2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 4-2-тармақпен толықтырылды
4-2. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.
Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған, пайдалануға айрықша құқығы бар фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда прокаттаудан және көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шарт немесе өзге де негіз бойынша ұлттық фильмді пайдалануға айрықша құқығы бар заңды тұлға ұлттық фильмнің құқық иеленушісі болып танылады.
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 4-3-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
4-3. «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар корпоративтік табыс салығының бюджетке төленуге тиісті сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
Осы Кодекстің мақсаттары үшін «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушыларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар ретінде тіркелген;
2) кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алатын заңды тұлғалар жатады.
Осы тармақта көзделген, корпоративтік табыс салығының есептелген сомасын азайту «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы кірістерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерін жүзеге асырудан ғана алған жағдайда, депозиттер бойынша сыйақы, оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып түсуі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлеріне сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін өтеусіз алынған мүлік түріндегі кірістер бойынша да қолданылады.
Бұл ретте «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар тауарларды өндірген және өткізген жағдайда, мұндай тауарлар меншікті өндірістің өлшемшарттарына сәйкес келуге тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесін және меншікті өндірістің өлшемшарттарын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.
Осы тармақта көзделген шарттар бұзылған жағдайда, «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушы ретінде тіркелген күннен бастап жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданады.
5. Осы баптың ережелерін қолданатын салық төлеушілер осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын азайтуды көздейтін осы Кодекстің басқа ережелерін қолдануға құқылы емес.
30-тарау. БАҚЫЛАНАТЫН ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯНЫҢ ПАЙДАСЫНА САЛЫҚ САЛУ
294-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-тармақтың қолданысы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бап 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 32-1-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
1. Бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін тұлға:
1) осындай тұлға мынадай тұлғалардың бірі:
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаны қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасы қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарт жасасқан шет мемлекетте тіркелген ұйымның өзге нысанын қоспағанда, заңды тұлғаны құрмай кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың өзге шетелдік нысаны (бұдан әрі - ұйымның өзге нысаны) болып табылса;
2) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
тұлғаға қатысу үлесінің (дауыс беретін акциялардың) 25 және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрі осы тараудың мақсаттарында - резидент) тікелей немесе жанама немесе конструктивті тиесілі болса;
тұлға резидентпен бақылау арқылы байланысты болса (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);
3) осындай тұлға мынадай шарттардың біріне сай келсе:
осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған, бейрезидент-заңды тұлғаның немесе ұйымның өзге нысанының пайдасына салынатын салықтың тиімді мөлшерлемесі 10 пайыздан азды құраса;
бейрезидент-заңды тұлға немесе ұйымның өзге нысаны немесе оның құрылтай құжаты (құрылуы туралы құжаты) немесе өзіне осындай ұйымның өзге нысаны бойынша кірістер мен шығыстарды есепке алуды жүргізу немесе активтерді басқару жүктелген қатысушы жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелсе, бақыланатын шетелдік компания болып танылады.
Бақыланатын шетелдік компанияны айқындау мақсаттарында «бақылау» ұғымы осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес айқындалады.
2. Мынадай:
1) ол жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген;
2) ол шет мемлекетте тіркелген және онда осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған тиімді пайда салығының мөлшерлемесі он пайыздан аз болады деген шарттардың біріне жауап беретін құрылымдық бөлімше немесе тұрақты мекеме бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесі болып танылады.
Бұл ретте осындай құрылымдық бөлімшені немесе тұрақты мекемені бір мезгілде осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының шарттарына жауап беретін тұлға құруға тиіс.
3. Мынадай:
1) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта пайда салығының мөлшерлемесі 10 пайыздан аз мөлшерде белгіленген;
2) осындай мемлекетте немесе осындай аумақта қаржылық ақпараттың құпиялылығы туралы заңдар немесе мүліктің, кірістің іс жүзіндегі иеленушісі немесе заңды тұлғаның (компанияның) іс жүзіндегі иеленушілері, қатысушылары, құрылтайшылары, акционерлері туралы құпияны сақтауға мүмкіндік беретін заңдар болады деген шарттардың біріне жауап беретін шет мемлекет немесе шетелдік аумақ осы жеңілдікті салық салынатын мемлекет болып танылады.
Салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпейтін шет мемлекетті және шетелдік аумақты қоспағанда, осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері өзімен Қазақстан Республикасының құзыретті органдар арасында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы ереже көзделетін халықаралық шарты қолданылатын шет мемлекетке немесе шетелдік аумаққа қатысты қолданылмайды.
Мынадай шарттардың бірі орындалған:
1) уәкілетті орган шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органынан алмасылуы халықаралық шартта көзделген мәіметтерді ұсынудан жазбаша бас тарту алған;
2) уәкілетті орган тиісті сұрау салуды жолдағаннан кейін екі жылдан астам уақыт ішінде шет мемлекеттің немесе шетелдік аумақтың құзыретті немесе уәкілетті органы талап етілетін мәліметтерді бермеген кезде, мемлекет немесе аумақ салық салу мақсаттары үшін уәкілетті органмен ақпарат алмасуды қамтамасыз етпеген немесе қамтамасыз етпейтін мемлекет немесе аумақ болып танылады.
Осы тармаққа сәйкес айқындалған жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін уәкілетті орган бекітеді.
4. Осы Кодекстің осы тарауының және 32-тарауының мақсаттарында пайдаланылатын өзге де ұғымдар:
1) бақыланатын тұлға - мынадай шарттардың біріне жауап беретін тұлға:
резидентпен бақылау арқылы байланысты тұлға (егер резиденттің тұлғаға тікелей немесе жанама немесе конструктивті бақылауы болған жағдайда);
өзіне резиденттің қатысу үлесі тікелей немесе жанама немесе конструктивті түрде 50 пайыздан астамды құрайтын тұлға;
резидентпен (резидент-жеке тұлғаға қатысы бойынша) жақын туысы ретінде байланысты тұлға;
2) бақыланатын шетелдік компанияның тиімді салық мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді салық мөлшерлемесі - бақыланатын шетелдік компанияның тиімді пайда салығы мөлшерлемелерінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығы мөлшерлемелерінің есепті кезең және есепті кезеңнің алдындағы қатарынан екі кезең үшін осы тармақтың 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын орташа арифметикалық мәні.
Егер тиісті кезеңнің (кезеңдердің) қорытындысы бойынша бақыланатын шетелдік компанияның немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасы нөлге тең болса немесе қаржылық залалы бар болса, тиімді мөлшерлеменің есеп-қисабында осындай кезеңдегі (кезеңдердегі) тиісті көрсеткіштер есепке алынбайды. Мұндай жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның тиімді пайда салығының мөлшерлемесі немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің тиімді пайда салығының мөлшерлемесі өздерінде қаржылық пайда алынған қалған кезеңдер санының тиісті көрсеткіштері негізге алына отырып айқындалады.
Егер бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекеттің заңнанамалық актілерінде еншілес (қауымдастырылған, бірлескен) ұйымдардың деректерін шоғырландырылмаған жеке қаржылық есептілік жасамай көрсете отырып, шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау бойынша міндеттеме белгіленген жағдайда, бақыланатын шетелдік компанияның тиімді салық мөлшерлемесін есептеу үшін салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда және пайда салығы көрсеткіштері мынадай тәртіппен қайта есептеледі:
егер бақыланатын шетелдік компанияның салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған қаржылық пайдасы осындай сомаларды есепке алған жағдайда, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдадан бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша танылған, еншілес ұйымдардың салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдасының (залалының) топішілік операциялардын болатын пайда (залал) сомасына азайтылған сомасы, қауымдастырылған (бірлескен) ұйымдардың кірістеріндегі үлес алып тасталады;
егер бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған пайда салығының сомасы осындай сомаларды қамтыған жағдайда, пайда салығынан бақыланатын шетелдік компанияның шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша, кейінге қалдырылатын салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде танылған еншілес ұйымдардың пайда салығының сомасы алып тасталады;
3) бақылау - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына не бағалы қағаздарды сауда-саттыққа жіберу үшін қор биржалары қабылдайтын қаржылық есептілікті жасаудың халықаралық танылған өзге стандарттарына сәйкес айқындалатын бақылау;
4) есепті кезең - қаржылық пайда танылған қаржы кезеңі;
5) жақын туыстар:
жұбай (зайып);
балалар, оның ішінде асырап алынған балалар;
жұбайының (зайыбының), оның ішінде асырап алынған балалары;
немерелер;
жұбайының (зайыбының) немерелері;
асырауындағылар;
жұбайының (зайыбының) асырауындағылары;
ата-аналар;
жұбайының (зайыбының) ата-аналары;
бірге туған, бірге тумаған аға-інілер, апа-қарындастар-сіңлілер;
жұбайының (зайыбының) бірге туған, бірге тумаған аға-інілері,
апа-қарындастары-сіңлілері;
6) жанама бақылау - резидентте бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы бақылаудың болуы;
7) жанама иелену (жанама қатысу) - резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін бақыланатын тұлға (бақыланатын тұлғалар) арқылы иеленуі;
8) конструктивті бақылау - резидентте тікелей және жанама бақылаудың болуы немесе резидентте және жақын туыста (туыстарда) (екеуінде бірлесіп) тікелей және (немесе) жанама бақылаудың болуы;
9) конструктивті иелену (конструктивті қатысу) - резиденттің бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей және жанама иеленуі немесе резиденттің және жақын туыстың (туыстардың) бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін тікелей және (немесе) жанама иеленуі (бірлесіп иеленуі);
10) қатысу үлесі (қатысу) - жарғылық капиталға қатысу үлесі (қатысу), дауыс беретін акциялардың жарғылық (акционерлік) капиталдағы үлесі (қатысуы) немесе ұйымның өзге нысанына қатысу үлесі (қатысу);
11) пайда салығы - шетелдік пайда салығы немесе үстеме пайда салығын немесе жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салық;
12) тиімді мөлшерлеме - мынадай:
бекітілген қаржылық есептілік бойынша, кейінге қалдырылған салықтарды қоспағанда, ағымдағы салықтық шығыс ретінде қарастырылатын, есепті кезеңдегі пайда салығы сомасының есепті кезеңде бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген;
шет мемлекетте төленген, есепті кезеңдегі пайда салығы сомасының есепті кезеңде бекітілген қаржылық есептіліктен есептелген, салық салынғанға дейінгі қаржылық пайданың оң шамасына қатынасы ретінде есептелген мөлшерлемелердің ең азы ретінде айқындалатын пайда салығының мөлшерлемесі.
Егер салық салынғанға дейінгі қаржылық пайда ағымдағы немесе алдыңғы кезеңде төлем көзінен ұсталған салық салынған кірістерді қамтитын (қамтыған) жағдайда, пайда салығының сомасы осы тармақшаның мақсаттары үшін пайда салығын және төлем көзінен ұсталған салықты қамтиды;
13) тұлға:
жеке тұлға;
бейрезидент-заңды тұлға;
ұйымның өзге нысаны;
14) тікелей бақылау - егер номиналды ұстаушыдағы немесе сенімгерлік басқарушыдағы осындай бақылау іс жүзінде осындай резидентке тиесілі болса, резидентте тікелей немесе сенімгерлік басқарушы немесе номиналды ұстаушы арқылы бақылаудың болуы;
15) тікелей иелену (тікелей қатысу) - егер номиналды ұстаушыдағы немесе сенімгерлік басқарушыдағы осындай қатысу үлестері іс жүзінде осындай резидентке тиесілі болса, резиденттің қатысу үлестерін тікелей немесе сенімгерлік басқарушы немесе номиналды ұстаушы арқылы иеленуі.
295-бап. Жалпы ережелер
Бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы екі рет салық салуға жатпайды.
Қосарланған салық салу мынадай тәртіппен жойылады:
1) бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығы шет мемлекетте:
20 пайыздан аз тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда - осындай пайда салығы осы Кодекстің 303-бабының 4-тармағында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызуға жатады;
20 және одан да көп пайыздық тиімді мөлшерлеме бойынша төленген жағдайда - осы Кодекстің 296-бабына сәйкес салық салудан босату қолданылады;
2) дивидендтер төлейтін бақыланатын шетелдік компанияның Қазақстан Республикасында салық салынған қаржылық пайдасынан резиденттің бақыланатын бір шетелдік компаниясы басқа осындай компанияға дивидендтер төлеген жағдайда - мұндай дивидендтер осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес, дивидендтер алатын бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;
3) егер бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасында Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған, Қазақстан Республикасында:
20 пайыз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кірістер, сондай-ақ дивидендтер түріндегі кірістер есепке алынған жағдайда - осындай кірістер осы Кодекстің 297-бабының 4-тармағына сәйкес бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан шегеріледі;
20 пайыздан аз мөлшерлеме бойынша корпоративтік табыс салығы салынған кірістер есепке алынған жағдайда - осындай салық осы Кодекстің 302-бабына сәйкес резиденттің корпоративтік табыс салығынан шегерілуге жатады.
