Бұл ретте резидентке артық ұсталған табыс салығын қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің тұрған жеріндегі салық органына депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі резиденттің кірістерінен табыс салығын ұстап қалу және аудару жүргізілген салықтық кезең үшін резиденттер үшін көзделген салықтық мөлшерлеме қолданылған кезде салық салуды азайту немесе одан босату сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисап ұсынуға құқылы.
Аталған жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын есепке жатқызу салық агентіне осы Кодекстің 102-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
311-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығын аудару тәртібі
1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық агентi төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын төлем көзiнен салық салынатын кірісті төлеу жүзеге асырылған ай аяқталғаннан кейiн күнтізбелік жиырма бес күннен кешiктiрмей аударуға мiндеттi.
2. Төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын аудару салық агентiнің тұрған жері бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомасын бюджетке аударуды тұрақты мекеменің орналасқан жері бойынша жүргiзедi.
312-бап. Төлем көзінен ұсталған корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисап
Салық агенттерi төлем көзiнен ұсталған корпоративтік табыс салығының сомалары бойынша есеп-қисапты төлем көзінен салық салынатын кірісті төлеу жүргізілген тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей ұсынуға мiндеттi.
34-тарау. САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ, САЛЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
313-бап. Салық мөлшерлемелері
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстiң 300-бабында айқындалған тәртiппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісіне 20 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
2. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалардың осы Кодекстің 288-бабында көзделген кірістер мен шығыстар сомасына және осы Кодекстің 300-бабында айқындалған тәртіппен ауыстырылатын залалдар сомасына азайтылған салық салынатын кірісіне, егер мұндай кіріс ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өзі өндірген аталған өнімді, сондай-ақ осындай қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу мен өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан алынса, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мынадай бағыттар бойынша берілген бюджеттік субсидиялар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған кіріс деп танылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін ауыл шаруашылығы техникасының, технологиялық жабдықтың лизингі бойынша, сондай-ақ технологиялық жабдыққа арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату;
2) өсiмдiктердің жоғары бағалы сорттары мен ауыл шаруашылығы малының, құстар мен балықтар тұқымдарының тектік қорларын сақтау және дамыту;
3) тұқым шаруашылығын дамыту;
4) мал шаруашылығының өнiмділігі мен өнiмiнің сапасын арттыру;
5) акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығының) өнiмділігі мен өнімінің сапасын арттыру;
6) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру,
жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;
7) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
8) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын арзандату;
9) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;
10) жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнің көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);
11) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
12) ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау кезінде көлік шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;
13) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін жаңа өндірістік қуаттарды құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу.
3. Бейрезиденттердiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын кірістерін қоспағанда, төлем көзiнен салық салынатын кірістерге төлем көзiнен 15 пайыз мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
4. Бейрезиденттердiң осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 1) - 9), 11) - 34) тармақшаларында айқындалатын Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын, осындай бейрезиденттердiң тұрақты мекемесiмен байланысты емес кірістеріне, сондай-ақ осы Кодекстің 644-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген кірістерге осы Кодекстiң 646-бабында белгiленген мөлшерлемелер бойынша салық салынады.
5. Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның таза кірісіне осы Кодекстiң 652-бабында белгiленген мөлшерлеме бойынша және тәртiппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады.
314-бап. Салықтық кезең
1. Корпоративтік табыс салығы үшiн 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салықтық кезең болып табылады.
2. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған болса, құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жылдың соңына дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн бiрiншi салықтық кезең болып табылады.
Бұл ретте заңды тұлғаның әділет органында мемлекеттік тiркелген күнi оның құрылған күнi болып есептеледі.
3. Егер заңды тұлға күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, жыл басталғаннан бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн соңғы салықтық кезең болып табылады.
4. Егер күнтiзбелiк жыл басталғаннан кейiн құрылған заңды тұлға осы жылдың соңына дейiн таратылған, қайта ұйымдастырылған болса, құрылған күнiнен бастап тарату, қайта ұйымдастыру аяқталған күнге дейiнгi уақыт кезеңi ол үшiн салықтық кезең болып табылады.
5. Егер заңды тұлға күнтізбелік жыл ішінде қызметін шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған болса, қызмет шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде жүзеге асырылған уақыт кезеңі салықтық кезеңге енгізілмейді.
