелену немесе жанама бақылау жасау өзі арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның алдыңғы есепті кезеңдегі қаржылық есептілігінің аудитінің қорытындысы бойынша осындай қаржылық есептілікке түзету жүргізіліп, ол есепті кезеңде көрсетілген жағдайда, онда осындай түзетулер салық салу мақсаттарында есепті кезеңде қабылданады.
Егер халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес осындай аудит қорытындысы бойынша жүргізілген түзетулерді ескере отырып, жаңартылған түзетілген қаржылық есептілік жасау (қалыптастыру) талап етілген жағдайда, осы баптың ережелері, оның ішінде аудиторлық есептің болуы туралы талап осындай жаңартылған қаржылық есептілікке қолданылады.
13. Резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне немесе резидент-жеке тұлғаның салық декларациясы бойынша жылдық кірісіне осы бапта айқындалған тәртіппен салық салынуға жататын, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қоспау немесе резиденттің салық декларациясында бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің осындай қаржылық пайдасының сомасын төмендету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа алып келеді.
14. Егер бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігіне аудиторлық есепті бекіту мерзімі Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларация беру мерзімінен кейін басталған жағдайда, егер резидент мұндай аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде осы тарауға сәйкес салықтық міндеттемені орындаса, осындай резидент жауаптылықтан және өсімпұлдың есепке жазылуынан босатылады.
15. Резидент бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде:
1) егер осы баптың 16-тармағына сәйкес уәкілетті органда бар мәліметтер негізінде, халықаралық шартқа сәйкес шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органымен жүргізілген ақпарат алмасу нәтижелері бойынша уәкілетті орган:
резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленетіні не резидентте осы компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылаудың бар екені туралы;
пайда салығының тиімді мөлшерлемесі туралы;
бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы туралы ақпарат алған жағдайда;
2) резиденттің осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген ақпаратты өзі дербес алуы мүмкін болмаған жағдайда;
3) резидент тиісті салық органына бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш және резидент-заңды тұлғаның салық салынатын кірісіне немесе резидент-жеке тұлғаның жылдық кірісіне салық салынуға жататын бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасын қоса отырып, алдыңғы және (немесе) есепті салықтық кезең (кезеңдер) үшін корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны салық органының хабарламасында белгіленген мерзімдерде берген жағдайда, жауаптылықтан және өсімпұлдың есепке жазылуынан босатылады.
Бір мезгілде мынадай шарттардың орындалуы:
1) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесінің мөлшері немесе бақылау жасау және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиісті кезең (кезеңдер) үшін жеке қаржылық есептілік ұсынуы бөлігінде бақыланатын шетелдік компанияға өзі дербес және (немесе) бақыланатын тұлға арқылы бір реттен көп сұрау салу жіберуі және өзінің сұрау салуларына жауап алмауы;
2) бақыланатын шетелдік компанияның жариялануды қаламайтыны себепті интернет-ресурстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында және өзге ақпарат көздерінде бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілік деректері туралы ақпараттың болмауы ақпарат алу мүмкіндігінің болмауы деп түсініледі.
16. Резиденттің өзімен арада Қазақстан Республикасының халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органынан мынадай:
1) резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесінің мөлшері не резиденттің оған бақылауының бар екені туралы;
2) тиісті кезеңде (кезеңдерде) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің пайда салығының тиімді мөлшерлемесі туралы (қажет болған кезде);
3) тиісті кезеңде (кезеңдерде) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы туралы (қажет болған кезде);
4) тиісті кезеңде (кезеңдерде) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің аудиттен өткен қаржылық есептілігі туралы ақпарат және (немесе) құжаттар алу бөлігінде оған сұрау салуды жіберу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінуге құқығы бар.
Резидент уәкілетті органға берілетін жолданымға жанама немесе конструктивті қатысу не жанама немесе конструктивті бақылау өздері арқылы жүзеге асырылатын, барлық қатысы бар бақыланатын тұлғаларды ашып көрсете отырып, бақыланатын шетелдік компания туралы ақпаратты қоса береді. Резидент жолданымға, сондай-ақ, бақыланатын шетелдік компанияның атына өзі дербес жіберген немесе бақыланатын тұлға арқылы жіберілген бақыланатын шетелдік компанияның осы тармақта көрсетілген ақпаратты және (немесе) құжаттарды беруі туралы сұрау салулардың көшірмесін қоса беруге құқылы.