296-бап. Салық салудан босату
1. Мынадай шарттардың бірі орындалған кезде:
1) резидент бақыланатын шетелдік компанияға басқа резидент арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысқан немесе бақылау жасаған кезде;
2) резидент бақыланатын шетелдік компанияға бақыланатын тұлға болып табылмайтын тұлға арқылы жүзеге асырылатын жанама қатысқан немесе бақылау жасаған кезде;
3) егер тұрақты мекеме құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша пайда салығы салынған болса;
4) егер өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салық салынған болса;
5) егер жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тіркелген бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасына 20 және одан да көп пайызды құрайтын тиімді мөлшерлеме бойынша салық салынған болса, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасы немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасы Қазақстан Республикасында салық салудан босатылады.
2. Осы баптың 1-тармағын қолдану мақсаттары үшін резидентте мыналар:
1) осы баптың 1-тармағының 1) немесе 2) тармақшасын қолдану жағдайында:
резиденттің осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бақыланатын шетелдік компанияға жанама қатысатынын немесе жанама бақылау жасайтынын растайтын құжаттардың көшірмесі немесе
шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының атауын және олардың географиялық тұрған жерін (шоғырландырылған топ қатысушылары жасалған (құрылған) мемлекеттердің (аумақтардың) атауын), шоғырландырылған топтың барлық қатысушыларының қатысу үлестерінің мөлшерлерін немесе бақылауының бар-жоғын және мемлекеттік және салықтық тіркелу нөмірлерін (салықтық тіркелу болған кезде) көрсете отырып, резидент қатысушысы (акционері) болып табылатын осындай шоғырландырылған топтың ұйымдық құрылымын көрсететін құжаттың көшірмесі;
2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасын қолдану жағдайында:
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасына осындай тұрақты мекеменің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
мынадай құжаттардың бірі:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;
тұрақты мекемені құрған бақыланатын шетелдік компания тіркелген мемлекетте резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері мыналар:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат немесе
шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде резиденттердің әлемдік кірістеріне салық салу туралы нормаларының бар екені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;
3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасын қолдану жағдайында:
бақыланатын шетелдік компанияға жанама иелену немесе жанама бақылау өзі арқылы жүзеге асырылатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмесі;
бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық есептілігінің немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық есептілігінің көшірмесі;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлғаның шоғырландырылған қаржылық пайдасына бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасының немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасының қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген шет мемлекетте бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасынан немесе бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің қаржылық пайдасынан пайда салығының төленгенін растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
мынадай құжаттарының бірі:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат;
өзі арқылы резидент бақыланатын шетелдік компанияға қатысу үлестерін жанама иеленетін немесе бақылау жасауға жанама ие болатын бақыланатын тұлға тіркелген мемлекетте бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормаларды белгілейтін немесе белгілеу бөлігінде шет тілде жасалған заңнамалық актінің (актілердің) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс.
Осы тармақшаның бірінші бөлігі сегізінші абзацының ережелері:
уәкілетті органның интернет-ресурсында, шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар-жоғы бөлігінде ақпарат немесе
шет мемлекеттің заңнамалық актілерінде бақыланатын шетелдік компаниялардың қаржылық немесе салық салынатын пайдасына салық салу туралы нормалардың бар екені туралы резидентте бар мәліметтер уәкілетті органда болмаған жағдайларда қолданылады.
Тиімді мөлшерлемені айқындау кезінде, төлем көзінен алынатын салықты қосу жағдайында, резидентте:
салық салынғанға дейін қаржылық пайдаға қосылған кірістен (кірістерден) төлем көзінен алынатын салықтың ұсталғанын және шет мемлекеттің (шет мемлекеттердің) бюджетіне аударылғанын растайтын, шет тілде жасалған құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі;
төлем көзінен салық салынған кірістің (кірістердің) салық салынғанға дейінгі қаржылық пайдаға қосылғанын растайтын, шет тілде жасалған ішкі құжаттың (құжаттардың) (қазақ немесе орыс тіліне міндетті түрде аударма жасалған) көшірмесі болуға тиіс;