315-бап. Салық декларациясы
1. Қазақстан Республикасындағы көздерден тек қана төлем көзiнен салық салуға жататын кірістер алатын және Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырмайтын бейрезиденттi қоспағанда, корпоративтік табыс салығын төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, тұрған жеріндегі салық органына корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны есептi салықтық кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты ашып көрсету жөнiндегi декларациядан және оған қосымшалардан тұрады.
3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға осы Кодекстің 681-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес салық салынатын кірістер бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырмайды.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Егер корпоративтік табыс салығы бойынша есептілік ұсынылған күнге қаржылық есептілік бойынша бекітілген аудиторлық есеп болмаған жағдайда, бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасын есептеу осы Кодекстің 211-бабының ережелері ескеріле отырып, қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есеп бекітілген күннен кейінгі алпыс жұмыс күні ішінде, бірақ есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей берілетін корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша декларацияда жүргізіледі.
8-бөлімнің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлім 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 33-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
8-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ
35-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
316-бап. Төлеушілер
1. Жеке тұлғаның төлем көзінен және дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі түріндегі салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Ойын бизнесі салығын, тіркелген салықты төлеушілер осы Кодекстің 535 және 544-баптарында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
3. Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеушілер болып табылмайды.
317-бап. Жекелеген жағдайларда кірістерге салық салу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрі - резидент-жеке тұлға) төлем көзінен салық салуға жататын кірістері бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеуді, ұстап қалуды және аударуды, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсынуды салық агенті осы тарауда, осы Кодекстің 36-тарауының 1-параграфында, 38-тарауында және 657-бабында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізеді.
2. Резидент-жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер бойынша осы Кодекстің 320-бабында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 36-тарауының 2-параграфында, 39 және 40-тарауларында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
3. Бейрезидент-жеке тұлғаның кірістері бойынша осы Кодекстің 320 және 646-баптарында көзделген мөлшерлемелер бойынша жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және аудару, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 74-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
4. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу және төлеу, сондай-ақ салықтық есептілікті ұсыну осы Кодекстiң 77-тарауында белгiленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізіледі.
5. Ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің кірістері бойынша жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 78-тарауында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі.
6. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші осы Кодекстің 774-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алған (алуға жататын) кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу мен төлеу осы Кодекстің 775-бабына сәйкес жүргізіледі.
Мұндай тұлға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кірістер бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік төлемдер бойынша салықтық есептілікті ұсынбайды.
318-бап. Салық салу объектілері
Мыналар жеке табыс салығы салынатын объектілер болып табылады:
1) жеке тұлғаның төлем көзінен салық салынатын кірісі;
2) жеке тұлғаның дербес салық салу кезіндегі салық салынатын кірісі.
319-бап. Жеке тұлғаның жылдық кірісі
1. Жеке тұлғаның жылдық кірісі осы тұлға Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерде салықтық кезең ішінде:
1) төлем көзінен;
2) жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер түрінде алуға жататын (алған) кірістерінен тұрады.
2. Мыналар жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды:
1) жұмыскерлердің жұмысы жол бойында өтетін, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетілетін учаскелер шегіндегі қызметтік сапарларға байланысты болатын жағдайларда, оларға осындай жұмыстың әрбір күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлемдерді есепке жазу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 0,35 еселенген мөлшерінде өтемақы төлемдері;
2) егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қызметтiк, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы iссапарлар кезiндегі:
осы Кодекстің 244-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгіленген өтемақылар;
Қазақстан Республикасының шегіндегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі іссапар бойынша - іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 8 еселенген мөлшерінен аспайтын тәуліктік өтемақылар;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджет қаражаты (шығыстар сметасы) есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртіппен жүргізетін қызметтік, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерді оқыту, біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау мақсатындағы іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
5) жұмыскер басқа жерге жұмысқа ауысқан не жұмыс берушімен бiрге басқа жерге көшкен кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге тұрғынжайды жалдау (жалға алу) бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақылары;
6) жұмыс берушiнiң кіріс алуға бағытталған қызметті жүзеге асырумен байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғаларға бөлінбейтін шығыстары;
7) далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын жұмыскерлердiң мұндай жұмыстың әрбір күнтізбелік күні үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде далалық үлесі;
8) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн:
тұрғынжайды мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша;
осы тармақтың 2) тармақшасында белгiленген тәулiктік өтемақы шегiнде тамақтануға шығыстары;
9) жұмыс беруші контрагентпен жұмыскерлерді жұмыс орнына дейін және кері қарай жеткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасу талаптарын сақтаған кезде жұмыс берушінің жұмыскерлердi Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзумен байланысты шығыстары;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, оның ішінде оларды жөндеудің, жеке қорғану құралдарының, жуу және дезинфекциялау құралдарының, профилактикалық өңдеу құралдарының, медициналық қобдишаның, сүттің немесе бағасы тең басқа да тамақ өнiмдерiнiң және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдердің құны;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының өмiрдi сақтандыру жөніндегі сақтандыру ұйымдарына, жасалған жинақтаушы сақтандыру (зейнетақы аннуитеті) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшiн жiберген зейнетақы жинақтарының сомалары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарына жіберілген, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша өтеу сомалары;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде әлеуметтік төлемдерді уақтылы есептемегені, ұстап қалмағаны, аудармағаны үшiн есепке жазылған өсiмпұл сомалары;
13) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және бір жыл және одан көп уақыт меншік құқығында болған механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
14) меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
15) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
16) бір жыл және одан көп уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында болған, меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық, бақ шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын, осы Кодекстің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу (заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру) кезіндегі құн өсімі;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынған мүлік құнының өсімі;
18) егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлемақысынан жеке жүргізілсе - дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы-жеке тұлғаның шеккен немесе дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға беруші-жеке тұлғаға тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде оның өтеген мынадай:
Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге;
тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге шығыстары;
19) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
19) опционды орындау кезіне опционның базалық активі нарықтық құнының опционды орындау бағасынан асып кетуі (опционды жеке тұлғаға беруге негіз болған тиісті құжатта опционның базалық активі тіркелген баға опционды орындау бағасы болып табылады);
20) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
20) жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауардың құны, егер мұндай тауар бірлігінің құны республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және мұндай беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса;
21) адамдарды қабылдау және оларға қызмет көрсету бойынша осы Кодекстің 245-бабына сәйкес жүргізілген өкілдік шығыстар;
22) заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден алынған, оның ішінде жұмыскердің өзінің жұмыс берушісінен алған кредиттерді (қарыздарды, микрокредиттерді) пайдаланғаны үшін сыйақыны үнемдеуден түсетін материалдық пайда;
23) мұндай тұлғаға кредит (қарыз, микрокредит) берілгеннен кейін басталған мынадай:
қарыз алушы-жеке тұлға соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған немесе соттың заңды күшiне енген шешiмi негiзiнде ол қайтыс болды деп жарияланған;
қарыз алушы-жеке тұлғаға I немесе II топтағы мүгедектiк белгiленген, сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға қайтыс болған;
асыраушысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайларда «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік төлемдер алатын қарыз алушы-жеке тұлғаның көрсетілген төлемдерден басқа кірісі болмаған;
қарыз алушы-жеке тұлғаның және банк (микроқаржы ұйымы) алдында қарыз алушы-жеке тұлғамен бірлесіп ортақ немесе субсидиарлық жауапкершілікте болатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануға болатын мүлкі, оның ішінде ақшасы, бағалы қағаздары, немесе кірістері болмаған және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес сот орындаушысы оның мүлкін немесе кірістерін анықтау бойынша қолданған шаралар нәтижесіз болған жағдайда, сот орындаушысының банкке (микроқаржы ұйымына) атқарушылық құжатты қайтару туралы қаулысы заңды күшіне енген;
ипотекалық шарт жасалған күнге негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен соттан тыс тәртіппен сауда-саттықта сатылған немесе кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мұндай мүлік кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі борыш, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер тоқтатылған кездегі кіріс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі бесінші, алтыншы абзацтарының ережелері:
банктің (микроқаржы ұйымының) жұмыскеріне, банк (микроқаржы ұйымы) жұмыскерінің жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына, банкпен (микроқаржы ұйымымен) өзара байланысты тарапқа берілген;
талап ету құқығын басқаға беру және (немесе) борышты аудару жүргізілген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына қолданылмайды;
24) банк (микроқаржы ұйымы):
негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ коллекторлық агенттіктің сотқа берілетін талап қою арызынан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі нәтижесінде мұндай адам алған кіріс түрінде берген кредит (қарыз, микрокредит) бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес міндеттемелер тоқтатылған кезде түзілген кіріс;
25) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша:
бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;
сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;
шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамын қолдана отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;