298-бап. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш
1. Резидент:
1) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерінің 25 және одан да көп пайызын тікелей немесе жанама немесе конструктивті сатып алған не бақылау жасауды тікелей немесе жанама немесе конструктивті сатып алған;
2) бақыланатын шетелдік компания құрылған (жасалған);
3) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесі не бақылау өзгертілген;
4) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерінің 25 және одан да көп пайызы не бақылау жасау тоқтатылған;
5) бақыланатын шетелдік компания тоқтатылған (таратылған) күннен кейінгі алпыс жұмыс күнінен кешіктірмей, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш ұсынуға міндетті.
1-тармақтың екінші бөлігі 2019 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
Келесі салықтық кезеңдерде бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмейтін мерзімде ұсынылады.
Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш салық органына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.
2. Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті тұрғылықты немесе тұрған жері бойынша салық органына ұсынады.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ірі салық төлеушілер санатына жатқызылған резидент-заңды тұлға бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті ірі салық төлеушілердің мониторингін жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Бұл ретте резидент-салық төлеуші өтініштің көшірмесін өзінің тұрған жеріндегі салық органына жіберуге тиіс.
3. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы ұсынылған өтініште мәліметтердің толық еместігі, оны толтырудағы дәлсіздіктер не қателер анықталған жағдайда, резидент жаңартылған ақпарат ескеріле отырып түзетілген өтініш ұсынуға құқылы.
4. Салық органында, оның ішінде тараптарының бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын халықаралық шартқа сәйкес салық салу мақсаттарында ақпарат алмасу шеңберінде шет мемлекеттің құзыретті немесе уәкілетті органынан алынған, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлесінің не тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жасаудың резидентке тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі екенін куәландыратын ақпарат болған кезде және осындай резидент осы бапқа сәйкес бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, салық органы осындай резидент-салық төлеушіге Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібереді, онда мынадай ақпарат көрсетілуге тиіс:
1) хабарлама жіберілетін резиденттің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) салық органында осы компанияға немесе тұрақты мекемеге қатысты резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленетінін не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар екенін куәландыратын ақпарат бар, бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің атауы;
3) бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің мемлекеттік және (немесе) салықтық тіркелу нөмірлері (салықтық тіркелу болған кезде);
4) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін не бақылау жасауды резиденттікі деп тану бойынша салық органдарында бар негіздердің сипаттамасы;
5) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті ұсыну туралы талап;
6) осы Кодекстің 297-бабына сәйкес салықтық міндеттемені көрсете отырып, корпоративтік немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну туралы талап.
5. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, резидент Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама алынған күннен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, тиісті салық органына бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтініш, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иелену не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болу кезеңі үшін, осы Кодекстің 297-бабына сәйкес туындайтын салықтық міндеттемені қосу бөлігінде салық декларациясын ұсынады.
6. Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, резидент мына құжаттардың бірін ұсынады:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген салық органына - анықталған бұзушылықтар бойынша қағаз жеткізгіште жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында түсінік;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберген салық органының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) уәкілетті органға немесе сотқа шағым.
Бұл ретте резидент түсініктермен бірге резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуі не резидентте оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылау жоқ екенін куәландыратын құжаттарды ұсынуға міндетті.
7. Салық органы резидент ұсынған түсініктерді және растайтын құжаттарды қарауға міндетті.
8. Резидент-салық төлеуші мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
хабарлама жіберген салық органының лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым болмаған және салық төлеуші хабарламаны орындамаған кезде;
резидент-салық төлеушінің түсініктерін және растайтын құжаттарын қарау қорытындысы бойынша, салық органында бар және (немесе) болған, осы баптың 4-тармағында көрсетілген, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерінің резидентке тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі екені не оның осы компанияға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар екені туралы ақпаратты теріске шығаратын негіздер болмаған кезде, бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар болып танылады.
Осы тарауға сәйкес резидентті бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші деп таныған не резиденттің оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп таныған жағдайда, осындай резидентке осы тараудың ережелері қолданылады. Бұл ретте салық органы осындай резидент-салық төлеушіге оны бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп тану туралы шешімді осындай тану туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
9. Бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп танылған резидент-салық төлеуші осындай шешімді алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, осы шешімге уәкілетті органға шағым жасауға құқылы.
10. Осы баптың 8-тармағының ережелері бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) резидент мынадай түрдегі:
соттың;
жоғары тұрған салық органының;
уәкілетті органның шағымды қанағаттандырудан бас тартуының бірін алған кездегі;
2) салық төлеуші Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны немесе салық органының резидент-салық төлеушіні бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей немесе жанама немесе конструктивті иеленуші не оған тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы бар деп тану туралы шешімін орындамаған кездегі жағдайларға да қолданылады.
11. Осы баптың 4 - 10-тармақтарының ережелері резидент өзінде бір немесе бірнеше бақыланатын шетелдік компания туралы мәліметтер берілмеген бақыланатын шетелдік компанияға қатысу (бақылау жасау) туралы өтінішті уақтылы ұсынған жағдайларға да қолданылады.
31-тарау. ЗАЛАЛДАР
299-бап. Залал ұғымы
1. Мыналар:
1) осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзетулер ескерілгенде, шегерiмдердiң жылдық жиынтық кірістен асып кетуі;
2) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан шегілетін залал кәсіпкерлiк қызметтен шегілетін залал болып танылады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, бағалы қағаздар бойынша - өткiзу құны мен бастапқы құн арасындағы терiс айырма;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша - өткiзу күніндегі дисконт амортизациясын және (немесе) сыйлықақыны ескергенде, өткiзу құны мен сатып алу құны арасындағы терiс айырма;
3) қатысу үлестері бойынша - қатысу үлесінің өткізу құны мен бастапқы құны арасындағы теріс айырма бағалы қағаздарды және қатысу үлестерін өткiзуден шегілетiн залал болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес айқындалатын шығыстардың түсімдерден асып кетуі ретінде айқындалады.
Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралы бойынша залалдар құқықтар орындалған, мерзімінен бұрын немесе өзгеше тоқтатылған күні, сондай-ақ өзі бойынша талаптар туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасалған күні танылады.
Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі жасалған күнінен бастап он екі айдан асатын, орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелер көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген асып кету пайда болатын әрбір салықтық кезеңде танылады.
Бұл ретте хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы Кодекстің 300-бабының 12-тармағында айқындалған тәртіппен ауыстырылады.
Хеджирлеу мақсаттарында қолданылатын туынды қаржы құралы бойынша залалдар осы Кодекстің 280-бабына сәйкес есепке алынады.
4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, жер учаскелерін, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залал осындай активтердің өткiзілу құны мен бастапқы құнының арасындағы терiс айырма болып табылады.
5. Осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көрсетілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар кәсіпкерлік қызметтен шегілген залал болып табылмайды.
300-бап. Залалдарды ауыстыру
1. Кәсiпкерлiк қызметтен шегілген залалдар, сондай-ақ І топтың тіркелген активтерінің шығып қалуынан шегілген залалдар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған активтерді қоспағанда, аяқталмаған құрылыс объектілерін, орнатылмаған жабдықты өткізуден шегілген залалдар осы салықтық кезеңдердің салық салынатын кірісі есебінен өтеу үшін соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін өткізуден шегілген залалдар осындай активтердi өткізу кезiнде алынған, құн өсiмiнен түсетін кіріс есебiнен өтеледi.
Егер бұл залалдар өздері орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылуы және жер учаскелерін өткізу кезінде алынған, құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтелуі мүмкін.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, бағалы қағаздарды өткізу кезінде туындайтын залалдар осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілген бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған, құн өсімінен түсетін кірісті қоспағанда, басқа бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған, құн өсімінен түсетін кіріс есебінен өтеледі.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, егер осы залалдар өздері орын алған кезеңде өтеле алмаса, онда олар соңғы жылы қоса алынатын келесі он жылға ауыстырылуы және басқа бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған, құн өсiмiнен түсетін кірістер есебiнен өтелуі мүмкін.
4. Акцияларды, резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзуден туындаған залалдар акцияларды, резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер есебінен өтеледі. Осы тармақ бір мезгілде мынадай шарттар орындалған кезде қолданылады:
акциялар немесе қатысу үлестері өткізілетін күні салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізіліп жатқан осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциум қатысушысы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткізу күніне 50 пайыздан аз болады.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленудің осы тармақта көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
4-тармақтың үшінші бөлігінің қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 35-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде: